«Өзіне сенімді баланы қалай тәрбиелеуге
болады?»
-
Қайырлы кеш,
қадірменді
оқырмандарым!!!
Алдымен парақшама жаңадан
қосылып жатқан жандарға өзімді таныстырып
өтейін.
Мен отбасы және балалар
психологы, арт терапевт, Нұрсүлтан қаласындағы «Ақылды бала»
орталығының
жетекшісі:
Айгүл Рахметқызы
боламын.
Бүгінгі 4-ші күн
марафонымыздың
тақырыбы:
«Өзіне сенімді баланы қалай
тәрбиелеуге болады?»
-
Қазіргі онлайн оқуларына
байланысты, көп оқушыларда агрессия, өзіне сенімсіздік, ашу-ыза
дегендей өрбіп түсті.
Менің парақшама көп ата-аналар
осындай жағдайларға байланысты хат жазып жатады. Мысалы: Балам
ашушаң не істесек болады? дегендей сұрақтар
қойылады.
Ата-аналарға осы тұрғыда
айтарым:
Себебі шыр етіп дүниеге келген сәттен бастап,
бала үш күннен соң жылап
өз ойын білдіре бастайды.
Сондықтан ата-анасы баланың неге жылағанын
біліп ойын ұғыну керек.
Бала өсе бастаған соң өзінің
ойын ымдап жеткізеді.
Жас баланың ымдауын түсініп оның ойымен
санасу керек.
Баланы есту керек. Сосын тілі шығып сөйлей
бастайды.
Үлкендер жас баламен
сөйлесіп оның ойымен санасу
маңызды.
Тіпті бұл сырт көзге ыңғайсыз
болып көрінсе де балаңызды тыңдай біліңіз.
Оны ешқашан елемей кетіп қалуға
болмайды.
Тек сіздің баламен
ақылдасып сөйлессеңіз ғана ол бала тұлға ретінде қалыптаса
бастайды.
Сонда ғана ол өзіне деген
сенімдігі артып болашаққа нық қадам жасай
алады.
Баланың қиын кезеңдерінде
оған демеу болу
қажет.
Ол
кездер:
Үш жастағы
кезі
Алғашқы
мектеп
Жыныстық
жетілу
3. Балаңызды басқа
балалармен салыстыруға болмайды, осыны естен
шығармаңыздар.
Әрине кей кезде баланың жаман қылықтарын
көріп қатты ұрысатын кездер де болады. Сонда да, әр сөзіңізге
байқағаныңыз жөн. Ешқашанда қандай жағдай болмасын балаңызды басқа
балалармен салыстыруға
болмайды. Балалар өзінің басқалармен
салыстырғанын сезінген кезден бастап бала өзгелермен ара қатынасы
нашарлап, барлығын тастап кетуі мүмкін, немесе одан да жаманы
барлығын керісінше істеуі мүмкін.
Көптеген жаман әдеттер осыдан шыға
бастайды.
Қазіргі көптеген
ата-аналар өздері ашулы болса, барлық ашуды балаға жібереді, ұрсып,
айқайлап шығады. Ол дұрыс емес әрине. Сол себепті бала да сізден
көргенді қайталап ашушаң бола бастайды немесе өзіне сенімсіздік
арттырады.
Сол себепті бүгін
Сіздерге ашу-ызадан арылудың 1-2 техникасымен бөлісейін деп
отырмын.
Негізі ашу-ыза ол жеңіл
сипатта, ал одан күшті ол агрессия түрінде көрініс береді. Кейбір
адамдар тым ашуланшақ болу салдарынан өз зардабын тигізіп жатады.
Яғни бұл адамдар өз эмоцияларын басқара алмағандықтан ашуға
берілгіш болады. Балаларда да солай үлкендер сияқты эмоцияларын
ұстай алмай сыртқа
шығарады.
Сіздерге айтарым
ата-ана,мұғалім, психолог ретінде өз балаларыңызға осы техникаларды
жүргізе аласыздар.
Техника «Ашуыңды қағазға
көшір»
«Өмірде болған жағдайды ойыңызға түсіріңіз,
өзіңіздің ашуланған, ызаланған кезіңізді ойыңызға
түсіріңіз.
Өзіңіздің ашуыңызды салыңыз
сызықша түрінде болсын, дақ түрінде болсын өзіңіз қалай елестетесіз
солай. Өзіңіздің сол кездегі көңіл - күйіңізді қандай түспен
бейнелейсіз солай салыңыз.
Сіз өзіңіздің ашуыңызды қағазға көшіріп
жатырмын деп
елестетіңіз.
Уақытты ойламай
қанша уақыт салғыңыз келсе сонша
салыңыз.
Сосын қағазды аударып,
өзіңіздің көңіл - күйіңіз туралы бірнеше сөйлем
жазыңыз.
Сурет салып, сөздеріңізді жазып болған соң
қағазды жыртып тастаңыз, сосын оны қоқыс жәшігіне
лақтырыңыз.
Сіздің ашуыңыз қағазға көшіп, ал сіз қағазды
жыртып ашудан арылдым
деңіз.
«Көрме» жаттығу
техникасы.
Мақсаты: Адам өзінің
жан дүниесіндегі жағымсыз энергиялар – ашу-ыза, агрессия,
көреалмаушылық, табалау, қызғаныш және т.б. жұмыс
жасауы.
Ыңғайлы отырып, денеңізді дел-сал күйде
ұстайсыз, 3-4 рет терең дем алыңыз да көзіңізді
жұмасыз. Сіз кішігірім көрмеде жүрмін деп көз
алдыңызға елестетесіз. Сізге жаманшылық ойлаған, сізді бір
кездері ренжіткен, сіздің ашуыңызды келтіретін адамдарыңыздың
суреттері сол көрмеде тізіліп тұр.
Осы көрмеде жүре тұрыңыз, сол портреттерді
жан-жағынан қарайсыз. Солардың кез-келген біреуін таңдап
алыңыз да, қасына жақындайсыз. Осы адамға байланысты жанжалды кезді
есіңізге түсіресіз. Осы жағдайда өзіңіздің қандай
жағдайда болғаныңызды елестетесіз.
Ашуыңызды келтірген сол адамға өз сезіміңізді
тежемей, бәрін айтып-айтып салған сәттерді елестетіңіз. Ол туралы
ойыңызға не келді, бәрін де бүкпей барынша
жеткізесіз. Сіздің сезімдеріңіз ниеттеген істің
бәрін жасауыңызды көз алдына келтіресіз. Іс әрекетіңізді тежемеңіз, осы адамға
не істегіңіз келеді, бәрін жасаңыз.
Жаттығуды жасап
біткен соң,
3-4
рет терең дем алыңыз да көзіңізді ашасыз.
(Музыка ойнатылып, ақырын
дауыспен айтыңыз)
«Вулкан» медитациялық
техникасы
«Сіздердің денелеріңіз вулканға ұқсайды,
вулканға әр уақытта қозғалып тұру
керек. Адамдарға да
анда - санда «бу шығарып» отыру
керек.
Егер сіздер
үнемі ашуды шығармай баса бермесеңіздер, бір күні вулкан сияқты
атыласыздар (жарыласыздар), ал ол сіздің қарым - қатынасыңызға
кедергі тудырады.
Сондықтан осы
медитация арқылы іштеріңіздегі ашу мен күйзелісті шығарып
алыңыз.
- Ішіңіздегі
ашуды тауып алыңыз.
- Ашу сіздің
денеңіздегі әр клеткадан шығып жатқанын
сезініңіз.
- Өзіңізді беті
жабулы вулкан деп елестетіңіз, ал айналаңызды періштелер қоршап тұр
деп елестетіңіз.
- Осы вулканда
сіздің ашуыңыз тұрақтайды.
- Періштерге
вулканның қақпағын аш деп бұйрық
беріңіз.
- Періштелер
сіздің ашуыңызды таратып жатыр деп
елестетіңіз.
- Жеңілдікті
сезініңіз.
- Терең дем
алыңыз.
-
Періштелеріңізге рахмет
айтыңыз.
- Тыныштықты
сезініңіз.