Материалдар / Бала тәрбиесіне ата-аналармен жұмыла қол жеткізе аламыз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бала тәрбиесіне ата-аналармен жұмыла қол жеткізе аламыз

Материал туралы қысқаша түсінік
"Бала тәрбиесіне ата-аналармен жұмыла қол жеткізе аламыз" тақырыбындағы баяндамада ата-аналардың бала тәрбиесіне көңіл бөлуге, мектеппен тығыз қарым-қатынаста болуға ой бөліседі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қазан 2021
401
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бала тәрбиесіне ата-аналармен жұмыла қол жеткізе аламыз

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев : «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр»деген. Сол ауыр жүкті мұғаліммен бірге көтеретін ол - ата-аналар.

Бала болашағы-бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның , халықтың , тұтас бір ұлттың бүгінін ертеңімен жалғайтын алтын көпір, асыл мұрат. Әр отбасында дүниеге келген сәби, өсіп жатқан жас буын. Сондықтан да ата –анасының ғана емес, туған елінің ертеңгі арқасүйер азаматы, төл ұлтыныңтуын көтеретін перзенті. Адамзат қоғамы жаратылғаннан бастап бала тәрбиесіне үлкен мән берген. Жас ұрпақтың дені сау болып өсіп, уақытында білім алып, жүрек қалауымен еңбекке араласып , туған Отанына қызмет етуіне дайын болу бір ғана ата-ананың емес, қоғамның, оны басқаратын мемлекеттің биік борышы, абыройлы міндеті екені даусыз. Әсіресе, қазақ халқы жас ұрпақ өздерінің абзал ісін алға апарушы, өміріміздің өркені, жалғасы, болашағымыздың жасампаз күші екенін жақсы білген. Ата-ананың балалары алдындағы жауапкершілігі көп. Бұл оларды киіндірумен, қарны аш етпеумен шектелмейтіні тағы белгілі. Жас ұланның денінің сау болып, табиғат берген қабілетінесай талапты, жігерлі, еңбекшіл, білімге құштар болып өсуіне отбасылық, үлгі өнегенің ықпалы айырықша мол. Жас талаптың кәмелет жасына дейін, одан кейін мынау қым-қуат өмірден өз орнын тауып, адал еңбек жолын таңдауы, тамыр жайып өзі үшін де, қоғам үшін де белсенді қызмет етіп, мағыналы өмір сүруі- көбіне –көп осы отбасылық мектепке дейінгі тәрбиеге тікелей байланысты. Сондықтан «Не ексең соны орасың» деп бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, жастайынан дұрыс азамат болып тәрбиеленуіне күш салғанымыз жөн. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешесіне қарап бой түзейді. Халқымыз: «Он үш жасар қызыңды бөгде үйге қондырма, он үш жасар ұлыңды бөгде үйден тойдырма» десе, данышпан Абай «Балаға үш мінез алуан адамнан жұғады, бірінші ата-анасынан, екінші ұстазынан, үшінші құрбысынан»,-деген екен.Қай бала болса да құрбысы мен ұстазынан гөрі отбасында көп болғандықтан ата-анасынан үйдегі өнегесі, мәдениеті мен ішкі жан дүниесі балаға көбірек ықпал ететіні белгілі. Тәлімді тәрбиені үйрену, дұрыс жүру, ата-ананың үмітін ақтау-ұл мен қыздың борышы. Ал, отбасында ата-ана баласана үлгілі өнеге көрсете алмаса, онда болашақта тәрбиелі бала өсірулері екі талай екені белгілі. Өйткені бала ересектерге, әсіресе ата-анасына, тәрбиешілерге өте еліктегіш келед. Жақсыны да, жаманды да солардан үйренеді, көргенін қайталайды. Жас шыбық иілуге қандай икемді болса, бала да жас кезінде үйреткенді қабылдауға өте бейім келеді. Жастайынан берілген тәрбие жемісті болатыныжайында қазақтың дауылпаз , ұлы ақыны І. Жансүгіровтің:

Жаста білген, басқа сіңген тәлімнің,

Өзің өлмей сүйегіңнен қала алмас,

-деп бүлдіршіндерге жастайынан берілген тәрбиенің жемісті екенін айтады.

Кейбір ата-ана баланы аса әлпештеп, үлде мен бүлдеге орап киіндіріп, оның жеке басына қажетті нәрселердің бәрін өздері қамтамасыз етіп, жанын салып еңбектенуге араша түсіп, ыстықтың табын, суықтың ызғарын сездірмей, қамқорлық жасаумен ғана айналысады. Мұндай балада өзімшілдік, жауапсыздық, бейімсіздік сияқты жағымсыз қасиеттер қалыптасады. Бұл қасиеттер баланың мінез-құлқы мен психологиясына әсер етіп, оның еңбекке енжар, өмірге икемсіз, тәкаппар, дөрекі болып өсуіне әсер етеді. Сондықтан баланың болашақтағы дұрыс азамат болып тәрбиеленуіне балабақшадағы тәрбиеші, мектептегі мұғалім мен отбасындағы ата-ана тәрбиесінің орны ерекше. Баланың бойындағы адамгершілік қасиеттердің негізгі отбасы тәрбиесі екені бәрімізге мәлім. Әсіресе ата-ананың аялы алақаны , туған үйдің жылуы оның көкірегінде өмір бойы сақталып, мәңгі есінде қалады.Өйткені отбасындағы адамдармен қарым-қатынаста бала мәдениеттілікті үйренеді, жеке адамға тән ар-ұят, ақыл-ой адамгершілік қасиеттерді игереді, алғашқы еңбек дағдылары қалыптасады. Оның бәрі балаға ата-ананың ықпалы арқылы жүзеге асады. Өмір ағысында отбасылық тәрбие ата-анадан балаға , баладан оның ұрпағына беріліп, тоқтаусыз жалғасын табады. Сондықтан отбасындағы ата-ананың өзара сыйласымды қарым-қатынасы , өзін-өзі ұстауы, бос уақытын дұрыс пайдалана білуі, жинақтылығы, талап-талғамы, жауапкершілігі бәрі де бала үшін үлгі-өнеге.

Бала тәрбиесіндегі жас ерекшеліктерінің ескерулеріне байланысты халық даналығы «Баланы бес жасқа дейін патшадай құрметте, он бес жасқа дейін құлдай жұмса, он бес жастан кейін жан досыңдай сыйла»дейді

Қазақ халқы «егербалаң жаман болса төрдегі басыңды көрге сүйрейді» , «ақымақ бала алдында жүгіріп жүрген жынмен тең» деп күйінген. Ал, ата-анаға ұқсап туған жетелі бала олардың кескін келбетін, түр бейнесін қайталаумен қатар туған тілін, салт-дәстүрін де болашаққа әке-шеше бейнесіндей жоғалтпай апарады.

Қазақ халқының «Асыл анадан туады» деген қанатты сөзінің түп-төркінін сол кезде терең түсінген ғұлама дүниеге келген ұрпақтың болашағы аналардың қолында екендігіне күмән келтірмейді. Сондықтан да болашақ ұрпағымыз қайратты, ақылды, елдің қамын ойлайтын азаматтар мен ибалы да парасатты қыз баланың тәрбиесі әрбір отбасында жалғасын таба берсін демекпіз.

ДТІЖО Сансызбаева Еркингуль Асылмуратовна

Алматы облысы

Кербұлақ ауданы

Ж.Жапаров атындағы ОММДШО

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!