Сыныбы: 7 - 9
Тақырыбы: «Бала құқығы - асыл
қазына»
Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын
арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып,
шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны
қалыптастыру
Түрі: дөңгелек
үстел
Көрнекілігі: жоспар, қанатты сөздер,
заңдар.
Жүру
барысы:
Ұйымдастыру. Шаттық шеңбері. Шуақты
тілек.
І.
Психологиялық тренинг
ІІ.
Кітаптар әлеміне саяхат
ІІІ.
Құқықтық сауаттылық - заман талабы
(сұрақ-жауап)
IV
«Тығырықтан шығар жол қайсы?» (ситуациялық жағдайды
шешу)
Ү. Менің
құқықтарым (баптарға тоқталу)
VI.
Сандар сөйлейді (Мемлекеттік
мерекелер)
VII.
Кім көп біледі? (әріптерден сөздер
құрастыру)
Қорытынды
І. Психологиялық тренинг.
Мәтін оқылады.
Көзімізді жұмған сәтте алыстан бір қараңғы үңгір
көрінгендей болады. Осылайша жүріп барам, жүріп барам. Кенет
сүрініп кетіп, сол үңгірге қалай түсіп кеткенімді байқамай
қалыппын. Іші тас қараңғы. Аяғымның астынан сыз өтіп барады.
Жан-жағыма қарайлаймын, үңгірден шыға алатындай жағдайларды
қарастырып көргім келеді. Бірақ еш нәтиже жоқ. Анда-санда естілетін
сылдыраған судың дыбысы құлағыма келеді. Қай жақтан шығатыны
белгісіз? Тас қараңғыда жар сипалауға кірістім. Тынысым тарылып,
қорқыныш сезімі билеп алғандай.Үңгірден шыққым келеді, шыққым
келеді, айқайлайын десем дауысым да шықпай қалыпты. Қылмыс жасаған
адам да осындай күй кешетінін сонда түсіндім. Бірақ мен ешкімге
жамандық жасамаған сияқты едім. Неге тағдыр мені осыншалық сынап,
мына үңгірге қамады екен. Осылайша енді маған жарық көрер күн жоқ
шығар деп ойлап өмірден үмітімді үзіп келе жатқанымда кенет қолым
бір домалақ тасқа тигендей болды. Итеріп келіп қалып едім үңгірдің
ішінен тағы бір бөлме ашылды. Мен қуана жар сипалап жүріп сонда
кірдім. Алыстан жарық көрінді. Алақай , жарық! Кіп-кішкентай жарық
болса да, мен жар сипалап сол жарыққа қарай жанталаса жүгірдім. О,
жарық дүние, неткен қымбат едің, ешкімге соқтықпай, ешкімге
ұрынбай, ешкімге жамандық жасамай еркіндікте жүргенге не жетсін,
шіркін!
-Не сездіңіз?
-Қандай сезімде болдыңыз?
Оқушылар
пікірі тыңдалады.
-Дұрыс
айтасыңдар! Құқық бұзушылыққа, қылмыстық іске, нашақорлық жолға
түскен адамдар басынан дәл осы күйді кешеді. Тығырықтан шығатын жол
іздейді. Бірақ бәрі де кеш болуы мүмкін. Өйткені бүлдірген істі
бүтіндеу үшін көп уақыт қажет. Ал адамға өмір бір рет беріледі. Сол
өмірдің әр жылын жарық күнде, бейбіт өмірде өткізу бәріміздің
міндетіміз! Олай болса бүгінгі дөңгелек үстел
тақырыбы «Бала құқығы -
асыл қазына» деп аталады.
ІІ.
Кітаптар әлеміне саяхат
Бала
құқықтары туралы конвенциясы, Қазақстан Республикасындағы балалар
құқығы туралы заңы, ҚР Конституциясы, ҚР Қылмыстық кодекстеріне
тоқталып өту.
ІІІ.
Құқықтық сауаттылық - заман талабы
(сұрақ-жауап)
1. Құқық
деген не? (Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің
жиынтығы)
2. Адам құқықтары мен бостандықтары туралы Декларацияны қандай ұйым
қабылдады? (БҰҰ).
3. Қазақстанның әрбір азаматының ең басты құқығын ата.(әркімнің
өмір сүруге құқығы бар).
4. Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заң қашан
қабылданды?
(2002 жылы 8-тамызда).
5. Заң бойынша бала деп кімді атайды?(18 жасқа толмаған адам).
6. Бала құқығы туралы Конвенция қашан қабылданды?(1989 жылы 20-
қарашада).
7. Әлемде ең алғаш конституция қай елде жазылған? (АҚШ-та).
8. Адамның ешкім қол сұғуға болмайтын құқығы не?(Бостандық).
9. Қазақстандағы ең қымбат қазына (адам).
10. «Жеті жарғы» заң жинағының авторы (Тәуке
хан).
IV.
«Тығырықтан шығар жол қайсы?» (ситуациялық жағдайды
шешу)
1) Ерасыл
сабақта болғанда анасы оның бөлмесін жинап жүріп, қажетсіз деген
заттарының бірқатарын қоқысқа лақтырып тастады. Ерасылдың
қандай құқығы бұзылды?
2) Асқардың
үйдегі інісін қарайтын адам болмағандықтан, оны анасы сабаққа
жібермеді.
Асқардың қандай құқығы бұзылды,
– деп ойлайсыңдар?
3)
Әсел мен Айжан дос еді. Әсел жақсы оқитын. Ал, Айжан нашарлау
оқитын. Бір күні екеуі ренжісіп қалды. Әсел Айжанды екіліксің деп,
– келеке етті. Айжанның қандай құқығы бұзылды?
Балалар, жағдаят барысында қандай мәселені
қозғадық?
Ү.
Менің құқықтарым (баптарға
тоқталу)
«Не істеуге
болмайды?»
-Үлкендердің алдынан кесіп
………..
-Кішкене баланы …………
-
Қыз баланы …………..
-Сабақтан ………………………
-
Сыныпта …………………….
-
Дөрекі, былапыт сөздерді ………………….
«Не
істеу керек?»
-Үлкен кісіні …………………………..( сыйлау
керек)
-
Үлкеннің ……………………………..( тілін алу
крек)
-
Үлкендерге ………………………….( сәлем беру керек)
-
Кішілерге ………………………………….( қамқорлық жасау
керек)
-
Аналарды, апаларды ………………….( сыйлау керек)
-
Оқу құралдарын ………………………( күтіп ұстау
керек)
VI.
Сандар сөйлейді (Мемлекеттік
мерекелер)
8
наурыз, 16 желтоқсан, 7 мамыр, 30 тамыз, 6 шілде, 22 наурыз, 1
желтоқсан
VII . Кім көп біледі? (әріптерден сөздер
құрастыру)
Қазақстан
Қорытынды. Көптеген адамдар санасында құқық ұғымы
жазалау, соттау, құқық бұзылуының ұғымдарымен байланысты
түсіндіріледі. Бірақ құқық әділеттік, теңдік, ізгілік екендігін,
қоғамға негізделген тәртіп ережелері екенін естен шығаруымыз
керек.