Бала құқығын қорғау – өз-өзіне
қолжұмсау
Екі жастың бас қосып, отау
тіккеннен кейін тілейтіні – бала-шағалы болу. Бала өмірдің жалғасы,
отбасының жеміс берер гүлі, ерлі-зайыптылардың тіреу діңгегі. Егер
жанған оты сөніп, артында түтінін түтететін тұяқ қалмаса кімге де
болса үлкен қайғы қасірет. Сол себептен де атам қазақ «Артымда
қарайып ұрпақ қалсын, шаңырағымда шырақ жансын» деп ұрпақ
жалғастығына зор мән беріп, баланың ат жалын тартып мінер азамат
болуы жолында күш-қайратын аямаған.
Елімізде балалар құқығын
қорғау – ұлттық саясатымыздың негізгі бағыттарының бірі. Балалардың
өмір сүруге, есімінің болуына, азаматтыққа ие болу құқықтарын,
аман-сау отбасылық өмір құқығын, сәбидің жеке басының еркін дамуын
қамтамасыз ететін құқықтарын, денсаулығын сақтау, нығайту құқығын,
білім алу мен мәдени даму құқығын, төтенше жағдайларда сәбиді
қорғау құқтарын қорғау мен қолдау біздің әрқайсысымыздың басты
міндетіміз болып табылады.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев: «Бірінші кезекте, қоғамдық бастамалар
негізінде Балалар құқығы жөніндегі уәкілеттінің институтын құру
мәселесін қарастыруды тапсырамын. Қамқоршысыз қалған жетім
балалардың бірыңғай жалпыұлттық мәліметтер базасын қылыптастыру
керек», - деді. Бүгінгі таңда жасөспірімдер арасындағы қылмыстың
тыйылмай, кейде, тіпті, өршіп кететіні, өтпелі кезеңнің өткір
сынағына шыдас бермей, өзіне өзі қол жұмсау, яғни, өз-өзіне
қолжұмсау бой алдыру секілді қауіпті дерттің дені осы балалар
құқығын қорғау мәселесімен тығыз байланысты екені ешқандай дау
тудырмайды. Менің ойымша, өз-өзіне қолжұмсау алдын алудың ең
маңызды да төте жолы балалар құқығын барынша күшейтуден басталса
керек.
Жалпы алғанда, адам
құқықтарының сақталуы қоғамның балаға деген көзқарасынан басталады.
Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясы мен басқа да құқық қорғау
құжаттарының анықтау бойынша, әр баланың өзіне тән ерекшеліктеріне,
айырмашылықтарына қарамастан барлығына да тиесілі құқықтар мен
еркіндіктердің берілуі.
Ал, бала құқы қалай қорғалады?
Баланың құқығы заңмен бекітіледі. Құқық қорғауды ата-аналар,
қамқорлыққа алу органдары, сот, прокурор жүзеге асырады. Заң баланы
озбырлықтың түрлерінен, оның абройын төмендетуден, ата-ана
тарапынан болатын қиянаттан қорғайды. Ата-ана өз баласын тәрбиелей
отырып, оны қорғауға міндетті. Әлі жасы жетпегендіктен, қаблеті
толық қалаптаспағандықтан балалар өз мүддесін өзі қорғай алмайды.
Ал, олардың мүдделерінін қорғалуы өте маңызды. Бұл оның мүлкіне де
жеке басына да қатысты. Екіншіден, балалардың мүддесін қорғауға заң
жүзінде белгіленетін құқық, мысалы, баланың мұрагер болу құқығы да
жатады. Құқықты қорғауға баланың құқығын бұзуға жол бермеу үшін
күресу мәселесі де қосылады. Ата-ана өз баласының заңды өкілі болып
табылады. Бүгінгі таңда мектеп жасындағы немесе орта арнаулы оқу
орындарында оқушылар арасындағы түрлі келеңсіз жағдайлардың түгелге
жуығы осы балалар құқығының қорғалмауы, қараусыз қалудың салдарынан
туындап жататыны дәлелденген дүние. Біздің оқу орнының басшылығы
мен ұжымы оқушыларға сапалы білім берумен, маман даярлаумен қатар
тәрбие мәселесіне де ерекше көңіл бөліп, олардың бос уақытын
болдырмау мақсатында салауатты өмір салтын жандандыруға да айрықша
атсалысып келеді. Елбасы айтқандай, спортты жанына серік еткен адам
жат қылықтан бойын аулақ ұстайтыны шындық. Ал, олардың спортқа
қызығушылығын жастайынан ояту бала болашағын баянды етуге септігін
тигізеді.
Бала құқығын қорғаудың
халықаралақ жүесін қоғамның тоқтаусыз даму көшіндегі лектен тысқары
қалмай әрі қарай жалғастыру міндеті адамзаттың ұрпақ алдындағы
парызы екендігі белгілі. 1960 жылдың 14 желтоқсанында ЮНЕСКО Білім
саласындағы дискриминацияға қарсы күрес туралы Конвенцияны
қабылдады. Онда мемлекеттердің білім беруде нәсілі, жынысы, тілі,
діні, әлеуметтік тегі, саяси көзқарасы бойынша алалауға жол бермеу
жөніндегі міндеттемелері көрініс тапқан. Сондай-ақ қажет кезде
білім саласындағы алалаудың кез келген түрін жою шараларын
қабылдайтыны белгіленген. Мемлкеттердің міндетті және тегін
бастауыш білім беру жүйесін енгізу қажеттігі де осы Конвенцияда
көрініс тапты.
1959 жылғы Бала құқығы
декларациясы бала құқығын қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік
саясаттың басым бағыттарын анықтап берді. Жетпісінші жылдардағы заң
шығарушылық қызметінің өнімділігі мен көп салалығына қарамастан
балалардың жаңа және арнаулы қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету
әлі де жеткіліксіз екендігі байқалады. Бұрын-соңды қабылданған
заңдар мен басқа актлерді және бала құқығына қатысты жаңадан пайда
болған түсініктерді біріктіретін халықаралық құжат жасау қажет
болды. Бала құқықтары туралы конвенция, міне, осындай
құжат.
1989 жылғы 20 қарашада БҰҰ-ның
Бас Ассамблеясы Бала құқықтары туралы Конвенцияны қабылдады. Ал,
1990 жылдың 2 қыркүйегінде 20 ратификацияланған келісім жинақталған
соң Конвенция заңды күшке ие болды. Оның қабылдануы бала құқығын
қорғау саласындағы маңызды уақиға болды. Мұнда алғаш рет бала
арнаулы қорғауды қажет ететін объектісі ретінде емес, адам
құқығының барлық түрі тиесілі құқық субъектісі ретінеде
қарастырылды. Балалардың бірнеше жаңа құқықтары енгізілді. Мысалы,
онда даму және өмір сүру, жеке тұлғалығын сақтау, өз көзқарастарын
еркін білдіру, әскери іс-қимылдарға қатыспау және өзге де мәселелер
қамтылған. Бала құқықтары Конвенциясының 1-бабына сәйкес, ұлттық
заңнамаларда кәмлетке толу жасы одан кемітіп көрсетілген
жағдайлардан басқа уақытта, 18 жасқа толмаған тұлға бала болып
саналады.
Тарихта ең алғаш рет Конвенция
аясында оның орндалуын бақылаудың халықаралық тетігі – Бала
құқықтары бойынша комитет құрылды. Ол бес жылда бір рет
мемлекеттердің Конвенция талаптарын орындауға қатысты атқарған
жұмыстары туралы баяндамаларын тыңдауға құқылы. Бүгінгі күні
әлемнің 193 мемлекеті оны өз елдерінде енгізуге келісім берген.
Олардың қатарында 1994 жылы келісімге қол қойған Қазақстан
Республикасы да бар.
Бала құқықтары туралы
халықаралық Конвенцияның негізгі қағидаттарын атап өтер болсақ:
мемлекет әрбір баланың аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз
етеді, бала өмірге келе салысымен тірекуге алынады және өзіне есім
мен азаматтық алуға, әрбір бала өз отбасында, ата-анасымен бірге
өмір сүруге құқылы, отбасында әкесі мен анасы өз алдына дербес өмір
сүрумен, баланы ата-анасымен ажыратуға, мектепте кінәлі болғанда да
оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ.
Сондай-ақ, бала тынығуға және мәдени демалуға, әрбір баланың ой-
пікір, ар-ождан және дін еркіндігіне, өзі қалған спорт түрімен
шұғылдануға, денсаулығын сақтауға, емделуге, өз ойын еркін айтуға
құқылы.
Елімізде бала құқығын қорғау
мәселелері бірқатар заң аясындағы актілерден де көрініс тапты.
Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын
мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіруді Қазақстан
Республикасының Үкіметі жүзеге асырады. Осылайша, Үкіметтің 2012
жылғы 30 наурыздағы қаулысымен бекітілген, еліміздің азаматтары
болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларына осындай
асырап алу егжей-тегжейлі рәсімі көзделген. Мемлекетімізде көп
жылдар қатарында бала құқығын қорғауда әлеуметтік жағына көңіл
бөлінсе бүгінгі таңда құқықтық қорғауға ауысып жатыр. Балаларға
қатысты мемлекеттік саясат елімізде экономикалық және саяси
реформалау жағдайында іске асырылып, көрініс беріп жатқан оң
өзгерістерге сәйкес балалардың қоғамдағы жағдайын жақсарту жөнінде
шаралар қабылдану үстінде.
Бала – қоғамның болашағы,
құндылығы. Сондықтан, бала құқығын қорғау әрбір азаматтың естен
шығармас борышы деп сану керек. Бала – жас шыбық секілді, қалай
исеңіз, солай қарай өседі. Жасөспірім балқып тұрған болат секілді,
қандай қалыпқа құйсаңыз, сол қалыпты сақтап қалады. Олай болса,
баланың болашағына немқұрайлы қарауға болмайды. Баланы назардан тыс
қалдырып алсаңыз, ол сіздің тәрбиеңізге бағынбай, уысыңыздан шығып,
көше баласына айналуы оп-оңай. Балалар арасындағы қылмыс осы көше
балаларының арасынан жиі шығатынын өмірдің өзі дәлеледеп отыр.
Өз-өзіне қолжұмсау белең алуы тәрбие мен балалар құқығын қорғауға,
оларға барынша жиі көңіл бөлуге тікелей байланысты екенін
ұмытпауымыз керек.