Материалдар / Бала тəрбиесі - бəрімізге ортақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бала тəрбиесі - бəрімізге ортақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Тəрбие ісі меңгерушілері мен сынып жетекшілеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қырқүйек 2018
408
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бала тәрбиесі - бәрімізге ортақ


Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні — өз ұрпағы.

Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол — бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке-шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін. Бұл қате түсінік. Керісінше, өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен орынды. Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындаулына төзімділікпен бақылау керектігін де ұмытпаған жөн. Осылай баланың бірте-бірте еңбекке деген болашағына жол ашылады. Әрі істеген ісін ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт бересіз. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу,зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді.

Сәби дүниеге шыр етіп келгеннен бастап оны ұқыптылыққа, тазалыққа һәм имандылық пен ибалылыққа баулысақ келешектің келісті боларына күмән тудырмасақ та болады. Жақсы әке-шеше өз баласына жат қылықтардан аулақ жүріп, жағымсыз әрекеттерге бой алдырмауды үйретеді.

Бұл – баланың мектепке дейінгі іс-әрекеті.





DrawObject1



Мектеп партасына отырғаннан кейін оның екінші кезеңі басталып өмірге деген түйсігі өзгеріске ұшырайды.

Бұл кезеңде ата-ананың жауапкершілігі ешқандай төмендемейді. Қайта бұрынғыдан да арта түседі. Осы тұста баланың жан дүниесіне әсер ететін, білім, тәрбие беретін, мектептің есігі айқара ашылып, ұстаздардың қамқорлығына бөленеді. Бұл да өмірінде шешуші роль атқарады.

DrawObject2

Қазіргі заманда ұлттық мектептің ірге тасы қалана бастаған кезде ата-аналарда мектеппен байланысын нығайта түсуі абзал. Мектеп өмірі, оқушы тұлғасын әлеуметтендіру проблемасы әріптестік педагогиканы талап етеді. Педагогика саласында ең басты процесс - тәрбие. Өйткені тәрбие мен білім беру етене, егіз ұғымдар десек артық айтқандық емес.

Бала тәрбиесі игілікті іс деп саналады. Себебі оның берері де, сұрауы да, жемісі де мол тәрбие саласының ең өзектісі болып есептеледі. Осындайда «Шебер ұстаздан – тәрбиелі шәкірттер» деп айтылатын қазақтың өте орынды мақалы есімізге түседі. Бала – табиғатынан өте құмарпаз, әуесқой және тынымсыз айнала зерттеушісі. Әр бала еркелеткенді, жылы сөйлегенді ұнатады.

Тәрбие – тек адам баласына ғана тән. Адам жеке тұлғасының қалыптасуына, саналы тіршілік кешуіне, еңбек етуіне, оның бойындағы барлық жақсы қасиеттерді жан-жақты жетілдіруіне, адам өміріне қажетті ұзақ та күрделі процесс – тәрбиеге тікелей байланысты. Мектеп пен ата-ана, қоғам бірлескен кезде ғана тәрбие процесі өз жемісін нәтижелі бере бастайды.

DrawObject3


Өнерге жаны құштар ұрпақтың жүректері жұмсақ, қайырымды болып өсіп, елдің ынтымағы мен ғарыштап дамуына , тамаша таланттарымен өнердің бағын ашып, шәкіртеріміз Қазақстанды бүкіл әлемге танытатына сенеміз .

Қосымша білім беру – білім алушылардың білім алу үдерісінде сұраныстарын жан-жақты қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбие және оқу үдерісі Қосымша білім беруді ұйымдастыру тұлғаның жеке дамуына, кәсіби шеберлігін анықтауына, балалардың шығармашылық еңбекке бейімделуіне, олардың қабілеттерін көрсете білуіне, қоғамдық өмірге бейімделуіне, азаматтық өзіндік санасын қалыптастыруына барлық жағдайды жасайды.

Қазіргі заманғы тәрбиеші – ол саясаттың, нарықтық педагогикаға үстемдік етуіне жол бермеу үшін тәрбиенің жаңа әлеуметтік-экономикалық шартын педагогикалық негізде ойлай білуге, нарықтық қатынастың келу салдарын, жаңа үрдістерді педагоги-калық мақсат ұстанымында бағалауға, педагогикалық іс-әрекеттің баламаларын салыстыруға, олардың ықтимал-ды мүмкіндіктерін болжауға қабілетті, талдау мен өзін-өзі бақылау тәсілдерін меңгерген кәсіби шебер.

Қосымша білім берудің қазіргі жүйесі мен болашақта дамуының жайы білім саласының маңызды мәселелерінің біріне айналды. Қосымша білім беру жүйесі дәстүрлі педагогикалық шарттармен жүзеге асырылуда. Ол мектептердегі үйірме сабақтарынан басталып, білім бөлімдеріне қарасты арнайы мектептерде жүйелі жалғасуда. Бірақ, қосымша білімге «қосымша» деп қарайтын ескі көзқарас та жоқ емес. Қосымша білімнің – мектептегі негізгі білім берудің сыртында, тасасында қалып қоя беретіні бар. Алайда, қосымша білім беру жүйесі әлеуметтік тұрғыдан алғанда қажет-ақ және ол жеке тұлғаны оқыту, тәрбиелеу және дамыту тұтастығын қамтамасыз ететін білім ретінде қоғам мен мемлекет тарапынан тұрақты назар аударуды, қолдау көрсетуді талап етеді. Алдағы уақытта 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу сатысында, бүгінгі күндегі кәсіптік білімді игеру, білім мен кәсіпті ұштастыру сынды заман сұранысынан туындап отырған талаптарға байланысты қосымша білімнің маңызы артып отырғанын ұғынуымыз керек. Білім берудің бұл түрі туралы статистикалық көрсеткіші төмендегідей: «Бүгінгі таңда республика бойынша 680 қосымша білім беру ұйымы жұмыс жасайды, оларда 577 998 бала мен жасөспірім қамтылған. Бұл көрсеткіш барлық оқушылар санының 21,5%-ын құрайды. Ұйымдарда 13784 қосымша білім педагогы қызмет атқарады, 169 ұйым типтік үлгідегі ғимаратта, ал қалғаны жалға алынған не ыңғайланған ғимараттарда орналасқан».

Жалпы, қосымша білім беру елімізде қалай жүзеге асуда деген сұраққа жауапты педагогика ғылымдарының кандидаты А.Семченконың пікірінен табамыз. «Қосымша білім беру елімізде қос бағытта жүзеге асып жатыр. Біріншісі, айталық, баланың өнер саласына не өзге де кәсіптік бағытта бір мамандыққа әуестігі болса, оны осы салаға бейімдейміз. Бұл - баланың ән айтуға не биге, болмаса, безендіру, бейнелеу өнеріне деген құмарлығы. Екінші жағынан, кәсіби тұрғыдан балаларды экономикалық ахуалға сәйкес, болашақ мамандығын дұрыс таңдауына жол ашамыз. Әдетте оқушы баланың бойындағы 12-14 жас шамасында туған әуестік не қабілет, егер оған дем беріп жіберетін болсақ, оның болашағына жол ашады. Бұл - бала психологиясындағы заңдылық. Сондықтан ұстаз оқушысының дәл осы жастағы қабілетіне аса мән бергені абзал».

Қосымша білім беру – білім алушылардың білім алу үдерісінде сұраныстарын жан-жақты қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбие және оқу үдерісі (ҚР «Білім туралы» Заңы). Қосымша білім беруді ұйымдастыру тұлғаның жеке дамуына, кәсіби шеберлігін анықтауына, балалардың шығармашылық еңбекке бейімделуіне, олардың қабілеттерін көрсете білуіне, қоғамдық өмірге бейімделуіне, азаматтық өзіндік санасын қалыптастыруына барлық жағдайды жасайды. Балаларды тәрбиелеу және дамыту жүйесінде қосымша білім беруді қолданудың мәні тәрбие, оқу және баланың жеке дамуын бірыңғай үдеріске біріктіруінен айқын көрінеді. Қосымша білім беруді ұйымдастырудан тәрбиенің басымдығы байқалады. Қосымша білім беру баланың мектепте алған білімі мен шеберлігін кеңейтеді және тереңдетеді, сонымен бірге, оның болашақ мамандығының негізгі бағыттарын жарыққа шығарады. Қосымша білім беруді ұйымдарына орталықтар, кешендер, балалар мен жас өспірімдердің студиялары; жас техниктердің, саяхатшылардың, натуралистердің станциялары мен базалары; балалардың музыка, көркемөнер және спорт өнер мектептері; қызығушылықтары бойынша клубтар; спорттық, сауықтыру, саяхатшылар лагері; балалар парктері, стадиондары, галереялары және т.б. жатады. Байқап қарасақ, қосымша білімнің бала тәрбиесіндегі рөлі орасан.

Қосымша білім баланың мектепте алған білімін кеңейтуге және тереңдетуге мүмкіндік береді, сондай-ақ оның болашақ мамандығын таңдауына да негіз болады. Оның басты құндылықтары - оқу-тәрбие процесін айшықтандыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жеке тұлғаның өзін-өзі ұстауын, шығармашылығын дамыту, педагогикалық шығармашылық үшін қажетті жағдай жасау, оқу-бағдарламалық және әдістемелік қамтамасыз етудің жаңа технологияларын құру, ақпараттық технологиялар негізінде жүйелік жетілдіру, дарынды балаларға қолдау көрсету және даралығын дамыту болып табылады. Сонымен қатар, қосымша білім – тәрбие бастауы, тәрбиенің қайнар көзі. Отабасы тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі туралы кемеңгер Абай: «Адамның адамдық қасиеттерге ие болмағы, әуелі ақыл, ғылыммен болса, ол қызығу, денсаулыққа байланысты, қалғаны «жақсы ата-ана үлгісі өнегесі» - деген болатын. Яғни, баланың жақсы адам болып қалыптасуы бірінші кезекте отбасында алған тәлім-тәрбиесіне байланыстылығын ескерткен.

Бүгінгі қоғамда ата-аналар тарапынан «бала тәрбиесіне уақыт жетпейді» деген сылтаулар жиі айтылады. Ата-аналардың дені баланың материалдық жағдайын жасауды бірінші кезекке қойып, оның тәрбиесін екінші кезекке қалдыру байқалады. «Бала тәрбиесіне балабақша, мектеп жауап береді» -деп, жауапкершіліктен қашқан ата-ана қателеседі. Әлбетте, баланың «тамағы тоқ, көйлегі көк» болуын қамтамасыз ету парыз, бірақ бір сәт ата-ана таңнан қара кешке дейін тіршілік қамымен, жан бағыспен жүргенде үйдегі бала немен айналысады деп ойлану керек. Өз баласының немен тыныстап, кіммен достасып жүргенін зерделемейтін құбылыс отбасындағы тәрбиенің төмендеуіне алып келуде. Бала тәрбиесіне зер салып: Бала не нәрсеге икемді? Ол қандай өнерге қабілетті? Қолынан қандай кәсіп келеді деген сауалдар төңірегінде ойлануымыз керек. Баланың бос уақытын тиімді әрі педагогика заңдылығының шарттарына орай ұйымдастыру басты мәселе.

Осы мәселеде ата-ана мектеп ұстаздарымен бірігіп, оның күнделікті еңбегін дұрыс ұйымдастырып, кездескен қиыншылықты жеңуге қол ұшын беріп отыру арқылы еңбек, машық дағдысының беки түсуіне ықпал етеді. Баланың бос жүруі, уақытын тиімді пайдаланбауы – түрлі жат әрекеттерге ұрындырады. Осы зиянды құбылыстардан сақтандырудың бірден бір жолы – ата-ана мен ұстаздың бірлігі, үйлесімі арқылы бала бойына егілетін дұрыс тәрбиеде. Бүгінде отбасының жауапкершілігінің төмендеп кетуінің бір себебі – мектеп пен отбасының арасында өзара байланыс, бірігіп жұмыс істеу.

DrawObject4

Қорыта келгенде, Абай атамыздың «Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы ұстаздан болады» деген сөзімен аяқтағым келеді. Мұғалім мен ата-ана арасында өзара түсіністік пен өзара көмек болған жағдайда ғана тәрбие өз жемісінің нәтижесін бере бастайды. Яғни ынтымақ бар жерде тәрбие де, береке де, бірлік те, тірлік те бар.

Бүгінгі таңда басты міндет – оқушылардың рухани-адамгершілік қасиеттермен тәлім-тәрбие беру. Өйткені, қоғамның болашағы мен беделіне айқын жол ашар осы өскелең ұрпақ. Тәрбиенің тереңді меңзейтіні де осында. Біз әрбір ұстаз оны жүзеге асыру үшін ең алдымен ата-ана көмегі арқылы жұмыс жасауымыз қажет.

Себебі, бала тәрбиесі – баршамызға ортақ.




Бимурзаева Патима

Жаңақорған ауданының білім бөлімінің

балалар өнер мектебінің мұғалімі



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!