Материалдар / Бала құқығы-адам құқығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бала құқығы-адам құқығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Конвенция туралы мағлұмат береді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Маусым 2018
863
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Нуршат Сейилханова Саришановна

Бейнеу ауданы,Сарға селосы

«Бейнеу»мектеп-интернаты» КММ-нің

тарих пәні мұғалімі



Сабақтың тақырыбы: Бала құқығы-адам құқығы

Кіріспе сөз: Оқушылар бүгін сіздермен Адам құқығы-бала құқығы тақырыбында дөңгелек стол басында пікір алмасайық деп отырмыз.Әр адам –өзі өмір сүрген ортадағы қоғамның мүшесі.Әр елдің өз адамдарына арнаған Ата Заңы- Конституциясы болады. Ата Заңда жеке адамдардың құқығы мен еркі туралы айтылған. Олай болса, өздерінің осы Ата-Заң туралы не білесіңдер? Конституция деп сөздің өзі латынша «Жарғы»,» «Заң» «Құрылым» деген ұғымды білдіреді.Сонымен Конституция мемлекетіміздің негізгі құқықтары мен міндеттерін тұжырымдайтын Ата Заң болып табылады. Тәуелсіз Қазақстанның негізгі тұңғыш Конституциясы 1993 ж 28 қаңтарда қабылданып Кейін оған түзетулер мен толықтырулар енгізіп, 1995 ж 30 тамызда қабылданды. 
Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы 1948ж 10 желтоқсанда БҰҰ-ның шешімімен қабылданды. Бұл азаматтардың ерік бостандықтарын терең қарастырылған құжат.Соның жарқын дәлелі ретінде американдық азамат қайда жүрсе де Конституциясы жазылған кітапшаны өз жандарынан тастамайды екен.Егер қандай да бір уақытта өз құқығы бұзылғандай жағдай болғанда дереу өз заңды міндеттерін талдауға кіріседі.Яғни олардың заңы бойынша Конституция алдыңда Президент те,қарапайым адамда бірдей құндылыққа,бірдей жауапкершілікке ие. Сондықтан 10 желтоқсан –Адам құқықтары күні

Біздің өміріміздегі кейбір келеңсіз жағдайлардың көбі заң талаптарын,тәртіп талаптарын білмейтіндігімізден туындап жататын секілді. Сондықтан кейбір заңдық терминдер туралы айтып өтейік.

1 оқушы:Сан мыңдаған жылдар бұрын адамзат пайда болды. Міне сонымен қатар әртүрлі мәселелер де туындай бастады. «Адамдар не істеуге болады,не істей алады?»деген сұрақтар туындай бастады. Міне осы кезде әр елдің заңы,ережелері шыға бастады. Б.з.д Рим құқығы ІХ-ҮІІ ғ. Б.з.д Ү ғ. «12 кесте заңы»Қытай елінде. Шыңғыс ханның «ұлы жасасы»,Қасым ханның «Қасқа жолы»,Есім ханның «Ескі жолы»,Тәуке ханның «Жеті жарғысы».

2 оқушы: 1885 жылы Абайдың «Шар ережесі». Абайдың бұл заңының мазмұны елін әділдікке жеткізу,бейбітшілік,т ыныштықты сақтайтын заңдар жиынтығы деген. Және де қазақ елінің заңын жасауға,әдет-ғұрпының сақталуына мол үлес қосқан қазақтың ұлы үш кемеңгер биі.

Мұғалім: Міне,оқушылар,адамның шыр етіп өмірге келген сәтінен бастап,оның өмірін,денсаулығын және тыныштығын қорғап отыратын заң бар екен. Бұл заң 1948 ж 10 желтоқсанда қабылданған «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы»екен. Және 1959 ж «Бала құқығының Декларациясы»қабылданған.. міне дәл осы декларациядан кейін 1989 ж 20 қарашада 61 ел қол қойған «Бала құқығы туралы Конвенция»қабылданып,қазіргі таңда құрамында 191 мемлекет бар. Дәл осы Конвенция негізінде 2002 ж тамыз айнда «Балалар құқығы туралы»заң Қазақстанда қабылданды.. бұл 9 тарау,53 баптан тұрады.

3оқушы:Конституция - конституциялық құрылысты бекітетін, адам мен азаматтың құқығы мен еркіндігін бекітетін,мемлектеттік биліктің федеральды қоргандарын тағайындайтын негізгі құрылтайшы саяси- құқықтық акт.Декларация- тараптар мақұлдаған жалпы принцитер мен мақсаттарды қалыптастыратын салтанатты акт

Міндет – адамдар бұлжытпай орындауға тиісті тәртіп пен қарым-қатынасқа қойылатын талап. Мораль - адамның іс-әрекетін қайырымдылық пен зұлымдық,әділдік пен әділетсіздік және т.б.тұрғысынан реттеп отыратын нормалар мен принциптер жүйесі. Құқық- қоғамдағы адамдардың өзара қарым- қатынасын реттеп отыратын мемлекет белгілеп, қорғайтын нормалар мен ережелер жиынтығы, осы нормаларды зерттейтін ғылым.(№3 слайд)

4 оқушы: «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген аталы сөзді атамыз бекер айтпаған. Әр адам мемлекеттік заңдарды құрметтеп, ата – бабамыздың тәжірибесін үнемі назарда ұстап отыруы тиіс. Халқымыз 13 жастағы баланы «отау иесі» деп атады. Ал қазіргі Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша, қылмыс жасаған баланы 14 жастан жауапқа тартады. 16 жастан бастап толық әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік басталады, азамат жеке куәлік алады.
5 оқушы: Заңды білу – заман талабы. Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған құқықтық мемлекет құру идеясы жүзеге асырып, ондағы әрбір азаматтың өз құқықтарын жете біліп, соған сай сана – сезімдерін қалыптастыру. Азаматтың міндеті – заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз - өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы – атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

6 оқушы: Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады

«Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады»
Міне, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап, оны өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң 1948 жылы 10 - желтоқсанда қабылданған. «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқығы Декларациясы», міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 ж 20 қарашада «Балалар құқығы туралы Конвенция» қабылданды. Қазірде бұған 191 мемлекет кірген. Конвенция деген - арнаулы мәселелер жөніндегі келісім шарт. Осы Конвенция негізінде 2002 ж тамызда Қазақстанда «Балалар құқығы туралы» заң қабылданды. Бұл заң 9 - тарау, 53 - бап - тан тұрады. Осы ережелерді бұлжытпай орындау - біздің Отанымыз, еліміз, халқымыз алдындағы парызымыз. Біздің өмірдегі кейбір келеңсіз жағдайлардың көбі біздің осы заң талаптарын, тәртіп талаптарын білмейтінтіндігімізден туындап жататын секілді.

7 оқушы: Заң дегеніміз қоғамның негізгі тірегі Қоғам деп отырғанымыз - мына біздер. Н.Ә.Назарбаев: «Конституция - бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі заңды елдің туы, әнұраны, елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу - біздің парызымыз»- деген. Сондықтан әрбір адамның заң талабына бағынып, жат қылықтар, өрескел тәртіп бұзушылыққа бармау, өзіне жүктелген міндетті уақытылы орындаудың өзін еліміздің Ата Заңның, халықты құрметтеуі деп білуімізге болады. Конституция – елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтан да біз оны Ата заң деп құрметтейміз. Әрбір адам өзінің де, өзге елдің де заңына бағынуға міндетті. Әр мемлекеттің өзіне тән заңы бар.
8 оқушы: Құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін баланың құқығы заңмен бекітіледі. Құқық қорғауды ата - аналар, бағып - қағу және қамқорлыққа алу органдары, сот, прокурор жүзеге асырады. Заң баланы озбырлықтың түрлерінен оның абройын төмендетуден, ата - аналар тарапынан болатын қиянаттан қорғайды. ҚР - да балалардың мүддесі қорғала отырып, ондай ата - аналарды ата - аналық құқықтан және баланы бағып - қағуға беруден айыруға байланысты шараларды қолдану заңдық тұрғыда қарастырылған. Бала мүліктік құқыққа да ие. Ол көбінесе өз ата - аналарының және отбасының өзге де мүшелерінің күтіп бағуы құқықтарына байланысты болмақ. Алименттер, зейнетақы мен жәрдемақылар ата - ананың атына келіп түседі, алайда, ол қаржы баланы күтіп - бағуға, білім беруге және тәрбиелеуге жұмсалады. Заң балаға сыйға немесе мұраға алған мүлікті меншігіне алу құқығын береді, сондай - ақ еңбекпен айналыса отырып, өзінің жеке еңбегінің кірістерін алуға, жекеленген пәтердің иесі болуға, т. б. мүмкіндік береді. Балаларға қамқорлық жасай отырып, мемлекет бала туған кезде жәрдемақы төлейді. Көп балалы отбасыларын түрлі жағынанқорғауғаалынған.
9 оқушы: Әлемде 1979 жылы Халықаралық балалар жиынын өткізу кезінде «Балалар құқығы туралы халықаралық конвенцияны» дайындау жөнінде топ құрылды. 1989 жылы 20 қарашада конвенцияны БҰҰ бірауыздан қабылдады. Конвенция - әлем балаларының құқығын қорғау туралы және оларға тәрбие беру жөніндегі бірнеше баптан тұратын маңызды құжат. Онда: «Қатысушы мемлекеттер әрбір баланың өсіп – жетілуі қажетті тұрмыс дәрежесін қамтамасыз етеді және оның құқығын мойындайды» делінген.

Конвенцияда адам құқығын құрметтеуге, баланы ата – анасынан, олардың мәдениетіне, тіліне, өзі тұратын елдің ұлттық байлығына, қоршаған ортаға, табиғатқа құрметпен қарауға тәрбиелеу жөнінде айтылған.
Біз тәуелсіз, егеменді елміз. Өзімізге тән елтаңба, әнұран, туымыз бар. Соның маңыздыларының бірі – 1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданған.
Конституция 98 бапты біріктіріп 9 бөлімнен тұрады. Адамның құқықтары, бостандықтары мен міндеттері осы бөлімдерде жазылған. Әр адам өз құқықтары мен міндеттерін білуі керек. Бүгін осы мәселелерді қарастырдық. «Заң білу – заман талабы». «Бала құқығы». «Заңға бағыну – адамзат міндеті».

(оқушылардың ойын тыңдап болған соң,әрі қарай сұрақпен жалғастыру.)

Әріқарай сұрақпен жалғастыру.

1 сұрақ: Бала әр қашан бала

Конвенция-бала құқығының әлемдік Конституциясы. Халықаралық шарт бойынша бала деп кімді санайды?

Жауап№1. Балалар-бесіктегі нәресте,бала бақшадағы сәби,бастауыш және 5-7 сынып оқушылары,сондада болса 8 сынып оқушылары өздерін бала санамайды. Дей тұрғанмен заңдық тұрғыдан оларда бала қатарына жатқызылады..

2 сұрақ: 16-17 жастағы жоғарғы сынып оқушыларын жасөспірім деп атаймыз. Конвенцияның бірінші бабын кім айтып береді?

Жауап№1: 18 жасқа толмаған әрбір адамзат иесін бала деп санау шартты мақсат. Яғни, 18 жасқа толмаған жасөспірім, жеткіншек те Конвенцияда атап көрсетілген бала құқығын пайдалана алады.:

Жауап№2: Бала құқықтары туралы Конвенцияға сәйкес, олардың әрқайсысы өзінің даралығын сақтауға құқылы. Даралықтың белгісіне оның есімі, тегі, әкесінің аты жатады. Балаға есім ата - анасының келісімі бойынша беріледі. Әдетте, ата - аналар өз балаларына кез келген атты ойлап қоя береді. Дегенмен, ондай таңдаудың шегі бар. Баланың мүддесін ескере отырып, ата - аналар өз құқықтарын пайдаланып, баланың мүддесіне қарама - қайшы келетін, айналасына күлкі, не жағымсыз жағдай туындататын есімді таңдамау керек. Баланың әкесінің аты ұлттық дәстүр ескеріле отырып, әкесінің есімімен жазылады. Мәселен, ата - аналарының қалауына қарай әкесінің атына “ұлы”, “қызы” сөздері қосылып жазылуы мүмкін. Егер баланың әкесінің аты қос аттан тұрса (мәселен Әділмұрат) ата - аналарының қалауына қарай екі аттың бірі баланың әкесінің аты болып жазылады. Егер әкесінің аты белгісіз болса, шешесінің нұсқауымен баланың әкесі ретіндегі адамның есімі жазылады, ал тегі шешесінің тегімен көрсетіледі.

Жағдаяттарды шешу:

Сіздер конвенцияда көрсетілген бала құқықтары жөнінде таныстыңыздар. Енді өзміз білетін халық ертегілерінен үзінділер оқи отырып, қай жерде бала құқығы бұзылды немесе сақталды деген сұраққа жауап беріп көрейік.

  1. «Қырық өтірік ертегісінен» үзінді.

Тазша бала ертегісін білесіңдер ғой. Хан жарлығы бойынша жетім өскен тазша бала тапқырлығымен қырық «өтірік әңгіме», «өтірік өлең» құрастырып халқын,ханын риза қылды. Бала құқығы бұзылдыма? Бұл жерде қандай құқық жөнінде айтылған? (бала құқығы бұзылған жоқ. Себебі бала өз ойын емін-еркін білдіруге құқылы.)

  1. «Ұр тоқпақ» ертегісі.

«Ұр тоқпақ»ертегісінде кедей шал Қазбайға жасаған жақсылығы үшін алған «Піс,қазанын», «Құс,есегін» алып қалған балаларды «Ұр тоқпақтың» көмегімен өздерінің теріс қылықтарын түсіндіріп, «Піс,қазанын», «Құс,есегін» қайтарып алады. Бұл жерде қандай құқық жөнінде айтуға болады? Құқық бұзылды ма?

(ия. Егер бала тәртіп бұзса,оларды айуандық,қанау түрлеріне жол берілмейді.)

  1. «Алтын сақа» ертегісі.

Сақасын алуға келген баланы Жалмауыз кемпір ұстап алып,өлтірмекші болып,баланың өміріне қауіп төндіреді.

Оқушылар бұл туралы конвенцияда не айтылған? Бала құқығы бұзылды ма?

(ия,бұзылды. Кезкелген бала өмір сүруге құқылы,жеке басының бостандығына,қадір-қасиетіне,жеке өміріне қол сұғылмауы тиіс.)

  1. «Керқұла атты Кендебай» ертегісі.

«Керқұла атты Кендебай» ертегісінде Кендебай ата-анасынан айырылып қалған баланың әкесі Мергенбай батырды,қолға түскен басқада адамдарды зынданнан шығарды. Бұл жерде баланың құқығы бұзылды ма?

(ия,бұзылды. Баланы ата-анасынан күштеп айыруға болмайды.)

Қорытынды сөз: сонымен біз бүгінгі тақырыбымызда мына нәрсені ойымызға түйсек артық болмас деген ойдамын. Б.Момышұлы атамыз «Азамат жолы-ар жолы»деп айтқандай,ешкімнің ала жібін аттамай,өз құқығымызды да,өзгенің құқығында бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды,ақылды ұл-қызы болып өсейік.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!