"Балабақшадағы балаларды бейнелеу өнері арқылы шығармашылық қабілетін дамыту" баяндама

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Балабақшадағы балаларды бейнелеу өнері арқылы шығармашылық қабілетін дамыту" баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
«Балабақшадағы балаларды бейнелеу өнері арқылы шығармашылық қабілетін дамыту» Елімізде болып жатқан білім беруді жаңғырту , қазіргі кезеңде мектепке дейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ерекшеліктері балабақшада педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың мазмұны мен тәсілдерін айқындауда маңызды өзгерістер қажеттілігін негіздеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Балабақшадағы балаларды бейнелеу өнері арқылы шығармашылық қабілетін дамыту


Елімізде болып жатқан білім беруді жаңғырту, қазіргі кезеңде мектепке дейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ерекшеліктері балабақшада педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың мазмұны мен тәсілдерін айқындауда маңызды өзгерістер қажеттілігін негіздеді. Ал бұл көбінесе мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасайтын педагогтарға байланысты, яғни тұлғаның қалыптасуының бастауы осыдан айқындалады.

Ең құнды және берік білім – бұл үйрену арқылы игерілгендер емес, жеке шығармашылық зерттеулер барысында өздері алған білім екенін есте ұстаған жөн. Мен Атырау облысы Исатай ауданы Жанбай ауылында «Балдәурен» бөбекжай бақшасында педагог-модератормын. Біздің балабақшада 150 бала тәрбиеленеді. Соның ішінде 4 топқа, 3 және 5 жас арлығындағы балаларға бейнелеу өнері бағыты бойынша оқу қызметін ұйымдастырамын. Жалпы баларлармен жұмыс жасау аса қатты қиыншылық тудырмайды. Жауапкершілікті талап ететін бұл жұмыс, мен үшін маңызды қызмет түрі. Сонымен балабақшадағы тәрбие - барлық тәрбиенің бастамасы. Бала бойына жас кезінен бастап руахни даму мен физикалық тұрғыдан ширақ әрі танымдық көзқарасы жоғары тұлға етіп қалыптастыру ата-аналар мен тәрбиешінің міндеті. Балабақшада балаларды жан-жақты дамуы үшін бейнелеу өнері сурет, мусіндеу, жапсыру сынды шығармашылық жұмыстардың рөлі ерекше.

Бағдарламада көрсетілген сюжетті-рөлдік, қимыл – қозғалысты, дидактикалық әдістерді пайдалана отырып, топтағы баланың даму әрекетін ұйымдастыра білуі тиіс. Бейнелеу өнерін жүргізу барысында балалардың айналасындағы дүние жайында таным белсенділігін арттырып, игерген білім – машықтарының негізінде тәрбиелеу маңызды. Бір оқиғаға орай басты кейіпкерлерге еліктеу, жыбырлаған қыбырлаған дүниеге байқампаздықпен таңырқау, сурет салу кезінде таңдап алған бейнесін суреттеуге деген жауапкершілігі арта түседі.

Қызығушылық - балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал. Оларды әлемді барынша еркін әрі өз қалауларынша тануы үшін балабақшадан бастап нақтылы мақсатты көздеуі шарт. Балалардың орынды іс-әрекеттерін мақұлдай отырып, азды-көпті жіберген кемшіліктерін өздері түсініп, түзетуге бағыттай білуге тиіс.

Балалардың рухани дүниесін байыта отырып, талғамдарын арттыруға атсалысу, жаңа, озық тәжірбиені дер кезінде насихаттап, өмірге енгізу – барша қауым, тәрбиеші, педагогтар бірлесе атқаратын абыройлы міндет. Жалпы бала табиғаты өзін бірнеше есе үлкен ғып көрсетуге бейім. Тез есейгісі келіп бәрін өзім істеймін деп талпынады. Солай еткенде бала өздігінен сызба сызу, болмаса сурет салу барысында тәрбиешінің, ата-аналарының оқыған шығармаларынан өздеріне ұнаған басты кейіпкерлерін бейнелейді. Осы орайда күнделікті өмірде балаларға түсінікті жеңіл әрі жатталымды шығармаларды пайдалану топта балалалардың көңіл-күйін көтеріп, олардың ой өрісін дамытып, шығармашылық ұстанымдарына баса назар аударған жөн. Айналадағына танып білуге деген қызығушылық баланың рухани жақтан жетілуіне септігін тигізетіні белгілі. Сурет салу арқылы әр баланың игі бастамаын қолдап, оның бойындағы жаңашылдыққа деген көзқарасын дамытып, өзіндік мінез-құлқын қалыптастырады. Бала жаны еліктегіш, ол қандайда бір бейнені үлгі ретінде қабылдайды да, оны ойлау кезінде айқын бейнелеуге тырысады. Бала табиғатынан өзі қоршаған ортаға көп таңданғыш болып келеді. Алғаш қолына қалам ұстап үйренгеннен ақ қызықты заттарды суреттей бастайды. Әрине, бұл олардың бала көзқарастары бойынша, ал біздің міндет сол ойды одан әрі шынайы әрі көркем етуге атсалысу болмақ. Затты мүсіндегенде бала тек біржақты көргенін жасайды. Оларға басқада қырын таныту арқылы біз жаңашылдық әкелеміз. Бұл балаға зор қуаныш сыйлап, жағымды көңіл күй қалыптастыра отырып, шығармашылық қабілетінің дамуына зор ықпал етеді. Бейнелеу өнері басқа да салалармен тығыз қарым - қатынаста болуы керек. Мысалы сурет салу барысында дөңгелекке ұқсас заттарды салған кезде, мүсіндеу кезінде доптарды мүсіндеу ұсынылса дөңгелек туралы түсініктері жақсы қалыптасады. Балабақшада мүсіндеуге үйретуге жүргізілген жұмыстар балалардың мүсін өнеріне деген қызығушылығын арттыра отырып ұсақ қол моторикасының дамуы мен қол еңбегінің негізі болып табылады. Берілетін тақырыптар балаларды қызықтыратындай таныс болуы қажет. Қатты қиын емес, не тым жеңіл емес барынша дамуға жәрдемдесетін тапсырмалар болуы шарт. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашыылық дамуының бірінші белгісі осы қоршаған орта заттары мен белгілерін таныстыруда, оның негізгі кескінін салыстыруға, ұқсастығын ажыратуға үйретеді. Осы себептен балалар бір заттың түрліше пішінін суретін салуда мүсіндеуде және жапсыруда басқаша бейнелердің амалын меңгереді. Балалар еркін түрде сурет салуда басқа заттың ұқсас пішінін беруде қолданады. Сурет салуда түзу, қисық, жіңішке, қалың сызықтың түрлі амалын бала өзінің ойымен заттармен құбылыстардың бейнесін беруде пайдаланады. Мысалы, құстаың аузын ашып қояды. Бұл оның ойынша ән айтып тұр дегенді білдіреді. Осындай жолдар арқылы бала бейнелеу әрекетінде еркін шығармашылық мүмкіндігін көрсетеді. Мектепке дейінгі балаларда болатын шығармашылықтың екінші белгісі затқа жаңа қызмет беруі баланың затпен әрекетінде байқалатын құбылыс бір затты екінші заттың орынбасары ретінде қолданып, қиялында таза образын жасап алуы, сол сияқты бейнелеу әрекетінде де көз алдына елестету арқылы жаңа бейнелер құрастырады

Бейнелеу өнерінің негізгі мақсаты балалардың шығармашылығын арттыру болғандықтан баланың белсенділігін, өз бетімен жұмыс істеуіне жағдай жасалғаны дұрыс. Үлгіні көп жағдайда қолданбау керек. Тек балаларға таныс емес әдіс - тәсілдерді қолдану кезінде қолданған жөн. Соңында балалардың жұмыстарын түгелдей тақтаға іліп, талқылансада тіпті жақсы. Талқылау міндетті түрде жүргізіліп отырса қызықтырақ. Сонда бала өз ойын сурет арқылы бере білуге, әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолдана білу жолдарын игереді. Нәтиже тапсырмамен байланысты болуы қажет. Талқылау балалардың белсенді араласуымен өткені дұрыс.

Қорыта келе, бейнелеу өнері қосымша білім беру жүйесінде өз ерекшелігін көрсететін елеулі әсері балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бүлдіршіндерді жан жақтылыққа қалыптастырады. Әрбір бала объективті түрде қажет жағдайлар жасауға жәрдемдесетін, оның шығармашылық өсуіне септігін тигізетін, ой өрісін барынша байытуды көздеген жөн. Нәтижелерін қорыта келе, келесі қорытындылар жасауға болады. Бейнелеу өнеріне ұйымдастырылған оқыту қызметіне сәйкес әдістемелік жүйесі ұштастырылған, өзіндік кешенін дамыту және шығармашылық тапсырмалар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, танымал теориялық қағидаларды туралы қолайлы мүмкіндіктер балалардың 3 - 5 жасқа қарай шығармашылық қабілеттерін дамыту, нәтижелеріне қол жеткізу мүмкіндігі бар балалармен аталған жаңа сатының көріністері шығармашылық бейнелеу, түрлендіру, спонтанды шығармашылық, саналы шығармашылық процесс құру бойынша не жаңа, бұрын болған жағдайды бағамдау.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.12.2021
700
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі