Материалдар / «Бала тәрбиесіндегі ата-ана»

«Бала тәрбиесіндегі ата-ана»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Бала тәрбиесіндегі ата-ана» Ата-аналармен тренинг – сабақ Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату. Міндеттері: Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен тығыз байланысын арттыру, балаларын білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Мамыр 2022
406
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жанаталап орта мектебі» КММ













«Бала тәрбиесіндегі ата-ана»

Ата-аналармен тренинг – сабақ







Шығыс Қазақстан облысы

Тарбағатай ауданы

«Жанаталап орта мектебі» КММ

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кесенбаева Алмагуль Толеухановна

























«Бала тәрбиесіндегі ата-ана»

Ата-аналармен тренинг – сабақ

Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.

Міндеттері: Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен тығыз байланысын арттыру, балаларын білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету.

Қажетті құрал жабдықтар: Үлестірме қағаздар, А4 формат, қалам, ватман, маркер.

Әдістері: Пікір алысу, сұрақ-жауап. Тест, психологиялық жаттығу

Тренинг бағдарламасы:

1 «Амандасу» жаттығуы

2 Топқа бөлу

3 Ой жинақтау

4 Ситуациялық сұрақтар

5 «Үй, жол, жылан, шалбар және орамал» диагностикасы

6 «Ашық айтсам» жаттығуы

7 Рефлексия

8 Қорытынды

Тренинг барысы:

Салеметсіздер ме құрметті ата-аналар! Бүгінгі біздің «Бала тәрбиесіндегі ата-ана» атты тренинг-сабағымызға қош келдіңіздер! Ата-ананың тілегі- баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі. оқу мен еңбектегі табыстары.

Баланы жастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң.

Қадірден жұрдай қасқа боп

Кешкенің өмір босқа тек.- дегендей, баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса оны жалғастырушы, демеуші- ата-ана.

«Танысу жаттығуы»

Ата- аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өз есіміне сын есім қосып, өз бойындағы 1 қасиетті айтып шығады.

Топқа бөлу. Ата-аналар түрлі-түсті гүлдерді таңдау арқылы топқа бөлінеді

Ой жинақтау:

Үш топқа тақырып беріледі. Ата-аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.

І топ. Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар.

ІІ топ. Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері

ІІІ топ. Бала үшін мүғалім мен ата-ана арасында қандай байланыс болуы керек.

Ситуациялық сұрақтар:

  1. Ата-аналар үлестірмелі қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап береді.

Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?

  1. Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Көрші ата-аналардан да «біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?

  2. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың» деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?

  3. Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?

  4. Балаңыз күнде бірінші сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?

  5. Балаңыз мектепте бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтасыз?

  6. Сіздің балаңыз сыныптағы жақсы оқитын оқушылардың бірі6 алайда бір күні сынып жетекшісі оны үлгерімі нашар оқушылармен алып қалды, сіздің іс-әрекетіңіз?

  7. Балаңыздың сабағы тәртібі жайлы білгіңіз келіп, мектепке келіп тұрсыз. Сынып жетекшісі сізді қатулы қабақ, ашулы күйде қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз?

  8. Биыл сіздің балаңыздың сыныбында оқитындардың бірңнде ұялы телефон бар, тек сіздің балаңызда жоқ. Күнде «әпер» деп мазаңызды алады, сабаққа барғысы келмейді. Сіз жұмыссыз, енді не істейсіз?

  9. Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан. Сабағы қиындап кеткен соң өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал балаңыз тәрбиеге көнер емес, не істейсіз?

«Үй, жол, жылан, шалбар және орамал(әйелдердің басына тағатын)» диагностикасы

Ата-аналарға мынандай ережелерді қадағалап отырып сурет салатындығы ескертіледі:

Бұл жұмыста сіздер өз бейсаналарыңыздың хатшысы іспеттес боласыздар. Сол себепті де еш ойланбастан қорықпай,берілген тапсырманы тездетіп орындауға тырысыңдар.

Суретті өз қалауларыңызбен тез салу керек.Басқалардың суретіне қарауға болмайды. Уақыт мейлінше аз беріледі.

Ата-аналар салынып біткен суреттерін бір-біріне көрсеткеннен кейін, оқытушы олардың мынандай мағына білдіретінін айтады:

Үй- адамның өзін-өзі бағалау деңгейін көрсетеді.

Үйдің суреті кең,әрі биік болса, онда бұл ата-ана өзін-өзі бағалау деңгейі жоғары деп есептеуге тұрарлық.

Үйдің есік-терезелері бар болса онда бұл ата-ана қарым –қатынаста ашық адам.

Үйдің есігі ашық болып немесе оның тұтқасы бар болса бұл жайт ата-ананың қонақжай екенін білдіреді.

Жол-адамның қарым-қатынасқа қандай деңгейде араласатындығының айғағы

Жол кең әрі үйдің есігінен басталатын болса, бұл адамның қарым –қатынасқа бейім және қонақжай екенін көрсетеді.

Жол тар немесе үйдің қасынан өтіп жатса, онда бұл жәйт адамның қарым-қатынасқа оңай кірісіп кетпейтіндігін білдіреді.

Жылан- «Басқа адамдардың мен туралы пікірі қандай?» деген сұраққа өзіңіздің қалайша жауап беретініңіздің айғағы

Жылан үй жаққа қарап тұрса әрі оның айрық тілі аузынан көрініп тұрса, онда сіз «Басқалардың мен туралы пікірі жақсы емес: олар күні бойы мені жамандаудан басқа іспен айналыспайды екен» деген ойдасыз.

Жылан үй жаққа қарап тұрмаса, онда сіз «Басқалардың мен туралы ойы жаман емес» деген ұстанымдасыз.

Шалбар мен орамал-ата-аналардың түсінігіндегі ер адамдар мен әйелдердің дәрежесін көрсетеді. Шалбардың суреті орамалдан биік тұрса, онда ата-ана өмірде ер адамды әйелден жоғары санайды деген сөз.

«Ашық айтсам» жаттығуы

Ата-аналарға төмендегідей бланкілер таратылып, толтырылады.

Сабақтың жүргізілген күні

Менің тренинг барысында түйгенім:







Жүргізушіге ұсыныс:

Ата-анаға көз қуаныш,

Алдына алған еркесі.

Көңіліне көп жұбаныш

Гүлденіп ой-өлкесі,- деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт-арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айт+ысы келген екен. Ендеше ата-аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Адам да өсімдік сияқты, күтілмесе жайнап өспейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізде ұстайық.

  1. Балаға жан және дене өзгерістерінің байланыстарын табуға көмектесу.

  2. Балаға маман тарапынан тағылған мін, ескертулерді шын пейілмен түсінуін қалыптастыру және түсіндіру

  3. Баланы ағза қызметінің қалыптасуымен мұқият таныстыру.

  4. Бала-сізге өмірде берілген үлкен сый. Сіз сол сыйдан жалындаған от шығара алуыңыз керек.

  5. Адамның ең маңызды кездесуі-оның баласымен кездесуі. Оларға үнемі назар аударып, ойыңызды бөлісуден ерінбе.

  6. Баладан оған жасаған жақсылығыңыздың қайтарымын күтпе.Сіз оған өмір сыйладың, ол өзгеге де өмір сыйлайды, ал өзгесі тағы біреуге сыйлайды-бұл қайтарымсыз алғыс заңы

  7. Бөтен адамның баласын да жақсы көріп үйрен. Өз балаңа нені қаламасаң, өзгенің баласына да соны жасамауға тырыс.

  8. Баламан сөйлескенде қуанатын болыңыз, себебі бала сіздің мерекеңіз!



































































































Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?

  1. Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Көрші ата-аналардан да «біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?

  2. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың» деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?

  3. Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?

  4. Балаңыз күнде бірінші сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?

  5. Балаңыз мектепте бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтасыз?

  6. Сіздің балаңыз сыныптағы жақсы оқитын оқушылардың біріп бьоцйссс алайда бір күні сынып жетекшісі оны үлгерімі нашар оқушылармен алып қалды, сіздің іс-әрекетіңіз?

  7. Балаңыздың сабағы тәртібі жайлы білгіңіз келіп, мектепке келіп тұрсыз. Сынып жетекшісі сізді қатулы қабақ, ашулы күйде қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз?

  8. Биыл сіздің балаңыздың сыныбында оқитындардың бірңнде ұялы телефон бар, тек сіздің балаңызда жоқ. Күнде «әпер» деп мазаңызды алады, сабаққа барғысы келмейді. Сіз жұмыссыз, енді не істейсіз?

  9. Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан. Сабағы қиындап кеткен соң өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал балаңыз тәрбиеге көнер емес, не істейсіз?



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ