Бала тәрбиесі ананың
құрсағынан басталады!
Баланы тәрбиелеудің, тағылым
берудің негізгі мәйегі – мейірім мен сүйіспеншілікте. Әсіресе,
кішкене балалар үшін бұл қасиеттердің орны айрықша екенін
ұғынғанымыз жөн. Кез келген жеткіншек ата-ана махаббатына қашан да
шөлдеп, шөліркеп тұрады. Олар тек сүйіспеншілікпен ғана
өсіп-жетіледі, есейеді, дұрыс жолға түседі. Бала кімнен мейірім
көрсе, сол адамды ерекше жақсы көреді, әрдайым іздеп тұрады. Оны
ренжіткісі келмей, мейірімі мен сүйіспеншілігінен ажырап қалмау
үшін айтқандарын екі етпей орындауға тырысады. Тіпті, өзі жақсы
көрген кісіге еліктеп, ұқсағысы келеді. Ендеше, сүйіспеншілік –
бала тәрбиесіндегі негізгі
қағида.
Зерттеушілер де басынан сипап,
мейірім көрмеген, маңдайынан иіскемеген балалардың психологиялық
ауруларға жиі ұшырайтынын дәлелдеген. Ата-ана немесе кез келген
тәрбие беруші үшін балаға көп ұрсып, оған ұзақ ақыл айтқаннан гөрі,
оның басынан сипап, мейірім көрсетіп, арқасынан қағуы әлдеқайда
әсерлі және пайдалы.
Баланы әуелі тыңдай білген
жөн. Ашылып әңгіме айтқан бала өзінің ішкі дүниесін де ақтарып
береді. Әр нәрсені дұрыс түсінуге бала ақылы жете бермейді, десе де
әр бала ақылды. Олар балалықпен ғана қате жасайды. Ал, үлкендер
болса, олардан есейген жанның ісін күтеді. Қателікке бой алдырса,
дереу таяқтап, ұрсып, жазғыра жөнеледі. Содан кейін де жасөспірім
«үлкендер маған жамандық жасады, ата-анам мені жақсы көрмейді»
деген ойға қалуы бек мүмкін. Сондықтан баланың ішкі дүниесімен
сырласпастан, оның ойын білместен, жасаған ісінің дұрыс еместігін
түсіндірместен, оған ұрысу, жазалау, қол жұмсау – дұрыс емес, онда
ата-ананікі үлкен қателік болып
саналады.
Ата-аналардағы қателіктердің
тағы бірі – баланы не болса содан тыйып, іс-әрекетін, қызығушылығын
шектей беру. Баланың қате қылығын тыйған кезде, оның дұрысын
көрсеткен жөн. Олай болмағанда, бала істеген қателіктерін қайта
жасауы немесе қырсық мінезділікке бейімделуі әбден мүмкін. Мысалы,
үйдің қабырғасын қаламсаппен сызғыштап ойнаған баланың қолына дереу
басқа бір дәптер, қағаз ұстатып, «сызсаң мынаған сыз», «жүгірсең
мұнда емес, ана жерге жүгір», «көрсең бұл фильмді емес, мынау
фильмді көр» дегеніміз
абзалырақ.
Бала – ата-ананыңқолындағы
аманат. Оғаниман, адами тәрбие беріпсоныменжүругедағдыландырса,
дінжәнедүниебақытынақауышады. Бұлбақытқа, сауапқаата-анасы да,
ұстазы да ортақболады.
Егербалағабұлардыүйретпесежәнеәдеткеайналдырмаса, бала
бақытсыздыққаұшырайды. Әрбіржасағанжамандықтарыныңкүнәсіата-анасына
да, ұстазына да жазылады. «Барлығыңбірүйірдіңбағушысысекілдісіңдер.
Бағушыүйірінқорғағанысекілді, сендер де
үйлеріңдегіжәнеқоластыларыңдағыадамдардыжәһаннамнанқорғауғатиіссіңдер!
Оларғамұсылмандықтыүйретпесеңдер, оларүшінжауаптыболасыңдар!», –
дегенжолдар бар хадис
шәрифте.
Өзініңістеуіхарамболғаннәрсенібаласынажасатқан,
арақішкізген, құмаройнатқан, ұятсызбасылымдардыоқуынасебепболған,
өтірік,
ұрлықсекілдіжаманмінездергебаулығанадамкүнәжасағанболады.
Қамшының сабындай қысқа ғана
өмірімізде бала-шағамызды дүниелік жамандықтардан қорғау үшін қалай
ұмтылсақ, мәңгілік жамандыққа душар етпеу үшін де дәл солай
қорғауымыз керек. Әкенің баласын тозақ отынан сақтауы – дүниелік
оттан сақтаудан да маңыздырақ. Тозақ отынан қорғау – иман, парыз,
харамдарды үйрету арқылы, ғибадат жасауға дағдыландыру және жаман
достардан, зиянды баспалардан қорғау арқылы жүзеге асады. Өзіміз
халал тамақ жегеніміздей, балаларымызға да халал тамақ беруге
тиіспіз. Хараммен қоректенген баланың денесі нәжіспен иленген қамыр
іспетті. Мұндай жасөспірімдер жамандыққа, опасыздыққа үйір
келеді.
Ата-ананың
міндеті
Иә, Ислам діні балаға мағынасы
дұрыс, естір құлаққа жағымды, жақсы есім қоюға шақырған. Сондықтан
балаға есім берерде бұған аса жауапкершілікпен қараған жөн. Баланың
өз ортасында жүзі жарқын жүруіне, жақсы кісілерге еліктеп өсуіне де
балаға берілетін есімнің берері
мол.
Бала алдындағы екінші міндет –
дұрыс тәрбие, яғни дінге сауатты, көзі ашық, саналы ұрпақ өсіру. Әр
ұл мен қыз ата-анасынан жақсы тәрбие алуға құқылы, ал ата-ана өз
алдына бұған аса жауапкершілікпен қарауы тиіс. Араб тіліндегі
«әдаб» сөзі өзіне жақсы мінез-құлық, сөз және ісінде басқалардың
алдында абыройлы болу, ұятқа қалудан сақтану тәрізді қасиеттерді
қамтиды.
Ер жеткен ұлын үйлендіріп, бой
жеткен қызын құтты орнына қондыру да ата-ананың бала алдындағы
міндетінің бірі. Қандай жағдайда да діннен дәріс алып,
балаларымызды шынайы иманға баулуға айрықша көңіл бөлгеніміз жөн.
Төл сенімінде берік тұрғандықтан сырттан келетін рухани басшылыққа
тегеурінді түрде төтеп бере алатын, ұлттық болмысымыздың қаймағын
бұзбай кейінгі ұрпаққа жеткізе
білейік.
Әдебиеттер:
-
Бала тәрбиесі № 2 2006 ж , № 4 2008
ж.
-
Аймауытов Ж. ТәрбиегежетекшіОрынбор,
1924.
-
Сатыбаев С.Халықәдебиетініңтарихынегіздері — Алматы:
1992ж.
-
Баймұратова Б. Отбасындағыбаланымектепкедайындау
, — Алматы: Шартарап, — 2000ж.