Материалдар / "БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ АТА - АНАНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ" БАЯНДАМА
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ АТА - АНАНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ" БАЯНДАМА

Материал туралы қысқаша түсінік
АТА - АНАҒА, ҰСТАЗДАР ҚАУЫМЫНА АРНАЛҒАН БАЯНДАМА
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Маусым 2018
1879
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі»


«Парасат қайда болса,ұлылық сонда

Білім қайда болса, биіктік сонда»

Жүсіп Баласағұни


Отбасы -   адам тұрмысын ұйымдастырудың қайнар көзі. Ал, баланың өмірінің қайнар көзі – ата –ана.  Кез – келген ата – ана  өз баласының болашағы жарқын болғанын қалайды және де сол үшін қолынан келгенін аянып  қалмайды. Мектепті – мектеп етіп оны үлкен ұжымға айналдыратын да бала.Әр үйден жиналған балалар – мұғалімнің қуанышы, әке – шеше мен мұғалім бірге жұмыс жасап,маман иесін тауып,баулып өсіргенде ғана көп нәтиже береді.Отбасы,әке – шеше,туыс,орта барлығының негізінде құрылып ұжым арқылы біртіндеп тәрбиеленеді. «Біз адамды тәрбиелеуші жалғыз ғана мұғалім емес екендігін түсінеміз. Адамның мұғалімдей, тіпті онан да күштірек байқаусыз тәрбиешісі бар. Олар табиғат, жан – ұя, қоғам, халық, оның тілі ...»

Бала – біздің болашағымыз. Бала тәрбиесіндегі ұстаз бен ата –ананың атқаратын міндеті өте ауыр.  Ең бірінші кезекте  ата –ана, яғни баланың іштей дұрыс тәрбиеленуі – тәрбиенің алғашқы қадамы деп санаймын. Сәби ата – ана құшағында  бесікте тәрбиелене келе, өмір табалдырығын баса бастайды. Содан соң балабақшада тәрбиеленіп, одан кейін «Мектеп» атты үлкен білім кемесіне мініп, білім нәрімен сусынданады.

Бір жылда 365 күн болса, соның 234 күні мектепте, 131 күні мектептен тыс, бос, бақылаусыз болады. Ал осы күндерді сағатпен есептесек 5616 сағаттың 2106 сағаты ұйқыда, 3510 сағат тіршілікте, 1170 сағаты үлкендердің қасында, 2340 сағат бақылаусыз өзімен - өзі болады. Сонда әке – шеше қадағалап отырмаса мұғалімнің мүмкіндігі жетпейді.

 Қазіргі таңда ұстаз бен ата – анаға жүктелетін міндет өте ауыр, себебі дұрыс тәрбие көрмеген бала болашақта қоғамға өз зиянын тигізеді. Ал дұрыс тәрбиеленген бала, яғни адамгершілігі мол, мейірімді, білікті де білімді  тұлға қоғам үшін  өте маңызды.  Тәрбие мен білім егіз ұғым,  осы егіз ұғымды бала бойына сіңіріп, тәрбиелейтін ата – ана мен ұстаз.

Әлемдегі екінші ұстаз атанған бабамыз Әбунасыр Әл-Фарабидің «Адамға ең бірінші тәрбие берілуі керек,тірбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы»-деген тұжырымның астарында оқушы бойына сіңірген білімді ел игілігіне жарату мәселесі жатыр.Еліміздің ертенгі болашағының адамзаттарын қалыптастыруда бірін-бірі толықтырып тұратын оқу үрдісіндегі тәрбиелеу мен сабақтан тыс тәрбие беру болып табылады.Дана халқымыз «Өнерлі ұлан өрге озады,өнерсіз адам жер соғады»деген данышпандылыққа толы сөз бар. Үлкендер айтады екен:

Мида жеті шырақ болады,

Кем дегенде үшеуі жанса – ақылдылық,

Бесеуі маздаса – ұлылық,

Жетеуі бірдей сәуле шашса – пайғамбарлық.

Шәкірттің миындағы шырақты жаға білсек, бәрін – бірдей жақпасақ та, кем дегенде 3 – ін жағу мүмкіндігіне ие болуымыз керек. Сонда мүмкін оқушының бойында сабақтан қалмау, оқымай келуге болмайды деген ұғым қалыптасады, оқушы санасы көтеріледі.Тапсырманы орындауда жауапкершілік, шығармашылық потенциал қалыптасады.Ауыл-қазақтың алтын бесігі болса,мектеп-ауылдың ұйытқысы,шәкірт жүрегіне жол тауып,адами құндылықтарының өсуіне зор ықпалын тигізетін білім ордасы.Ұстаз ел анасы.Әрбір үйдің әлпештеген баласын өз баласындай аялап,білім нәрімен сусындатып,заманына сай азамат етіп тәрбиелеу-тынымсыз еңбектің жемісі.Шәкірттің жүрегіне «Менің ұстазым»деген сезім пернесін де тербететін-ұстаз.Күн санап ақпарат кеңістігі өркендей түскен уақыт кешінде сапалы білім беретін де-ұстаз.

 А.С.Макаренко: «Тәрбие баламен сөйлесумен, әңгімелесумен, оған ақыл кеңес берумен ғана шектелмейді. Тәрбие тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі-өнеге көрсетуінде отбасындағы бала тәрбиесі халық өмірімен, қоғамның мақсат-міндеттерімен байланысты болуы керек»деген. Өйткені, бала біздің болшағымыз, жалғастырушы ізіміз, міне, менің оқушым болған деп айта алатындай нәтижеге қол жеткізуіміз керек.

Алға қояр мақсатымыз – сапалы білім мен саналы тәрбие бере отырып,  өркениетті, адамгершілігі мол, өзге елдермен тең дәрежеде бәсекелесе алатын,  биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу. Олай болса біздің мақсатымыз  бен міндетіміз айқын. Сондықтан  «жұмыла көтерген жүк жеңіл» -  демекші ата – ана мен ұстаздар бірігіп, еліміздің болашағы  үшін жұмыс жасайық. Баланың тәрбиесі  – болашақтың тәрбиесі. Елдің ертеңгі іргетасын қалайтындарда бүгінгі балалар екенін ұмытпайық.

Елбасымыз «Елімізді 2030-жылы барысқа айналдыратын күш-мектеп партасында отырған оқушылар» деп атап көрсетті.Ел ертеңі-білімді ұрпақ.Демек,ертеңгі күннің еңсесін биіктетіп, болашағын бағдарлайтын біздің ұлдар мен қыздардан көп үміт күтуге болатынын ұмытпайық.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!