Материалдар / Балабақша балаларға тренинг
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Балабақша балаларға тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
БАЛАЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ДАҒДЫЛАРЫ МЕН ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ТРЕНИНГТЕР
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қараша 2023
1726
21 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ТРЕНИНГТЕР


Тренинг – бұл өзін - өзі қалыптастыру мүмкіндіктері мен қоғам өміріне енуге қатысты ақпарат және ақпаратты білім беру мен алуда жасалатын топтық әдеттегіден тыс әрекет.

Тренингтің басты принциптері:

  • тренинг балалардың іс әрекет аймағында жүргізілуі;

  • тренинг өтетін бөлмедегі заттардың ыңғайлы орналасуы

тренингтерді мектепке дейіенгі жастағы балалар мен аптада бір- екі рет өткізу қолайлы деп саналады.Себебі бұл мерзімде :

- бала шаршаудан, қажудан тыс болады

- тренинг әсері біртіндеп болғаны байқалады.

- балалардың тренинг жүргізушіге бауыр басып, өздерінің басқа дәстүрлі оқу іс әрекеттерінен, тәрбиешісінен аулақтап (безіп) кетуден сақтайды .


БАЛАЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ДАҒДЫЛАРЫМЕН ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ТРЕНИНГТЕР


Тренинг №1

«Тау қалпақ»

Мақсат- эмоциалық жағдайды жақсарту

Балалар бір біріне қол созымдай ара қашықтықта дөңгеленіп отырады.Тренер басында бас киімі жоқ балалар мен қатар отырып «Тауқалпақ, тауқалпақ» деп оң жағындағы баланың басына кигізеді, ол бала –да сол сөзді қайталап келесі көршісіне бас киімді кигізеді.Бір кезде тренер басына алақандарын айқастырып қойып, көзін жұмып « телпек , телпек» дейді. Әр бала «Тау қалпақты» өз басында қалдырмауға тырысады. Ал «Тау қалпақ» басында қалған бала сұраққа жауап береді:

  • «Қалпақ басыңа кигізілгенде не ойладың?»

  • «Қалпақты басқа балаға кигізгенде өзің не ойладың?»

Тренинг №2

Мақсат- бір бірін түсінуге, қарсы жауап таба алуға бейімдеу

Тренер алдын ала бір баланы дайындайды, ол алып келген ойыншығын кім сұраса-да әр түрлі себептерді айтып, бермеуге тырысу керек.

Мысал: Айжан балабақшаға ең әдемі құыршағын әкелді, кәне кім Айжаннан құыршағын сұрап алып ойнайды?

Қорытынды: 1.қарымқатнас құралы – сөз, ым.- ішара, жақындау, дауыс ырғағы

2. күш.көрсету, қысым жасау

3.келісу - жоғарыдан қарау, немесе төмен қарау әдісімен


БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМ ҚАБЫЛЕТТЕРІН АНЫҚТАУШЫ

ТРЕНИНГТЕР

Тренинг №1

«Бірге болу сиы!»

Мақсат: Бірге болып әрекет жасағаны үшін, ризалығын білдіру.

Тапсырма: Ризалық сыйлығын дайындау

Ұйымдастыру әдісі: Балалар біз бірге түрлі әрекет жасадық (сурет салу, жапсыру, ертегіні сахналау, еңбектену, ойнау), көп нәрсені үйрендік, бірге жұмыс жасауға өз үлесімізді қостық. Осы әрекеттерде кімге кім бәрінен көп көмек берді, (жинасты, әперді, бөлісті, ұстауға көмектесті). Енді әрқайсың өзіңе жақын болып көмектескен баланы ойлап, оған сылық жасап ұсын (Иіліп сәлем беру, тақпақ айту, сурет сыйлау, би билеу). Сыйлықты берер кезде ғана атын ата.


Тренинг №2

«Мен не үйрендім?»

Мақсаты: тренинг барысында қатысушылардың пікірін, ой тұжырымын түрлендіре жүйелендіру.

Тапсырма: Ұсынылған сөйлемдерді таңдап аяқтау.

Ұйымдастыру әдісі: Үлкен параққа төмендегі аяқталмаған сөйлемдер жазылған:

Менің білгенім.......................................

Мен дәлелін түсіндім..................................

Менің анықтағаным...............................................

Мені таң қалдарған ................................................

Маған ұнағаны.......................................................

Мені өкіндірді............................................................


Тренинг №3

«Тыңдай біл»

Мақсаты: Алдағы уақытта жасайтын жұмысына зейін аудару, көңіл күйін жайландыру. Тыңдау мен есту қабілеттерін ажыратуды қалыптастыру.

Тапсырма: Болатын жағдайды түсіну, тыңдаумен нені есіткеніне зейін бөлу.

Ұйымдастыру әдісі: тренер өзінің айналасына баларды дөңгелене отырғызып түрлі заттардың атауларын айтады, содан соң балалардан бір бірлеп айтылған сөздердің аталу ретін қайталап беруді өтінеді.

Қорыту: нені ұмытты, не себептен? әңгіме жасауды, қорытуды дамыту


Тренинг №4

«Сөзсіз сөйлесу, тіл табысу»

Мақсаты: Қол тигізу арқылы пайда болатын сезімдерге зейін бөлу.

Тапсырма: Вербальдық емес амалдармен сезімдерді таныту.

Ұйымдастыру әдісі: Тренинг сөзсіз ұйымдастырылады. Қатысушылар екі шеңберге (сыртқы және ішкі) бөлініп қарама -қарсы тұрады. Сыртқы және ішкі шеңбердегі қатысушылар жетекшінің белгісі бойынша қарама- қарсы бағытта қозғалады да белгі берілгенде тоқтайды. Көзін жұмады, қарама -қарсы тұрған адаммен қолын созып амандасады. Көзін ашып шеңбермен ары қарай қозғалады. Барлық қатысушылар бір бірімен сәлемдесіп болған соң, қайтадан қарама -қарсы бағытта шеңбер бойлап жүреді. Белгі бойынша тоқтап, қарама- қарсы тұрған адамның иығына қолын қойып, жанарына үңіліп, мейірімді, ілтипатты эмоциясын білідіреді. Содан соң бір бірімен қол ұстасып,орнына шығарып салады.

Қорыту: Жаттығу жасағанда қандай сезімде болдыңыз?

Қарым- қатынас барысында оны жалғастыру немесе оны тоқтату ниетіңіз болды

ма?

Қарым -қатынас барысында серіктесіңіздің фмоидты сәуле беруін сездіңіз бе?

Сәуле, жылу беруін қалай сездіңіз?


Тренинг №5

«Сурет салу»

Сурет салу А4 форматты қағазда орындалады. 21x30. Адам суретін салуға қағаз парағы тік қалпында, ал басқа суреттер салуға көлденең қалыпында ұсынылады. «Әсем - әдемі сурет» салу үшін 18 түсті қаламдар ұсынылады. Бұл тест- тренингті баланың үш жасынан қолдануға болады. Себебі осы тест арқылы баланың эмоциялық ақуалы анықталады. Басқа сурет салу тренингісінде тек қана қара М, М2 нөмірлі жұмсақ қаламдар мен өшіргіш ұсынылады. Әр сурет салынған соң, суреттің сыртына талдау хаттамасы жазылады.

Үлгі:

Баланың жасы_________________________________________

Аты-жөні_____________________________________________

Жанұя құрамы_________________________________________


Тапсырманы орныдау жылдамдығы, сурет салу барысындағы үзілістер


Сурет бөлшектерін салу реті.


Сұрақ беру мен ойын, пікірін айтуы


Сурет салудың соңында жасалған сұхбаттың мазмұны



Сурет салу тест- тренингті түрлендіруге болады:

  • Жануарлар жанұясы

  • Қиялдан жаралған жануар

  • Отбасының динамикалық суреті

Тренинг №5 «Бәріміз бірге».

Мақсаты: балалардың бір-бірімен байланыс орнатуға үйрету, серіктесінің қозғалыс темпіне ыңғайлану.

Жаттығудың жүргізілуі: балалар жұппен тұрып допты бірге ұстайды(әр бала допты екі қолымен ұстауы тиіс). Жетекшінің белгісінен кейін балалар бір уақытта отыруға допты қолдарынан түсіріп алмай бөлме ішінде жүруі, секіруі қажет. Ең бастысы, бірге әрекет жасап допты түсіріп алмау.

Тренинг №6. «Керісіншелер елі».

Мақсаты: Ойша әрекет ету қабілетін жаттықтыру.

Жаттығудың жүргізілуі: педагогтар шеңбер бойына отырады. Жетекші үш әріптен тұратын сөзді айтып, допты лақтырады. Допты ұстаған ойыншы әріптерді кері атайды (күн-нүк, көз-зөк, сан-нас). Аударылған сөздердің мағынасы болмауы мүмкін. Ойынның күрделенуі сөздің ұзақтығына байланысты.

Тренинг №7 «Ормандағы ағаштар» ойыны.

Мақсаты: Балаларға қозғалуға, демалуға мүмкіндік беру. Музыка ойналады.

Мәтін: Сендер ағашқа айналуға дайынсыңдар ма?

Бір-біріңнің артына тұрыңдар. Орманда күн шығып барлық ағаштар оған жапырақтарын жайып қарап тұрды. Күнге әрбір жапырағы жылыну үшін жоғары-жоғары созылды. Саусақ-жапырақтар күннің астында билеп тұрды. Кенеттен қатты жел тұрып, талдарды жан-жаққа шайқай бастады. Бірақ талдың тамырлары тереңге кеткен, олар жәй ғана тербеледі. Желдің артынан жаңбыр жауып, талдар алғашқы жауын тамшыларын сезінді.

Алдыңғы тұрған тұрған баланың арқасын саусақтарыңмен жауын тамшыларындай тырсылдат. Кәдімгі майда жаңбыр жауып жауып тұрғандай қимыл жеңіл болу қажет.

Жауын одан әрі күшейіп қатты жауа бастады... Талдар бір-біріне жанашырлық білдіріп жаңбырдың қатты соққысынан қорғапр, сипалай бастады. Көп ұзамай көкжиектен күн көрініп, талдар қуанды, олар өздеріндегі артық жауын тамшыларын сілкіп тастады. Өздерін сенімді, сергек, тап-таза сезініп қалады.

Тренинг №8 "Ондай болуы мүмкін емес"

Қазақ халқының салт-дәстүрінде өтірікшілер сайысы кең тараған шығармашылықтың түрі болған. Сол өнердің элементтерін балалардың қиялын дамытуға кеңінен пайдалануға болады.

Топтағы балалардың біреуі ешқандай болуы мүмкін емес өтірік нәрсені айтады: ақиқатта болмайтын заттар, олармен болған оқиғаларды,болуы мүмкін емес табиғат құбылыстары мен ол жағдайдағы өзінің әрекеттері,табиғатта кездеспейтін жануарлар және олардың хикаялары туралы оқиғаларды айтып береді. Бес өтірік сюжетті қатарынан қисынын келтіріп айтып берген кезде ешкім "ондай болуы мүмкін емес" деп айтпаса, сол ұтады. Олардың барлығы мараппатталады.



Тренинг №9. "Сиқырлы қалам"

Жаттығуды жүргізу үшін қалам мен қағаз керек. Жүргізуші барлық қатысушыларға жаттығуды орындау шартын түсіндіреді. Ойынға қатысушы қаламды қолына алмастан, оны төрт түрлі бұйрық беріп ("Жоғары!", "Төмен!", "Оңға!", "Солға!" деген бұйрықтар беріледі.) қашықтықтан басқарып отырады. Бұйрық бойынша қалам қағаз бетімен жоғары, төмен, оңға, солға жылжып, сынық сызықтар ретінде із қалдырады. Қаламның барлық қадымдары бірдей болуы керек.

Жаттығуды орындаудың бастапқы кезеңінде ойынға қатысушылар кезекпен бұйрық береді, ал жүргізуші қаламға ол бұйрықтарды орындауға "көмектеседі". барлық қатысушылар ойын ережесін меңгергеніне жүргізушінің көзі жеткеннен соң балаларға тапсырманы қиялымен орындау тапсырылады. Өздерінің ойындағы қаламдарымен көз алдына елестеткен қағазға жорамалдағы сызықтарды түсіру үшін қатысушылар бірінен кейін бірі қаламға бұйрық беріп отырады. Ең бірінші қарапайым фигуралар (квадрат,үшбұрыш т.с.с.) салынады. Кімнің бұйрық беретіні отырған ретімен шеңбер бойынша анықталады.

Ешкім ешкіммен қандай фигура салатыны туралы алдын ала келіспейтіні туралы жүргізуші ойынға қатысып отырған балаларға түсіндіріп береді. Сондықтан қатысушылардың барлығы өзінен бұрынғылардың бұйрықтарын зейін салып тыңдап отыруы керек. Біртіндеп салған фигуралары күрделі бола бастайды.

Тренинг №10«Менің адам бойындағы бағалайтын қасиетім» тренингі


Мақсаты: Тілдесу барысында бірін-бірі жақынырақ қабылдау үшін жағдай жасау, шығармашылық қиялын дамыту.

Тапсырма: Әрбір қатысушының адам бойындағы бағалайтын қасиетін айқындау.

Нұсқау: Адам бойындағы қандай қасиетті бәрінен жоғары бағалайтыныңызды ойланып көріңіз. Осы қасиет көрініс беретін әңгіме, хикая, аңыз, ертегі, өлең немесе әнді еске түсіріңіз не ойдан шығарыңыз. Өз қалауымен шығып сөйлеушілер әңгімелерін айтқанда, қалғандары қандай қасиет туралы айтылғанын табу керек.

Талдау:

  1. Қандай қасиет жайлы әңгімеленді?

  2. Сіз оны қандай белгілері бойынша таптыңыз?

  3. Әңгімелеушінің пікірі сіздің пікіріңізбен сәйкес келе ме?

  4. Қасиетті баяндау түрі әңгімелеушінің айтқысы келгенін тереңірек түсінуге көмектесті ме?





Тренинг №11« Сәлем, бұл – менмін »

Мақсаты: Өзін-өзі таныстыру дағдысын дамыту, тілдесу үшін жағымды байланыс орнату.

Тапсырма: Өзі туралы айту, өзінің қайталанбас дара тұлға екендігін, тренингке қатысушылармен бірге жұмыс жасап, тілдесуге дайын екендігін көрсету.

Нұсқау: Өзіңді көрсет, өзің туралы айтып бер. Өзіңді өзің таныстыру үшін әртүрлі әдістерді пайдалануға болады. Мысалы: жарнама, газеттегі хабарландыру, өзі туралы әңгіме, өлең, ән, афоризм.


Жаттығуды талдау:

  1. Қай қатысушының өзін-өзі таныстыруы сізге көбірек ұнады, неліктен?

  2. Тренингке қатысушы туралы қандай жаңа мәлімет алдыңыз?

  3. Шығып сөйлеу барысында сіз адамның ашық, тілектестік қарым-қатынасқа бет бұрғандығын сезіндіңіз бе?


Тренинг №12 «Армандар»


Мақсаты: Топ жұмысына қолайлы жағдай жасау, тренингтің негізгі принцптерімен таныстыру.

Бәрі көздері жұмулы шеңбер бойымен отырады. Қатысушылар өздерінің тілегіне құлақ түре отырып, келешек кәсібін, қоғамдағы орнын, айналасындағы жақындарын көз алдына елестетуге тырысады. 1,5 минут уақыт беріледі.

Әр қатысушы өзінің әсерлерімен бөліседі. Тренер айтылғандарды жинақтайды. Топтың әр қатысушысының өз арманы, мақсаты болатынын айтады.


Тренинг №13 «Жағымды сөздер»


Мақсаты: өзін-өзі одан әрі ашу, өзін-өзі тану, өзінің және айналасындағылардың психологиялық мінездемесін анықтау және талдау іскерлігін дамыту.

Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші жағымды сөздер айта отырып, кез-келген біреуге доп лақтырады. Допты алған ойыншы шеңбердегі қатысушылардың кез-келгенін таңдайды да, оған жағымды сөзін айтып допты лақтырады. Доп қатысушылардың бәрінде болып шыққанға дейін ойын жалғаса береді. Жағымды сөздер қысқа, ең жақсысы бір сөзден тұрса болады.


Тренинг №14«Өзін-өзі жарнамалау»

Мақсаты: Өзін-өзі ашу, өзін-өзі тану, психологиялық мінездемесін анықтау және талдау іскерлігін дамыту.

Ойынға қатысушылар жұмыс берушіге 25-30 минут ішінде өзінің көрсетететін қызметін, психологиялық ерекшелігін, икемділігін жетістіктерін көрсетіп хат жазады. Хатына қолын қойып оны жүргізушіге береді. Барлық хат жиналған соң жүргізуші авторлардың есімін оқымай, тек хаттың мазмұнын ғана оқиды. Шеңбер бойындағылар хатқа талдау жүргізеді. Хат авторын табу керек.


Тренинг №15 «Өзін-өзі тексеру»


Мақсаты: Өзі туралы, өзінің қоғамда алатын орны туралы өз ойын дамыту; жеке позициясын түсіну.

Әрбір қатысушы бір парақ қағаз алады және оны төрт бөлікке бүктейді.

Нұсқау: «Мен кіммін?» деген сұраққа 10 жауап жаз. Оны жылдам жаса, басыңызға бірінші қандай жауап келсе, соны жазыңыз. Оны жылдам жаса, басыңызға бірінші қандай жауап келсе, соны жазыңыз. Оны бірінші бағанға жаз. Екінші бағанға сол сұраққа ата-анаңның пікірі сеніңше қалай, соны жаз (нақты әкеңді немесе шешеңді таңдап ал). Үшінші бағанға сенің сол жағыңда отырған топтың мүшесі қалай жауап берер еді, соны жаз.

Сенің жазғандарың көрінбейтіндей етіп, парақты бүкте де, сол жақтағы көршіңе бер. Парақты алып, бос бағанға «Осы парақты саған берген адам қандай?» деген сұраққа 10 жауап жаз. Осыдан кейін жүргізуші парақты жинап алады да, араластырады. Ең соңғы бағандағы мінездеме кезекпен дауыстап оқылады , ал топ кім туралы екеніні анықтьау керек. (жазған ойыншы үндемей отыру керек) Осы берілген мінездемемен топтың қаншалықты келісетіні талқыланады.

Талдау: Содан кейін парақ қатысушыларға таратылады, ал олар өздері 4 бағандағы жауаптарды салыстырады, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын талдайды.

Нәтижесінде үйге тапсырма беріледі: тренинг аяқталған соң өзіңіздің жақындарыңызға сіздің жеке ерекшелігіңіз туралы 10 анықтаманы беруді ұсыныңыз және оны сіздің жорамалдаған ерекшелігіңізбен салыстырыңыз.



Тренинг №16 «Сен кімсің?»

Мақсаты: Өзі туралы, өз орны, құқығы мен міндеттері туралы ойын дамыту. Қатысушылардың арқасына үлкен қалың қағаз шаншып қояды. Әрбіреуі бір-бірлерінің жауырындарына түйрелініп қойған қағаздағы көрсетілген сұраққа кем дегенде бір жауап жазу керек. Кері байланыс ұйымдастыру әдісі ретінде қолданады. Содан кейін жалпыланған мінездеме топта талқыланады.

Бұл кезеңде топта гештальттерапия мен психодрамалар техникасы, сонымен бірге нейролингвистикалық жүйелеу мен дене терапиясы белсенді қолданылады.

Талдау: Тапсырма ұнады ма? Өзіңіз туралы пікіріңіз өзгерді ме? Қандай әсер алдыңыздар?





Тренинг №17 «Әр түрлі көзқарастағы әңгіме»


Мақсаты: Проблеманың шешімін табуда әр түрлі рөлдік көзқарастарға кіру.

Әр қатысушы қандай да өзінің проблемасы бойынша әр түрлі рөлдік көзқарастарға кезекпен «кіре» отыра (шыншыл, қиялшыл, күмәншіл) өзімен-өзі іштей диалог жүргізеді. Осындай 10 минуттық ішкі диалог аяқ астынан проблеманың шешімін табуға әкеледі. Қандай да бір алдында кездескен жағымсыз фрустрациялық жағдайларға қатысын өзгерту үшін, нейролингвистикалық жүйелеу (НЛП) техникасын қолданған пайдалы.

Талдау: Әр түрлі рөлдік көзқарасқа кіру жеңіл болды ма? Қандай қиындықтар болды? Не туралы ойладыңыздар? Қазір не сезінудесіздер?


Тренинг №18 «Экранды ыдырату»


Мақсаты: Тұлғаның өзінің даралығын бағалау.

Жүргізуші қатысушыларды босаңсу жағдайына әкеліп, тік сызықпен бөлінген үлкен ақ экранды көз алдарына елестетулерін сұрайды. Экраннның сол жағына субъект жағымсыз фрустрациялық жағдайды – нақты емес, ақ-қара; оң жағына – жетістік жағдайын, яғни ашық, әсем безендірілген, дыбыстарға және иістерге толған жағдайды кескіндейді. Сол жақтағы (жағымсыз) сурет ақырындап кішірейеді және солады, алыстатылады, ал оң жақтағы (жағымды) жарқын және жақындайды. Осы жаттығуды 2-3 рет орындаған соң топтың қатысушылары жағымсыз жағдай туралы ойлары ұнамсыз сезім туғызбайтынына және оның бұрынғыдан жайлы қабылданатынына таңырқағандарын аңғарады.

Өзара сенімділік ахуалын туғызуға дене терапиясының техникасы ықпал етеді. Сондай техниканың бір мысалын келтіреміз.

Талдау: Нені көзіңізге елестеттіңіз? Не туралы ойладыңыз? Қандай жағдайды кескіндеу жеңіл болды. Алған әсеріңізбен

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!