Материалдар / БАЛАБАҚШАДА БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛДЕРІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

БАЛАБАҚШАДА БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛДЕРІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
БАЛАБАҚШАДА БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛДЕРІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ БАЛАБАҚШАДА БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛДЕРІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ БАЛАБАҚШАДА БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛДЕРІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қазан 2021
353
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БАЛАБАҚШАДА БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛДЕРІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

Хасенова Назгул Жумабаевна

Екінші санатты тәрбиеші

Нұр - Сұлтан қ, №33 «Алтын дән» балабақшасы


Андатпа: Тіл - ұлт мәдениетінің қайнар көзі. Әр халықтың ұлттық дәстүрінің, сана сезімінің, сөйлеу, ойлау тәсілінің, мінез - құлқының, мәдениеті мен әдебиетінің айрықша белгілері тіл арқылы бейнеленеді, сондықтан баланы дұрыс сөйлеу білуге үйретудің маңызы зор. Балабақшада тәрбиелеу, оқыту жұмысында балалардың тілін, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті іс - әрекет кезінде тілдік қарым - қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән беріледі. Тіл дамытудың негізгі міндеттерінің бірі - балалармен сөздік жұмысын жүргізу.

Кілт сөздер: ұлт мәдениетінің қайнар көзі, театр ойыны, интерактивті тақта, сөздік жұмыс, театр, мултимедия.


Анотация: Язык - источник национальной культуры. Отличительные черты национальных традиций, сознания, речи, образа мышления, поведения, культуры и литературы каждого народа выражаются через язык, поэтому важно научить ребенка правильно говорить. В детском саду особое внимание уделяется развитию языка, словарного запаса детей, обучению их разговорной речи, обучению использованию выученных слов в повседневном общении. Одна из основных задач языкового развития - словарный запас с детьми.

Ключевые слова: источник национальной культуры, театральный спектакль, интерактивная доска, словарное произведение, театр, мультимедиа.


Abstract: Language is a source of national culture. The distinctive features of national traditions, consciousness, speech, way of thinking, behavior, culture and literature of each nation are expressed through language, therefore it is important to teach the child to speak correctly. In kindergarten, special attention is paid to the development of the language, vocabulary of children, teaching them to speak, teaching the use of learned words in everyday communication. One of the main tasks of language development is vocabulary with children.

Key words: source of national culture, theatrical performance, interactive whiteboard, dictionary work, theater, multimedia.


Мен балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр - түсін және пішінін ажырата білуге үйретемін. Баланың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын баланың шын тіршілігі. Тіл үйрету барысында әрбір оқу қызметінде ойын түрлерін және өзара сөйлеу үлгілерін қолданамын. Ойын арқылы баланың бойына адамгершілік қасиеттерін, өмірге құштарлығын қалыптастырамын.

Қазіргі заманда мектепке дейінгі баланың тілін дамыту үшін арналған тәсілдер өте көп. Солардың ішінде театр маңызды орын табады. Театр - ғажайып, сиқырлы әлем. Театр тәрбиешінің баламен, баланың құбылыстарымен өзара әрекетін ұйымдастырудың бір түрі. Театрландыру баланың танымдық белсенділігін көтереді. Бала қуанады, күледі, таңқалады, қайғырады, ойнайды, жаны ашиды, қоршаған ортаны таниды, жан - жақты дамиды, ой - өрісі, сөйлеу қабілеттері өрістейді.

Театрландыру баланың танымдық белсенділігін көтереді. Театр - балабақшада баланы мәдениетке, әдемілікті көруге, әдептілікке, үлкенді сыйлауға, жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуге, адалдыққа, шыншылдыққа, қайырымдылыққа тәрбиелейді. Театр беретін тәрбиесі өте көп. Театр алды қойылымдар баланың қоршаған орта әлемінің барлық құпияларымен образ арқылы, бояулар арқылы, үн, әуен, дыбыстар арқылы танысады. Қойылған сұрақтарға жауап іздейді. Ойланады, қорытынды жасап, талдай біледі. Ақыл - ойының дамуы мен тілдің дамуы тығыз байланыста болады. Кейіпкердің әр сөзі баланың сөздік қорының белсенділігін арттырады. Дыбыстың дұрыс айтылу мәдениетін қалыптастырады. Кейіпкер рөлі, оның сахнадағы дауыс ырғағы баланың сөйлеу түрінің дамуына әсер етеді. Жас бала тез еліктегіш, үлгі тұтатын заттың бейнелі жағына көңіл аударғыш келеді.

Кейіпкерлер күлсе, бірге күледі, қайғырса, бірге қайғырады, қызықты кезеңдерді ескертеді, сәтсіз кезеңіне жылайды, көмекке келуге әрқашанда дайын тұрады. Театр көрініс сабақтарында ертегі арқылы жүргізу адамгершілік мінез - құлықты қалыптастыруға ықпал етеді. Сапалы түрде сәлемдесуге баулу, достықа, ұйымшылдыққа тәрбиелеуге бейімдейді. Театр арқылы өткізілетін сабақтар көмегімен балаларға білім беріп қана қоймай, оларға қалай орындауды үйретеді. Балалар қызығушылықпен және ынтамен атқарады.

Театр ойыны бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Театрландырылған ойындар арқылы біз балаларды тәрбиелейміз. Тәрбиелеудің құндылығы да, бір жағынан, әр түрлі театрландырылған әрекеттер арқылы жүзеге асады.

Театрландыру ойындары баланың шаршағанын басып, бар мүмкіндігінше сергітеді, қарым - қатынасын, психикасының түрлі жақтарын түзетеді.

Балалар тілін дамытуда, олардың өмірге деген көркемдік көзқарастарын қалыптастыруда театрландырылған қойылымдар ерекше рөл атқарады. Балалар кейіпкерлерді ойнай отырып, олардың іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарын береді және ойын арқылы тілдерін дамыта отырып, адамгершілік жақсы қасиеттері қалыптасады. Сондықтан да, театр қойылымдары балабақша тәрбиеленушілері үшін маңызын еш уақытта жоймақ емес.

Picture 3 Picture 22

Саусақтардың көмегімен қандайда болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын саханалау болып табылады. Саусақ театры арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс қимылына қарап, бала қуанады шаттанады, сөз айтуға тырысады және өлеңде үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуда үйренеді.

Мен өз тәжірбиемде балалармен «Саусақ театры арқылы балалардың тілдерін дамыту» тақырыбында жоба жұмысын жасадым. Бұл жоба бойынша күнделікті уақытта біз балармен тақпақтар, санамақтар, жаңылтпаштар жаттадық. Және стенд кітапшалар қарастырдық. Онда ертегі желісі бойынша ертегіні әңгімелеп беруге үйрету қарастырылды.

Мектепке дейінгі мекемеде ертегі оқу ұйымдастырылған оқу қызметінде және одан тыс уақытта өтіледі. Оқу жұмысы баланың жас ерекшелігіне орай жоспарланады.

Мектепке дейінгі баланың тілін дамыту үшін арналған тәсілдердің тағы бір түрі интерактивті тақтаны пайдалану жатады.

Ұйымдастырылған оқу қызметінде интерактивті кешендерді пайдалану сапалы, қызықты және оңтайлы болып келеді. Электрондық мультимедиялық бағдарламаларды дәстүрлі оқыту және педагогикалық инновациялармен қатар, оқыту үрдісінде үнемі қолдану дайындығы әртүрлі деңгейдегі балаларды оқыту тиімділігін көтереді. Бірнеше технологиялардың  пайдаланудың әсері, оқыту нәтижесінін сапасын күшейтеді.

Электрондық жүйеде оқытуда мультимедияны пайдалану, балаларға ақпаратты беру жылдамдығын, оны түсінуді көтеріп ғана қоймай, сонымен қатар мынандай маңызды сапаларды интуиция, образдық ойлауын дамытады.
Мектепке дейінгі мекемеде интерактивті тақтаны пайдалану тәсілдері өте көп. Бұлар презентациялар, интерактивті оқыту бағдарламалары, графикалық, бағдарламалық орталықтарда жобалар құрастыру.

Бүгінгі таңда қолданылып жүрген педагогикалық технологиялардың әлементтерін оқу тәрбие үрдісінде пайдалана отырып, балалрдың ой өрісін, тіл байлықтарын дамытып, ізденімпаздыққа, білімді өздігінен меңгеруге жағдай жасап, білім мен тәрбиені балалардың өміріне ең қажетті біліктіліктерін жетілдірудемін.

Өзімнің тәжірибиемде балалармен интерактивті тақталарды қолдану арқылы ойындар өткіздім. Ойынның аты: «Құйрығын тап!». Ол ойында жануарлар және олардың құйрықтары шашыраңқы орналасқан. Балалар дене бөлшектерін басу арқылы қай жануардікі екенін табады. Егерде жануардың құйрығы дұрыс табылса ол барып орналасады, егер де қате болса қайта орнына келді. Балаларға өте қызықты болды. Сонымен қатар: «Жыл мезгілдері», «Түстерді сәйкестендір», «Ертегіні құрастыр» т.б басқа ойындар ойнатылды.

Қорыта келе айтатын болсам аталған театр мен инновациялық құралдар балабақшада  балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, әр сатыға балалардың қабылдау мүмкіндіктеріне сай пайдалануға болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді. Сондықтан олар затты қолмен ұстап, көзімен көргенді ұнатады. Осыған сәйкес, мектепке дейінгі балалардың оқу қызметтеріне көрнекілік, ойын технологиясын кеңінен қолданған жөн. 


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Мектепке дейінгі тәрбие. Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журналы., №5, 2018.

2. Бала мен балабақша. Республикалық педагогикалық журнал. №9 2017

3. Бала мен балабақша. Республикалық педагогикалық журнал. №5 2018

4. Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2008.





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!