Материалдар / «Бала үшін мен бәріне дайынмын ба?»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Бала үшін мен бәріне дайынмын ба?»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқушыларының оқу материалдарын меңгеруге мүмкіншілігі өте көп. Себебі олардың интеллектісі қарапайым ой операциясы дәрежесінде кездеседі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
426
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жалпы білім беретін Қызылағаш негізгі мектебі



«Бала үшін мен бәріне дайынмын ба?»

(1 сынып ата-аналарына арналған)

баяндама











Мектеп психологы:А.С.Ажғали












2017 жыл


Бастауыш сынып оқушысының психологиялық сипаты. Бастауыш мектеп жасының (7-11 жастың) өзінше жас кезеңіне бөлінуі оқудың (әсіресе орта оқу мектебінің) көп елдерде жаппай үстем алып дамып келуінен. Осы жас кезеңін өзінше бөліп алудың себебі – бұларда өтетін оқу материалдарының ұқсас келуінен.
Бастауыш сынып оқушыларының оқу материалдарын меңгеруге мүмкіншілігі өте көп. Себебі олардың интеллектісі қарапайым ой операциясы дәрежесінде кездеседі.

Егер бұл жастағылардың негізгі іс-әрекеті ойын болса, оқуға кіргеннен кейін оқу қызметі шешуші рөл атқарады. Осыдан, оқу әрекеті – бала психикасының дамуына әсер ететін негізгі әрекет болып табылады. Ойынға қарағанда оқуға байланысты талаптар бала үшін күрделі болып келеді. Сонымен қатар, жаңа мектепке келген бала сыныптағы құрбыларымен қатынас жасап, осының нәтижесінде өзінің психикалық өрісін кеңейтеді. Дегенмен, алғашқы уақытта мектептегі жаңа жағдайға бала әлі бейімделе алмағандықтан, мынадай қиындықтар туындауы мүмкін:
– бала мектептің, сыныптағы тәртіп ережелеріне бейімделе алмайды (белгілі уақытта тұрып, мезгілінде жатуға, сабақтан қалмауға, сабақ кезінде үнсіз тыныш отыруға үйрене алмағандықтан) қиналады;
– мұғалімнің өзіне тән мінезіне және құрбыларымен қалай қарым – қатынас жасауға үйрене алмағандықтан бала қиналады, мұғалімнен түсінбеген нәрсесін сұрауға ұялады;
– мектепке дейінгі кезеңдегі оқуға дайындық жеткілікті дәрежеде болмаса, мектептегі оқу материалдарын бала дұрыс меңгере алмайды;
– мектептегі оқытылатын материалдардың тым жеңіл келуі. Тапсырмалардың тым жеңіл келуі қиындықтармен күресуді тежейді, балалардың оқуға деген ынтасы;
– мектептегі оқытылатын материалдардың тым жеңіл келуі. Тапсырмалардың тым жеңіл келуі қиындықтармен күресуді тежейді, балалардың оқуға деген қызығушылығын арттыра білу керек. Мұндай қиындықтарды ескеріп, назардан тыс қалдырмау керек.
Бастауыш сынып оқушыларындағы қабылдау мен зейін процесінің ерекшеліктері. 1 сыныпқа барған оқушылардың жаңа құрамымен өткізілген сабақтарда-ақ мұғалім олардың зейінін басқару қажеттігіне кезігеді. Мұның өзі мұғалімге оқушылардың, оқу процесінің психологиялық ерекшеліктерін меңгеруіне міндеттейді.
7 жастағы балалар өте зейінсіз. Олар оп-оңай және тез алаңдайды, мұғалімнің нұсқауларын тыңдауды қояды, естігендерін ұмытып қалады, өз жұмыстарында қатені көп жібереді және де орындап отырған кезде кенеттен басқа іске алаңдауы жиі кездеседі. Олар басқа бір нәрсені ойлап кетеді, тапсырылған жұмыстағы дәйектіліктен айырылып қалады да, көпке дейін қайтадан зейін қоя алмай отырады. Мұғалім балаларға жаман бағалар қояды, кейбір мұғалімдер тіпті зейінсіздігінен жіберген қателері үшін жазалап та жатады.

Баланың жеті жастағы дағдарысы. Мектеп жасындағы бала, барлық жас кезеңдері сияқты психикалық дамуында дағдарысқа немесе күрт өзгерістерге ұшырап отырғандығы ғылыми әдебиеттерде баяндалған. Мұндай өзгеріс 7 жастағы дағдарысы депте аталады. Осы кезеңде баланың ақыл-ойының өсуіне орай қауырт өзгерістерге ұшырап, тәрбие ісі жөнінен де бұрынғы уақытқа қарағанда неғұрлым қиындай түсетіні айқын байқалады. Бұл кезеңде оны енді мектеп жасына дейінгі бала деп те, оқушы деп те атау қиын. Өйткені ол өтпелі кезеңді басынан кешіреді. Соңғы уақытта бұл жасқа арналған бірқатар зерттеулер жарық көрді. Зерттеу нәтижелеріне қарағанда 7 жастағы бала енді бұрынғы нағыз балалық ерекшеліктерінен айырылады. Алайда оның қимыл-қозғалыстары мен ішкі жан дүниесі сол балдырғандығын көртеседі. Бұл кезеңде бала алдына мақсат қойып, оны өздігінен аңғара білуі, тілегіне жетіп, оны жүзеге асыруы толық жетілмеген.

Мектеп жасына дейінгі баланың дағдарысқа ұшырау жағдайы оның алғырттығы мен бірбеткейлігінің күрт өзгеретіндігін қарапайым бақылыау арқылы көзге түседі. Бірақ оның мінез –құлқымен өзінің маңындағы адамдағы қарым-қатынастарынан анық байқала қоймайды.

7 жастағы баланың бойы тез өсіп, едәуір өзгерістер болады. Бұл кезеңде баланың тісі түсіп, оның орнына жаңа тістер шығады. 7 жастағы баланың кезеңі 3 жастағы кезеңнен әлдеқайда күрделі сипатта болады. 7 жастағы баланың басынан өтетін дағдарыстың негізінен екі түрлі ерекшелігін қарастырып көрейік.Бала айтқанға көнбей қырсығады. Жүріс - тұрысы өзгереді. Мінезінде ойланбай істейтін жасанды қылықтар болады. Ұшқалақ, қылжақбас, күлдіргі қылықтары пайда болып, ол өзін сайқымазақ ретінде көрсетеді. Мұндай қылықтар баланың 7 жасқа дейінгі кезеңімен болғанымен, оның төңірегінде жете мән берілмейді. Мұндай қылжақтау әрекетінің пайда болуы нендей себептерге байланысты? Бал мұндай келеңсіз қылжақбас бейнелерді әсіресе өзінің сыртқы тұрпына өзгелердің жүріс-тұрысына қарап, еліктеп істейді. Мысалы, біреудің дауысы дірілдеп шығатын болса, соның сөйлеу ырғағына қарап бала өз дауысында дірілдетіп шығаратын болады. Сондықтан баланы орынсыз сөз айтып, қалжыңдаса, оған ешкімде таңданбайды. Өйткені мұндай мінез көріністері 7 жасар баларға тән ерекшелік оның дамуындағы заңды құбылыс, тән мінез және оның ұяңдықтан ажырап, өзіндік ерекшеліктерін сыртқа шығару белгілері болып табылады.

7 жастағы баланың дағдарысының ең басты көрініс оның жеке басының ішкі және сыртқы дүниесіндегі елеуіл, өзгерістерге ұшырау себептерімен байланысты. Дағдарыстың пайда болуы оның бойындағы ішкі және сыртқы сапалы өзгерістердің пайда болуымен ұштастыру қажет. Өйткені баланың бойында жаңадан өзіндік мінез көріністері пайда болып мұндай ерекшеліктер былайғы адамдарға күлкілі болып көрінеді.

Балаңызға беру қажет нәрсенің ең маңыздысы – бұл сіздің ықыласыңыз.

  • Балаңызбен бірге күн тәртібін құрыңыз, оның орындалуын қадағалаңыз. Күн тәртібі бастауыш сынып оқушысының өмірінде аса маңызды. Баланың өмірінде жинақылықты, тәртіптілікті қажет ететін жаңа міндеттер пайда болды – күн тәртібі еңбек пен демалысты дұрыс үйлестіруге, жаңа өмір жағдайларына үйренуге көмектеседі.

  • Бала мектептен келді – оны сұрақтың астына алуға асықпаңыз, өзін еркін ұстауға мүмкіндік беріңіз. Егер оның ренжіп тұрғанын көрсеңіз, кейінірек сабырлы әңгіме барысында оның мазасыздығының себебін білуге тырысқан дұрыс.

  • Есіңізде болсын: бала үшін бір нәрсе істей алмау, бірдеңені білмеу – бұл қалыпты жағдай. Ол сол үшін де бала – бұл үшін кінәлауға болмайды. Кінәлау баланың өзін-өзі бағалауын түсіреді, өзіне деген сенімділікті жоғалтады. Ата-анасының байсалдылығын, сенімділігін көргенде, бала мектептен қорықпау керектігін сезінеді.

  • Көпшілдігі үшін балаңызды мақтаңыз, оның мектептегі барлық жаңа таныстықтарына қуанышты екендігіңізді айтып білдіріңіз.

  • Онымен құрдастарымен араласу ережелері туралы сөйлесіңіз, балаңызға басқалар үшін қызықты болуға көмектесіңіз.

  • Балаңыздың мектептегі жолдастарының көңілін қымбат ойыншықтармен немесе киіммен «сатып алу» дұрыс емес. Бұлай сіздің балаңыз өзінен өзі басқаларға қажет болуды үйренбейді. Сіздің ұлыңыз немесе қызыңыз сыныптастарының іштарлығына, құптамауына ұшырауы мүмкін.

  • Өз балаңызды мектеп күнделігінің қосымшасына айналдырмаңыз. Мектептегі жетістіктер, әлбетте, маңызды. Бірақ бұл – балаңыздың бүкіл өмірі емес.

  • Мектептегі баға — балаңыздың осы уақыттағы осы пәннің осы тақырыбы бойынша білім көрсеткіші. Ол баланың жеке тұлғасына мінездеме бермейді!

  • Өз балаңызды басқа оқушылармен салыстырмаңыз.

  • Балаңызды мектептегі жетістіктері үшін мақтаңыз. Және есіңізде болсын, ешқандай «бестіктер» саны балаңыздың бақытынан маңызды бола алмайды.

  • Балаңыздың алғашқы сәтсіздіктеріне сіздің үмітіңіздің күйреуі деп қарамаңыз. Есіңізде болсын: сіздің балаңызға оған сенім артқаныңыз, ақылды көмегіңіз, қолдауыңыз өте қажет.

  • Ұмытпаңыз: тіпті үлкен балалар да оларға ертегі оқығанды, ұйықтар алдында жандарында отырғанды, құшақтап, беттерінен сүйгенді қалайды. Бұның бәрі ұзақ «жұмыс күнінен» кейін шаршағанды басуға көмектеседі.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!