Балабақшада заттық дамытушы ортаны ұйымдастыру ерекшелігі семинар-тренинг

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Балабақшада заттық дамытушы ортаны ұйымдастыру ерекшелігі семинар-тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
педагогтарының мектепке дейінгі білім беру стандартына сәйкес топтарда заттық дамытушы орта құруға негіз болатын теориялық білімдерін тиянақтау туралы семинар-тренинг
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы

Балқаш ауданы

Қарой ауылы

«Бөбек» балалар бақшасының

Педагог – психологы Бейсенбаева Фарида

Балабақша тәрбиешілеріне арналған семинар 

Тақырыбы: Балабақшада заттық дамытушы ортаны ұйымдастыру ерекшелігі 

Мақсаты: балабақша педагогтарының мектепке дейінгі білім беру стандартына сәйкес топтарда заттық дамытушы орта құруға негіз болатын теориялық білімдерін тиянақтау. 
Міндеттері:

- мектепке дейінгі білімнің жаңару жағдайында тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін арттыру;

- мемлекеттік стандарт талаптарын ескере отырып, балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруға негіз болатын заттық-дамытушы ортаны жобалауға теориялық және практикалық тұрғыда толыққанды дайындықты қамтамасыз ету;

- балабақшаның жас ерекшелік топтарына сәйкес заттық-дамытушы ортаны жобалау және болжам жасау біліктілігін қалыптастыру

Семинар жоспары: 
1. Кіріспе 

Сергіту сәті «Сиқырлы доп» 

3. Педагогикалық сыр-сандық: заттық дамытушы ортаның ерекшеліктері 

4.Топпен жұмыс: жас ерекшеліктеріне сәйкес заттық-дамытушы орталарын көрсету.

5. Видео презентация: «Балабақшадағы заттық-дамытушы орта» 

6. Семинар қорытындысы. «Жеделхат» («Телеграмма») технологиясы 

Семинар барысы: 

  1. Кіріспе. Құрметті әріптестер! Бала тұлғасын дамытудың, танымдық  қызығушылығын қалыптастырудың маңызды факторларының бірі қоршаған орта – бала өмір сүретін, ойнайтын, дем алатын орта болып табылады. Балаға сезім мүшелері арқылы әсер ете отырып, оның әсемдік, талғам, құндылық бағдар туралы түсініктерін қалыптастыруға болады. Осының барлығын балабақшада балаға жағдай құру барысында ескеру қажет.

Соңғы уақытта «заттық дамытушы орта» ұғымы пайда болды«Заттық-дамытушы орта – бұл баланың рухани және дене дамуының функционалдық үлгідегі мазмұны, оның іс-әрекетінің материалдық обьектілерінің жүйесі»

Олай болса, біздің бүгінгі семинарымыздың тақырыбын «Балабақшада заттық дамытушы ортаны ұйымдастыру ерекшелігі» деп аталады.
Сергіту сәті «Сиқырлы доп» 
Қажетті құрал: доп 
Шарты: жүргізуші әр педагогке допты алма кезек лақтырады да бір әріпті, яғни дыбысты атайды, қағып алған педагог сол әріптен басталатын ойыншықтың атауын айтуы тиіс. 

  1. Педагогикалық сыр-сандықзаттық дамытушы ортаның ерекшеліктері 


Сыр-сандықта заттық-дамытушы ортаның ерекшеліктері бар
Әр тәрбиеші сандықшадан бір сұрақты алады және оған жауап береді, ал қалғандары толықтырып көмек береді. 

Сұрақтар: 

  • Заттық ортаның негізгі элементтерін атаңыздар. (сәулетті – 


ландшафтық және табиғи - экологиялық объектілер; ойын және спорт алаңдары, олардың жабдықтары; ойыншықтардың тақырыптық жинақтамаларымен, ойын материалдарымен, ойын жабдықтарымен жарақтандырылған ойын кеңістіктері). 

  • Заттық ортаға қойылатын бастапқы талапты атаңыз. 


(
Заттық ортаға қойылатын бастапқы талап - оның дамытушылық сипаты. Ол балабақша бөлмелерін, сондай - ақ участкені заттық кеңістікке ұйымдастыру арқылы баланың мүдделері мен қажеттіліктеріне, ал олардың элементтері (құрал - жабдықтар, ойыншықтар, дидактикалық материал, т.б.) баланың дамуына қызмет етуге тиіс). 

  • Топта заттық-дамытушы ортаны құру неге байланысты? не Топта 


заттық-дамытушы ортаны құруда нені ескеру қажет? (
баланың жас ерекшелігіне, даму деңгейіне, тәрбие мазмұнына, іс-әрекет тәжірибесіне, білім беру ұйымының типіне


  • Неліктен орта дамытушы деп аталады? (Орта таяу арада даму аймағын қамтамасыз етіп, әр баланың шығармашылық іс-әрекеті үшін жағдай құруы тиіс)

  • Заттық-дамытушы ортаның негізгі принциптерін жіктеп көріңіздер. (қауіпсіздік, эстетикалық, көп функциялылық т.т.б.) 

  • Топтардағы негізі аймақтарды (зоналар) атап беріңіздер. (Ойын, табиғат, қимыл-қозғалыс, танымдық даму, музыкалық-театрлық

  • Барлығымен қандай түстер үйлеседі? (Ақ, сұр, қара
    Біз заттық дамытушы ортаның ерекшеліктерін тұтастай сипаттадық. Дамытушы орта құра отырып, тәрбиеші «бала өмір сүретін орта оның тәрбиесінде орасан, еш теңдесі рол ойнайтынын» әрқашан ескеруі қажет. 

    4. Топпен жұмысжас ерекшеліктеріне сәйкес заттық-дамытушы орталарын көрсетеді (тәрбиешілер өз презентацияларын қорғайды) 
    5. Видео презентация: «Балабақшадағы заттық-дамытушы орта» 
    6. Семинар қорытындысы 
    «Жеделхат» («Телеграмма») технологиясы. Жұмыс аяқталған соң әр қатысушыға жеделхат парақшасын толтыру ұсынылады, осы орайда келесі нұсқаулар беріледі:

- Өткізілген шара туралы сіз не ойлайсыз?

- Сіз үшін не маңызды болды?

-Сіз не үйрендіңіз?

-Сізге не ұнады?

- Сіз үшін не түсініксіз болып қалды?

- Әрі қарай бізге қандай бағытта қимыл-әрекет жасау қажет?

Осы нұсқау сұрақтарын қолдана отырып, маған қысқаша жеделхат жазыңыз. Мен сіздердің пікірлеріңізді алдағы жұмысымда ескеретін боламын.
Түйін сөз. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің басты міндеті балалардың эмоционалды жайлылық және психологиялық қорғаныс сезімін туғызу. Балабақшада бала өзін сүйкімді, әрі қайталанбас тұлға ретінде сезінуі тиіс. Сондықтан тәрбие процесі жүретін орта маңызды болып табылады. 
Осы семинарда біз балабақшадағы заттық дамытушы ортаны ұйымдастыру барысында ескерілуі тиіс ең маңызды сәттерге назар аударуға тырыстық. Сіздерге және сіздердің бүлдіршіндеріңізге осы бағытта шығармашылық тілейміз!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.06.2022
1167
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі