«Тәлімі мол - тәлімгер
ұстаз!»
«Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған
жалықпас,
Үйретуден балаға...»
(Абай)
Ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби білім берудің
мән-маңызын «Бала өсіргің келсе дана жүректі, қатты ұста, үйрет
білім мен ізетті» ұлағатты сөздерімен анық бейнелеген. Бала
бойындағы рухани байлықты дамытудың аса маңызды саласы - музыка
мәдениеті. Өнер саласында, яғни эстетикалық тәрбие беру, яғни
музыкада - дыбыс арқылы өрнектеледі. Музыка тілі - басқа өнер
саласымен салыстырғанда, күрделі тіл екендігі белгілі. Ол сезімге
әсер ете отырып, адамның қиялы мен көңіл-күйіне байланысты
қабыданады.
Құлақтан кіріп бойды
алар,
Әсем ән мен тәтті
күй,
Көңілге түрлі ой
салар...
Әнді сүйсең менше сүй! - деп, данышпан Абай
атамыз айтқандай, жақсы ән мен күйдің сиқырлы сырлы күмбезді әуені
адамның жан-дүниесін әдемі әсерге бөлеп, көңіл-күйін сергітеді.
Әсіресе, музыканың бала тәрбиесіндегі алар орны ерекше. Еліміздің
балабақшаларында тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндердің арасынан
болашақта небір майталман өнер иелерінің шығуы әбден мүмкін. «Бұлақ
көрсең – көзің аш» демекші, балалардың бойындағы әлі бүршік жара
қоймаған, музыкалық-шығармашылық қабілеттерін ашу музыка
жетекшісінің міндеті.
Музыкалық тәрбие беруде музыка жетекшісінің
алдына негізгі үш міндет қойылады. Бірінші міндет - әр түрлі
музыкалық іс-әрекеттер арқылы баланың сезімін ояту, екінші - сезім
арқылы музыканы саналы түсінуге баулу, үшіншісі - музыканы шамасына
қарай орындай білуге үйретуде орындаушылық дағыдысы мен
шығармашылығын, шығармашылық қабілеттірін, музыкалық-эстетикалық
қабілеттерін дамыту. Шығармашылық – жеке адамның табиғи қасиеттері
мен қабілеттіліктерін дамытудың мазмұнды ортасы. Шығармашылық –
адамның өзін - өзі көрсетуге және іс-әрекетке, оның нәтижесіне
қанағаттануға бағытталған адамның ішкі қажеттіліктерінен туындайтын
іс-әрекет түрі. Шығармашылық арқылы бала өзінің, қоршаған ортаны
түсінуін, түйсінуін, эмоциясын, қарым-қатынасын білдіреді, орасан
зор психикалық және эмоционалдық ләззат алады, жан-жақты және
үйлесімді дамиды. Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің алғашқы буыны
болып табылатын мектепке дейінгі кезеңде балалардың шығармашылық,
яғни музыкалық шығармашылық қабілеттерін жан-жақты дамыту және
тәрбиелеу мәселесіне ерекше мән берілуде, себебі осы кезеңде
балалардың музыкалық шығармашылық қабілеттерін дамыту мүмкіндіктері
мол.
Л.С. Выготский: Қызығушылықты «Балалардың
психологиялық дамуының кілті», – деп атады. Өнерге, музыкаға
қызыққан жеткіншек өзін-өзі өзгертеді, өзін-өзі дамыту процесін
іске асырады. Бағыттылығы, мінез-құлқы, эмоциялық қабілеттері,
әрекет-танымдық процестері қалыптасады. Шығармашылық қабілеттері
оянады. Музыкалық тәрбие балалардың жан-жақты тәрбиесіне әсер
етеді. Музыка – іс жүзінде көркем творчествоның барлық түрлерімен
дерлік
қатарласа отырып, болмыстың бүкіл объектілі
құбылыстарын түсінікті әрі жеңіл бейнелеп
береді.
В.А. Сухомлинскийдің «Егер сәби шақта музыкалық
шығарманың әсемдігін жүрекке жеткізе білсек, егер дыбыстардан бала
адам сезімінің сан қырлы реңкін сезіне білсе, ол мәдениеттің
ешқандай құралдарымен жетуге болмайтын сатысына көтеріледі...»
деген, және «Музыкалық тәрбие – бұл музыкантты тәрбиелеу емес,
алдымен адамды тәрбиелеу» деуінде үлкен шындық жатыр. Балабақшада
музыкалық тәрбие берудің басты міндеті – балаларды музыканы дұрыс
тыңдап, түсінуге және оны әсерлі орындай білуге баулу. Орындаушылық
шеберлікті шыңдау, ән - хор дағдыларын жүйелі түрде жолға қоя
білумен тығыз байланысты. Музыка ұйымдастырылған оқу қызметінде ән
салу дағдыларын негізінен өлең жолдарын музыкалық фраза-фразаға
бөліп айтып орындауды үйретуді, ал ән үйрену кезінде оларды
пысықтап, қайталау арқылы есте қалдыруды, балалардың музыкалық
есту, есте сақтау, ырғақты сезіну қабілеттерін дамыту, шығармашылық
қабілеттерді дамытуды көздейміз. Осының бәрі бала өзіне-өзі сенімді
болғанда ғана дұрыс қалыптасады. К. К. Платонов сенімділікті
«тәжірибеге, ең алдымен білімге негіздерген күмәннің болмау сезімі»
деп анықтаған. Өзіне-өзі сенімділік адамның тек кәсіптік әрекетінен
ғана емес, күнделікті өмірдің барлық салаларында қажет. Өзіне-өзі
сенімділік адамның алдына қойған талаптарды шешудегі өз
мүмкіншіліктерін сезінудің нәтижесі. Сенімділік сезімін
тәрбиелеудің негізгі мәні – адам бойындағы мүмкіншіліктеріне сай
ішкі нұсқаулармен оларға сәйкес ұмтылыстарды қалыптастыру.
«Сенімсіздік өз мүмкіншіліктері мен қабілеттерін толық ашпау,
өзін-өзі көрсетуде кездесетін қиындықтар, ұялшақтық, ыңғайсыздық,
қарым-қатынаста абыржу сияқты қарапайым құбылыстардан басталады.
Сол себепті музыкалық тәрбиенің негізгі бір тармағы, баланы
өзіне-өзі сенімділікке тәрбиелеу». Өзіне-өзі сенімді бала ән
орындаса да, шығарма орындаса да қысылмай-қымтырылмай таза орындап
шығады. Өз-өзіне сенімді емес бала ұялып, әнің сөзін ұмытып, басқа
сөздермен шатастырып, тоқтап қалып, аяқ қолы дірілдеп, әбіржіп, не
істеп, не қойғанын білмей әуре сарсаңға түседі. Ақыры сахнадан
шығып кетуге мәжбүр болады. Осындай жағдайдағы баладан ешқандай
орындаушылық шеберлікті, шығармашылықты күтуге
болмайды.
Баланың музыкалық қабілеттерін дамыту,
шығармашылық даму процесі ұйымдастырылған музыка оқу қызметінің
барысында жүзеге асады. Музыка ұйымдастырылған оқу қызметінде,
берілген әнді үйренгенде барлық балалардың әннің сөзін жақсы
жаттауларына тәрбиешілер жоғары көңіл бөледі. Сөзін жақсы жаттап
болған соң, музыка жетекшісі орындаушылық шеберлігімен жұмыс істеп,
әнді эмоционалды түрде, вокалды дұрыс айтқызу дәрежесіне көңіл
бөлінеді. Ересектермен және балалармен бірлескен әрекеттердің (ән
салу, ойын ойнау, би билеу, сахнада өзін-өзі ұстау және ойын,
көрініс барысында әр түрлі рольдерді ойнау) нәтижесіне байланысты
сезімін білдіруге мүмкіндік
туғызылады.
Баланың балабақшада шығармашылық қабілеттірінің
қалыптасуы, дамуы бір күндік жұмыс емес, баланың сәбилік жасынан –
мектеп жасына дейінгі уақытта жылдар бойы жүйелі түрде жүргізілетін
жұмыс және осындай жүйелі жұмыстың арқасында ғана мектеп жасына
дейінгі балалардың музыкалық-эстетикалық тұрғыда қалыптасуы мүмкін
деп ойлаймын. Өзімнің эссемді Мұхтар Әуезовтің: «Әнге әуес, күйге
құмар бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып өседі» деген сөзімен
қорытындылаймын.
«Әсемпаз болма,
әрнеге,
Өнерпаз болсаң
әрқалан,
Сенде бір күрпіш
дүниеге,
Тетігің тауып бар қалаң», Абай атамыз өлең
жолдары дәл айтып тұрғандай, өз мамандығымды дұрыс таңдағаныма,
кішкентай бөбектердің рухани жан дүниесін тәрбиелеп, өмірден өз
орнымды тапқаныма қуанамын.