Материалдар / Балабақшадағы көркемдік эстетикалық тәрбиенің құралдары мен әдістері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Балабақшадағы көркемдік эстетикалық тәрбиенің құралдары мен әдістері

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшадағы көркемдік эстетикалық тәрбиенің құралдары мен әдістері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Ақпан 2023
269
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Балабақшадағы көркемдік эстетикалық тәрбиенің

құралдары мен әдістері


Эстетикалық тәрбие дегеніміз - баланың қоғамдық өмірде, еңбекте, табиғатта көркем өнерде бар әсемдікті сезіне білуге үйрету, тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие балаға қоршаған ортаның көркемдігін, адамның рухани сұлулығын терең түсіндіре білу, сол арқылы ойлау, қиялдау, сөйлеу, сұлулықты қабылдау, сезіну мен бағалау қабілеттерінің дамуына ықпал ету.

Эстетикалық тәрбиенің мақсаты:

- баланың бойына эстетикалық құндылықтарды сіңіру;

- қызығушылығын арттыру;

- эстетикалық талғамын дамыту;

- іскерлік дағдысын қалыптастыру;


Эстетикалық тәрбиенің міндеттері:

    1. Баланың эстетикалық қабылдауын жүйелі түрде дамыту;

    2. Балалардың эстетикалық түсінігі ең құштарлығын, сезімталдық қабілетін дамыту;

    3. Балалардың көркемдік талғамын тәрбиелеу;



Эстетикалық тәрбиенің құралдары: қоршаған дүние, табиғи орта, күнделікті тұрмыс эстетикасы, табиғаттан, өмірден алған әсері, көркем әдебиет шығармалары, музыкалық туындылар, бейнелеу өнері, мерекелер мен сауықтар. Мереке кездерінде балалар бақшасында өнердің әр түрі балаларға өзінің бар ерекшелігімен және бірлігімен ықпал жасайды. Мерекелер мектеп жасына дейінгі балаларға қатты әсер етеді,

олардың есінде ұзақ сақталады да, эстетикалық тәрбиенің маңызды

құралына айналады. Эстетикалық тәрбиені жүзеге асыруды

балабақшаның алатын орны ерекше. Дегенменде отбасының рөлі де зор

болмақ. Балабақша мен отбасының бірлескен ықпалының бірлігі

жағдайында ғана эстетикалық тәрбие міндеттерін толық көлемде жүзеге

асыруға болады.


Эстетикалық тәрбиенің әдістері: бақылауды ұйымдастыру, әңгімелесу, түсіндіру, өнер туындыларын көру, қызықтыру, серуен, үлгі көрсету, іс-әрекетті ұйымдастыру, бейнелеу өнеріндегі әрекеті үшін мадақтау және жетістіктерін бағалау.

Балалардың эстетикалық тәрбиесі тұрмыс эстетикасымен, еңбектегі, табиғаттағы, қоғамдық құбылыстардағы әсемдікпен таныстыру жолымен және құралдары арқылы жүзеге асырылады. Балабақшадағы тұрмыс эстетикасы көркем қарапайымдылықтан, күнделікті тұтынылатын заттардың ақылмен таңдалып алынуынан, әр заттың өз орнында жарасып тұруынан, басы артық еш нәрсе болмауынан көрінеді. Қабырғалардың бояуы жайдары, ашық болуға тиіс. Балабақшаны безендіруге қойылатын талап балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау міндеттерімен, олармен жүргізілетін тәрбие жұмысының мазмұнымен анықталады.

Тәрбиеші суретке қарап әңгіме құрауды, әсер алған оқиғаларды айтып беруді, қиялында жаңа белгілерді жасауға үйретеді. Көркемдікті сезінуге талғамы пайда болып, олардың рухани күші дамиды.

Қазіргі кездегі эстетикалық тәрбиенің міндеттерін шешу үшін халықтың осы уақытқа дейінгі жинаған мол тәжірбиесін меңгеру қажет.

Халық әрдайым әсемдікті іздеуін қолдан жасады, оны өмірге, тұрмыста, еңбекте бекітуге тырысады. Оны халқымыз үй жиһаздарын жасауынан және оны әсемдікті сезінуге тәрбие құралы ретінде пайдалануынан көруге болады.

Сонымен, бала күнделікті үйде, балабақшада, мәдениет мекемелерінде эстетикалық талғампаздықтың үлгі өнегесін күн сайын көріп білуі керек, бірак тек таңданып қана қоймай, қолынан келгенін өзіде тұрмысына ендіруі, іс-әрекетінде бейнелеу, сурет салу, кию, жапсыру, тігу, мүсіндеу тазалық әдемі киіну т.б тиіс. Сонда ғана эстетикалық тәрбие мақсаты ойдағыдай жүзеге асады.

Эстетикалық тәрбиенің бастауын балалық шақтан алу - өмірдің сұлулық сезіміне ие болуын білдіреді, өнер туындыларын түсіну және бағалай білу,

көркем шығармашылыққа қосылу.

Бала ерте жастан бастап жарқын, әдемі заттарға әуестенеді, сондықтан балалардың көркемдік-эстетикалық дамуын ерте жастан бастау керек. Балалар тек ойлаушы мен тыңдаушы рөлінде ғана емес, сонымен қатар сұлулықты белсенді жасаушы ретінде де әрекет етуі керек. Тұлғаның көркемдік-эстетикалық тәрбиесі кішкентай адамның алғашқы қадамынан, алғашқы сөзінен, іс-әрекетінен басталады, оның жан дүниесінде өмір бойы із қалдырады.

Психологтар мен педагогтар мектеп жасына дейінгі балалық шақта жасампаздық қабілетін ерте дамыту болашақ табыстың кепілі деген қорытындыға келді. Балалар алғашқы көркем әсер алады, өнерге араласады, әр түрлі көркемдік іс-әрекет түрлерін меңгереді, оның ішінде сурет салу, модельдеу, қолдану, құрастыру үлкен орын алады. Мектепке дейінгі жас – баланың шығармашылық қабілеттерінің дамуы үшін ең қолайлы кезең.

Бала үнемі жасайды, ізденеді. Мұның бәрі шығармашылықта жетілдіріліп, дамып келеді. Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің педагогтары баланың жан-жақты дамуы үшін оның көркемдік-эстетикалық дамуына көмектесуі керек.

Балалардың көркемдік - эстетикалық талғамын қалыптастыруда, сезім мүшелерін қалыптастыруда балаларды классикалық көркем әдебиет туындыларымен, музыкалық шығармалармен, кескіндемемен таныстыру маңызды рөл атқарады.

балалардың қызығушылығын ояту, олардың жүрегін ояту, белсенділіктерін дамыту, әр баланың шығармашылық қабілетіне, дүниеге жақсылық пен сұлулық жасау үшін келгендігіне сенімін ояту, адамдарға қуаныш сыйлау;

(музыка, әдебиет, театр, көркемдік-сәндік шығармашылық туындылары) өнердің белгілі бір түрлерін қабылдауға негізделген сезімнің қалыптасуына ықпал етеді, эстетикалық талғамды қалыптастырады.

Ол әдемі заттардың өзі ғана емес, балаларды эстетикалық тұрғыдан тәрбиелейтінін, сонымен қатар «сол жанды жұмыс, тәрбиеші мен балалардың тәрбиені қажет ететін нәрселерге деген қамқорлығы»;

балалардың дербес көркемдік іс-әрекеті (музыкалық, бейнелеу, көркемдік және ойын) балаларда өнерді сезіну, түсіну және сүю қабілетін қалыптастырудың, көркемдік және шығармашылық іс-әрекетке деген қажеттілікті дамытудың, өнер құралдары арқылы баланың дүниетанымын қалыптастырудың құралы мен процесі.

Балалардың көркемдік іс-әрекетінің әртүрлі түрлерін дамыту процесінде қозғалыс дағдыларын, қол дағдыларын, микро- және макро-қозғалыстарды, визуалды-моторлы координацияны дамыту орын алады. Бұл эстетикалық және дене тәрбиесінің міндеттерін жақындатады.

Көркемдік эстетикалық тәрбиенің нәтижесі:

- шығармашылыққа

- әсемдікке

- адамгершілікке

- ұқыптылыққа

- сыпайлыққа

- достыққа

- кітап оқуға

- өнер түрлерін меңгеруге

- өнерді сүйуге тәрбиелейді.

Қорыта айтқанда, көркемдік эстетикалық тәрбие мектеп жасына дейінгі балаларды әсемдікке, адамгершілікке, ұқыптылыққа, сыпайлыққа үйретеді. Ал осы жоғарыда аталғандарды біз сурет салу, музыка және көркем әдебиет сабақтарында жүзеге асыра аламыз. Балаланың күнделікті өмірінде осы аталғандарды жүзеге асырып отыру қажет сонда ғана, бала әсемдіктті көре білетін, адамгершілігі мол, ұқыпты болады. Балаларға  эстетикалық тәрбиені кітап оқу, ән тыңдау, бейнелеу өнері мен театр, кино т.б. өнер түрлері арқылы көркем өнерге тарту, арқылы жүзеге асыру тәсілдерін жан-жақты меңгеріп, жетілдіру болып табылады.

Эстетикалық тәрбиені балаларға өнер түрлерін меңгерту арқылы жүзеге асырады.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!