Материалдар / «Бала жанын түсініңіз, ата - ана!»

«Бала жанын түсініңіз, ата - ана!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналар жиналысы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Ақпан 2018
310
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Бала жанын түсініңіз, ата - ана!»тақырыбында ата-аналарға арналған диалог алаңының жоспарыКүні: 25.02.2017 ж. сағ.11:00Өтетін орны: белгіленген аудиторияларҚатысушылар: І-ІІ курс студенттерінің ата-аналары, топ жетекшілеріМақсаты: Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру. Баланың мейірімді,сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру. Колледжбен ата-ана байланысын, отбасындағы тәрбиенің рөлін арттыру. Ата - анамен білімалушы арасындағы қарым - қатынасты нығайту.Күтілетін нәтиже: Ата-ана бала өміріне жауапты әрі маңызды тұлға екендігіне көз жеткізеді, педагогикалық сауаттылығы артады.Ұйымдастыру формасы: диалог алаңыҚажетті құрал-жабдықтар: қағаз, маркер, түрлі-түсті қарындаштар, стикер қағаз, музыкалық әуен.Жұмыс жасау ережесі:1. Жұмыс барысында шынайы болу;2. топ ішінде өтірік айтуға болмайды, егер де шын талдауға дайын болмасаңыздар, онда еш нәрсе айтпаңыздар;3. не айтсақ та осы топ ішінде қалу керек. Ол біздің жұмысымыздың этикалық негізінің бірі. Бір отбасының мәселесін тренингке қатыспаған адамға айтып талдамаймыз;4. тренингке қатысушы әр адам тек өз атынан ғана сөйлейді. Диалог алаңының барысы:І. Талқыланатын мәселелер:1. Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар.2.  Балаларды теріс әрекеттері үшін қолданылатын жазалаудың түрлері.3. Топ жетекшісі мен ата-ана арасындағы байланыс түрлерін көрсетіңіз.4. Балаңыздың теріс қылықтарға баруына әсер ететін факторлар.ІІ. «5 мүмкіндік» (тренинг):Тренинг барысы: әр ата-анаға А4 форматтағы қағаз таратылады. Берілген қағаз 5 бөліктерге бөлінуі тиіс. Бөлінген қағаз бетіне «осы өмірде бар, ең қымбат әрі маңызды адамдардың есімі» жазылады. Жазылған бес адамның барлығы сіздің жаныңызда. Сіз қандай сезімдесіз? Осы аталған бес адамның ішінен бір адамды таңдаңыз. Бұл адам қазіргі уақытта Сіздің жаныңызда жоқ деп ойлаңыз (қағазды умаждап, жерге тастау). Кезекпен барлық есімдері бар қағаз бөліктері жерге тасталынады. Енді Сіз қандай күйдесіз? (ата-аналардың ойлары, сезімдері талқыланады). Бұл адамдардың қайта жаныңызда болуына мүмкіндік бар. Сіздің іс-әрекетіңіз?! (ата-аналардың ойлары, сезімдері талқыланады). Рефлексия: тренингтен алған әсерлерімен бөлісу. Күтілетін нәтиже: Өміріңіздегі маңызды адамдармен қарым-қатынасыңызды жақсарта алады. ІІІ. Сенім жәшігі. Мақсаты: ата-аналарды толғандырып жүрген мәселелері мен ұсыныстарын анықтау.Ата-аналар анонимді түрде ұсыныстары мен пікірлерін білдіруге арналған парақшаларды жәшікке салады. Диалог алаңынан кейін кері байланыс (анализ) жасалынады. ІV. «Қолдау факторлары» іскерлік ойыныКүтілетін нәтиже:әр ата-ана баланың дамуына әсер ететін факторлардың маңыздылығын тұжырымдайды. Ойын барысы: А4 форматтағы қағаз бетіне бала дамуына әсер ететін факторлардың атауы жазылады (ата-ана, оқу орны, достары, топ жетекшісі, әлеуметтік желілер т.б). Әр ата-анаға осы атаулар таратылады. Арнайы әзірленген ортақ құралға стакан толы таза су қойылады. Басты мақсат – суды төкпей көтеріп, түсіру. Диалог алаңының рефлексиясы: ата-аналар ой-пікірлері және алаған әсерлерімен бөліседі.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ