Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
Балабақшада баланың тілін дамыту маңыздылығы
Материал туралы қысқаша түсінік
Тілдің қоғамдық, тәрбиелік қызметі ерекше екені мәлім. Өйткені, тіл – адамдардың бір – бірімен пікір алысып, қарым- қатынас жасайтын құралы. Тіл адам қоғамына тән. Ол қоғамдағы, еңбек процесіндегі қажеттіліктен, мұқтаждықтан келіп туған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
09 Ақпан 2019
686
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Балабақшада баланың тілін дамыту маңыздылығы» Тіл дамытудың оқу іс-әрекетінің конспекті «Шұбар тауық» ертегісі
Балалардың тілін дамытудағы мақсаты:– Балалардың ойлау, дұрыс сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту. Сөйлем құрап өз ойларын жеткізе білуге, қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету;– Сөздің жалпы ұғым беретін жағын меңгеруге көңіл бөліп ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізуін, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру;– Бала тілін орфоэпиялық дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу. Тілдің қоғамдық, тәрбиелік қызметі ерекше екені мәлім. Өйткені, тіл – адамдардың бір – бірімен пікір алысып, қарым- қатынас жасайтын құралы. Тіл адам қоғамына тән. Ол қоғамдағы, еңбек процесіндегі қажеттіліктен, мұқтаждықтан келіп туған.Тіл – ұлт ерекшеліктерінің бірі, ұлт мәдениетінің бір формасы, тілде әрбір халықтың ұлттық дәстүрінің, сана сезімін, ойлау тәсілінің, мінез – құлқының белгілері бейнеледі.Тіл мәдениетін меңгеру – адамның сәби шағынан іске асатын, келе – келе біртіндеп жетіліотыратын нәрсе. Олай болса, тілді ұстарту отбасында, қоғамдық мекемелерде, мектепке жүйелі жүргізілетін тәрбие процесінде іске асады.«Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасында»:«Баланы сөйлеуге үйрету, тілін дамыту мәселесі барлық сабақта жүзеге асырылады, бағдарламаның ең көлемді бөлімі ана тілі және айналадағы дүниемен таныстыру», -делінеді.Бағдарламаның осы бөлімінде тілдің қоғамдық рөлі, лексикалық қоры, оны дамыту, тіл тазалығы, сөздің дыбыстық құрамын меңгерту, мәнерлі сөйлеуге үйрету, тіл мәдениетіне, көркем сөз өнеріне баулумәселелері қарастырылған. Аз сөзбен көп мағына беретін мақал, мәтел, аңызертегілер, эпостық шығармалар ғасырлар бойы ауыздан ауызға жатталып, жинақтала келе бүгінгі ұрпақтың рухани азығына айналып отыр. Бала тілін ұстартуда бұл халық қазынасы – ауыз әдебиетінің орны ерекше.Қазақ балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсарин де балаларды оқыту – тәрбиелеу ісінде ауыз әдебиеті шығармашылығының маңызды орын алатынын айта келіп: «Өмірге қажетті ауызекі сөйлеу дағдыларына жаттықпайынша, қай – қай тілде болса да еркін, жүйелі сөйлеу мүмкін емес», -деген болатын.Мектепке дейінгі педагогиканың теориялық және практикалық мақсаты – жас ұрпақтың ой – өрісін, сана сезімін кеңейте отырып, өмірге қажетті білім – дағдыларға үйрету. Сол себепті педагогика мен «Балаларбақшасындағы тәрбие бағдарламасында» сәбидің тілін дамыту, ауызекі сөйлеуге үйрету, үйренгенін күнделікті өмірде пайдалана білуге жаттықтырып отыру ісіне назар аударады. Өйткені, баланың айналадағы өмірді танып, білудегі басты жәрдемшісі – тіл болып табылады. Ал тілдің дамуы оның сана – сезімін, ой –өрісін жетіле түсуіне негіз болады. Сөйлеу тілі мен сөздік қоры молая бастаған сайын бала айналадағы адамдармен, құрбылас балалармен белсенді түрде сөздік қарым -қатынас жасайды. Өмірдегі түрлі іс – әрекет жайын білуге құмарта түседі. Өзі түсінген түрлі жайттар туралы әңгімелейтін болады. Баланың өмірлік тәжірибесін дамыту, айналадағы дүниеден алған әсерін әрі қарай кеңейте отырып, бір арнаға түсіру балабақшада арнайы дүниеден алған әсерін әрі қарай кеңейте отырып, бір арнаға түсіру балабқшада арнайы өтетін сабақ, ойын, еңбек процестерінде тәрбиешінің басшылығымен іске асады. Балаға бағдарламалық материал негізінде білім беруге басаназар аудару қажет. Оқу жылында жоспар жасағанда баланың жақсы сөйлей білуін бағдарлау, сөздік қорын дамыту, ой – өрісін кеңейту жұмысында өте мұқият қарау қажет. Ол үшін әр тәрбиеші, әрбір бақша меңгерушісі бағдарламада берілген материалдарды ыждағатықпен оқып, үйренуі керек. Осыдан соң тәрбиеші қандай тақырыпты қай кезде, қалай, қандай мақсатта, қай сабақпен байланыстыра өткізу керектігін анықтай отырып, әр сабаққа қажетті материалды балаларға қойылатын нақты сұрақтарды (көркем әдебиет, тақырыбы, ойын) көрсетіп жоспарлайды.Тәрбиеші қай кезде нені өтуге болатынын іріктеп алып (тақырыпты) жоспар жасайды. Бақылатын көрсету, әңгімелесу кезінде баладан сұрап, өзіне айтқызу, оларды жиірек сөзге қатыстыру ісіне көңіл бөлу.Тіл дамыту сабақтарында көзделетін негізгі мақсат – баланың сөздік қорын байыту, сөйлем құрап айтуға, әңгімелей білуге үйрету. Баланы сөйлеуге үйрету, тілін дамыту, ой -өрісін кеңейту жұмысында бір топтағы әр баланың сөйлеу дәрежесін байқап, анықтау керек. Сонда ғана оқыту – үйрету ісінде неге көңіл бөлуге болатыны айқындалады. Баланың сөздігі балаларды жекелей бақылау негізінде, нақтылы, көрнекі материалдарға сүйене жүргізіледі.1. Әңгімелеу, әңгіме құрастыру (өзі көріп білген жайттар туралы, сурет мазмұнын, оқылған шығарманың мазмұнын әңгімелету).2. Сөзді түсініп айту дәрежесін байқау. Ол үшін балаға таныс және таныс емес заттарды көрсетіп сұрау, әңгімелесу.А) Балаға бірнеше таныс заттар мен ойыншықтарды көрсетіп (суреттен немесе заттың өзін) сұрап, түр – түсін, атын, пішінін, қайда, не үшін жасалатынын айтқызу.Ә) Бөлмедегі 10 – 15 затты бір орынға қойып, соның ішінен бір заттың атын тәрбиеші сөзбен айтады, бала затты танып әкеліп, түр – түсін, пішінін айтады.Б) Балаға күн сайын жиі пайдаланатын заттарды (сабын, тәрелке, орамал, щетка т. б.) суреттен көрсетіп, оның атын, қажеттілігін, неден жасалғанын айтқызу.В) Бөтелке (шөлмек), қайық, үтік, шар, доп сияқты пішіні ұқсас заттарды көрсетіп, олардың не екенін, не үшін қажеттігін,сапасын, неден жасалғанын, ұқсас жақтарын айтқызу. Бұл жұмыстар сабақта жәнесабақтан тыс уақытта жүргізіледі.Бұл әдістерді қолдану кезінде баланың тұрмыста кездесетін заттарды, олардың атына байланысты сөздерді түсініп айта білуін, пішіні ұқсас заттарды бір – бірінен даралап, ажыратуға талпыну әрекеттерінбайқау мақсаты көзделеді. (Әр түрлі жастағы балалардың сөздік қорын анықтау үшін жинақталған әдістемелік құралдар бар) . Қазіргі таңда мектепке дейінгі мекеме балаларына мемлекеттік тілді меңгерту бірінші жолға қойылды. Мектепке дейінгі мекемеде қазақ тілін оқыту жұмыстары тәрбиешілердің көп еңбек етіп,ізденіс пен дайындығын қажет етеді.Сондықтан қазақ тілін оқыту мәселесінде мектепке дейінгі мекемеде білім беру, тәрбиелеу ісіне қоғам,ұжым болып бір ауыздан атсалысуымыз қажет. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мәселесі алдымен балабақшада жүзеге асырылады. Балалардың ақыл-ойы мен мінез-құлығының дамуында тіл маңызды рөл атқарады. Біздің мақсатымыз – балаларды ата-бабадан қалған салт-дәстүрге, адамгершілікке баули отырып,жаңа технологияны меңгерту. Осы мақсатымыз жүзеге асуы үшін біз ең алдымен өзіміздің ана тілімізді меңгеруіміз қажет. Бүгінгі таңда тіл туралы көп айтылады.Тіл білген адам-мәдени,рухани жан азығы мол адам.Адамның ойы тілден көрінеді. Сондықтан балабақша қабырғасынан бастап тіл үйретудің маңызы зор. Балалабақшада қазақ тілін үйретуде сөздік жұмысты қоршаған ортамен,күнделікті өмірмен тығыз байланыстыра жүргізу,жаңа сөздер қамтылатындай түрлі ойындар арқылы тіл ұстарту, көру, есту,тыңдау,қайталау, есте сақтау,жаттау қабілеттерін жетілдіріп отыру,балаларды сөйлесе білуге , сөйлемдерді дұрыс айтуға,тәрбиешінің сұрағын түсініп,дұрыс жауап беруге баулу мақсаттары көзделеді.Ересек балалар тобында бұрынғы топтарда үйренгендерін тереңдете түседі. Ауызша сөйлеу тілін дамытуға көп көңіл бөлінеді. Әр оқу іс-әрекеті сайын тақырыпқа сай түрлі суреттер, кестелер, аудиокітап, бейне құралдар, тақырыптар бойынша электронды кітаптармен көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама толығады деп санаймын. Заман өзгерген сайын әдіс-тәсілдеркөбейіп,жаңарып,толығып отырады.Әр түрлі жаңа технологияларды өз тәжірибемізде қолданып отырамыз. Соның бірі «Ойын» технологиясы. Балалның танымын алғашқы күннен бастап дамытуда,оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы-ойын әрекеті. Ойын дегеніміз-жас ерекшелігіне қарамайтын,адамның көңіл күйін көтеретін,ойландыратын үрдіс.Ойын арқылы балалар өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады.Әр бала ойнау үшін алдымен ойланады,ойлана отырып ойнайды.Кез келген бала еш уақытты жалғыз ойнамайды,құрбыларымен бірге ойнайды,сол арқылы бір-бірімен сөйлеседі.Сөйлесе жүріп,пікірлесіп әсер алысады,ойынның мазмұнын анықтайды.Балалар ойын шығарушылар, ойынды жасаушылар болып табылады. Бала жалғызойнағанның өзінде ойыншықтармен сөйлесіп отырады,қиялдағы қатысушылармен әңгімелеседі. Сөз бен сөйлеу әрекеті ойлау қабілеті болып табылады.Түрлі заттарды пайдалана отырып, қоршаған ортамен, адамдармен қарым-қатынас жасайды,тәжірибе жинақтайды.Ойын баланы ақыл-ой жағынан да,дене жағынан да алға жетелеп дамытады,баланың ойын өрбітіп,тілін дамытып, бойын өсіреді. Тәрбиеші ойын әрекетін ұйымдастыруда өзі жетекші бола отырып, балаларды ойнай отырып ойлануға бағыттайды,заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, қиялын дамытады.

Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)