Материалдар / "Бала құқығы - адам құқығы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Бала құқығы - адам құқығы"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Бала құқығы - адам құқығы" Республикалық 10 күндігіне баяндама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2018
624
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

С.Ешбаев атындағы орта мектебі

Бекітемін: _____________

Оқу ісінің орынбасары Е.М.Кемешов

«___» _____________ 2018 ж








«МИФ әлеміне саяхат»


Математика, информатика және физика пәндері апталығының жабылу салтанаты







Өткізген: Сыдық Айнұр

Кыстаубаева Айкерим

Қыйлыбаева Ақгүл








2018 – 2019 оқу жылы

Тақырыбы: МИФ әлеміне саяхат.

Мақсаты: 

-оқушылардың пәнге қызығушылығын, олардың танымдық ізденістерін ояту;

-логикалық ойлау қабілеттерін пәнге деген ынтасын, белсенділігін арттыру;

-білімдерін жүйелі болуын қамтамасыз ету.

1-жүргізуші:

Қайырлы күн қадірлі қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «МИФ әлеміне саяхат» атты апталық қорытынды жабылу кешіне қош келдіңіздер. Апта бойы мектебімізде математика, информатика және физика пәндерінің апталығы өткен болатын. Апталық барысында апта бойы сыныптарда ашық сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар өткізілді. Әрбір өскелең жастың ішкі резервін, талантын, дарынын тәрбиелеу, еліміздің үлкен тірегі болатын жас ұрпақтың терең білімді, жан – жақты дамыған зерек болуы – заман талабы.

2-жүргізуші: 

Қош келдіңіздер құрметті ұстаздар мен оқушылар. Бүгінгі шәкірт – ертеңгі азамат. Сол азаматтың бойындағы тапқырлықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп мектеп қабырғасынан басталады. «Білімді азамат – ел ертеңі», «Білекті – бірді жығар, білімді – мыңды жығар» деген халықтың дана сөздері тегін айтылмаған. Ел президенті Н.Ә.Назарбаев «Білімді, интеллектуалды адамдарсыз, озық ғылымсыз Қазақстанның перспективасы жоқ. Қазір адамдардың бәсекелестігі, ғылымның бәсекелестігі жүруде. Бұған қазірден дайындалу қажет» дейді.
М - математика ғылымдар патшасы
И - информатика ақпараттар ғылымы
Ф - физика табиғаттың патшасы
1-жүргізуші:

Білімгерлердің дайындаған әдеби монтажына назар қойып тыңдайық.

Нұрлыайым:

Уа, жараңдар! 
Зейін қойып бізді біраз тыңдаңдар.
Ғылымдардың ғылымы
Математика, физика информатика жайында
Бөлісейік! ортаға сап ойларды.
Жиылған мына балалар
Білім жолын қуғандар
Бәрің де
Білімді болып жан – жақты
Саналы болып салмақты
Шығамын деген биікке
Үлкен, үлкен арман бар.
Шындықты алғаш таратқан
Жыл күніңді санатқан
Тауып ғажап жаңалық
Жоқтан барды жаратқан
Есеп емей немене.
Білмегенді білгізген
Өлшеп киімді кигізген
Барлық істі атқарып
Пайдасын елге тигізген
Есеп емей немене
Информатика әлемі
Қызығы мол ғой әдемі
Компьютердей құралды
Меңгердік қой кәделі.

Дильназ:

Аттас заряд тебіледі
Аттас еместер келіседі
Ох! Бұл физика заңдылығы
Ендеше достар әрқашанда ақылдармен бөліседі.
М. Физика жақын туыс мына бізге
Қозғалыс, энергия, қуат, күш те
Біздерсіз есептелуі мүмкін емес
Жария қылып айтайық мұны бізде..
Ақын жанды болмаса
Математик те бола алмас
Жақсы шумақ тумаса
Көңілге әсте қона алмас.
Диас:

Бес жерде бесім жиырма бес
МИФ пенен басқа ғылым бір емес
Арғы жағын айтпаймын
Ойыңа салып өзің шеш.
Кездестік міне тағы да
Саласының білімнің
Сараптайық ендеше
Математика, информатика, физиканың қызығын.
(бірі екіншісіне термометр ұсынады )
Мынау термометр ғой
Нұртөре:

Я, мен оны саған бердім ғой
(Таңданып ) Негее?
(Үшінші оқушы) Соны білмедің бе? Ол былай ғой: термометр саған бергені
Жалындаған достар үшін
Намыс отын қайраған
Оттай ыстық жайнаған
Жанкүйерлер қызуын
Өлшей берсін дегені ғой.
Құрметтеп «ИФМ» ғылымдарын.

Гүлдария:

Шындықты алғаш таратқан,
Жыл күніңді санатқан.
Тауып ғажап жаңалық,
Жоқтан барды жаратқан,
Компьютер емей немене?
Құтқарып ауыр бейнеттен,
Техниканы үйреткен.
Роботтай адамды,
Тіл бітіріп сөйлеткен.
Компьютер емей немене?
Білмегенді білдірген,
өлшеп киім кигізген.
Барлық істі атқарып 
Пайдасын елге тигізген 
Компьютер емей немене?
Инабат:

Үш деген сан киелі ғой қазақта,
Қарасаңшы міне осындай ғажапқа.
Үшқоңырдай жайлауы бар елімнің
Елбасындай ұл сыйлаған қазаққа! 
Тәрбиелеп біліммен ұрпақтарын,
Қазағым бесіктен ақ берген білім.
Ұқтырып жеті санының кереметін,
әр сөзінен дананың терген ілім.
Симметрия ұғымын пайдаланып,
Ою - өрнек бұйымына сызғызған.
Заңдарын Пифагордың басшылыққа ап,
Таңғажайып зәулім үйлер тұрғызған.
Суреттерге зер салып,
Сұрақтарға зейін қоя қараңдар.
Бар суретке тереңірек мән беріп,
Білімділер ой толғайды жарандар.

Жанель:

Ғылымдардың патшасы – нақты ғылым жайында,
Апталықта бастаймыз.
Білім құмар достарым қызыққа толы сұрақты
Алдарыңа тастаймыз.
Сұрақ сырын тереңірек ұғайық,
Математика, физика, информатика құрметтеуге лайық.
Дүниеде құбылыстың мәнінде,
Зерттейді ол өзгерістің бәрінде.
Нақты ғылым дүние кілті бүгінде,
Бүкіл әлем сөйлейді, нақты ғылым тілінде.

Дархан:

Математика – 1,2,3...натурал саннан тарайды,
Алгебра сырын ашсам деп,
a,b,c,d әріптер жан – жағына қарайды.
Үшбұрыш, төртбұрыш, конус пен цилиндр,
Геометриялық денелер нүкте менен түзуді арғы атасы санайды.
Синус пенен косинус, тангенс пен котангенс
Жүрген жерде паңданып сұлуға өзін балайды.
Үшбұрыштар Бәйтеректе көз ұшында көрінген,
Пирамида орын алған Астананың төрінен.
Математика күллі әлемді өз тілінде сөйлетіп,
Білімнің нұрлы шуағы шар тарапқа тарайды.
Ақмаржан:

Түсіріп аспан заңын жұмыр жерге,
Бақтырып жұлдыздарды ескен желге,
Жансызға жан бітіріп қолға салып,
Физика кереметті көрсетті елге.
Бір өшіп, кітаптардың бірі тозған,
Қай жүйрік Архимедті басп озған,
Жалынды патриот, батыр, ғалым,
Ғасырлар түпкірінен басып озған.
Физика – тілдесер табиғаттың тілі екен ғой, 
Көз тартар табиғаттың сыры екен ғой,
Салғаннан айтылған сөз ішілген ас, 
Бәрінің бағынары физика ғой.
Нұртілек:

Сондықтан табиғаттың сырын терең,
Деушіге оқып, зерттеп, көрем, білем.
Демесең болсын егер еңбегің еш,
Негізі бар ғылымның физика,
Жалықпай оқып үйрен тек қана,
Білімнің есігін ашты көзін тауып,
Ньютон, Эйнштейн, Архимедтер.
Бүгінде физика барлық жерде,
Құрылыста, техникада, өндірісте
Сырларын бұл ғылымның үйретіңдер 
Шәкірттер зерделікпен үйреніңдер.
1-жүргізуші:

Шақырамыз келіңдер!
Есеп – қисап, жұмбақ ойды шешуге
Күш, өнерді, жиып келіп, білімді
Жиып бәрін ойды ортаға салуда.

І – сұрақтар.
1. Атомның құрылысын ашқан кім? (Резерфорд )
2. Компьютердің ауруы........? ( Вирус )
3. Үш сызықтан пайда болған фигура? ( Үшбұрыш )
4. «Компьютер» сөзі ағылшын тілінен аударғанда нені білдіреді? ( Есептеуіш )
5. “Эврика” - кімнің сөзі? ( Архимед )
6. Кері санның көбейтіндісі? ( 1 )
7. Көз бен монитордың ара қашықтығы неше см болуы тиіс? ( 60 - 70 см)
8. Электр заряды жоқ бөлшектер? ( нейтрон )
9. 45 минут сағаттың қандай бөлігі? ( ¾ бөлігі )
10. Ең үлкен хорда? ( диаметр )
ІІ - сұрақтар.
1. Алғашқы әйел ғарышкер? (Валентина Терешкова)
2. Қандай санның бір ғана квадрат түбірі бар? (нөл)
3. “Ақпарат” сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағына береді?
(түсіндіру, баяндау )
4. Күннің энергиясы Жерге қандай жолмен беріледі? (сәуле шығару)
5. Обсерватория деген не? (аспан жұлдыздарын бақылайтын орын)
6. Ең алғашқы әйел математик? (Софья Ковалевская )
7. Екі қатынастың теңдігі? (пропорция )
8. Компьютердің теледидары? (монитор )
9. Компьютердің ең басты бөлігі, миы? (процессор)
10. Барлық екі таңбалы сандарда 5 цифры неше рет кездеседі? (18 рет)
«Ой жалғасы». Мақал – мәтелдер.
1) Жеті рет өлшеп, бір рет кес
2) Бір тал кессең, он тал ек
3) Жігіт бір сырлы, сегіз қырлы
4) Алтау ала болса, ауыздағы кетеді
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді
5) Алты аға бірігіп, әке болмас,
Жеті жеңге бірігіп, ана болмас
6) Досың болғанына мақтан,
Дұшпаның жалғыз болса да сақтан.
7) Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі ілім іл
8) Білгенін бір тоғыз,
Білмегенің тоқсан тоғыз.

2-жүргізуші: Енді кезекті қызықты жұмбақтарға береміз. «Қызықты жұмбақтар».  
Физика пәні бойынша
: 
1. Жердің жүзін шарлайсың, 
Онсыз еш жерге бармайсың. 
Көлікпен де жаяу да, 
Саралайсың, таңдайсың. (Жол) 
2. Жылдамдықты өзгертеді, 
Қоғалысты тездетеді. 
Қарсы шықса қоғалысқа, 
Тоқтарына көз жетеді. (Үдеу) 
3 Көп болса асықпайсың, 
Мезетте қашықтайсың. 
Асықсаң аз болады, 
Табасың мұны қайсың? (Уақыт) 
4. Қозғалысқа келтіріп, 
Жылдамдығын береді. 
Өлшемдерін қарасаң, 
Ньюонға ол келеді. (Күш) 
5. Біз, біз, біз едік, 
Бірегей жарқын қыз едік. 
Тамашада көп болдық- 
Таң атқанда жоқ болдық. (Жұлдыз) 
Иформатика пәні бойынша:
1. Бір бетшені аштым да, 
Мәтін жаза бастадым 
Бірақ тілін шет елдің 
Аудара алмай тастадым 
Тілді қалай өзгертем 
Көмектесші,достарым! ( Shift + Alt ) 
2. Ұзынтұра Жалқаубек, 
Тұрмай ылғы жатады. 
Қозғала қалса артынан, 
Ешбір белгі қалмайды. (бос орын) 
3. Биологияда бұл паразит, 
Көзге зорға көрінер. 
Информатикада өлшем бірлік, 
Ақпараттарды өлшер (бит) 
4. Тетігін бассаң алаңсыз, 
Жазады қалам, қағазсыз. (пернетақта) 
5. Батырмасын басасың 
Қажетті файлды ашасың (тінтуір) 
Математика пәні бойынша:
1. Оң сандарға қол шатырдай 
Қалпақ болған беделі 
Квадраттасаң егер оны 
Белгімсі оның кетеді (квадрат түбір) 
2. Екі бұрыш ежелден 
Тату көрші болған екен 
Бірін-бірі толықтырып 
Бір түзуде жатады екен (сыбайлас) 
3. Екі түзу қатар жүріп 
Үшіншісін қияды 
Сонда шыққан бұрыштарды 
Кімдер айтып жияды (айқыш, тұтас, сәйкес) 
4. Қарама –қарсы қабырғалары 
Паралель боп қосылған 
Оқыңызшы аталуын 
Параллель, грамм сөзі қосылған (параллелограм) 
5. Үлкен, кіші сандар арасына 
Таңбаларды қойған кезде 
Алынады қандай өрнек 
Білейікші оны біз де (теңсіздік) 
Қорытынды. Е. Хасанғалиевтің «Атамекен» әнінің әуенімен орындалады.
Хор

Біз жастары жаңа ғасыр дәуірдің
Білім берген ұста деген қауымның
Бойға жинап қайрат, жігер, намысты
Бағындырып МИФ әлемін, ғарышты

Біз Тараздың ұланымыз
Бар екпінмен самғаймыз

Жаңа, жаңа асуларда.
Білім алып шыңдаймыз
Бар білімді болашаққа арнаймыз
Желбіретіп, татулық пен достықты
Жеңіс туын биік ұстап самғаймыз.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!