Материалдар / "Бала тәрбиесі - ортақ міндет" эссе
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Бала тәрбиесі - ортақ міндет" эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала тәрбиесі - ортақ міндет
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бала тәрбиесі - ортақ міндет

Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады. Баланың бойына ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген , бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер осы отбасынан алады. Отбасының татулығы туған үйдің жылылығы бала көкірегінде жылдар бойы сақталып ,мәңгі есінде жүреді. Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу ,адам бойындағы ар-ұят , ақыл- ойы, адамгершілігі, басқа адаммен қарым қатынасы ,мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасының орны ерекше.Бала тәрбиесі ата-ана үшін күрделі де жауапты іс. Қазақ халқы баланы кішіпейілдікке , инабаттылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет деп санаған.Халқымыз «Ұяда не көрсең ,ұшқанда соны ілер » деген. Отбасы- силастық, жарастық орнаған орта.Отбасы- бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Ата-ананың іс-әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Бүгінгі ұрпақ еліміздің болашағы.Отбасының басты қазығы , алтын тіреу діңгегі –бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол.Ата-ана бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Бүгінгі бәсекеге қабілетті талап еткен қоғамда жас ұрпақты сол қоғам мүддесіне сай ,оның мұң мұқтажын өтерлік, елін ,жерін ,халқын көзінің қарашығындай қорғайтын ұлтжанды , кісінің ала жібін аттамайтын иманды азамат етіп тәрбиелеуіміз керек.Ұрпағңымызға дұрыс тәрбие бере алсақ ,оның жан дүниесі де дұрыс қалыптасып жетіледі, яғни бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп өселі.Бұл қасиеттердің бәрі адамның бойында бала кезінен бастап тұрақты қалыптаспақ.баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы жақсы мен жаманды , обал мен сауапты ажырата білуі өзін қоршаған ортасына , ата-анасына ,құрбы –құрдастарына, олардың іс-әрекеттріне және басқа да қасиеттеріне байланысты.

Ата-анадан ала алмаған жылылықты көшеден іздеген баланың тағдыры орны толмас өкініштерге соқтырып жатады.Ата-аналардың көпшілігі күн көрістің қамымен таңнан қара кешке дейін жұмыста болғандықтан, баласының тірбиесіне көңіл бөлуге уақыттары тапшы болып жатады.Ең бастысы бала-шағамыз қатарынан кем болмай , киімі бүтін, тамағы тоқ болса , қалтасында қымбат смартфоны болса болды деп материалдық құндылықпен шектеудеміз. Сондай-ақ көптеген ата-аналар бала тәрбиесіне көңіл бөлмей , немқұрайдылық қарап , барлық тәрбиені мектепке міндеттеп қояды.Бір әке-шешенің берген тәрбиесін жүз мектеп бере алмайтыны анық.Мектеп балаға білім беретін , болашаққа бір мамандық иесі болып қалыптасуы үшін білімнің ірге тасын қалайтын оқу орны. Отбасныда адал мен арамды білмей өскен бала , өскенде дінге қатысты көкейінде жүрген сұрақтың жауабын ата-анадан ала алмағандақтан , көшедегі жат ағымның, өкілінен сұрап ,оның етегінен ұстап, оп-оңай етегінен кетуі де мүмкін.

Ата-анадан жауабын ала алмаған бала, интернетке жүгінетіні сөзсіз.Интернет пен әлеуметтік желілердегі тиым салынған уағызшылардың экстемистік сайттардың еркін қолжетімділігі де баланы жарға жығуға итермелейтінфакторларының бірі болып тұр. Қорыта келгенде қоғамдағы жақсы жаман баланы , тіпті тұлғаны өзіміз жасаймыз.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!