Материалдар / Балабақша туралы жалпы түсінік
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Балабақша туралы жалпы түсінік

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша туралы жалпы түсінік. Балбақшаға арналған. Балабақша әдіс жинақтар. Балбақша арналған жалпы әдімтемелер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Сәуір 2022
396
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

















КУРСТЫҚ ЖҰМЫС







Тақырып: «Бала санасындағы ұлттық салт-дәстүрді қалыптастырудағы ойындардың рөлі»











Орындаған: Қадылбекова Елдана

Мамандық: Мектепке дейінгі тәрбие.

Дене тәрбиесін қалыптастыру

әдістемесі пәні

Біліктілік:

Топ:

Тексерген: Мамитекова А.С.

___________________________

(қолы)









2021 жыл

Мазмұны




Кіріспе

3 бет

1

Теориялық бөлім

6 бет

1.1

Ойын туралы түсінік

6 бет

1.2

Ұлттық ойын түрлері

8 бет

1.3

Бала тәрбиелеудегі ойынның атқаратын қызметі

16 бет

2

Мектепке дейінгі ұйымдарда бала тәрбиелеуде ұлттық ойындардың маңызы

19 бет

2.1

Ұлттық ойындардың ерекшеліктері

19 бет

2.2

Ойын технологияларының маңыздылығы

22 бет

3

Практикалық бөлім

28 бет

Қорытынды

33 бет

Қолданылған әдебиеттер тізімі

35 бет






























Кіріспе


Зерттеу өзектілігі: Еліміздің болашағы білімді ұрпақ. Білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру қазіргі таңда біз ұстаздардың басты міндетіміз. «Жаңа Қазақстан, жаңашыл ұстаз, жаңа ұрпақ» - бұл білім беру жүйесіндегі бәсекеге қабілетті маман даярлау, білім кеңістігіндегі мәдениет пен өнердің заманауи дамуының негізі.

Н. Ә. Назарбаевтың жолдауында «Біз бүкіл елімізде стандарттар деңгейіне сапалы білім беру қызметінде қол жеткізуге тиіспіз» деген болатын. Сондықтан да бүгінгі өскелең уақыт талабына сай білім беруді одан әрі жетілдіру мәселесі толассыз, үздіксіз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге қатар жүрері анық. Ойын баланың кез-келген пәнге қызығушылығын оятып, болжау қабілетін дамытады. Баланы жас кезінен бастап жақсы мінез-құлыққа, әсіресе мейірімділікке, инабаттылыққа, жасу үлкенді және бірін-бірі сыйлауға үйрету ата-аналар, ұстаздар мен тәрбиешінің бірден-бір қасиетті міндеті.

Бүгінгі ұстаздардың ең басты негізгі міндеті – оқушыларды біліммен қаруландыра отырып, ойлауға, ізденуге, еңбек ете білуге үйрету, тәрбиелеу, баланың тұлға болып қалыптасуын қамтамасыз ету. Елбасымыздың «Заманымыз - мәдениет заманы, ал мәдениетке білім жеткізеді. Білім алудың ішінде ең төтесі – жақсы мектеп, білімді мұғалім», - деген. Мұғалім - әмбебап, білімдар, салауатты маман иесі. Ұлағатты ұстаз ең алдымен шәкіртіне өмірді, білімді үйретуші. Шәкірт – ұстазының ұлағатты іс-әрекетін үйреніп одан білім алушы, жаны жақын, ой-мақсаты біртұтас, өсіп өркендеуші өрені.

Мұғалімнің ең басты назарда ұстайтын мәселесі - ұлттың тілін, мәдениетін, өнерін, тарихын, әдет-ғұрыпын, салт-санасын, дәстүрін оқушылар санасына сіңіріп, жас ұрпаққа лайықты тәрбие беру, олардың бойына имандылық пен ізгілік қасиеттерін кеңінен дарыту жолында оқу-тәрбие жұмысында халықтық педагогика элементтерін жүзеге асыру.

Ең бастысы ата-бабадан қалған өнер мен өнеге, үлгілерінің лайықтыларын баланың сана сезіміне құйып көзіне көрсете отырып, ойын арқылы бойына сіңіріп, оларды әдептілікке, мейірімділікке ізеттілікке, туысқандық пен бауырмалдыққа, үлкенге – құрмет, кішіге – қамқорлыққа баулып адамды қажеттерді ұғындыру, қалыптастыру.

Ұлттық ойын ойнатудың негізгі мақсаты:

  • балалардың денсаулығын нығайту;

  • денені шынықтыру;

  • мәдениетін қалыптастыру;

  • өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру.

Ойынды ойнату мен үйретудің міндеттері:

-қажетті дене қозғалыс дағдыларын, танымдық-қозғалыс белсенділігін арттыру;

-қалыптастыратын дене жаттығуларының негізгі түрлерімен балаларды таныстыру;

-денсаулықты нығайтуға бағытталған қозғалыс әрекеттерімен дене жаттығуларының негізгі түрлерін балаларға меңгерту;

-қызығушылығын қалыптастырып дамыту.

«Балалар бақшасында тәрбие бағдарламасында» ойынның күн режимінде бекітілген уақыты көрсетілген. Сол уақыт қатаң сақталуға тиіс. Ойынды балалармен жүргізілетін жұмыстың басқа да бір формасымен ауыстыруға болмайды.

Таңертеңгі тамақ пен сабақ арасында (8-10 минут) балалар әдетте басталған ойынды жалғастырады немесе ойыншықтармен үстел үстіндегі ойындармен ойнайды.

Ересек балалар үшін бағдарлама оқу аралығындағы ойындар көзделген.

1 жастан 7 жасқа дейінгі баланы халқымыз «нәресте» немесе «ойын баласы» деп атаған. Халық неше алуан ойынды туғызып, оны іс жүзінде қолданып оның тәрбиелік, білімділік жақтарын көре білген. «Бала ойынмен өседі» деген өмірлік қорытынды жасап, оны өздерінің бала тәрбиесіне тиек еткен.

Белгілі педагог А.С.Макаренко баланың ойын үстінде түрлі таным түсініктері, қасиеттері дамып, қабілеті мен белсенділігі артатынын атап көрсеткен. Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе.

«Балалармен ойнайды,

Ойнап жүріп ол бала,

Кеудеде ақыл ойлайды» - деген өлең жолдары да осының дәлелі. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштасады.

Ойынды ойнау барысында балалардың жас ерекшілігі ескеріледі. Әр түрлі ойынның өтілу барысында, оның ережесін сақтап, яғни 3 кезеңнен тұратынын ескеруіміз керек:

  • ойынды өткізер алдындағы дайындық жұмыс;

  • ойынның басталуы мен ойналу барысы;

  • ойынның аяқталуы.

Зерттеу мақсаты: ойындар үйретуде балалардың жан-жақты қабілеттерінің даму барысын зерттеу.

Зерттеу міндеті: мектепке дейінгі мекемелерде ойындарды үйрету арқылы өз Отанын, елін, жерін сүйетін, жан-жақты қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеу. Мектепке дейінгі мекемеде балаларға ойындар үйретудің әдістері мен тәсілдерін меңгерту. Оқу-тәрбие жұмысында ойындарды қолдана білудің маңызы туралы түсінік беру. Балаларға ұлттық тәрбие беруде қолданылатын ойынның түрлері мен маңызын зерттеу.

Зерттеу мәселесі: мектепке дейінгі балаларға ойындар үйретудің ұлттық тәрбиелік маңызын және ойынның бала өміріндегі рөлін ашып көрсету.

Зерттеу болжамы: қазақ халқында «баланы ойын өсіреді» деген даналық сөз бар. Ойын балалар өмірінің нәрі. Сондықтан оқу, тәрбие ісінде ойындарды қолданса, баланың дүниетанымы қалыптасып, қиялы шыңдалып, зейіні қалыптаса отырып, ойлау қабілетінің дамуы жақсарады деген болжам бар.

Зерттеу пәні: мектепке дейінгі мекемеде ойындар үйретудің балалар өміріндегі рөлі.

Зерттеу объектісі: мектепке дейінгі кішкентай, орта, ересек балалары.






























  1. Теориялық бөлім


    1. Ойын туралы түсінік


ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры болғандықтан, бүгінгі таңда заманымызға сай дені сау, ой өрісі жоғары, жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Бала денсаулығының мықты болып,қозғалыс,дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады.

В.А.Сухомлинский сөзiмен айтқанда: Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе iспеттi, ол арқылы баланың рухани сезiмi жасампаз өмipмен ұштасып, өзiн қоршаған дүние туралы түciнiк алады.

Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанған оты. Міне, ойын дегеніміз – тынысын кең алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялмен қанат беретін осындай ғажап нәрсе ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.

Ойын – дүниеге қарай бағытталған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады.

Мектеп жасына дейінгі жас ұрпақтың қалыптасуына әсер ететін фактордың бірі, дәстүрлі мәдениетіміздің бір бағыты халықтың ұлттық ойындары. Ата – бабамыз ойынды тек баланы алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, ол халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы, баланың көзқарасы, мінез-құлқын қалыптастырып, бір жүйеге келтіретін тәрбие құралы деп санаған.

Ұлттық ойындар – қазақ халқының ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауықтардың бір түрі. Оның бастауы алғашқы қауымдық қоғамда шыққан. Ұлттық ойындар негізінде әр халық түрлі-түрлі жаттығулар жасау жолымен дене шынықтыру ісінің негізін салды. Бертін келе шынайы спорт ойындарының шығуына түрткі болды. Оның адам денсаулығына жақсартуда пайдасы аса күшті екені белгілі.

Ұлттық ойындар – ата-бабаларымыздан бізге байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан, үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор.

М.О.Әуезов біздің халқымыз өмір кешкен ұзақ жылдарында, өздері қызықтаған алуан өнері бар, «Ойын» көңіл көтеру, жұрттың көзін қуанту, көңіл шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше мағыналары болғанын айтады.Бұл пікірдің өзі өмір сүрген ортаның шындығынан туындаса керек. Қазақтың тарихи көне жылдарының эпостары мен лироэпостарының қай-қайсысын алып қарасақ та, оның өн бойына халықтың ұлттық ойындарының, әдет-ғұрыптары салттарының алуан түрлерін кездестіреміз. Негізгі кейіпкерлері – баланың ел қорғаушы батыр, жауынгер, халық қайраткері ойын үстінде көрінеді, сол ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі.

Ойын – бала әрекетінің негізгі түрі. Оқушы үшін ойын - өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс - әрекеттерін, қарым-қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсіне біледі, адамгершілік нормаларын игереді, әлеуметтік рольдер атқарады. Ойын балалардың жас ерекшелігін ескере отырып, ұйымдастырылып, ұлттық дәстүр, әдет-ғұрып, өнер, мәдениет жайында оқушыға әр алуан мағлұматтар беруге бейімделген. Ондағы іс - әрекет халықтық педагогиканың элементтерін пайдаланып, тәрбие беріп отыруы керек. Және де келтірілген ойын мазмұны жыл мезгілдеріне, ұлттық мерекелерге мүмкіндігінше сәйкестендірілген, басқа пәндермен байланыстырылған, тілі мен дүниетанымын арттыруға мүмкіндік туғызатындай сипатта болуы керек. Сондай-ақ , логикалық ойлау қабілетін дамытатын арнайы жаттығуларды ұйымдастыру да оқушылардың байқампаздығын, зеректігін, қабілетін, сабаққа деген қызығушылығын, ынтасы мен ықыласын арттыруға көмектеседі. Сабақта қолданылған ойын кезінде бала қандай болса, өскеннен кейінде, көбінесе сондай болады. Сондықтан келешекте адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы болады.

Ойынды ойнату мен үйретудің мақсаты:

ұлттық ойындар дене шынықтыру оқу қызметтерінде кең қолдана отырып, балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін, мүмкіндіктерін арттыру;

қазақ халқының ерлік-жауынгерлік тарихын ұрпаққа ерліктің өшпес үлгісін қалдырған хас батырлардың өмір өнегесімен таныстыру, өз жерін, өз елін қорғай алатын ел жанды, ұлттық намысы мол жігерлі бүлдіршіндерді тәрбиелеу;

жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп өзін-өзі тәрбиелеуге дағдыландыру.














    1. Ұлттық ойын түрлері


Ойын балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылыстарын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділікпен тапқырлықтарын дамытады.

Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті-рөльді, драматизациялық, дидактикалық құрылыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді.

Дидактикалық ойындар баланың ақыл-ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады. Тіпті нашар оқитын балалардың өздері де ойын элементтері араласқан сабаққа зор ынтамен,жігерімен араласатыны анық. 

Ұлттық қазақ ойындары: «Қыз қуу», «Орамал тастау, «Асықтар», «Бәйге» ойындары. Бала өмірінің кезеңі ойын арқылы жетіледі. Ойындар әр топта жас ерекшелігіне сай жүргізіледі. Мен өз тәжірибемде ойындарды көп қолданамын. Сабақ барысында да, күннің жартысында да жүргіземін. Мектепте балалар табысты, жақсы оқу үшін баланың тілдік функциялары толық дамыған болуы керек. Баланың тілін жетілдіру үшін оны әңгімеге тарта отырып, баланың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтырып, түсінігін молайту қажет. Баланың тілін дамытуда ойын түрлерін жүргізу арқылы, ойын шарттарын айта отырып та байытуға балады. Мысалы: «Қуыршаққа қонаққа бару»,«Қуыршақты киіндіреміз» деген секілді ойын түрлерін қолдануға болады. Әсіресе дидактикалық ойындарды тіл дамыту сабақтарында пайдаланудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сабақты бекіту, баланың шығармашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін ойындар сабақтың тақырыбына, мазмұнына сай таңдап аламын. Мысалы: «Телефон» ойынында диалогтық сөйлеудегі әңгіменің мақсаты – бір нәрсе жайында саралап, баланың оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып табылады.

Қимыл ойындары – балаға дене тәрбиесін беру құралы. Балалардың жүгіру, лақтыру, қағып алу қабілеттерін жетілдіруге, дамытуға мүмкіндік береді. Қимыл ойындары баланың жүйке қалыптасуына зор ықпал етеді. Қимыл ойынында ережелер ұйымдастырушы рөль атқарады, олар ойынның барысын, жүйелілігін, ойнаушылардың қарым – қатынасын, баланың мінез-құлқын белгілейді.Балалар ойынды игерген соң өздігінен ойнай алады. Ойын балаларға сабақта өте қажет, тіпті бала жай дем алып отырғанның өзінде де ойын үстінде болады. Қимылды ойындар баланың барлық жас кезеңінде өтеді. 

Рөлдік ойындар мектепке дейінгі балалар өмірінде елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақ та, қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті – рөлді ойындар бейнелеу құралы рөль мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады. Мысалы «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы сатып алушының әрекеттеріне еліктейді. «Шаштараз», «Отбасы» ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға төселдендіруге болады. Педагог өтілген ойынға талдау жасап, оның балаларға тигізген тәрбиелік ықпалы бағалауға, өз тобындағы сюжетті-рөльді ойындарының одан әрі басшылық ету тәсілдерін ойластыруға тиіс. 

Қойылымдық ойындарда рольдер, ойын әрекеттері қандай шығарманың, ертегінің т.б. Сюжеті мен мазмұны шарттас болады. Ол сюжетті-рөльді ойынға ұқсас. Барлық балалар ертегіні жақсы көреді, ертегі айтып берсең бар ынтасымен тындайды. Ертегі балалардың ой-қиялын, сөздік қорын дамытады. Құрылымдық ойындар- балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан түрі құбылыстарды және соларға байланысты іс-әректтерді бейнелеу болып табылады. Құрлыс ойыны бір жағынан сюжетті-рөлді ойнауға ұқсас келеді. Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиондар, темір жолдар, театрлар, цирктер т.б. ірі құрлыстар салады. 

Дидактикалық ойындар кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады, оның арғы тегі ойынды өлең мен қимылмен ұштастыру негізінде көп нерсені үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасына жатыр. Мысалы: «Сиқырлы қалпақтың сырын ашайық»- деген ойынды ересек топтарда тәрбиеші балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қояды. Ойын міндеті-қалпақтың астында не бар екенін білу. Дидактикалық ойындар айналамен танысу сабағында, көркем әдебиет, тіл дамыту сабақтарында жиі қолдануға болады. Бала тәрбиесі қиын да, жауапты міндет. Ұрпақ тәрбиесі қоғамнан тыс, оқшау тұрған емес. Ол қоғамның, заманың бағыт-бағдармен, тыныс-тіршілігімен бірге жүріп отырады. Осы орайда кез-келген бүлдіршін үшін бала тәрбиесі ата-анасына берілген тәлім-тәрбиені одан әрі жалғап, жандыратыны сөзсіз. 

Ұлттық ойындардың мектеп жасына дейінгі балаларға лайықтары «Көкпар», «Орамал алу», «Тақия жасыру», «Алтын қақпа», «Ақ серек-Көк серек», «Айгөлек», «Ақ сандық – Көк сандық», «Ақ сүйек» баланың көзін жұмғызып алаңдағы ағаш ішіне сүйекті лақтырып жіберіп, іздеу т.б. ойындар ойнату арқылы баланы тапқырлыққа, жылдамдыққа, шапшаңдыққа, икемділікке, батылдылыққа үйрету іске асырылады. Яғни, таңертеңгі қабылдау кезінен кешке баланың үйге қайтуына дейінгі уақыт аралығындағы күн тәртібіне сәйкес дене тәрбиесі күні бойғы тәрбие түрлерімен біртұтас сабақтас жүргізіледі. Сондықтан да, бағдарлама бойынша арнайы өтілетін тақырыптық тәрбие сәттерінің арасында әуелі дене сергіту, жұмыс соңында ырғақты қимыл-қозғалыс ойындарын өткізу көзделеді.

Бір ғажабы ойындар балалардың жан сұлулығында, тән сұлулығында жан-жақты жетілдіруге бағытталған. Өзгені былай қойғанда жан-жануарлар қалай дыбыстайды, қалай іс-әрекеттер жасайды, оларды тілімізде қалай айтады дейтін танымдық, тілдің маңызы зор мәселелерді «Қалай айтуды білесің?» ойынның өзі балалардың құлағына құйып береді.

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!