Материалдар / Бала тәрбиесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бала тәрбиесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қырқүйек 2020
472
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

ПСИХОЛОГТЫҢ БАЛА
ТӘРБИЕСІНДЕГІ ЕҢ МАҢЫЗДЫ 30
КЕҢЕСІ



Авторы @bala_psihologiasi
парақшасы


Page 2

Бала тәрбиесінде ешқандай сиқырлы
таяқша немесе ғажайып таблетка жоқ.
Тек іс әрекет+еңбек/
шыдамдылық=нәтиже деген
формула ғана бар.
Төмендегі әрбір кеңесті мұқият
жүрекпен оқыңыз және өмірде
қолданыңыз.
1,2 рет қолданып, болмады деп қолды
бір сілтеуге де құқығыңыз бар әрине.
Бірақ бала Сіздікі.
Балаңыз үшін жауапкершілік тек
Сізде.Ертең өскенде балаңыздың
өмірде өз орнын
тауып,қалыптасып,бақытты өмір сүруі
үшін дәл бүгіннен бастайсыз. Әрбір
кеңесті қайта оқып, өмірде қолдануға
әдет қалыптастырасыз. @bala_psihologiasi @bala_psihologiasi @bala_psihologiasi Құрметті ата-ана!


Page 3

Әдет қалыптастыруға «21 күн
техникасын» қолдансаңыз болады.
Төменде техника туралы толық
тоқталамыз.
Әрбір ата-ана баласының дені сау
және бақытты болғанын қалайды.
Бірақ,балалар өскен сайын
олармен тіл табысып,бір толқында
болу күрделірек болады.
Сондықтан төмендегі кеңестер
Сіздер үшін. @bala_psihologiasi @bala_psihologiasi


Page 4

ПОЗИТИВТІ ОЙЛАУ ҮЛГІСІН
КӨРСЕТІҢІЗ
Яғни, ересектер позитивті
ойлауды үлгі етіп көрсетуіңіз
керек. Балалар әрқашан сіздің
іс-әрекетіңізден үлгі алады.
Егер анасы мен әкесі әрбір
дүниеден жағымды жақтарын
іздейтін болса,ертелі кеш
балаңызда сізден үлгі алары
анық. @bala_psihologiasi @bala_psihologiasi


Page 5

СЕБЕБІН ТҮСІНДІРУ
Әрқашан да «жоқ» деп айтып
қоймай,міндетті түрде неге
балмұздақты көп жеуге
болмайтынын, неге ұзақ уақыт
мультик көруге
болмайтынын,неге жаңбырда
көп жүруге болмайтынын, т.б.
себебін айтып түсіндіріңіз.
Себебін айтып түсіндірмеген
шектеулер балада истерика
туғызады. @bala_psihologiasi @bala_psihologiasi


Page 6

ҚОРҚЫТПАҢЫЗ
Осы қағиданы миыңызға миыңызға жақсылап
қағып алыңыз. Қандай жағдай болса да
баланы қорқытуға болмайды.  Үлкендер
әртүрлі «бабайлармен» қорқытып жатады.
Бірақ, сол сәтте әсер еткенімен, ауыр
зардаптары болуы мүмкін. Мектеп жасына
дейінгі психикасы бұзылады, баланың басында
үлкен қоқыныштар пайда болады. Балалардың
миы анализ жасауға қабілетті емес. Басында
үлкен бұлт сияқты қорқынышы бар баланы
елестетіңізші. Ертең өскенде барлық нәрседен
қорқыныш/негатив іздеп, жасқаншақ, ынжық
болғанын қалайсыз ба? @bala_psihologiasi @bala_psihologiasi


Page 7

«УДОБНЫЙ БАЛА»
Көптеген ата-аналар қоятын сұрақтар:
«Балам тыңдамайды», «Қалай балама
айтқанымды істетсем болады?» деген
сұрақтар. Ойлаңызшы әр бала жеке
тұлға. Оның да өзінің ойы, өзінің қалауы
бар. Сіз оның тек сіздің қалауыңызды
орындап «послушный» бала болғанын
қалайсыз. Иә, ол сіздің айтқаныңызбен
18 жылжүрді делік, сосын бала өзінің
айтқанымен жүре алмайды. Енді ол
жұрттың айтқанымен жүреді. Ол өмірде
өз орнын табуы мүмкін бе? Сол үшін
әрқашан баламен де санасу керек.
  @bala_psihologiasi @bala_psihologiasi


Page 8

БАЛАНЫ ДҰРЫС СЫНАУ
Есте сақтаңыз! Бұл тәрбиедегі ең маңызды
нәрсе. Баланы сынауға болады, бірақ мұны
дұрыс жасау керек. Қалай? Баланың жеке
басын емес, іс-әрекетін сынаңыз. Мысалы:
«сен жаман баласың» деудің орнына,
«сенің бұл іс-әрекетің дұрыс болмады»
деп айту керек. Егер сіз әрқашан баланың
жеке басына сын айтатын болсаңыз «сен...
сен...» деп онда балаңыздың
самооценкасы төмен, өз-өзіне сенімсіз
болып өсуі мүмкін. Сіз соны қалайсыз ба? @bala_psihologiasi @bala_psihologiasi


Page 9

@bala_psihologiasi @bala_psihologiasi ОТБАСЫЛЫҚ ДӘСТҮР/ЕРЕЖЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Отбасы мүшелері бірлесіп тамақ
ішуге,серуендеуге,сабақ,ойын,үй шаруасына
байланысты ережелер қалыптастырыңыз.
Мыс: бәріміз тез-тез үй жинап,сосын кино
көреміз деген ереже болса,сізгеде жақсы.
Өзіңізге деген бос уақытыңыз болады. Сосын
отбасылық дәстүрлер орнату маңызды. Олар
отбасылық қарым-қатынасты
нығайтып,бекітеді. Мыс: әр дүйсенбі күні
балалармен бірге мульт көру. Әр жексенбі
күні манты пісіру деген сияқты


Page 10

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ
Балаларға сыйлықтар беруге болады,
бірақ күнделікті емес және ақылға
қонымды  мөлшерде беру керек. Егер сіз
қымбат сыйлықтар жиі әперіп өзіңізді
басқара алмасаңыз, балаға кері әсерін
тигізеді. Баланы ерте жастан бастап ақша
мен материалдық заттардың құнын
түсінуді үйрету керек. Әйтпесе, ол ата-
ананың әрекеттерін бағаламайды.
Мысалы:  балаларыңызбен келісіп
өздеріне копилкаға ақша жинауды
үйретіңіз. Аз болса да өз ақшасын тиімді
жұмсауды кішкентай күнінен үйретіңіз. @bala_psihologiasi @bala_psihologiasi


Page 11

ЖАҚСЫ КӨРЕТІНІҢІЗ ЖАЙЛЫ ЖИІ
АЙТЫҢЫЗ
Бұл ең құнды кеңестердің бірі. Жақсы
көретініңізді көрсету – бұл тек сөз емес.
Балаларға өздерін қалай бағалайтынын
және қалай жақсы көретіні туралы есту
өте маңызды. Балаңызды қаншалықты
жиі құшақтап, сүйсеңіз араңыздағы
байланыс та соғырлым күшті болады.
Егер бұларды жасамасаңыз балалар
өздерін қажетсіз, жақсы көрмейді деп
сезінеді. @bala_psihologiasi @bala_psihologiasi


Page 12

АЙҚАЙЛАМАҢЫЗ
Қандай жағдай болмасын балаңызға
айқайламауыңыз керек. Кез-келген айқай
– бұл стресс, Нәтижесінде балаңыз
жылауық, ызақор, өзіне сенімсіз,
тұйықталып кетеді. Сонымен қатар, сізді
айқайламаудан басқа әдістермен
күресуге әлсіз деп қабылдайды. Егер сіз
осыған дейін үнемі айқайлап жүрсеңіз,
біртіндеп арылуға тырысыңыз. Әйтпесе,
күннен-күнге балаларыңызға түсіндіремін
деп қаттырақ айқайлауға тура келеді.
Сонда сіздің неңіз қалады? @bala_psihologiasi @bala_psihologiasi


Page 13

ҰЛ МЕН ҚЫЗДЫҢ ТӘРБИЕЛЕУ ЕРЕКШЕЛІГІ
(ҚЫЗДАР)
Ұл мен қызды тәрбиелеудегі ең басты заңдылық
ол екі сөзбен айтсақ:
Қыз балаға – қамқорлық көрсету
Ұл балаға – сенім білдіру
Өкінішке орай біз барлығын керісінше жасаймыз.
Қыздарымызды артық жұмыстармен үйіп-төгіп,
«Сенің қолыңнан бәрі келеді» деп сенім
білдіреміз. Одан қалса, менің қызым мектепті 5-
ке оқиды деп тағы сенім білдіреміз. Осының
арқасында өте мықты, қайсар, өмірде бәріне өзі
қол жеткізетін қыз бала өседі. Бұл қыз баланың
табиғатына қарсы. Қыз балаға талап етпеу
арқылы өмірде әлсіз, өз орнын таппайды десеңіз
қатты қателесесіз. Қыз бала гүл сияқты,
қамқорлық көрсеткен сайын жайқалып өседі. @bala_psihologiasi @bala_psihologiasi


Page 14

Ата-анасының қамқорлығына үйренген қыз,
кейін де сол қамқорлықты сыртқа көрсете
бастайды. Ол махаббатқа қанып өседі. Ол
өзінің ең сұлу, ең сүйкімді, мейірімді екеніне
сенімді болады. Ол өзіне, денесіне,
эмоционалды күйіне және қоршаған ортаға
қамқорлық танытатын болады. Үй шаруасын да
сүйіспеншілікпен жасайтын болады. Өскенде
күйеуіне энергияны да бере алады,
балаларына да сөзсіз махаббат сыйлайды. Аса
қамқорлықпен өскен қыз балаларға жертва
болу, шыдау, көну деген түсініктер таныс
болмайды. Жар таңдаудада жолы болатыны
заңдылық. @bala_psihologiasi @bala_psihologiasi


Page 15

ҰЛ МЕН ҚЫЗДЫҢ ТӘРБИЕЛЕУ ЕРЕКШЕЛІГІ
(ҰЛДАР)
Мықты, қайтпас, қайсар, өмірде
жауапкершілікті алатын нағыз ер бала өсіру
үшін – оған сенім білдіру керек. Енді сенім
білдіру дегеніміз не? Ол сіздің ұлыңыздың
артынан жүгіріп «ой, құлайсың», «ой, ол жаққа
барма», «ол жерге шықпа, биік» деп шектен
тыс қалтырауың емес. Мысалы, әскерге бару ұл
бала үшін ең таптырмас мектеп. Бірақ, мұны
анасы, яғни сіз де жасай аласыз. Ол үшін
ұлыңызға тек сенім білдірсеңіз болғаны. Оның
қолынан бәрі келетіне риясыз сенсеңіз болғаны.
Ол кейін сіздің сеніміңіздің арқасында өмірде
кездескен кез-келген қиындықтан өзі шыға
алады. Ұл балаға сенім білдіруде фундамент
қалыптастыратын – ол анасы. @bala_psihologiasi @bala_psihologiasi


Page 16

Мысалы ұлыңыз құлап қалса, алдымен өзіңіз есіңіз
шығып өбектемей, «Сен ер жігітсің, өзің тұрып
кетесің, жарайсың!» , «Сенің қолыңнан бәрі
келетініне мен сенімдімін!», «Сен өзің осының
шешімін табатыныңа сенімдімін,ұлым!», т.б. сенім
білдіріп отырыңыз. Ұл бала көбіне әкесімен жүргені
абзал. Әкесімен жіберіңіз.Егер әкесі жоқ болса,
атасы немесі сіздің ағаңыз, ініңіз, ер мұғалім т.б. ер
кісілердің ортасында болғаны абзал. Ұл баланы 3
жастан асқан соң спортқа баулыңыз. Спорт
секцияларына қатыстырыңыз. Ол оның ерік жігерін,
өзіне сенімін, дене бітімін шыңдайды. Ал,қазір
өкінішке орай бәрі керісінше: «ұлым, ұйықтай ғой»,
«ұлым,тамақ жедің бе?» деп ұлға аса қамқорлық
көрсетіп, қыздарымызға «қызым, жарайсың,сенің
қолыңнан бәрі келеді!» деп сенім білдіріп жатамыз.
Сосын, жатыпішер еркек пен бәрін өзі сүйрейтін әйел
қайдан шықты деп таңданамыз. Осы жерде
қателеспейік, құрметті аналар. @bala_psihologiasi @bala_psihologiasi


Page 17

АТА-АНАНЫҢ ҰРЫСЫН КӨРСЕТПЕУ
Баланың көзінше ата-ананың
ұрысуы, баланың қалыптаспаған
психикасына қатты әсер етеді.
Кез-келген кішкентай бала ата-
анасының жанжалына өзін кінәлі
санайды. Сол себепті бала
көзінше ұрыспау керек. Ешқашан!
  @bala_psihologiasi @bala_psihologiasi


Page 18

МАТЕРИАЛДЫҚ ҚИЫНДЫҚТАР
ТУРАЛЫ АЙТПАУ
Баланың көзінше ақша проблемаңыз
туралы айтпаңыз. Мектеп жасына
дейінгі балаңыз оны бәрібір
түсінбейді. Ал,үлкендері ата-анам
бізді асырауға қаухарсыз деп
түсінеді немесе өскен кезде басында
ақша туралы ақша туралы дұрыс
емес установкалар болуы мүмкін. @bala_psihologiasi @bala_psihologiasi


Page 19

 
ӨЗ АРМАНДАРЫҢЫЗДЫ БАЛАҢЫЗҒА ІЛМЕҢІЗ
Әрбір бала ол жеке тұлға. Қайталанбас тұлға.
Ол сіз емес! Оның өмірде өз таңдауы бар. Ата-
аналар кезінде орындалмаған армандарын
балаларына тықпалайды. Егер кезінде дизайнер/
дәрігер бола алмаса, кейін балам дәрігер/
дизайнер болады деп ойлайды. Құнды кеңес:
балаңыз үшін шешпеңіз. Балаңыздың шешімін
сыйлаңыз (ішіңізден келіспей тұрсаңызда). Осылай
балаңыз шешім қабылдауды үйренеді. Мейлі
қате болсын, қателіктердің арқасында тұлға
қалыптасады, сабақ алады. Сіз өмір бойы
балаңыздың қасында болып,сол үшін шешім
қабылдамайсыз ғой? 40 жасқа келген балаңыз
үшін шешім қабылдау бақыт әкелмесі анық. Сол
себепті, дәл қазір,бүгіннен бастап балаңызға өзі
шешім қабылдауды үйретіңіз. Мысалы:қай
кеседен су ішетінін, қызыл ма ақ па дегендей,
ойыншық таңдау, киімді өзі таңдау,т.б. өскен
сайын күрделене береді. Әрқашан балаңыз үшін
таңдау жасайтын болсаңыз балаңыз әрқашан
сізсіз таңдау жасауға қиналып,сенімсіз болады. @bala_psihologiasi @bala_psihologiasi


Page 20

КӨБІРЕК ЕРКІН БОЛУҒА ҮЙРЕТІҢІЗ
Бұл деген 3 жасар баланы далаға
жалғыз жіберу деген сөз емес әрине. Егер
қыз немесе ұл баланы ертерек еңбекке
баулып, өз ойыншықтарын
жинатып,төсектерін жинатып,ыдыстарын
жудырып үйрету үлкен плюс. Мен төменде
сіздерге қай жаста бала өзі не істей алуы
керек ақпаратты жіберемін. Соған
негізделіп сіз өз балаңызға соны үйретіңіз.
Балам төгеді,шашады деп,мүмкіндік
бермей бәрін өзіміз істейміз. Сосын
мектепке барғанда,менің балам басқа
балаларға қарағанда істей алмайды деп
ренжиміз. @bala_psihologiasi @bala_psihologiasi


Page 21

БАЛАНЫ МАҚТАУ.
Тәрбие барасында баланы жасаған
жетістігі үшін мақтап отырамыз. Бұл балаға
деген үлкен мотивация,көмек.
Ойыншықтарын жинады ма – мақтаңыз, бес
алып келді ме – мақтаңыз, сізге
көмектесті ме – мақтаңыз. Бұл өте
маңызды. Бірақ, мақтағанда да, шектен
шықпау керек. Мақтау да объективті түрде
болу керек. Тек мақтай беруге де
болмайды. Психологтар 2 мақтау, 1 ескерту
ережесін құптайды. @bala_psihologiasi @bala_psihologiasi


Page 22

БАЛАҢЫЗДЫ САЛЫСТЫРМАҢЫЗ
Психологтар балаңызды  ешкіммен
салыстырмауға кеңес береді. Көптеген
ата-аналар теледидардан неше түрлі
интелектуалдық бағдарламаларды
көріп алып баласының  дәл сондай
болғанын қалайды. Бірақ кез-келген
бала 10 тілді меңгеріп, 3 жаста
шахмат ойнауға қабілетті емес.
Салыстырсаңыз балаңыздың тек кеше
қандай еді, бүгін қандай болды соны
салыстырыңыз.


Page 23

АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕҢІЗ
Балаңызды тек ақыл-ой тәрбиесіне ғана
емес, адамгершілік тәрбиесіне де
тәрбиелеңіз. Ненің жақсы ненің жаман
екенін түсіндіріңіз. Біз ойлаймыз, бұның бәрі
қарапайым дүниелер, бұны балалардың
өздері-ақ түсініп алады деп. Бірақ бұл
балалар үшін күрделі ережелер.
Мысалы,үлкендерге дөрекілік
танытпау,көшеде төбелеспеу,кішілерді
ренжітпеу,туралы қарапайым дүниелерді
қайта-қайта түсіндіріңіз.Әртүрлі жағдайда
не істеу керектігін сұрағанда балаңызға
кеңес беріп түсіндіріп отырыңыз.
  @bala_psihologiasi @bala_psihologiasi


Page 24

ӨЗІҢІЗ МЫСАЛ (ПРИМЕР) БОЛЫҢЫЗ
Жақсы адам болу үшін,жақсы адам
қандай болатынын түсіну керек және көру
керек. Сол үшін өзіңіз тәрбиелі, мейірімді,
қайырымды болыңыз. Ол сізден үлгі алады.
Ал,осы қасиеттерді түсіндіруге кез-келген
ертегі мен мультфильмдер болады. Мен
сіздерге төменде 214 аудио ертегі беремін
соны немесе кез-келген мультфильм
қолдансаңыз болады. Баламен бірге көріп,
оқып,тыңдап, ол жердегі кейіпкерлердің
іс-әрекетін баламен талқылайсыз. Мысалы:
тазша бала ол қандай? Оның қандай
жағымды/жағымсыз қасиеті бар? Ол
дұрыс жасайды ма,жоқ па дегендей.
  @bala_psihologiasi @bala_psihologiasi


Page 25

ТАЛАБЫҢЫЗДЫ ӨЗГЕРТПЕҢІЗ!
Ата-ананың талабы нақты болуы керек.
Талабыңызды күніне бірнеше рет
өзгертпеңіз. Бала сіз «жоқ» дедіңіз бе
«жоқ» екенін түсіну керек. Егер бала
көз жасы немесе айқайлау,
истерикамен сіздің шешіміңізді өзгерте
алатынын білсе, онда бала сізді
басқара алатынын түсінеді. Сол үшін
өзіңізді басқаруға жол бермей,нақты
шешіміңізді өзгертпеңіз. @bala_psihologiasi @bala_psihologiasi


Page 26

КӨБІРЕК СӨЙЛЕСІҢІЗ
Балаңыз кішкентай болса да, оның
адам екенін ұмытпаңыз. Оның да өзіне
сай маңызды проблемалары мен
уайымдары болады. Сол үшін,сіздің
ұлыңыз бен қызыңызды не
мазалайтынын білу үшін мүмкіндігінше
 көп сөйлескен пайдалы. Әйтпесе олар
өздерін жалғыз сезінеді.
  @bala_psihologiasi @bala_psihologiasi


Page 27

ПАРА БЕРМЕҢІЗ
Иә, балалар ойыншықтар мен
сыйлықтарды жақсы көреді. Бірақ,
пара берудің қажеті жоқ. Көптеген
ата-аналар балаға көңіл бөлуге
уақытының жетіспеушілігіне
байланысты өздерін кінәлі сезініп,
осылайша ақы төлеуді шешеді. Бірақ
бұл дұрыс емес ұстаным, ертең
өзіңізге де балаға да кері әсерін
тигізеді.
  @bala_psihologiasi @bala_psihologiasi


Page 28

ЖЫНЫСТЫҚ ТӘРБИЕ ТУРАЛЫ АЙТУ
Ең бір алаңдататын тәрбие – бұл жыныстық
тәрбие. Балалар әртүрлі жаста сізге жыныстық
сипаттағы сұрақтар қоя бастайды. Бұл жерде
бәрі үлкендердің жауабына байланысты
болады.Егер баланы ұрсып, айқайлап, оның
сұрағына жауап бермесеңіз ол ауладағы үлкен
жолдастарынан сұрайды. Міне осы жерде
баланың дұрыс емес информация алуы
басталады. Сондықтан мұндай тақырыптарға
ақылмен жүгіну керек. Өзіңізде ізденіп,
біліміңізді арттырыңыз. Біз балалардың барлық
мүшелерін атап,үйретіп, жыныс мүшесіне
келгенде игнор жасаймыз немесе ол лас,
ұстама, сұрама, айтпа деген ұғым
қалыптастырамыз. Бұл болашақта баланың
көптеген сексуалды блоктардың пайда болуына
әкеледі. Біздің жыныс мүшеміз біздің ұл
немесе қыз екенімізді анықтап тұратын ең
маңызды мүше екенін білуі керек және ол
жерге ешкім оның рұқсатынсыз ұстауға, тиісуге
 құқы жоқ екенін үйретіңіз. Мен сол «іш киім»
ережесін төменде жіберемін. @bala_psihologiasi @bala_psihologiasi


Page 29

ҰРЫС КЕРІСТІҢ ӘСЕРІ
Бала үшін ана мен әкеден маңызды
ешкім жоқ. Сондықтан ата-ана ұрыса
бастағанда, бала бұл жағдайды өзіне
қатты қабылдайды. Оның түсінігінше
енді оның ата-анасы бір-бірін жақсы
көрмейді, енді бұларға қажетім
шамалы деп түсінеді. Сондықтан,
түсінбеушіліктеріңізді жеке ара шешіп
алыңыздар. @bala_psihologiasi @bala_psihologiasi


Page 30

ШЫНАЙЫ ҚУАНЫҢЫЗ
Балаңыздың хоббиі мен талғамына
шынайы қызығушылық танытыңыз. Олар
әрдайым өздерінің жетістіктерін сізбен
бөліскісі келеді. Мысалы: сурет салуға
қызығып сурет салып,сізбен бөлісуге
асығып келгенде «уақыт жоқ, баршы
ары» деп айтуға болмайды. Балалар
сіздің көңіл аудармай тұрғаныңызды
сезеді және бұл оған қатты әсер
етеді. Сол себепті, шынайы
қуанып,қызығушылық танытыңыз.
  @bala_psihologiasi @bala_psihologiasi


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!