Тақырыбы:
«Бала өмірінің қауіпсіздігі - ата-ананың
міндеті».
Мақсаты: ата - аналарға
бала тәрбиесі жөнінде, әрі отбасында жақсы тәрбие берілуіне ықпал
ету, өз баласын жақсы тану, көмек және кеңес беру,ата - аналардың
педагогикалық - психологиялық білімін көтеру, басты байлығы -
баласы екеніне кеңес беру.
Көрнекілігі: үлкен ақ жүрек,
кішкене қызыл жүрекшелер, жадынамалар . т. б.
Барысы:
Психолог сөзі: Сәлеметсіздерме
құрметті ата - аналар! Бүгінгі «Бала өмірінің қауіпсіздігі -
ата-ананың басты міндеті» атты тақырыптағы тренингімізге қош
келдіңіздер! Бала өз бала шағынан қауіпсіздік сезімімен өтуі керек.
Шетел мамандары қауіпсіздіктен арылған, түрлі жәбірлеуден өткен
балаларды «дамуға бейімделген» дап атайды. Мұндай қобалжулардың
әсерлері қайтымсыз және өмір бойы өз септігін
тигізеді.
Ал, енді бәріміз мына үлкен ақ жүрекке назар аударайықшы.Ол тірі
емес, біз қазір оған жан береміз. мен сіздерге тренинг басталмас
бұрын сіздерге жүрекшелер таратқанмын. сол жүрекшелердің артына
сіздер балаға деген бір ақ тілектеріңізді жазуларыңыз керек. Қазір
сол жүрекшелеріңіз дайын болса, мына тақтадағы үлкен ақ жүрекке
әкеліп, ақ тілектеріңізді оқи отырып, жабыстырайық. Қараңыздаршы,
ол біздің көз алдымызда тірілді. Бұл біздің топтың жүрегі, ол
тренинг барысында үнемі дүрсілдеп тұрады.
Тәрбие ешқандай үзіліс, демалыс дегенді білмейді. Ж. Ж. Руссо:
«Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимақты
қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де сол
сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» - деген
екен.
-
«Танысу» Өз атыңыздың алғашқы әріпінен басталатын
бойыңыздағы жақсы қасиетті атап өту. Мысалға менің атым Айнұр
ақылдымын.
-
«Өз жұбыңды тап»
ойын
Қатысушылар шеңбер құрап отырады. Мен сіздерге жануарлардың аттары
жазылған текшелер таратып беремін. Атаулар екі текшеде қайталанған.
Мысалы, егер сіздің қолыңызда піл деп жазылған болса, сіз тағы
біреудің қолында сондай текше бар екенін біліңіз. (Жаттықтырушы
текшелерді таратады, егер қатысушылар саны тақ болса, жаттығуға
жаттықтырушы өзі де қатысады).
Сіздің текшеңізде не жазылғанын оқыңыз. Жазуды сіз ғана көруіңіз
керек. Енді текшені жинап қойса болады. Әрқайсысыңыздың
міндеттеріңіз өз сыңарыңызды табу. Бірақ, сөйлеспейсіздер,
өзіңіздің жануарыңызға тән дыбыстар шығармайсыздар, тек әртүрлі
қимылдар арқылы кез-келген әрекетті үнсіз жасайсыз.
Егер өзіңіздің жұбыңызды тапсаңыз, бірге тұрыңыз, бірақ үндемейсіз,
сөйлеспейсіздер. Тек барлығы өз сыңарын тапқан кезде ғана, қандай
нәтиже болғандығын тексереміз. Топ мүшелері өз сыңарын тапқаннан
кейін, жаттықтырушы «Сіз кімсіз?» деп сұрап шығады.
Әдетте, бұл жаттығу өте көңілді өтеді, нәтижесінде топ мүшелерінің
көңіл-күйі көтеріліп, шаршағандығы тарқайды. Жаттығу қатысушылардың
ары қарай ашыла түсуіне септігін
тигізеді.
-
Ал енді
құрметті, ата - аналар!
Мен сіздерге мынандай сұрақ қойғым келіп тұр:
- Өмірдегі ең маңызды тіреулеріңіз не? (Жанұя, жолдасыңыз,
балаларыңыз, достарыңыз)
1. Бала
тәрбиесіндегі қатыгездік дегенді қалай
түсінеміз?
2. Балаға
қатысты зорлық дегенді қалай
түсінеміз?
«Бала өмірінің қауіпсіздігі туралы »
Баяндама
IY. «Өрмекші торы»
жаттығуы.
Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ойынға барлығы қатысуы
тиіс. Жіп кімнен ілініп басталса, сонымен аяқталып өрмек жиналу
керек.
Жаттығу шарты: Топта бір-біріне жіпті бере отырып балаңыздың
бойындағы жақсы қасиетті айтамыз, 2-ші кері бағытта, бірақ сол
ізбен бір-біріміз жақсы тілегімізді айтамыз. Өрмекті
жию.
Ү.«Майшам»
жаттығуы
Психолог сөзі: Біздің жаттығуларымыз аяқталуға жақын. Ал қазір мен
майшамды жағамын. Барлығымыз бір - бірімізбен бірігіп жұмыс
жасағанымыз үшін бір жылы сөз айтып, майшамды беріп отырамыз.
Қоштасуға майшамды алған себебім, жарық деген әрқашан да жақсы
нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілек
білдіремін.
Ата-аналарға «Бала қауіпсіздігінің 10 ережесі »
жазылған жадынама тараталып
беріледі.