ШЕТАЙМАҚТЫҢ ШЫРАЙЫ КІРДІҚала орталығындағы ұзындығы 8 шақырымды құрайтын 9 көшеге 403,797 млн теңге қаржы бөлініп, орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ шетаймақтар да жөндеу жұмыстарынан кенде емес. 29 шақырым болатын 50 көшені жөндеуге облыстық және қалалық бюджеттен 719,297 млн теңге бөлінген. Атап айтқанда:- Шанхай м/а бойынша, ұзындықтары 500 метр болатын 2 көше жолы,- КБИ м/а бойынша, ұзындығы 600 метр болатын 1 көше жолы,- Саяхат м/а бойынша, ұзындықтары 4,2 шақырым болатын 4 көше жолдары,- Гагарин м/а бойынша, ұзындықтары 1,1 шақырым болатын 2 көше жолы,- Арай м/а бойынша, ұзындықтары 3,3 шақырым болатын 5 көше жолдары,- Сәулет м/а бойынша, ұзындықтары 19,3 шақырым болатын 32 көше жолдары (оның ішінде, 18 көшеге тасжол құрылысы, 14 көшеге орташа жөндеу жұмыстары).Сонымен қатар, ұзындығы 3 шақырымды құрайтын Қарауылтөбе ауылдық округінің кіреберіс жолын орташа жөндеуге 59,726 млн теңге және ұзындығы 7 шақырым болатын Абай ауылына кіреберіс жолын орташа жөндеу жұмыстарына 100 млн теңге бөлініп, Қарауылтөбе а/о бойынша жұмыс аяқталып, пайдалануға берілген. Ал Абай ауылына кіреберіс жолдың қалған 2 шақырымына жөндеу жұмыстарын толығымен аяқтауға ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 46,868 млн теңге бөлінген.Қазіргі кезде қалада 51 көшенің асфальт қабаттары бұзылған. Оны қайта қалпына келтіру мақсатында қалалық бюджеттен 72,179 млн теңге қаржы қаралып, жүйелі жұмыс атқарылған. Айта кету керек, 85 көше жолына 45,1 млн теңгеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша жоба-сметалық құжаттамасы әзірленді. Енді діттеген межені бағындыру ғана қалды.