Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫ ЫНТАМАҚТАСТЫҒЫ»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫ ЫНТАМАҚТАСТЫҒЫ»
Балаларды саналы, сергек етіп тәрбиелеу – отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының бірден-бір парызы, асыл мұраты. Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, сол отбасындағы баланың бас ұстазы - ата-ана. «Балапан ұяда нені көрсе , ұшқанда соны іледі» - демекші, бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Береке-бірлігі мол үлгілі отбасында тәрбиеленген баланың таным жүйесі мейлінше ауқымды, болашақ өркениетке қосар үлесі бар. Тәрбиенің бастауы болған отбасы мүшелері тәрбие мен оқу жоспарын іске асыруда мектептің ең басты одақтасы бола алады. Мектеп пен отбасы мүшелері өзара бірлесіп жұмыс істегенде ғана ынтымақтастықпен қарым-қатынас болып, арада түсіністік пен үйлесімділік орнамақ. Себебі, баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы тәлім-тәрбиедегі бір жүйелілікпен, өзін қоршаған ортамен, бірге оқыған құрбы-достарымен, олардың күнделікті іс-әрекетімен, сөйлеген сөзі, жүріп-тұруы тағы басқа қасиеттерімен тығыз байланысты. Орынды тәрбие арқылы адам баласының тағдыры шешіледі, оның білімді тұлға болып қалыптасатынын, елдің берік тірегі болатынын көрсетеді.
Отбасы – белгілі-бір дәстүрлерді, адамшылық бейнені, идеялды, жақсы сөз, ұнамды мінез, ыстық ықылас, қуаныш, ашық әңгімелесу арқылы да баланың көңілін тауып, ішкі сырын ашуға болады. Дегенмен, жұмыс барысында көптеген ата-аналардың бала тәрбиесіне деген көзқарастарынан елеулі қателіктерді байқап жүрміз. Кейбір отбасылар баланы киім-кешекпен, тамақпен қамтамасыз етуді ғана өз міндеттеріне алып, тәрбие мен білім беру ісін мектеп мойнына жүктейді. Енді біреулері баласын орынсыз сөгіп, көңіліне қаяу түсіріп жатса, бірі «адам болар бала өздігінен оқып үйренеді» дегенді алға тартады. Мұндай теріс түсініктер баланың келешегіне зиян келтіреді. Ал, орынсыз балағаттап, баланың абыройына нұқсан келтіру ата-ананың бала алдындағы, қоғам алдындағы беделін төмендетеді. Бүгінгі таңдағы бала тәрбиесіндегі кездесетін мұндай олқылықтардың алдын алу үшін ата-ана, мектеп, қоғамдық ұйымдар қай кезде де бірлесе отырып жұмыс жасауы керек.
Бүгінгі кейбір жастарымыздың бойындағы келеңсіз қасиеттер мен жағымсыз мінез-құлықтардың қалыптасуына жауапсыз ата-аналардың кемшілігі де өз әсерін тигізбей қоймайды дер едім. Жас ұрпақты тәрбиелеу жүйесі жаңа заман талабына сай қоғамдық өмірде болып жатқан ұлы өзгерістерге байланысты. Оған қойылар талап жан-жақты жетілген адамды тәрбиелеу. Ойлы ұрпақ тәрбиелегіміз келсе, ата-ана, мектеп пен бала ынтымақтастықта отырып, білім ордасындағы тәрбие отбасында жалғасын табатындай етіп ұштастыра білгеніміз жөн. «Тәрбиелілік – адам етеді, тәрбиесіздік – надан етеді» деген халық тағылымы бала тәрбиесіндегі ата-ана, мектеп, қоғам алдында үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын дәлелдейді. Ендеше: “Тәрбиенің негізгі тірегі - ата-ана мен ұстазы екенің ескере отырып, осы бағытта бірігіп жұмыстанайық, құрметті ата-аналар!” – дегім келеді.
Біреу бір ғалымнан балам екіге толды, тәрбиелеуді қай жасынан бастағаным дұрыс дегенде сіз тәрбиені екі жыл кешіктірген екенсіз деген екен. Тіпті баланы іште жатқан кезден ба¬стап тәрбиелеу дұрыс дейді. Бала тәрбиесі аса күрделі жұмыс. Ол жалғыз мектеп пен ата-ана үгіт насихатына да көне бермейді. Бұл тәрбие пәрменді жүру ушін халықтық Педагогика аса қажет. Біздің қазақ халқында Ата-ана мен бала арасындағы сыйластықтың негізін қалаушы күш ата-ана дәстүрі болып табылады. Бұл баланың рух тазалығын қалыптастыра оты¬рып, оның мінезін тәрбиелейді Ата-салт пен дәстүрде ұлтық ерекшеліктер болады. Біздің жастарымыз бұрын өз ата-анасы мен туған- тумалары түгіл, жасы үлкен басқа адамдардың алдынан кесе көлденең өтпейтін. Балаңыз басқа үлкендерді сыйлап үйренсе өзіңізді де сыйлайды деген сөз. Біздің ғасыр ақынымыз Мұқағали Мақатаев өлеңінде:
–Тоқта балам атаң келеді артыңда» – деуінде қанша тәрбие жатыр. Тәптә артта келе жатқан атаңа жол беріп сәлемдес деу керемет емес пе. Қазәргә жатар дәстүрімізге тәрбиелендіме? Керек десеңіз ол дәстүрлерді қазіргі жас ата-аналардың өщдері біліп, сақтап жүрме екен.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев қанша қызыққанмен Киев қаласындағы ұшқыштар даярлайтын оқуға кетпей қалу себебін: «Біз ата-ананың батасынсыз үлкен іске» бара алмаушы едік, – дейді. Мұндай ұрпақты тәрбиелеуге атадәстүрлеріміздің ықпалы өте зор. Қазақтың әдет-ғұрпында былай жазылған: (тыйым сөздер)
–Үлкеннен бұрын сөйлеме.
–Үлкендердін жолын кеспе, сөзін болме.
–Үлкеннен бұрын тамақ жеме.
–Үлкеннен бұрын отырма, жатпа.
–Үлкеннің бетінен алма.
Қазақтын – әдепті бала арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала,– деген мақалы бар.
Рух тәрбиесіндегі халық педагогикасының пәрменділігі сонша «Малым арымның садағасы, жаным арымның садағасы»-деген асыл қағиданы басқа ұлттар арасынан кездестіре алмайсыз. Ата-бабалар салып кеткен жол ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты ізгілікке үйлестіре отырып, этикалық заң боп ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып отырған. Қазір баланы қойып кейбір үлкендердің өзі дәстүрімізден жұрдай екенін көрсетіп жүр. Қазақ «шал» деп «кемпір» деп еш уақытта көзіне айтпаған. Бұрын «шал» деп үлкеннің бетіне айтқанды қаладан ғана естуші едің, енді ауылдық жерден де естіп қалатын болдық. Әрине ата салтымыздың салып кет¬кен заңдылығының бұзылуына 300 жылдық отар болуымыз кінәлі. Халық өзінің ғасырлар бойы қалыптастырған тағлымынан дәстүрі мен салтынан, тарихынан ажырап, ділі мен дінінен айрылып қала жаздағанынан да осын¬дай күй кешуде. Басты себеп пен салдарын іздесек олар қоғамдық ортаның өзгеруі, ата- ана тағлымының тағлым деңгейінің төмендеуі ақыры бала тәрбиесіндегі ағаттықтар. Қоғамдық ортадағы ағаттықтардан мысал келтіре кетейін. Міне біз 20 жылдан аса уақыт бостандық туын қолға алсақ та ана тілімізді әлі саудаға салып, дау-дамайға айналды¬рып жүрміз. Бұл басқа бірде-бір елде жоқ. Мұның балаға әсері жоқ деуге мүлде болмайды. Екішіден жаһандану желіне ұшып салт-дәстүрімізді өрекел бұзу ата-бабадан келе жатқан тәрбие заңының күшін жоюға соқтырды. Мұның кесірі ұлттық рух¬та бала тәрбиесіне келіп тиді. Бұрын кінә отарлық езгіде болса кәзіргі жаһандану кезіндегі ақпараттар да¬муында болып отыр. Балалар Ресей сотынан көрсетіп жатқан телеарнадан әкесі мен анасына қол көтергендерді де көруде. Бұл біздің ұлтта өмірі кездеспеген оқиға. Немесе кейбір ақпараттарда мектеп оқушылары мұғалімдеріне жәбір көрсетіп, не атып тастағандарын бізге жариялауынан тынбай келеді. Мұндай жарнамаға біздің өкімет күшімен тыйым са¬латын уақыт жеткен сияқты. Бала тәрбиесіндегі кейбір азаттықтарға мысал келтіре кетсек. Мен қалада тұратын 90-ға таяп қалған бір қарттан мынадай әңгіме естідім... Көп қабатты үйде тұрады екен. Бір подъезде тұратын балалар қарт сыртқа шықса сәлем бермепті. Қарт қариялығын білдіріп балаларға ескертпе жасап жатса сыртта орындықта отырған аналары баламызда шаршуаңыз не?- деп қарияға тисіпті. Мұндай балалар үлкен сыйлайтын азамат боп шығуы мүмкін бе? Немесе таныс әйел маған мынаны айтты. Талдықорған қаласында кіндігін көрсетіп келе жатқан қыз баланы көріп ескертпе жасаса қасындағы анасы күйіп-пісіп тіпті ауыр сөздер айтып қызымда шаруаң болмасын депті. Міне, біздің тәрбиеміздің сиқы.
Орта ықпалын жөнге келтіру үшін тоғышарлық пиғылмен бүлік болып, зия¬лы қауым болып күресуіміз керек. Ұрпақ тәрбиесіндегі бірінші керек күттірмейтін мәселе: отарлық психологияға бой алдырған ата-аналар тәрбиесін жөнге салу үшін күресу. Балаларға тілді сыйлау, үлкенді сыйлау, кішіпейіл болу, ұлтын, Отанын сүю құндылықтарын бойына терең сіңіру.
Ата-ананы сыйлау мінезін қалыптастыру. Ата-аналар естеріңізде болсын балаңыз өздеріңізді сыйласын десеңіздер өзгелерді сыйлатып үйретіңіздер. Кішіпейіл болудың үлгісін өздеріңіз күнделікті мінездеріңізден көрсете алыңыздар. Өзіңіз темекі тартып жүріп, балаңызға темекі тартпа деп айтқан тәрізді өзіңіз өзгелерге дөрекілік танытып тұрып балаңызды кішіпейілдікке үйретпек тұрмақ өздерің де балаңыздан дөрекі мінез көріп қалуларыңыз ғажап емес. Бүгінгі таңда халық педагогикасының маңызы бала тәрбиесінде. Бірінші орынға шығып отыр. Қорыта айтқанда, бала тәрбиесіндегі негізгі олқылықтар мыналар болып отыр:
1. Ата-ана парызын азғындауы.
2. Ата-баба салт-дәстүрінен айрылу.
3. Жалпы ортаның теріс ықпалы.
«Не ексең соны орасың» деген халық мақалы дәл осы тәрбие жұмысын меңзегендей. Халық педагогикасын дұрыс арнаға салатын уақыт жетті. «Көп боп көтерген жүк жеңіл» демекші мұнымен қоғам боп айна¬лысу абзал. Абай атамыздың қара сөздерінде айтылған: «мен егер Закон қуаты бар бол¬сам, адам баласының мінезін түзеп болмай¬ды деген кісілердің тілін кесер едім деген» - өнегесін шамшырақ етіп ұстап өз мінезімізді, іс-әрекетімізді ата-бабамыздың тәрбиелік бейнесін сақтауға бағыттар, бәрімізге бір кісідей ата-анамыз бар, орта бар, мектеп бар ат салысайық.
«Балапан ұяда нені көрсе , ұшқанда соны іледі» - демекші, бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Береке-бірлігі мол үлгілі отбасында тәрбиеленген баланың таным жүйесі мейлінше ауқымды , болашақ өркениетке қосар үлесі бар. Тәрбиенің бастауы болған отбасы мүшелері тәрбие мен оқу жоспарын іске асыруда мектептің ең басты одақтасы бола алады. Мектеп пен отбасы мүшелері өзара бірлесіп жұмыс істегенде ғана ынтымақтастықпен қарым-қатынас болып, арада түсіністік пен үйлесімділік орнамақ. Себебі, баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы тәлім-тәрбиедегі бір жүйелілікпен, өзін қоршаған ортамен, бірге оқыған құрбы-достарымен, олардың күнделікті іс-әрекетімен, сөйлеген сөзі, жүріп-тұруы тағы басқа қасиеттерімен тығыз байланысты. Орынды тәрбие арқылы адам баласының тағдыры шешіледі, оның білімді тұлға болып қалыптасатынын, елдің берік тірегі болатынын көрсетеді. Ұрпақ тәрбиесіне қай кезеңде, қай елде болмасын үлкен мән берілген. Ұлы педагог В.А.Сухомлинский: «Тек ата-аналармен бірге жалпы күш-жігерді біріктіру арқылы ғана мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақыт беруі мүмкін» деген ұтымды ой айтқан.
Отбасы – белгілі-бір
дәстүрлерді, адамшылық бейнені, идеялды, жақсы сөз, ұнамды мінез,
ыстық ықылас, қуаныш, ашық әңгімелесу арқылы да баланың көңілін
тауып, ішкі сырын ашуға болады. Дегенмен, жұмыс барысында көптеген
ата-аналардың бала тәрбиесіне деген көзқарастарынан елеулі
қателіктерді байқап жүрміз. Кейбір отбасылар баланы киім-кешекпен,
тамақпен қамтамасыз етуді ғана өз міндеттеріне алып, тәрбие мен
білім беру ісін мектеп мойнына жүктейді. Енді біреулері баласын
орынсыз сөгіп, көңіліне қаяу түсіріп жатса, бірі «адам болар бала
өздігінен оқып үйренеді» дегенді алға тартады. Мұндай теріс
түсініктер баланың келешегіне зиян келтіреді. Ал, орынсыз
балағаттап, баланың абыройына нұқсан келтіру ата-ананың бала
алдындағы, қоғам алдындағы беделін төмендетеді. Бүгінгі таңдағы
бала тәрбиесіндегі кездесетін мұндай олқылықтардың алдын алу үшін
ата-ана, мектеп, қоғамдық ұйымдар қай кезде де бірлесе отырып жұмыс
жасауы керек.
Адамның адамшылдығы жақсы ата-ана мен білікті тәрбиешіден.
Тәрбиенің таразы секілді екенін ескерсек, екі басының тең түсуіне
көп көңіл бөлген абзал. Тәрбие ісіндегі ең басты жауапкершілік
өздерінде екендігін ұмытып, баласының мінез-құлқы үшін қоғамға кінә
артатын ата-аналардың кездесіп жататыны өкінішті-ақ.
Бүгінгі кейбір жастарымыздың бойындағы келеңсіз қасиеттер мен
жағымсыз мінез-құлықтардың қалыптасуына осындай жауапсыз
ата-аналардың кемшілігі де өз әсерін тигізбей қоймайды дер едім.
Жас ұрпақты тәрбиелеу жүйесі жаңа заман талабына сай қоғамдық
өмірде болып жатқан ұлы өзгерістерге байланысты. Оған қойылар талап
жан-жақты жетілген адамды тәрбиелеу. Ойлы ұрпақ тәрбиелегіміз
келсе, ата-ана, мектеп пен бала ынтымақтастықта отырып, білім
ордасындағы тәрбие отбасында жалғасын табатындай етіп ұштастыра
білгеніміз жөн. Қазақ зиялыларының бірі М.Жұмабаевтың: «Тәрбиедегі
мақсат баланы тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емес, келешек өз
заманына лайық қылып шығару» деп айтуы бала тәрбиесіндегі ата-ана,
мектеп, қоғам алдында үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын
дәлелдейді. Әрине, отбасы өзінің дербес әрекеті арқылы тәрбие
саласында ауқымды мәселелерді шешуде әлсіздік танытады .Ол үшін
отбасы мен мектептің өзара ынтымақтастығын нығайту өте
маңызды.