Материалдар / Бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты:Баланың дамуына,жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып,қарым-қатынас орнату. Міндеттері:Ата-аналардың мектеппен,мұғаліммен тығыз байланысын арттыру,балаларын білімге,мейірімділікке,ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қырқүйек 2021
534
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі

Тренинг

Психолог: Мирманова А.Ж



Бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі

Мақсаты:Баланың дамуына,жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып,қарым-қатынас орнату.

Міндеттері:Ата-аналардың мектеппен,мұғаліммен тығыз байланысын арттыру,балаларын білімге,мейірімділікке,ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету.

Әдісі:тренинг

Барысы:

1.«Сергіту сәті»жаттығуы

2.Топқа бөліну

3. «Таныстыру»

4.Ой жинақтау,пікір алмасу.

5. «Мен тек шындықты айтамын ...»

6.Ситуациялық сұрақтар ....

7. «Мимикалық ситуация»

8. «Сахналау»көрінісі

9.Ашық айтсам ...

10.Қорытынды

Тренинг барысы:Сәлеметсіздер ме,құрметті ұстаздар, ата-аналар!Бүгінгі біздің: «Бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі»атты тренинг-сабағымызға қош келдіңіздер.Әрбір ата-ананың тілегі-баласының жақсы адам болуы,еңбек сүйгіштігі,оқу мен табыстары.

Баланы жастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң,

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек,-дегендей баланың ыстық-суығына күймейтін,жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар.Бүгінгі ұл-ертеңгі ана,ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді.Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса,оны жалғастырушы,демеуші-ата-ана.

1.Ал енді қатысушылар мен көрермендер,сіздерді ортаға шақырамын,жартылай шеңбер құрып тұрамыз(экраннан сергіту сәті көрсетіледі,сол қимылды барлық қатысушылар қайталайды).

2.Үстел үстінде сандар жазылған қағазды ата-аналар бір-бірден алады, сосын тақ санды аналар бірінші топ, жұп санды аналар екінші топ болып орындарына жайғасады.

3.Екі топ өздеріне ат қояды,өмірдегі ұстанымдарын айтады және топтың атына сай мақал-мәтел немесе нақыл сөз айту керек.

4.Ой жинақтау.Екі топқа тақырып беріледі.Ата-аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.

1 топ.Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар.

2 топ.Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай байланыс болу керек?

5. «Мен тек шындықты айтамын ...»ата-аналар ортаға шығып, берілген сұрақтарға тез жауап береді.

1.Балаңыздың туған күні?

2.Сынып жетекшісінің толық аты-жөні?

3.Балаңыз қандай өлшемді аяқ-киім киеді?

4.Балаңыздың парталас көршісі кім?

5.Балаңыздың сүйікті асы қандай?

6.Балаңыз кеше қандай баға алды?

7.Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

8.Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

9.Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?

10.Балаңыздың ең жақын досы кім?

6.Ситуациялық сұрақтар (ата-аналар үстел үстінен үлестірме қағаздарды алып,сұрақтарға жауап береді)

1.Балаңыздың өнері,қандай да бір іске қызығушылығы,бейімділігі байқалса,не істер едіңіз?

2.Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер 4-6 жастағы бала күніне көптеген сұрақ қоятын көрінеді.Мысалы.Түн неге қараңғы, күн қайда кетті,ұшақ қалай ұшады...деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп.Сіздің балаңыз да осындай сауалдарды көп қойса, жауап беруге тырысасыз ба, жоқ әлде елеусіз қалдырасыз ба?

3.Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың»,-деп айтып жататынын байқаймыз.Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?

4.Балаңыз сабақтан қашып,мектептен ерте келді,не істейсіз?

5.Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр.Балаңызға қандай кеңес айтасыз?

6.Биыл сіздің балаңыздың сыныбында оқитындардың бәрінде ұялы телефон бар,тек сіздің балаңызда жоқ.Күнде «әпер»деп мазаңызды алады,сабаққа барғысы келмейді.Сіз жұмыссызсыз,енді не істейсіз?

7. «Мимикалық ситуациялық».

Қатысушылардың топ басшылары ортаға шығып үлестірмені таңдайды.Онда «Жылап тұрған баланы жұбату», «Баланы дүкенге жұмсау», «Қонаққа дайындық», «Үлкен адамға жолдан өтіп кетуіне көмектесу»тақырыптары берілген.Әр топ өз тақырыптарына байланысты мимика,пантомимикалық ситуация құрайды.Екінші топ олардың басты тақырыбын табады.

8. «Сахналау»көрінісі(Бала тәрбиесі монологы көрсетілген соң оқушылар содан түйгенін сахналау арқылы жеткізеді).

9.Ашық айтсам...

Ата-аналарға төмендегідей бланкілер таратылып,толтырылады.

СShape1 абақтың жүргізілген күні

Менің тренинг барысында түйгенім

БShape3 әрінен де маған мына жаттығу ұнады

ЖShape4 үргізушіге ұсыныс

10.Қорытынды:

Ата-анаға көз қуаныш,

Алдына алған еркесі.

Көңіліне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой-өлкесі,-деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы,гулденген үміт-арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен.Ендеше,ата-аналар,қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейык және біздер оларға үлгі болар бейне екендігімізді ұмытпайық.Адам да өсімдік сияқты,күтілмесе жайнап өспейді дейді.Сондықтан да мына жайттарды есімізде ұстайық:

1.Балаға жан және дене өзгерістерінің байланыстарын табуға көмектесу.

2.Балаға маман тарапынан тағылған мін, ескертулерді шын пейілмен түсіну және түсіндіру.

Құрметті ата-аналар атсалысып қатысқандарыңызға рақмет,осымен біздің «Бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі»атты тренингіміз аяқталды.Сау болыңыздар!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!