Материалдар / БАЛАБАҚША ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ШЕБЕР-СЫНЫП «Ертегі терапиясы арқылы балалардың креативті ойлауын қалыптастыру»
Аттестацияға арналған Педагогтердің портфолиосын бағалау парағы
ДАЙЫН МАТЕРИАЛДАРДЫ ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ!
Жүктеп алу
МАТЕРИАЛДЫ ТЕГІН ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ!

БАЛАБАҚША ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ШЕБЕР-СЫНЫП «Ертегі терапиясы арқылы балалардың креативті ойлауын қалыптастыру»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілері мен әдіскерлеріне арналған шебер-сынып. (мастер-класс)
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Ақпан 2024
494
1 рет жүктелген
1500 ₸
Бүгін алсаңыз
+75 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +75 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Shape1 Аймақтық семинар


262 мектеп-гимназиясы жанындағы «Айгөлек» шағын орталығы







БАЛАБАҚША ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН

ШЕБЕР-СЫНЫП

«Ертегі терапиясы арқылы балалардың

креативті ойлауын қалыптастыру»






Дайындаған және өткізген:

әдіскер Қаныбетова Бибинұр





Арал қаласы, 2020

Шебер-сынып «Ертегі терапиясы арқылы балалардың креативті ойлауын қалыптастыру»


Мақсаты: Ертегі терапиясы арқылы балалардың креативті ойлауын дамыту әдістемесін меңгеру және мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс тәжірибесінде пайдалану жолдарын насихаттау.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Үлгілік бағдарлама мазмұны бойынша ертегілер топтамасын жинақтау, суретті көрнекіліктер дайындау, ертегі терапиясы туралы ақпараттар жинау, Ертегі терапиясы туралы презентация дайындау, сиқырлы қалпақ, қызыл және көк түсті шеңберлер, Театр түрлерінен көрме дайындау.


Театр түрлерінен көрме және көрнекіліктер бұрышы шеберлік сыныбы басталмас бұрын дәлізде не зал бұрышында жасақталып тұрады.


Шеберлік сыныбының жүру барысы:

Құрметті әріптестер! Бүгінгі шарамызға қош келдіңіздер. Сіздердің назарларыңызға өз тәжірибемнен «Ертегі терапиясы арқылы балалардың креативтілігін ойлауын қалыптастыру» тақырыбында шеберлік сыныбын ұсынғым келеді.

Сіздер, ертегі терапиясы дегенді қалай түсінесіздер? Бұл терапия қалай жүзеге асуы мүмкін? Сіз қалай қолданар едіңіз?

Бүгінгі шеберлік сыныбы тақырыбының өзектілігі сол, ертегілер – балалардың күнделікті өмірінің табиғи құрауышы болып табылады.

Ертегітерапиясы – бұл ертегі арқылы бала тұлғасына психологиялық ықпал ету әдісі, баланың бойындағы мінез-құлық өзгерістерін түзетуге, балалар арасындағы дау-дамайды шешуге және тұлғаны дамытуға көмектеседі.

Терапия – емдеу, түзету деген сөзден шыққан. Олай болса, ертегі арқылы баланың жан дүниесін қалай емдейміз, оның мінез-құлқын қалай түзейміз, оған жақсы тәрбиені қалай бере аламыз деген сұрақтарға жауап беріп көрейік.

Ертегі өзінің табиғаты жағынан ойынға туыстас келеді: ол бізді ойлап табу атмосферасына енгізеді. Ертегі арқылы біз балалық шағымызда ана тілімізді шираттық, оның әсемдігін, мәнерлілігін таныдық.

Ертегі арқылы біз өз халқымыздың мәдени және тарихи тәжірибесімен танысамыз, көне замандағы халқымыздың тұрмысы туралы алғашқы түсініктер аламыз.

Ертегін нақты мәселені шешу тәсілі ретінде де қолдануға болады.

Ертегі тілі адамдарды жақындастыра түседі, жақсылыққа тәрбиелейді. Ертегі адамдардың шығармашылық күш қуатын оятады.

Ертегімен таныстыру, оны оқып беру немесе сахналау әрекеті мен ертегітерапиясының қандай айырмашылығы бар?

Ертегіні оқыту әдістемесінде дәл сол ертегі желісін, кейіпкерлердің әрекетін сомдау арқылы жақсы мен жаманды айыруға, кейіпкерлердің әрекетін салыстырып, бағалауға тәрбиелеуді көздейміз.

Ертегітерапиясы – бұл ертегі желісі мен бүгінгі шынайы өмір арасындағы байланысты орнату процессі. Бұл ертегінің мән-мағынасын шынайы өмірмен байланыстыру процессі.

Бала ертегі әлеміне ене отырып, көптеген ертегі кейіпкерлерімен өзара әрекеттеседі, дәл өмірдегідей алдарында тұрған мәселені шешу жолдарын іздестіреді.

Балалар үшін ертегі қандай да бір ғажайыптармен байланысты, ал сол ғажайып сәттерге енудің өзі керемет. Балалар өздерінің сүйкімді кейіпкерлерінің бейнесіне еліктейді, соған ұқсауға тырысады, қиялдайды, өз ой пікірлерін айтып үйренеді, мінез-құлқын түзейді, адамгершілік қасиеттері тәрбиеленеді.

Ертегі терапиясын ұйымдастырудың өзіндік құрылымы болады:

1. Амандасу. ҰОҚ немесе ойын әрекетіне эмоционалды көңіл күй туғызу және оған қызығушылығын ояту мақсатында қандай да бір кедергілерден өту арқылы ертегі әлеміне ену.

2. Тілдік-қимылдық жаттығу.

3. Негізгі бөлім ертегі тапсырмаларынан, ертегі кейіпкерлерімен ойын-сұхбат жүргізуден, ойын-драматизациядан, жұмбақ ойындардан, релаксациясы бар шағын қойылымдардан тұрады.

4. Қоштасу, рефлексия, ертегі әлемінен шығу.


Ендеше, әріптестер, сіздермен бірге Ертегі терапиясын қарастырайық.


Құрметті әріптестер, мен сіздерге бір сәтке өздеріңізді бала деп сезініп, ертегі саяхат жасауға шақырамын.

1. Амандасу.

Біздің әрқайсымыздың есіміміз бар. Оны бізге дүниеге келгеннен кейін ата-аналарымыз атап қойған. Менің есімім.... Ал сіздің есіміңіз?

Сізді еркелетіп қалай атауға болады?

2. Ертегі әлеміне ену.

Қанекей, бәріміз көзімізді жұмайық, біз сіздермен бірге сиқырлы құдықтың қасында тұрмыз деп елестетейік. Бұл ертегідегі сиқырлы құдық екенін ұмытпаңыздар, олай болса шелегімізге жіп байлап құдыққа жіберсек, ертегілер еліне тап боламыз. Сиқыр бізге ғажайып күш берді және барлығымызды ертегі кейіпкерлеріне айналдырып жіберді.

Сіз қай кейіпкерге айналып кеттіңіз? Ал сіз кім болдыңыз?

Біз ертегі патшалығына тап болдық.

Біз ертегі орманда келе жатырмыз, айнала тып-тыныш, жайлы, тек қар жылтырайды.

Күн әлі шықпаған, ағаштар ұйықтап жатыр, бізде ұйықтаймыз. Орман терең, жай, баяу тыныс алады (көздеріңді алақандарымен жабыңдар да, орманның қалай тыныс алатынын көрсетіңдер)«Тыңңң», - алғашқы күн сәулесі көзін ашып, ақшақардың маңдайынан сипады. (сипау)

Ақшақарлар алдымен бір көзін, содан соң екінші көзін ашты, төмен, оңға, жоғары қарады. Күн сәулесіне қарай алмай тыжырайды. Көздерін ашты да, күнге күлімдей қарады! Барлық ақшақарлар бір-біріне (көздерін оңға, солға қарату) қарады да, бірге «қайырлы таң!» деп амандасты

3. Ертегі тапсырма

Бейтаныс, танымайтын адамға «Сәлем!» деп айтуға бола ма?  (Жоқ.)

Дұрыс айтасыңдар, бұл әдепсіздік болар еді.

«Сәлем!» - деп достарыңа, құрбы-құрдастарыңа қарым-қатынас жасауға болады. Ал ендеше тағы қалай амандасуға болады? (жауаптар) Сіз амандасқанда өзіңізді қалай ұстауыңыз қажет? (күлімдеу, бас изеу, көзге қарау.)

Мен өз көршіме қол тигізіп, оған сәлем беремін, ол сәлемді әрі қарай жалғайды. Осы сәлемдеме маған қайтып айналып келгенге дейін шеңбер бойымен жалғастырасыздар.

(барлық қатысушылар шеңбер бойымен не бір қатар бойымен бір бағытқа қарап тұрады. Бірінші ойыншы алдында тұрған адамның иығынан ұстап белгі береді, ол адам артқа бұрылып, амандасу тапсырмасын қабылдайды да, кері алға қарап тұрады. Осылайша ол да алдыңғы адамға тапсырманы қалай қабылдаса, солай әрі қарай жолдайды. Ең соңғы ойыншы тапсырманы қабылдап алып, ең бірінші ойыншыға келіп көрген амандасу рәсімін көрсетеді)

Қазір тағы да көзімізді жұмамыз, алақанның ұрылған дыбысын естігенде саяхат жалғасады. Біз сіздермен ертегілер елінде одан әрі жүре береміз.

- Кәнекей, ертегілерді есімізге түсірейікші, кейіпкерлер қалай амандасады?

Ойын «Менің әрекетім»

- «Әркім түрлі жақсы да, жаман да әрекет жасайды.

- Ертегі кейіпкерлері қандай жақсы әрекеттер жасады?

- Қандай жаман әрекеттер жасады?

- Менің қолымда қызыл және көк шеңберлер бар. Мен осы шеңберлерді алақандарыңызға саламын, алақанды ашамыз. Егер сізге көк түсті шеңбер түскен болса, онда сіз кейіпкерлердің жаман әрекетін еске түсіріп, сыбырлап қана атайсыз; егер сізге қызыл түс түскен болса, онда өздеріңіздің жақсы істеріңіз туралы даусыңызды шығарып, айтып бересіз.

- Қандай әрекетті айтқан жеңіл? Неліктен?

- Қандай әрекет айналаңыздағы жақын адамдарға қуаныш сыйлайды?

- Қандай әрекет ренжітеді?

- Егер сіз жаман әрекет жасап, біреуді өкпелеткеніңізді не ренжіткеніңізді түсіндіңіз делік, сіздің жан дүниеңіз жақсы, жайлы бола ма?

- Кәнекей барлық жаман әрекеттерді себетке салайық та, енді жаман әрекет жасамауға тырысайық. Демек, ертегі кейіпкерлері ғана емес, өмірдегі адамдарға да Сізге адамдар жақсы көзқараспен қарасын десеңіз, сіз де адамдарға дұрыс қараңыз.

- барлық оқиғалар, ертегіде болсын, шынайы өмірде болсын жақсы аяқталады, егер адам шыдамды, мейірімді, қамқор, өзгелердің не қалайтынын түсінетін болса және текке мақсанбаса бәрі-бәрі жақсы аяқталады.

Релаксациялық жаттығу «Сиқырлы қалпақ» (Шапка- невидимка»)

Заманауи Маша мен аю ертегісіндегі Маша қыз өзінің сиқырлы қалпағын ұмытып кетіпті. Мен қазір кімге осы қалпақты кигіземін, сол адамды ешкім көрмейді. Сіз қалпақты киген сәтте кез келген қимыл жасай аласыз, жүгіру, секіру, билеу, айналу, орындыққа отыру т.т.б. (музыка қою керек) Тек қауіпсіздікті де ұмытпаңыздар. Менің алақаным ұрылған сәтте ғажайып та аяқталады, сіздер тоқталасыздар.

Пластиллинография әдісі (тәжірибе жасау)

Ал енді ертегітерапиясының жаңа нұсқасымен таныстырғым келеді. Қазір сіздердің алдарыңызға ертегі кейіпкерлерінің макеттері мен пластиллин беріледі. Осы макеттерден өзіңіз бір ертегі желісінен үзінді суретті пластиллин арқылы жасап көріңіз. Қандай ертегі желісі шыққанын әріптестеріңіз тауып атап беруі қажет , болмаса, өз шығармашылығыңыздан туындағын пластиллинографияны таныстырып өтіңіз.

Бұл әдістің пайдасы қандай?

Балалардың креативті қабілеттерін ашады, қол моторикасын дамытады, сөйлеуге үйретеді, демек, пайдасы зор.

Мейірімділік баспалдағы»

Кәне, бәріміз алақанымызды біріктіріп қосайық.

«Бір-бірімізге, баршамызға қандай мейірімді, жақсы тілектер тілеуге болады?

Мен сіздерге шығармашылық жетістіктер тілеймін, сіздерде әрқашанда жақсы көңіл-күй болсын, жүздеріңізден күлкі кетпесін!

Ал енді жайлап біздің мейірімділік баспалдағымызды тербетейік те, менімен бірге қайталайық: «Біздің тілегімізді барлығы да естісін және бар тілегіміз орындалсын!» (баспалдақ тарқатылып жіберіледі)

Осымен біздің де ертегіміз аяқталды.

4. Ертегіден шығу.

Көзімізді жұмайық, ертегіші атай, біздің қолымыздан ұстап, бізді қақпадан шығарып салды, біз топқа ораламыз.

«Рефлексия» Эмоциямен бөлісу.

Егер сіздерге бүгінгі ертегі терапиясы ұнаса қызыл, ұнамаса көк дөңгелекшелерді себетке саламыз.

Назарларыңызға рахмет! Ынтымақтаса жұмыс жасағандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!