Материалдар / Балабақшада өзге ұлт балаларына қазақ тілін үйретуің маңыздылығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Балабақшада өзге ұлт балаларына қазақ тілін үйретуің маңыздылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшада өзге ұлт балаларына қазақ тілін үйретуің маңыздылығы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Ақпан 2021
432
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Балабақшада қазақ тілін өзге ұлт балаларына оқытудың маңыздылығы


Махамбетова Алмагул Аскербаевна

1 «Еркетай» Алға бөбекжай балабақшасының қазақ тілі мұғалімі


Қазіргі заманғы қазақстандықтар үшін қазақ тілін меңгеру – өз әл-ауқатының міндетті шарты. Біздің өскелең ұрпақ әлемдік қоғамдастықпен сенімді қарым-қатынас орнатуы, кез келген саладағы қызметіндегі жоғары деңгейде болуы тиіс. Бүгінде әлемде ұлттық мәдениеттен жаһандық мәдениетке көшу жүріп жатыр. Сондықтан балалардың мәдени-тілдік қарым-қатынасын мектепке дейін дамыту қажет. Себебі, осы жаста балалардың танымдық белсенділіктері өте жоғары болады.

Тәрбие басы – тіл болып табылатындықтан, балабақшада қазақ тілін үйрету бала кезден басталады. Саналы тәрбие ретінде қазақ тілін үйренуге тәрбиелеудің түп негізі – балабақшада қалыптасады.

    Қазақ даналығында «Тіл – ұлттың жан дүниесі, сезімінің, ойдың жанды көрінісі» деп тегін айтылмаған. Өзге ұлт өкілдері балаларына тіл үйретудің қиындығы мен қызығы да осы шақтан басталады. Сондай қиындықтарды қызыққа жеңдіріп, әр сабақта баланың жаңа сөздерді меңгеріп, өз ойын айта білуіне және толық жауап беруіне ұмтыламын, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін түсініп қолдана білуге жаттығу жұмыстары мен тапсырмалар беремін.

Мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтау қабілеттері жоғары болғандықтан, өзге тілдерді үйреніп, меңгеруіне қолайлы уақыт болып есептеледі. Баланың осы уақытта үйренгендерінің бәрі ұзақ уақыт есте қалады. Бала тілдік материалды тұтастай есте сақтай алады.

Мұғалім балалардың мемлекеттік тілді үйренуіне жағымды психологиялық қарым-қатынас жасауы қажет. Осындай жағымды мотивация жасау жолы – дидактикалық ойындар болып табылады. Ойындар эпизодтық сипатта болмауға және оқшауланған болуы тиiс. Тілді оқыту процесінде басқа да іс-шараларды біріктіретін және ойын техникасы қажет. Ойын ұйымдастырудың бір түрі бұл – оқыту әдісі, ол балалардың сөздік қорын көбейтіп, өлеңдер мен санамақтарды және т.б. естерінде қалдырады.

Қазақ тілін жақсы меңгеру лексиканы үнемі байытуды талап етеді, өйткені сөз сөйлемдердің құрылысы үшін құрылыс элементі болып табылатын тілдің бірлігі болып табылады. Әрбір бала белгілі бір әлеуметтік-мәдени ортада өмір сүреді, ол айналасында бір немесе бірнеше тілді естиді. Мектепке дейінгі мекемелердің тілдік дамуына әсер ететін белсенді әлеуметтік орта – баланың өзіне ең жақын отбасы болып табылады.

Біздің балабақшамызда әр топта «Менің Отаным» ұлттық бұрыштары бар. Онда қазақ халқының тұрмысы, салт-дәстүрі, қолөнері мен тұрмысы дәріптелген.

Қазіргі таңдағы жаһандағы пандемияны ескере отырып, биылғы 2020-2021 оқу жылы «Алтын күз», «Тәуелсіздік күні», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні», «Жаңа жыл мерекесі» сынды шаралар санитарлық талаптарға сай ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай, мектепалды және ересек топ тәрбиеленушілері арасында оқулар мен әдеби кештер ұйымдастырылды. Жыл бойына аталмыш датаны атап өту мақсатында қашықтан онлайн ұйымдастырылған республикалық және облыстық сайыстарға балабақша тәрбиеленушілері қатыстырылып, жүлделі орындарға ие болды.

Мектеп жасына дейінгі балалардың белсенді лексикасын кеңейту үшін екі тілді компонентті пайдалана отырып, режимдік сәттерді өткіземіз. Бiлiм беру мектеп жасына дейiнгi балалардың жасына қарай жүргiзiледi. Балабақшада дұрыс ұйымдастырылған екі тілді білім беру балаларды тәрбиелеу мен дамыту мәселелерін шешуге және оларды қазіргі заманда өмір сүруге дайындауға мүмкіндік береді.

Қорыта келгенде, баланың тілін дамыту үшін түрткі болатын екі күш қажет. Осы күштердің бірі болып ең алдымен ата-ана табылады. Өз баласының ерекшелігін көріп, оны дұрыс бағалай және бағыттай біліп, біліммен, тәртіппен, еңбекпен ұштастырып отырса, бала тілінің дамуына қажетті жағдай жасаса, бұдан балаға, оның болашағына үлкен пайда болары сөзсіз.

     «Білім – менің тілімде» деп ұлы аталарымыз айтпақшы білімді болғымыз келсе ең алдымен мемлекеттік тілімізді білуіміз қажет.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!