Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бала өміріндегі ең басты әрекет
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қостанай облысы
Жангелді ауданы
Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп
Тәрбиеші
Такыбаева Гулім Дүйсенбаевна
Бала өміріндегі ең басты әрекет
Мектеп жасына дейінгі бала өмірінде ойынның қаншалықты маңызды екендігін атап өтпес бұрын,ойынның не екендігіне тоқталайық.
Ойын дегеніміз-халықтың баланы әдептілікке,сауаттылыққа баулитын құралдың бірі.Мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда негізігі жұмыс түрі –ойын әрекеті.Бала саналы,адамгершілігі зор,сыпайы,жан-жақты даму үшін,тілін,сөздік қорларын дамыту үшін,және де айналадағы өмірдің құбылысын танып,білу үшін пайдаланудың маңызы зор.Ойын үстінде баланың қасиеттерін қабілетін,белсенділігін байқаймыз.Аса көрнекті А.С. Макаренко былай деген екен: Ойында бала қандай болса,өмірде кәсіби қызмет саласында,көбінесе сондай болады.Ойын-балалар үшін нағыз өмір.Ойын-балалар үшін айналаны танып білу тәсілі.Осы ойын арқылы баланы бақылап зерттейміз.Бала ойын ойнау арқылы өседі,дамиды.
Ойынды әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Әрине, ойын адамның дамуына, қалыптасуына әртүрлі әсер береді. Кей бала ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді. Ойынның дамуына және баланың ойынға араласуына әсер ететін факторлар өте көп. Мысалы, үлкендердің ойынға басшылық жасауы, ойыншықтар, баланың өсетін ортасы, балалар ұжымы, баланың тәрбиесі т.б. дегенмен де ойын тек әрекет емес, балалардың да, үлкендердің де қызығушылық ермегі, адамның рахат және қанағат сезіміне бөлейтін іс- әрекет. Балалар тұрмақ, үлкен адамдар да әлі күнге дейін ойнайды, әрине ойынның түрлері өте көп. Балалардың ойынына талдау жасайтын болсақ, оның өзгеріп отыруы балалардың жас және дара ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, сюжеттік рөлді, қимыл- қозғалыс, драматизациялық, музыкалық, дидактикалық, құрастыру, ұлттық, спорттық, дамытушы ойындардың түрлері бар. әрқайсысының өзіндік мәні, ерекшкліктері, мазмұны, ережелері, тәртібі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық функциялары бар. Оның әрқайсысына жеке тоқталатын болсам, сюжеттік рөлді ойындар ойынның алғашқы танымы десек, артық болмас.
Балалар үн- түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде ойыншықтарымен сөйлесіп жүреді. Ойынға қиялдағы қатысушылармен әңгімелеседі, өзі мен анасы үшін, науқас кісі мен дәрігер үшін сөйлеседі. Сөз нақ бір ойын әрекетін сүйемелдеуші болып табылады, бейнені, оған баланың өз қатынасын толығырақ ашады.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша өз тәжірибемде осы 3 ойынды таңдап,жүргіздім.Бұл ойындар баланың жас ерекшелігіне және олардың сыни ойлауына бағытталған ойындар
Тәрбиешінің жетекшілігімен ойналатын ойын.Тәрбиеші ойынға қажетті материалдармен балаларды қамтамасыз етіп,ойынды бастап береді не/се баланы бағдарлау үшін ойынға қосылады.
Құрылымдалған ойын. Мектеп жасына дейінгі балаға белгілі бір дағдыларды үйретуге және дамытуға бағытталған ойын түрінде ұйымдастырылған іс-шара.құрылымдалған ойынға әртүрлі қимыл қозғалыс ойындары,жаттығулар,секіру,өрмелеу,су,құм,сазбалшық, арт-терапия ойындарын кіргізуге болады.
Еркін ойын. Нақты шекарасы мен ережесі жоқ,бала қалағаның жасайтын еркін ойын.Бұл ойынның маңыздылығы қарым-қатынасын дамытумен байланысты.Еркін ойын-балаларды талқылау,қақтығыстардың алдын алу. Ал осы үш ойынның басқа ойындарға қарағанда ерекшелігі мен тиімділігіне тоқталсам балалардың жас ерекшеліктеріне мән беріліп,мақсаты мен мағынасы жақсы деп айтуға болады.
Ойын - маңызды іс. Егер біз ойынды тек көңіл көтеру үшін немесе дем алу ретінде пайдалансақ, одан ешқандай пайда болмайды. Қандай ойын болса да, ол негізгі мақсатқа жұмсалуы керек, өйіткені ойын баланы дамытады.Күшті жақтары тәрбиеші жетекшілігімен ойыны,менің көрсеткенімді қайталап ойындар ойнағанда жақсы болды.Өйткені бірінші кіші топ болғандықттан,құрылымдалған ойында өз дәрежесінде өтті деп айтуға болады. Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл әрекеті – ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады.
Қандай ойын болсада,өз ойым ойынның балаға еш қауіп қатері жоқ деп ойлаймын.Мен үшін ойынның 3 түрі де тиімді,өзіме ыңғайлы болды деп ойлаймын.Алдағы уақытта ұйымдасқан оқу қызметі барысында осы 3 ойынды жоспарыма кіргізіп,осымен жұмыс жүргізіп, болашақта саналы ұрпақ,білім іскерлік және дағдымен қаруланған жаңа заман талабына сай болашақ ұрпақты тәрбиелеймін деген үміттемін.
Біздің Торғай
газеті
«Сүйіспеншілік-өмір негізі»
Қазіргі таңда білім беру жүйесін қоғамсұраныстарына сәйкес жаңарту мен дамыту мәселелері өзекті болып отыр.Жас ұрпақты оқытыпқана қою аз,оларда жаңаша дағдыларға тәрбиелеу қажет.Білім жүйесін ізгілендіруде. «Өзін-өзі тану»пәні іргелі рөл атқарады. »Өзін-өзі тану »пәнінің мақсаттарын іске асыру ретінде басқа оқу пәндері мазмұнының құндылықты мәнің күшейту мәселесі ретінде қарастырылған. »Өзін-өзі тану»пәні мемлекетіміздің ертеңгі азаматтары болаты,бүгінгі жас ұрпаққа рухани адамгершілік тұрғыдан бағыт-бағдар беру міндеттерінатқарады.Кішкентай кезінен тазалыққа,ұқыптылыққа,мейірімділікке,ұйымшылдыққа,отаншылдыққа тәрбиеленген бала адамгершілігі мол азамат,азаматша болып,шығарыңа кәміл сенемін.Баланың бойына жастайынан осы қасиеттерді сіңірсе,өз-өзіне сенімді,өзіндік таңдау жасауына,отбасы мен педаготердіңрөлі ерекше.Осы пәннің негізін қалаушы;Сара Алпысқызы Назарбаева екені бәрімізге мәлім.Әр баланың қабілетін ашу,өзіңе жол табу өзінің күш жігеріне сену,өзінің өмірдегі орның анықтау үшін өте маңызды» деген.Ал біз осы балалардың өмірдегі орнын табуына көмектесуіміз керек.Мектебімізде бір жеті бойы
«Өзін-өзі тану»апталығы өтті.Мейірімді,қамқор,жомарт Сара Алпысқызы анамыздың 12 ақпан туған күніңе орай мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілерімен «Сүйіспеншілік-өмір негізі»атты ашық сабақ өткіздім.Сабақ барысында балалар бір-біріңе жылы лебіздерін айта отырып,топтық,жеке жұмыстар жүргізілді.Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында,сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді енгізіп,оны ұйымдастыру формасын түрлендіріп,отыру-мұғалімнің басты міндеті екені белгілі. Әрбір жеке тұлға,әрбір азамат өмірдің не екенің түсініп,өзіндік орның табу үшінішкі қасиеттерін аша білу қажет.Осыған орай өткізген әрбір сабақ,тәрбиеленушілердің өзінше ойлауға,шешім шығаруға,өзінің әрбір ісінежауапты болуына баулиды.Қорыта айтатын болсам: »Өзін-өзі тану»пәні бала өзінің қадірін өзі білетін, өзін сыйлайтын,өзін-өзі жетілдіруге,қоршаған ортада қандай жағдай болса да,өз бетінше шешім қабылдай алатын,жауапкершілігі мол жас ұрпақты,бүгінгісін ғана емес,болашағын ойлайтын,арманшыл,қиялы асқақ,рухы биік азамат тәрбиелеуге болатыныңа кәміл сенемін.
Ш.Уәлиханов атындағы Торғай орта мектебінің шағын орталық тобының тәрбиешісі: Такыбаева Гүлім Дүйсенбайқызы
Отбасы мен шаңырақтың алтын қазығы
Ана деген бұл өмірдегі ең жақын,жанашыр,бізге баға жетпес өмір сыйлаған адам.Халқымыз «Анаңды үш рет меккеге арқалап апарсаң да,ақ сүтін ақтай алмайсын»деген. Жер бетінде анаға тең келер ешнәрсе жоқ.Әрбір ана баласы үшін,түн ұйқысын төрт бөліп,аурып қалса уайымдап,ішкен асы ас болмай,өзі ішпеседе,кимеседе,бар тәттіні баласының аузына тосып,ер жеткен кезде де,әрдайым қасынан табылатын жан. Неше жасқа келсек те,біз ол кісілерге әлі баладаймыз,өзіміз ана атансақ та,әрқайсымызға ана керек. Бұл өмірде анадан асқан жан жоқ,тең келер сөз жоқ.Әлемдегі ең кешірімді,мейірімді жан-ана.
Баласы қандай қателік,жамандық жасасада,анасы кешіреді,түсінеді.Ана махаббатын сөзбен айтып,жеткізу мүмкін емес.Үш әріптен тұратын,осы бір ана сөзі құлаққа ,жаныңа жағымды сөз.Керемет сиқырлы сөз деп айтсам да,артық емес.Осы бір ана туралы сөздерді жазып отырып,өзімінің анамды еске алып отырмын,Анам мейірімді,ақкөңіл,жаны жайсан жан еді.Тағдырға қарсы тұра алмаймыз,міне өмірден озғаныңа да алты жылдың шамасы болды.Анамның аяулы алақаны,жұпар иісі,қоңыр дауысы бәрі көз алдымда.Өзім ана болсамда , мейлі сен нешеге келсенде саған ана керек,анамды қатты сағындым.
Әйел,ана бір қолымен әлемді тербетсе,екінші қолымен бесікті тербетеді деген даналық сөз бар.Алыпта анадан туады,ғалымды,жазушыда,ұстазда,анадан туады.Қазіргі таңда аналарыңа қарайласпай,қартайса қарттар үйіңе апарып,қоңырау шалуға ,амандығын біліп баруға уақыт таппай жатады.Осындай істерді көріп,естісем,жүрегім аурады.Сондықтан да дана халқымыз орынды айтқандай қамшының сабындай қысқа ғұмырда ,аналарға құрмет көрсетіп,өмірден өткен ғазиз жандардың рухына тағзым ету-үлкеннің де,кішінің де ,басшының да,малшының да айнымас парызы.Жұмақтың кілті –ананың табанында осы сөзден кейін есі бар,жер басып жүрген бүкіл адамзат баласының анаға бас иіп,тағзым етпеуі үлкен қателік.Жер бетіндегі аналар ауырмаса екен,анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды.Бәрі бақытты аман болсын.