Материалдар / Балабақшада, Ашық сабақ Тақырыбы: "Балалардың әлеуметтік -эмоционалды дағдыларын ойын әрекеті арқылы қалыптастыру"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Балабақшада, Ашық сабақ Тақырыбы: "Балалардың әлеуметтік -эмоционалды дағдыларын ойын әрекеті арқылы қалыптастыру"

Материал туралы қысқаша түсінік
№23 "Алтын бесік" балабақшасында 27.03.2024ж қалалық семинарда әдіскер: Бохай Розаның жетекшілігімен өткізілген ұйымдастырылған іс әрекет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Сәуір 2024
297
1 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТ

23 «Алтын бесік» балабақшасы әдіскер: Бохай Р

ТАҚЫРЫБЫ: «АЛТЫН САҚА»

ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТТІҢ МАҚСАТЫ:

Балаларды ұлттық құндылыққа баулу арқылы зияткерлік қабілеттерін дамыту. Ертегі желісі арқылы әлеуметтік эмоцияналдық қызығушылығын қалыптастыру.

СӨЗДІК ЖҰМЫС: Түскиіз, т.б жаңа сөздерді жазасың

ӘДІС-ТӘСІЛДЕР: Аудиожазбаны тыңдау, шаттық шеңбері, көркем сөз, ертегі оқу, сергіту сәті, суреттер бойынша әңгімелесу үлгісі, дидактикалық ойын,түскиізге оюларды түймелеу арқылы орналастыру, асық ату, өткен ҰІӘ пысықтау, балалардың іс-әрекетін бағалау.

ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР :

1. Зал ертегі желісімен безендірілген. Көрнекілік материалдар. Көңілді әуен жазбасы. Баннер, Ырғақты, темпі орташа әуенжазбасы. ертегісінің кейіпкерлерінің суреттері. Ертегі кейіпкерлеріне қатысты көрнекілік суреттері: асықтар, д/о тапсырмалар суреттері. Суреттер бойынша әңгімелесудің көрнекілік кестесі.

2. Үлестірмелі материалдар.

Ақ қағаз бен түрлі-түсті қарындаштар.

ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТТІҢ БАРЫСЫ :

КІРІСПЕ БӨЛІМ :

  1. Педагог:- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Көңіл күйлерің қалай?

Балалардың жауаптары. 

Жақсы көңіл күймен шаттық шеңберін құрайық. 

Шаттық шеңбері.

Армысың шапағатты Күн Ана!

Армысың қайырымды Аспан Ана»

Армысың мейірімді Жер Ана!

Құт дарыт,бар әлемді жарылқа.

Педагог: Қазір бізде қай мезгіл?

Көктем мезгілінде неше ай бар?

Атап беріңдерші.

Көктем мезгілінде ауа-райында қандай өзгерістер болады?

-Ой балалар қазір маған бір хабарлама келген сияқты қарап жіберейін. Хабарлама 112- ден келіпті бүгін ауа-райы біраз құбылмалы болады екен қатты жел соғады депті. Абайлап жүрейік.

Тосын сәт: Осы тұста желдің дауысы естіліп балалармен бірге айналып ертегілер еліне түсіп кетеміз.


2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Педагог: Балалар біз ертегілер еліне келіп қалған сияқтымыз.

Жылап отырған баланың дауысы естіледі.

Тәрбиеші: Тыңдаршы жылаған дауыс қайдан естіліп тұр?

Балалар :Анау жақтан

Тәрбиеші : Қанекей онда солай қарай жүрейік!

Алдымыздан түлкі шағады.

Тәрбиеші: Сәлеметсің бе, түлкі. Бізге бір дауыс естіледі, біздің ойымызша баланың дауысы сияқты, мүмкін көмегіміз қажет болар? Егер жолды білсең көмектесіп жіберші.

Түлкі: Жарайды көмектесейін тек бір шартым бар.

Балалар: Қандай шарт?

Түлкі: Менің қолымда екі түсті асық бар, егер осы асықтармен тапсырма орындай алсаңдар жолды көрсетемін.

Д/О «Дыбыстық талдау»

Мақсаты: Үш-төрт дыбыстан тұратын сөздерге дыбыстық талдау жасайды.

Тапсырма орындап болғаннан кейін қу түлкі айласына салып алдап

кеткенін байқайды.

Тәрбиеші: Балалар түлкі бізді алдап кеткен секілді, өзіміз ары қарай іздей берейік.

Балалар: Жарайды .

Қарға: Қарқ –қарқ сәлеметсіңдер ме, балақайлар сендерді Алтын сақа ертегісіне жел ұшырып алып келді ме ?

Тәрбиеші: Иа айнала қарауытып көзімізге шаң толып қалды.

Қарға: Олай болса қөзге жаттығу жасап алыңдар, Содан кейін жол көрсетіп жіберейін.

Көз жаттығу

Қарға көп немесе аз асықтар қалдырады.

1 ші нұсқа Тәрбиеші: Балалар қарға бізге асықтарды екіге бөліп тастап кетіпті, бір жағында көп бір жағында аз мұнымен қарға бізге не айтқысы келді екен?

Еее бұл қарғаның бізге берген тапсырмасы сияқты.

Қане балалар

Д/О «Көп және аз» тапсырмасын орындайық егер дұрыс орындай білсек жолын табармыз.

Мақсаты :




2 ші нұсқа Тәрбиеші: Балалар қарға бізге Д/О Асық қандай ? деген тапсырма берген екен орындап алдыға қарай жүре алады екенбіз. Дайынсыңдар ма? Олай болса шеңберді айнала тұрамыз әуен ырғагымен билейміз әуен тоқтағанда тоқтаймыз кім қай тұста тоқтады сол сұраққа жауап береді.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар бұл тапсырмадан да мүдірмей өттік енді жүрейік.

Қарлығаш: Жылдамтатып жетіңдер, Бәйтеректің басында отырған баланы Мыстан жерге құлатуға жақын қалды. Тез жету үшін: алдыға он қадам, солға 10 қадам жүрсеңдер жетесіңдер.

Мариям: Қалай дейді мен шатасып кеттім?

Тәрбиеші: Олай болса Кеңістікті бағдарлап алайық. Сонда барлығымыз дұрыс жолды табамыз.

Д/О Кейіпкерлерді орналастыр

Тәрбиеші:Мінекей келіп те жеттік.

Тәрбиеші:Шеше шеше қоя тұрыңыз!

Мыстан : сендер кімсіңдер қайдан келіп қалдыңдар? Ой кеште батыптыгой мына бәйтеректің түбін қазып бітем дегенше.

Кира: Шеше уақытты қайдан біліп отырсыз сізде сағат жоқ екен.

Мыстан: Сағат дейді ол не тағы?

Мен уақытты күнге қарап болжаймын ертеде солай жасаған.

Нурали: Қазір барлығы дамып кетті ғой күнге қарап ешкім уақыт болжамайды қазір уақыт білу үшін сағаттар шықты.

Мыстан : Сағат дейді қанекей көрсетші ол қандай құрал соншалықты?

Д\О Уақыт неше?

Мыстан: Жақсы зат екен менде үйреніп алдым.

Тәрбиеші: Шеше баланы жіберіңіз.

Мыстан: Жоқ жібере алмаймын маған оны байдың өзі бермекші.

Тәрбиеші :Шеше біздің қыздар сізге әдемелеп Түскиіз тоқып береді жибересіз бе?

Мыстан Түскиіз дейді мына қыздар ма, қалай тоқиды оны ?

«Түскиіз тоқу»

Тәрбиеші: Келіңіз жақын отырып бақылап көріңіз.

Мыстан: керемет. Бұның атын не дедіңдер ? Балалар:Түскиіз

Мыстан: Қандай өрнектермен өрнектелген?

Балалар: қошқар мүйіз. Т.б

Маған осы өнерлерің өте ұнады. Сендер білімді де ақылды балалар екенсіңдер, бірақ тағы да сендермен ойын ойнағым келіп тұр.


Мұғалім: Жақсы жақсы, балалар тапсырмадан қашпайды. Жақсы бір ойынымыз бар.





Мыстан: Сендер керемет білімді, ақылды балалар екенсіңдер. Енді мен мүлдем балаларға тимеймін. Мектепке дайын екенсіңдер. Маған ұнадыңдар.

баланы жіберейін. Сақаңды алда «Асық ату» ойна.

Бала: Рақмет достарым сендерге.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!