Материалдар / Балабақша және отбасы ынтымақтастығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Балабақша және отбасы ынтымақтастығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасы және балабақша ынтымақтастығы баяндама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қараша 2023
452
4 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚShape1

Отбасы мен балабақша ынтымақтастығы





Отбасы мен балабақша ынтымақтастығы

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГ























(баяндама)



















2023-2024 оқу жылы

Отбасы және балабақша ынтымақтастығы

Бала тәрбиесі бір өнер, өнер болғанда
ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер.
Мағжан Жұмабаев


Қазіргі заман талабында отбасы баланың оқу тәрбиесіне араласу қажеттілігі айтылған. Сондықтан ата - ана мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты дамыту өзекті мәселе боп отыр. Ата – анамен балабақша ынтымақтастығы, баланы оқыту мен тәрбиелеудегі – баршаның ісі. Отбасының да, балабақшаның да мақсат – мүддесі біреу – ол болашақ ұрпақ тәрбиесі. Болашақ азамат тәрбиеленетін алғашқы ұя – отбасы, ата - ана құшағы. Жас сәбидің алғашқы еститіні анасының мейірбан сөзі; көретіні анасының аялы алақаны. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» немесе «Әке көрген оқ жанар, ана көрген тон пішер» дегенде осының айғағы. Яғни, ата – анасының өнегесі, өнері балаға үлгі болатыны, бала үйде қандай игі істерге тәрбиеленсе ұядан ұшқанда да сол өнеге – өсиет оған сарқылмас қазына болары сөзсіз. Ғабиден Мұстафин айтқандай «ата – ана қадірін білген бала халық қадірін білер, халық қадірін білген бала ата – ананың да қадірін біледі. Ол үшін өз халқының дәстүрін мәдениетін, өнерін, тілін қадірлеуді ата – ана және ұстаз боп үйрету керек». Ендеше «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші отбасы балабақша бірлесе ынтымақтаса отырып, оқу тәрбие жұмысын мақсатты жүргізсе, елдің, халқының дәстүрін сыйлайтын ұлтжанды жеткіншек өсіру мақсатымыз еселі өтелері сөзсіз. Болашақ ұрпақ тәрбиесін іске асырып отырған кез – келген мекеме үшін отбасымен жұмысты тиісті дәрежеде ұйымдастырудың маңызы өте зор. Себебі, отбасы баланың түпкі тамыры болмысын қалайтын мекен. Сондықтан да балабақшаның оқу – тәрбие жұмысында ата – аналармен жұмысқа ерекше мән беріледі. Сол себепті мен ата – аналармен жұмысқа үлкен көңіл бөлемін.

Ата — аналармен жұмысты ұйымдастырудың негізгі мақсаты:

  • Ата — ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту;

  • Баланың бүгінгі жасаған қадамы ертеңгі тұлға қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту;

  • Ата — аналармен жұмыс жасаған кезде бірізділік қағидасын басшылыққа алу;

Ал міндеттері:

  • Бала өміріне қолдау жасау, келешекте өз жемісін береді.

  • Қоғам тарапынан көрсетілген қолдау, ата — ананың өміріндегі тұрақтылық пен болашаққа деген сенімін нығайтады.

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлерін қалай ұйымдастыруға болады?

Ол үшін біз ата аналармен жақынырақ танысып,отбасының әлеуметтік жағдайын,отбасы мүшелерінің бала тәрбиелеудегіролін анықтау үшін,ата-аналардың ұсыныс-пікірлерін,ойын бөлісу мақсатында сауалнамалар,анкеталық сұрақтар алуымызға болады.Сонымен бірге жыл бойы жүргізілген жұмыс түрлерін ата-аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді. Себебі, ата-аналар заман талабына сай кезекті мәселелерді,отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады.сонымен қатар ата-аналардың ұсыныс –пікірлерімен санаса отырып ата-аналарға арналған әңгімелер мен лекциялар , консультациялар, сұрақ жауап кештері, тәжрибе жұмысын алмасу жөніндегі конференциялар,ата-аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс-тәсілдері қарастырылады.М,Әуезов «қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар.Ең алодымен әуелі ниет керек,одан соң күш керек,содан соң тәртіп керек».Өмірлік тәджірибе ұлы жазушыларымыздың сөзінің құдыреттілігін байқатады.



Отбасы мен балабақша арасындағы байланысты күшейтіп,бағытты жұмыс жүргізу,ұйымдастырылған мерекелік іс-шараларға , ата-аналар және топ жиналыстарына ата-аналарды тартуы.Ата-аналар өздерінің балаларын тәрбиелей отырып,оны қорғауға міндетті.Әлі жасы жетпегендіктен,әлі толыққалыптаспағандықтан балалар өз мүдделерін өздері қорғай алмайды.Сондықтан ата-аналар біріншіден ,балаларының құқығын қорғауға міндетті.Бұл оның мүлкіне де ,жеке басына да қатысты.екіншіден,балалардың мүддесін қорғауға заң жүзінде белгіленетін құқық,мысалы,баланың мұрагер болуы құқыға да жатады.құқықты қорғауға баланың құқығын бұзуға жол бермеу ұшін күресу мәселесі де қосылады.Ата-аналар өз балаларының заңды өкілі болып табылады.

Отбасының балаға тәрбие берушілік қызметінің мақсаты — баланың жасын, жеке ерекшелігін, психологиялық процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Көздеген мақсатқа жету үшін отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді:

  • Отбасында баланың өсуіне, денсаулығына қамқорлық жасау, тазалықты қалыптастыру.

  • Еңбексүйгіштікке баулу, тұрмыстағы, үй шаруасындағы еңбекке құлшынысын арттыру, өзіне — өзі қызмет етуге үйрету.

  • Отбасы мүшелерімен тіл табысып, дұрыс қарым — қатынас жасауға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге үйрету .

  • Әдебиетке, мәдениетке, өнерге тәрбиелеу. Бұл міндеттер жүзеге асу үшін бала дүниеге келген күннен бастап отбасында, қоғамдық орындарда, мектепте тәлім — тәрбие беріледі.



Отбасы –адам баласының өсіп, өнер алатын ұясы.Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатыр.



Бала өмірінің алғашқы күннен бастап,ата-ана өздерінің негізгі борыштарын тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі.

Отбасы мен балабақша арасындағы байланысты күшейтіп, бағытты жұмыс жүргізу, ұйымдастырылатын мерекелік іс — шараларға, ата — аналар және топ жиналыстарына ата — аналарды тартудың қажеттілігі:

  • Балаларда іс — әрекетті таңдаудың үлкен мүмкіндігі болады;

  • Балалар маңызды жетістіктерге жете алады;

  • Балалар еліктеудің жаңа үлгісін алады;

  • Ересектер мұғалім жұмысымен жақын танысып, оны бағалай біледі;

  • Ата – аналар және басқа да ересектер мектепке оқыту философиясымен және оқу жоспарларымен танысады;

  • Ата – аналар және отбасы мүшелері өздерінің бала тәрбиелеуге, оқытуға қатысы бар екендігін сезінеді,

Бүгінгі тәрбие берудің негізгі міндеттерінің өзі ең алдымен дені сау,ұлттық сана сезім оянған ,рухани ойлау дәрежесі биік ,ар-ожданы мол, мәдениетті,парасатты еңбекқор,іскер,бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу деп көрсетілген,Қазақстан республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында.

Тәрбиешілер ата — аналарға ақыл — кеңес беріп, ұсынылатын тыңдау барысында төмендегідей қарым — қатынас ережелерін есте сақтауы керек;

  • Бір – біріне көңіл бөлу

  • Тыңдау

  • Сыйлау

  • Көзбе – көз қарау

  • Тиімді орынды таңдау

  • Әзілді сезіну

  • ұрыс – керістен сақтану сияқты

Отбасы тәрбиесінің негізгі мәні ,отбасындағы өзара ынтымақтастықпен түсіністік болып табылады.Бала өскен сайын,оның тәрбиесі де күрделеніп,оған қойылатын талап тар да күшейе түседі.Ақыл ойының дамуы,ұнамды мінез-құлқын қалыптастыру ең негізгі міндетке айналады.Оның негізі отбасында мектепке дейінгі жаста қаланады.Балалар үйде ата-анасының еңбектегі ісіне және сөйлеу мәнеріне көңіл бөліп,оны түсінуге тырысады.Ата-аналарда балдаларының күн сайынғы әрекеттерін қадағалап жағдайларын біліп отыру қажет.

Ата — аналармен жұмыс жүргізудің негізгі алғы шарттары:

  • Әрбір отбасының мықты жақтары болады, әр адам жақсы ата — ана болғысы келеді;

  • Барлық отбасы көмекті қажет етеді, көмек түрі отбасының нақты қажеттіліктеріне байланысты болады;

  • Ата – анамен жұмысты ұйымдастыру барысында ата — ананы, яғни отбасын тәуелді ету емес, оның қиыншылықтарды жеңу мүмкіндігін нығайтуды көздеу;

  • Баланың дамуы туралы ақпарат ата — аналарға бала тәрбиелеуде өз ролін жүзеге асыруға ықпал етеді;

  • Әрбір отбасы көрсетілген көмектің тиімділігіне көзі жеткенде ғана, қоғамдық жұмыстарға белсене араласады;

  • Тәрбиеші мен баланың оқуға деген қызығушылығын арттыру жолдарын түсіндіреді;

  • Ата — анамен баланың ортақ қарым — қатынастары жөнінде кеңес беру;

Отбасының негізгі міндеті-баланың меңбек етуге,жарқын сезімдермен нұрлы мұраттарға тәрбиелеу,адамдар арасында өмір сүре білуге үйрету.Бұл қасиеттердің бәрінегізінен отбасы-ошақ қасында қалыптасып нығаяды.мұнда әсіресе отбасындағы ересек адамдар өздерінің жеке бастарының өнегесі арқылы жас балавлардың бойында осындай сезімдерді қалыптастырады.Өз ата-анасын сыйлап,құрметтеп үйренген бала өзге ата-аналарды да құрметтей біледі,қашанда үлкендер алдында өзін дұрыс ұстап,құрметпен қамқорлық таныта біледі.

Ата – анамен жүргізілетін жұмыс түрлері :

  • топішілік ата — аналар жиналысы

  • балабақшаішілік ата – аналар жиналысы

  • ата – аналармен жеке кездесу

  • ата – аналар үшін ашық есік күн

  • мерекелік кештерге шақыру

  • ата – аналарды тренинг ойындарға қатыстыру

  • отбасылық жарыстарға қатыстыру

  • ашық есік күні.

Отбасы алдындағы өте үлкен педагогикалық міндеттердің бірі жас ұрпақты жарқын сезімдерге нұрлы мақсат-мұраттарға ынталандыру.Жауапкершілік,достық,ар-намыс сезімдері отбасындағы тәрбиеден тарайды.Балаға ата-ананың тек өзі ғана емес,өздерінің өнегелі іс-әрекеттері үлкен әсер етпек.Сондықтан да сөз бен іс-әрекет қисындылығы зор тәрбие құралы екенін ұмытпауымыз қажет.Бала болашағына негіз салушы ата-ана. Сондықтан ата-аналар жас ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікті жүрекпен сезінейік.

 

 


 





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!