«Күншуақ» шағын
орталығының 2017-2018
оқу жылына арналған
мұғалім-дефектолог маманының жылдық есебі
Мен, Сақтағанова Нұрия Әміржанқызы осы аталған
мекемеде дефектолог маманы болып жұмыс жасап келемін. 2017-2018 оқу
жылына қойылған мақсатым:
Міндеттерім:
-
Әр түрлі ақаулары бар балалардың сөйлеу тілінің
кемістіктерін анықтайтын, ажырататын педагогикалық тәсілдерді
жетілдіру, дамыту;
-
Сөйлеу тілі кемістіктерін
жүйелеу;
-
Тіл кемістіктерінің ерекшелігіне байланысты
қолданатын түзету әдістері мен амалдарын
жетілдіру;
-
Қазақ тіліне тән дыбыстардың артикуляциялық
ерекшеліктерін және түзету тәсілдерін анықтау
болды.
Және осыған сәйкес 01.09.2017 ж №13 ЖОББМ КММ
директоры бекітілген «Күншуақ» шағын орталығының 2017-2018 оқу
жылына арналған мұғалім-дефектолог маманының балалармен топтық және
жеке жұмысқа арналған күнтізбелік- тақырыптық жоспарына сәйкес,
2-кіші «Қызғалдақ» тобы мен ортаңғы «Балапан» тобымен жұмыс
жүргізілді.
2-кіші «Қызғалдақ» тобында 24 бала, яғни оның
12-ұл бала, 12-қыз бала бар. Осы балалармен жеке жұмыс жүргізе
келе, зерттеу нәтижесінде жалпы балалардың қабілеттерін: Жалпы
сөйлеу тілінің дамымауы (ЖСТД) және фонетикалық-фонемитикалық
бұзылушылық( ФФН) деп таңдап алып, өз жұмыс жоспарыма сәйкес әр
балаға жеке уақыт белгіленді. Олар:
ЖСТД бойынша Рамазан Сырым,
Балтабай Дильназ, Аманжол Әбілмансұр, Кәкен Көркемай, Рашид
Нұртөре
ФФБ бойынша Қалден Назым(невролог қорытындысы
ММД), Аманбай Әли, Бағдат Әли, Нұралы Инабат, Толыбай Ерхан,
Әбдіғали Нұржігіт
Ал Жезқазған қалалық ПМПК-ның
қорытындысы бойынша бала жоқ. Оқу жылының қаңтар айынан бастап
Балтабай Дильназды отбасылық жағдайына байланысты балабақшадан
шығарып алды. Оның орнына Рысбек Айлинмен жеке жұмыс жүргізілді.
Кейбір балалардың денсаулықтарына байланысты балабақшадан көп
қалып, белгіленген оқу жоспарынан қалып жататындығынан және қосымша
жеке жұмысты қажет етіп тұрғандықтан, мәселен, Аманжол Әбілмансұр
мен Кәкен Көркемай, Рашид Нұртөремен жеке жұмыс аптасына 2 рет
жүргізілді, зерттеу жұмыстарының нәтижесінде
фонетикалық-фонематикалық дамымауы және ринолалия, яғни сөйлеу
аппаратының ақаулығының және дыбыстың дұрыс айтылуыныңдағы
бұзылыстар анықталды. Атап айтсақ, сөйлеу қызметін қалыптастыру
диагностикасы:сөйлеу техникасын меңгеруі, сөздік қорының жағдайы
мен айнала туралы түсінігі - осы қызмет түрлерін зерттеу үшін
балаларға сурет бойынша әңгіме құру, сонымен бірге тақырыптық
суреттер ұсынылды және т.б.артикуляциялық және мимикалық, тыныс алу
жаттығулары, ұсақ қол моторикасын дамытудағы жаттығулар жеке жұмыс
барысында үнемі жүргізіліп отырылды. Осы аталған жеке жұмыс
нәтижесінен біршама балалардың қарым-қатынасы, жалпы сөйлеу барысы
және сөздік қорлары дамып, қанағаттанарлық деңгейіне
өтті.
Ортаңғы «Балапан» тобында жыл
басында 25 бала, оның –11 ұл бала,14 - қыз бала
болды.
Жезқазған қалалық ПМПК-ның
қорытындысы бойынша: Кенішбаев Мади, Штыбер Надежда, Әбілғазы
Медина – ОНР І-ІІ ур. яғни жалпы сөйлеу тілінің дамымауының І-ІІ
деңгейі қорытындысымен жеке және топтық сабақтар өткізілді. Сонымен
қатар фонетикалық-фонематикалық дамымауына байланысты, Нұрғали
Бекарыс, Махмұтолла Райымбек, Арман Жания, Жапсархан Әлтаир,
Таңатаров Ерасыл қосымша жұмыстар жүргізіліп, зерттеу жұмыстарының
нәтижесінде фонетикалық-фонематикалық дамымауы, яғни сөйлеу
аппаратының ақаулығының және дыбыстың дұрыс айтылуындағы
бұзылыстар, тілалды дыбыстарының алмастыруы және билингвизм
анықталды. Бұл бұзылыстардың болу себебі – отбасында екі тілде
сөйлеуі, смартфон мен компьютерлік құрылғыларды шектен тыс
пайдалану және қарым- қатынастың жетіспеушілігі және туа пайда
болатын жағдайлар. Осы бұзылыстарды еске ала отырып, аталған
балалармен жеке және топтық сабақтар жүргізіліп, өздігінен сөйлеуін
байланыстыруын, ерікті есте сақтауы мен назарын дамытуға, сөздік
қорын байытуға, фонематикалық қабылдауы , қолдардың саусақтарының
моторикасы, жазу, артикуляциялық дағдыларын жетілдіруге, дамытуға
бағытталған жаттығулар мен тапсырмалар болды. Сабақтар алдын ала
оқу жылына арналған жеке коррекциялық жоспар негізінде
өткізілді.
Жыл соңында отбасылық
жағдайына байланысты Кенішбаев Мәди, Жапсархан Әлтаир мен Әбілғазы
Медина балабақшадан шығарылып алынды.
Осы аталған жүргізілген жеке
жұмыс нәтижесінен балалардың таным процестері, сөйлеу қатынасы және
сөздік қорлары дамып, қанағаттанарлық деңгейіне
өтті.
Жалпы шағын орталықта
жүргізіліп жатқан жұмыстарда педагогикалық кеңес ерекше орын алады.
Қараша айында өткен №2 педагогикалық кеңесте оқу жылы жоспары
бойынша баяндама оқылды. Тақырыбы: «Баланы тұлға ретінде
қалыптастыру және тілін дамытуда ойынның маңызы». Ал желтоқсан
айында мектеп пен шағын орталық сабақтастығы аясында дөңгелек үстел
өткізіліп, «Тілдік қарым – қатынас орнатуда артикуляциялық
жаттығулардың маңызы » атты баяндама оқылды, ата-ана және
мектепалды даярлық сынып мұғалімдері тарапынан ауызша кеңес жұмысы
жүргізілді. №3 педагогикалық кеңесте оқу жылы бойынша бірінші жарты
жылдық қорытындысы өтті. Және оқу жылы соңында биылғы оқу жылы
қорытындысымен таныстырып, бір жылдық есеп
оқылды.
Зерттеу нәтижелер
2017-2018 оқу жылында
«Қызғалдақ» 2-сәбилер және «Балапан» ортаңғы топтары балалары
зерттелінді.
Жалпы 2017-2018 оқу жылы
барысында екі топ бойынша ауызша сөйлеуінде бұзушылығы бар -20 бала
анықталды.
Оның ішінде сөйлеуінің жалпы
дамуындағы кемшілігі бар – 4 бала.
Сөйлеуінде
фонетика-фонематикалық дамуында кемшілігі бар-13
бала.
Жеке тұлға тұйық мінез-құлқына байланысты – 2
бала.
Жыл соңына қарай отбасылық жағдайына байланысты
кеткен – 4 бала.
Қайта зерттеу мынаны көрсетті:
Жалпы сөйлеуі қанағаттанарлық
мақсатында орташа жақсарған - 7 бала(Р.Сырым, Р.Айлин, Қ.Назым,
Н.Инабат, Р.Нұртөре, М.Райымбек, Ш.Надежда) бітіруші – 5 бала
(А.Жания, Н.Бекарыс, М.Райымбек, Ш.Надежда, Т.Ерасыл). А.Жания мен
Т.Ерасыл, Ш.Надежда арнайы логомассажды қажет етеді. Ал Н.Бекарыс,
М.Райымбек артикуляциялық жаттығулардың үнемі жасалуымен болашақта
жалпы сөйлеуінің дамуы жақсарады. Қалған балалармен жаздық
күнтізбелік- тақырыптық жоспар бойынша жұмыстар жүргізілуі
қажет.
Жеке және топтық оқу қызметіне
дайындалу кезінде «Қызғалдақ» тобына жаздық күнтізбелік- тақырыптық
жоспары құрылды.
Қорытынды:
2017-2018 оқу жылында
жүргізілген жұмыс қанағаттанарлық болды, барлық бағыттар бойынша
жұмыс жүргізілді. Алдағы 2017-2018 оқу жылындағы жаздық күнтізбелік
– тақырыптық жоспар бойынша балаларды зерттеу және түзету жұмыстары
және жаңа 2018-2019 оқу жылында жүргізілетін жұмыстар көзделуде,
оны орындауда еңбек етуді талап етеді.