Балабақшада дидактикалық ойындардың маңызы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Балабақшада дидактикалық ойындардың маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Дидактикалық ойынды қолдану үшін үлкен педагогикалық шеберлік қажет.Ойынды таңдап алған соң, балаға жеткізе білу.Баланың ойлау,сөздік қорын дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы



Балабақшада дидактикалық ойындардың маңызы

«Ақ ерке»балабақшасы

Тәрбиеші:Кенжебекова Д.К.


Дидактикалық ойынды қолдану үшін үлкен педагогикалық шеберлік қажет.Ойынды таңдап алған соң, ойынның көмегімен қандай тапсырманы орындайтынын анықтап және ойынды өткізу үшін алдын – ала дайындалып, сонымен қатар балаларға ойын түсінікті, анық, жас ерекшеліктеріне сай болуы тиіс

Мысалы: табу, көрсету, белгілеу естияр топқа лайықты, ал ересек балаларда салыстыру басым болады.Мінез – құлықты тәрбиелеуде ойынның рөлі маңызды болып есептеледі.

Дидактикалық ойында білім беру мен оқыту бір- бірімен тығыз байланыста болады.

Ойын- баланың жан серігі. Ойын сырттай қарағанда ешқандай қиындығы жоқ, оп – оңай көрінуі мүмкін.Бала ойын ойнағанда, өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес. Баланың рухани жетілу мен табиғи өсуінің, денесінің дамуы мен ой дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді.

Мектепке дейінгі мекемелердің оқытудағы негізгі міндеті: сәбилер тобынан бастап балаларға білім, дағды, іскерлікті берумен қатар ойлау қабілеттерін қалыптастырып балаларды ойлау жұмысына дайындау.Сәбилер тобында ойының жеңіл түрлері беріледі.Мысалы: Ойнап отырған кубиктерді түстеріне қарай орналастыр. «Кубикті маған әкелші» немесе «Үстелдің үстіне апарып қой» мұнда балаларды кеңістікті бағдарлауды үйренеді. Ойын өткізгенде, ойын мақсатын сақтай отырып, балаларды үйрету керек. Тек ұйымдастырып қана қоймай, ойынға бірге қатысып және белгіленген ережені орындауын қатаң түрде талап етіп, бұл баланы талапты орындауға, ережені бұзбауға үйретеді.

Ойынның үлкен басты рөлі ережелерге сүйенеді, ережелер әр баланың ойында не істеу керектігін, қалай істеу керектігін, мақсатқа жетудің жолдарын көрсетеді және ақыл – ой қабілеттерін дамытады, әсіресе, кішкентай топтағы балалардың өзін - өзі ұстауға, өздерінің мінез – құлықтарын қадағалауға үйренеді. Сонымен бірге, психологиялық жағдайларын жақсартады: көңіл аударғыштығын, байқағыштығын және мейірімділікке, кішіпейілділікке үйретеді.

Балалар алған білімдерін ойын барысында көрсете білуге, бір- бірімен қарым – қатынас жасауға, әділ болуға, қиындық кезінде көмектесуге, өз ойларын жеткізе білуге, қиялының дамуына , қиындықты ақылмен жеңе білуіне көмектеседі. Осының бәрі баланы мектепке даярлайды.

Балалардың сөздік қорын молайтуда дидактикалық ойындардың орны ерекше болып табылады. Ойын арқылы білімді меңгеріп және оны бекіту үшін дағды мен әдепті қалыптастырамыз.

Балабақшада жиі қолданатын дидактикалық ойын түрлері:

  1. Ойыншықпен және түрлі ойын материалдарымен ойналатын ойындар.

  2. Үстел үстінде ойналатын ойындар «Лото», «Домино» «Мозайка» т.б.

  3. Сөздік ойындар.

Дидактикалық ойынның мазмұны бірнеше элементтен құрылады:

- дидактикалық тапсырмалар

- мазмұны

- ойының ережесі

орындалуы.

Мұнда басты элемент – дидактикалық тапсырмалар.

Тапсырмалар әр- түрлі болады ( жоспар тақырыптарына сай).

Дидактикалық ойындар жоспар бойынша сабақта немесе сабақтан тыс уақытта өткізіледі.

Көптеген дидактикалық ойындар балалардың жеке дара ойнауына арналған, олар баланың дербестігін, аңғарғыштығын, өздігінен еңбек етуін жетілдіреді (әр- түрлі дифференциалды карточкалармен ойын, криптограммалар, модульдар, мнемотаблицалар, т.б.). Кейбір ойындар ұжыммен өткізіледі

( «Лото», « Домино», т.б.).

Ойынның мақсатын сақтап, балалармен бірге ойнап, ойынның ережесін қатаң сақтауға үйрету

Дидактикалық ойынды қолдану үшін үлкен педагогикалық шеберлік қажет:

  • ойынды дұрыс таңдап алу керек,

  • сабақтың мазмұнына сәйкесті болу керек,

  • балаларға түсінікті болу керек,

  • жас ерекшеліктеріне сай болу керек.

Мысалы: табу, көрсету, белгілеу естиярлар топқа лайықты, ал ересек балаларда салыстыру басым болады, сөйлемнің диалог- монолог формасы күрделеніп дамиды.

Дидактикалық ойындар баланың ақыл- ойын дамытуға, ойлауын, қабылдауын, есте сақтауын,зейінін, салыстыру,жіктеуге, өзін- өзі бақылауға үйретеді.

Сабақты қызықты, тартымды өткізу үшін дидактикалық ойындарды дұрыс ұйымдастыру керек. Ойынға керекті құралдар әр балаға жеткілікті болу керек, сонда ғана балаларға түсінікті болады. Дидактикалық ойындардың құралдары ұзақ уақыт сақталуы үшін эстетикалық, гигиеналық талаптарға сай, әдемі қораптарда, қалталарда тұру керек.

В.Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз,

қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді, демек балалармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады.

Ойын бала үшін — нағыз өмір.


Әдебиеттер тізімі:



  1. Ш.Х. Құрманалина, С.Ш. Сәрсенбаев Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар.

  2. Ғ. Дұкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.

  3. П. Есімбетова. Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасы бойынша әдістемелік нұсқау.

Б. Баймұратов. Мектеп деінгі дидактикалық ойындар, принциптер туралы түсінік.








 

 










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.12.2018
1138
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі