Бала тәрбиесінің әлеуметтік психологисының дамуы мен өркендеуі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бала тәрбиесінің әлеуметтік психологисының дамуы мен өркендеуі

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Есір Айшуақұлы атындағы орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі

Алхамова Жемисгль Алшыновна


Бала тәрбиесінің әлеуметтік психологиялық дамуы мен өркендеуі




Тал бесіктен жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйтқысы – ата-ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десек те, бала «ұрпақ» деген мағынаны білдіреді. Жас ұрпақ біздің өміріміздің жалғастырушысы ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Адамзаттың өміріндегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтар отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың бас ұстазы – ата-анасы. Баланы тәрбиелеу үшін ата-ана өзіміз тәрбиелі болуымыз керек. Тәрбие беру – ақыл айту емес. Бала тәрбиесіндегі маңызды нәрсе – бала сеніміне ие болу. Бала тәрбиесінің негізгі қағидасын бабаларымыз «Бес жасқа шейін жақсы мен жаманды ажыратуды үйрете отырып, еркелетіп патшаңдай төбеңе көтер, он үш жасқа шейін еңбегін әділ бағалап, құлыңдай жұмса, одан әрі дұрыс пен бұрысты шынайы көрсетіп, досыңдай сырлас» деп айтып кетті емес пе!

Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады. Ал үлкен ағаш болғанда, оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Жас нәрестенің дүниеге келуі ата-анаға зор қуаныш әкелуімен бірге, өз міндетін де жүктей келеді. Баланы тәрбиелеу есігі сәбидің алғаш дүниеге келген күнінен бастап айқара ашылады. Қай кезде де іргетасы мықты дүниенің сапасы мықты болары сөзсіз.

Шығыста «Бір күндігіңді ойласаң – күріш ек, он жылдығыңды ойласаң – ағаш ек, жүз жылдығыңды ойласаң – ұрпағыңа өнегелі тәлім-тәрбие бер» деген жақсы қағида бар. Баланың жан-дүниесі тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау үстінде, тәлім-тәрбие, оқу, іздену, іске талаптану арқылы әркез белгілі мазмұнға ие болып отырады. Оның айналысатын іс-әрекеті мен бүкіл тыныс-тіршілігіне , ұстанған бағытына әсер ететін түрткілер көп. Олар: қажет пен қызығу, таным мен сенім, мұрат пен талғам, мақсат пен мүдде.

Бала тәрбиесі - ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшада жалғасады. «Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады»,-деп Абай атамыз айтқандай, жеке тұлғаның бойындағы адамдық қасиеттерді тәрбиелеуде отбасының алатын орны ерекше.

Қазіргі ұрпақ тәрбиелеудегі басты мәселе - тұлғаның рухани дамуы. Ата-ана қанша мейірімі шексіз десек те, бірақ бала тәрбиесінде бәрінің өз шегі болу керек. Қалыпты адам табиғатынан өзінің ақылы мен танымдық күштерін дамыту мүмкіндігіне, сонымен бірге шексіз рухани дамуға қабілетті. Бұл ерекшелікті үш жасар баланың қылығынан байқауға болады. Бұл жастағы баланың сұрамайтыны жоқ. Күні бойы ойнайды. Ойын – оның шынайы тіршілігі. Тағы бір мінезі – сөйлеуден жалықпайды. Ойын сияқты сөздің де шегі жоқ. Басқалардың әңгімесін, әсіресе ертегі тыңдауға тым ықыласты. Сурет те салады. Айналасындағы танып-білгендерін осы әрекеттер арқылы сыртқа шығарады. Бала еркіндікті жақсы көреді. Жаратылысынан ойнап-күліп, жүгіріп, айналасын қызықтап жүріп, өзі де, көңілі де, жаны да, тәні де өседі. Бірақ үлкендер тарапынан осы кезеңдегі тіршілікті түсініп, қолдау жасау әрқашан бола бермейді. Әрбір бала өзінше бір әлем, дара дүние. Бала әлемінің сырына терең бойлап, жан сарайындағы құпияны қоғам, орта түсінсе, нұр үстіне нұр болар еді.

«Баланы жан-жақты етіп тәрбиелеу үшін, оны жан-жақты білу керек»,- дейді белгілі педагог К.Д.Ушинский. адам ретінде баланың өз ортасы, сол ортада өзінің орны бар. Сондықтан баланың дұрыс жетілуі үшін оған тәлім-тәрбие беретіндей,қорғап-қолдайтындай орта құра білсек, көп қиыншылықтар өз шешімін табар еді. Әсіресе балаларды өзін-өзі тануға, тәрбиелеуге үйретудің маңызы ерекше. Өзін-өзі түсіне білген адам өзінің ұнамды-ұнамсыз қасиеттерін таразыға сала алады, кемшілігін түзетіп, өзіндік мінез, қабілет, икемділік,бейімділігін дамыта алады. Баланы өзіне сын көзімен қарауға үйрете білсек, бойындағы ерік-жігер мен қажыр-қайратты шыңдап, өз-өзіне сенімі артады. Өз-өзін басқара білетін адам өмірде кездесетін қиыншылықтарды жеңе алады.

Іштен ешкім біліп тумайды. Тәрбие ұлға да, қызға да бесік пен босағадан басталады. Өсе келе ұлым – дарақы, қызым – сорақы деп бармақ тістеп қалмау үшін әкенің қабағы, ананың сылап-сипауы айрықша мәнге ие. Ұлыңды – жарығым, қызыңды – жалғызым деп ішер тамақ, киер киімге тарықтырмай, қалтасына ақша тығып, сүт бетіне қаймақ етіп құр мәпелеу – бұл тәрбие емес. Ұлтымыздың ар-иманын, ынсап-қанағатын бойына сіңірмей өскен ұрпақ алдымен ата-анасын, сосын өзін ұятқа қалдырары сөзсіз.

Қазақ зиялыларының бірі М.Жұмабаев: «Тәрбиедегі мақсат – баланы тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емес, келешек заманына лайық қылып шығару»,- деп айтуы бала тәрбиесінде ата-ана,ұстаз,тәрбиеші алдында үлкен жауапкершілік тұрғанын дәлелдейді. Тәрбие – білім өзегі болғандықтан, баланы дамыту, ой-өрісін жетілдіру үшін ата-ана д, ұстаз да баланың ішкі жан-дүниесін түсіне отырып, оны танып, өз көзқарасына жүгіне алуы керек.

Осы орайда ата-аналарға мынадай психологиялық кеңес беріп кеткім келеді:

  1. Қорықпаңыз. Балаңыз қателесуінен өзі сабақ алады.

  2. Өсіп келе жатқан балаға күтуші керек емес, оларға мейірімді,сенімді дос керек.

  3. Балаңызбен орынды әзілдесуді ұмытпаңыз.

  4. Баланың күнделікті үй шаруашылығында бір міндеті болу керек.

  5. Ақылыңызды жаймен түсіндіріңіз.

  6. Балалар сіздің жақсы көретініңізді білуі керек.

  7. Күтпеңіз, бала сіз сияқты немесе сіз ойлағандай болмайды. Оған көмектесіңіз, сіз сияқты болуға емес, өзі тәріздес болуға.

  8. Өз ашуыңызды баладан алмаңыз.

  9. Балаңыздағы жағдайға жоғарыдан қарамаңыз. Өмір әркімге де күшінен қарай берілген. Сізге қиын болса, балаңызға одан да қиын болуы мүмкін. Себебі оның өмірдегі тәжірибесі жоқ.

  10. Ұмытпаңыз, адамның ең қажетті кездесуі – бұл балалармен кездесуі.

  11. Баламен сөйлесе отырып қуаныңыз, себебі бала - сіздің жаныңыздағы мереке.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.11.2020
524
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі