Бала тәрбиесі басты құндылық

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бала тәрбиесі басты құндылық

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала тәрбиесі басты құндылық тәрбие сағатына арналған ҚМЖ.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні: .


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Бала тәрбиесі басты құндылық

Құндылық

 Отбасы балалардың жеке басы мен құндылықтарын қалыптастыруда даусыз рөл атқарады, оларды тәрбиелеудің алғашқы және маңызды ортасы болып табылады. Ол білім мен дағдылардың негізгі көзі ғана емес, сонымен қатар әр адамның дүниетанымын, эмоционалдық саласын және әлеуметтік мінез-құлқын анықтайды.

Мақсаттары

Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін      түсіндіру, бала бойына сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату, ата- анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыздары болуға тәрбиелеу, ата- аналары балаларының бойына сіңірген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге уағыздау





Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы
























Сабақтың ортасы

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар мен амандасып,түгендеу.

«Жақсы сөз-жарым ырыс»трининг.

Мұғалім:


Бала тәрбиелеудегі маңызды болып саналатын ең басты қағида – баланың бойына рухани құндылықтарды сіңіру. Баланың бойына имани тәрбиенің дәні анасының құрсағында жатқанында көктей бастайтыны туралы көпшілігіміз біле бермейміз, білсек те оған аса мән бермейді екенбіз. Халқымыз, бала тәрбиесі ана сүтімен даритынын әуелден білген және оған аса ыждаһаттылықпен, жауапкершілікпен қараған.


Тапсырма 1.


«Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле»

Осы мақалдың мағынасын ашып,талдау жасауға тапсырма берілледі.



Тапсырма 2


«Менің отбасым»

    Қоғамда отбасының төрт типі  болады екен. Соны өздеріңіз білгілеріңіз келе ме? Ендеше өз жанұяларыңызды қай типке жатқызасыздар?(ойлануға болады)

1.     Әмірлі (авторитарлық)

2.     Демократиялық (егемендік)

3.     Бетімен жіберушілік

4.     Рақымшыл жанұя

    Сіздің жанұя, жанұя типтерінің қайсысына жатады? (іштей ойланып, сіздің жанұя сіз таңдаған типте болғаны сізді қанағаттандыра ма?… Өзгерткіңіз келмей ме?… Қалай өзгертер едіңіз?…. Кімнің көмегі қажет?…. )


Тапсырма 3.

Мұғалім:

Тәрбие бесіктен беріледі. Баланың ақылды, парасатты, әдепті болып өсуі – ата-ананың мерейі. Қазақ сөзбен түзеп, көзбен тәрбиелеген ұлы халық қой. Даналығы мен даралығы, тәрбиесі мен өнегесі сөзінде көмкерілген. Тәрбие мен өнеге туралы мақал-мәтелдер де аз емес. 

Мақал мәтел жарысы.

Қар қылаумен өседі, 
Бала сылаумен өседі. 

Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын. 

Дұрыс қанаттанған түзу ұшар. 

Балаға өз тіліңмен сөйлеме, өз тілімен сөйле. 

Қызы анадан үйренбей өнеге алмас, 
Ұлы атадан үйренбей сапар шекпес. 

Мұғалім.

Қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелері педагог- ғалымдар С. Қалиев, М.Смайылова, “ Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя” деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынан басталады. Отбасы - жұртты жақындастырушы, ұрпақ пен ұрпақты табыстырушы, ұрпақаралық тұтастықтың отын жағушы ерекше ұя. Сондықтан да отбасы - барша адамзатқа ең жақын, ең қасиетті ұғым. Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады. Адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап отбасының тәрбиесін алады.

h https://youtu.be/ANfwBh6oc0U tt https://youtu.be/ANfwBh6oc0U https://youtu.be/ANfwBh6oc0U ps://youtu.be/ANfwBh6oc0U

Оқушылар мұғаліммен амандасады.

Оқушылар шеңберді айнала тұрып,бір біоіне жақсы сөздер айтады.

Shape1

Shape2

Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме,

өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле»






Shape3

Shape4





Shape5


Оқушылар талдау жасап,пікір алмасады.





    Сіздің жанұя, жанұя типтерінің қайсысына жатады? (іштей ойланып, сіздің жанұя сіз таңдаған типте болғаны сізді қанағаттандыра ма?… Өзгерткіңіз келмей ме?… Қалай өзгертер едіңіз?…. Кімнің көмегі қажет?…. )

Оқушылар өз дәптерлеріне жауап жазады.










Оқушылар тәрбие сөзіне байланысты мақал мәтел айтып жарасады.


Ағаштан ағаш сәнін алады, 
Адамнан адам тәлім алады.
  
Бір адамға қадірің жүрмесе, 
Екі адамға күлкі боласың. 

Пышағыңды мұқалтпа, 
Не кеспесті біліпсің? 
Сырын білмей сыр айтпа, 
Не деспесті біліпсің? 

Тәрбиелі адам тағаланған атпен тең. 








https://youtu.be/ANfwBh6oc0U?si=bL3wCNJc4KjqWmxU


Оқушылар бейне ролик көріп,пікір алмасады.











Слайд











Сабақтың соңы

Рефлексия.

«Ашық микрофон»әдісі

Оқушылар бүгінгі сабақ туралы өз пікірлерін айтады.





.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.00.2024
261
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі