Материалдар / Балабақшадағы нормативтік құжаттар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Балабақшадағы нормативтік құжаттар

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшадағы нормативтік құжаттар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Мамыр 2020
25264
43 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Нормативтiк құқықтық актiлер туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 Заңы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V Заңымен

Құжаттан сілтемелерҚұжатқа сілтемелер

PDFDOCXЭББ нұсқасы

  • Басқа

Екі тілде Толықэкранды режим Қағазға шығару

Жинақталған:

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР 06.04.2016 № 480-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

МАЗМҰНЫ

      Ескерту. Бүкiл мәтiнi бойынша "әкiмият" деген сөз тиiстi жалғаулары ескерiле отырып "әкiмдiк" деген сөзбен ауыстырылды - ҚР 2004.06.16 N 566 Заңымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) заң - аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтiн, Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының 3-тармағында көзделген түбегейлi принциптер мен нормаларды белгiлейтiн, Қазақстан Республикасының Парламентi, ал Қазақстан Республикасы Конституциясы 53-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Президентi қабылдайтын нормативтiк құқықтық акт;
      1-1) заң техникасы – нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу тәсілдерінің, талаптары мен қағидаларының жиынтығы;
      2) заңнамалық акт - конституциялық заң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар жарлығы, кодекс, заң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар жарлығы, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулысы, Сенат пен Мәжiлiстiң қаулылары;
      3) заңға тәуелді нормативтiк құқықтық актiлер - заңнамалық және өзге де сатысы бойынша жоғары тұрған нормативтiк құқықтық актiлер негiзiнде және (немесе) орындау үшін және (немесе) одан әрі іске асыру үшін шығарылатын, заңнамалық болып табылмайтын өзге де нормативтiк құқықтық актiлер;
      4) заңнама - белгiленген тәртiппен қабылданған нормативтiк құқықтық актiлердiң жиынтығы;
      5) кодекс - осы Заңның 3-1-бабында көзделген бiртектес аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтiн құқықтық нормалар бiрiктiрiлiп, жүйеге келтiрiлген заң;
      6) Конституциялық заң - Қазақстан Республикасы Конституциясында конституциялық деп аталған, Қазақстан Республикасы Конституциясы 62-бабының 4-тармағында белгiленген тәртiппен қабылданатын заң;
      7) Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң 
мемлекеттiк тiзiлiмi - нормативтiк құқықтық актiлердiң реквизиттерiн және осы актiлер туралы ақпараттық-анықтамалық сипаттағы басқа да мәлiметтердi қамтитын Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерi мемлекеттiк есебiнiң бiрыңғай жүйесi;
      8) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкi – электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған, баспа және электрондық-цифрлық нысандағы нормативтiк құқықтық актiлердiң (өзгерiстерімен және толықтыруларымен бірге) жиынтығы, олар туралы мәлiметтер Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiледі;
      9) Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзетiн заң - Қазақстан Республикасы Конституциясы 62-бабының 3-тармағында белгiленген тәртiппен қабылданатын заң;
      10) құқық нормасы - реттелетін қоғамдық қатынастар шеңберiнде көп мәрте қолдануға есептелген, жеке дара айқындалмаған тұлғалардың тобына қолданылатын, тұрақты немесе уақытша сипаттағы жалпыға мiндеттi жүріс-тұрыс қағидасы;
      11) нормативтiк құқықтық акт – референдумда қабылданған не уәкiлеттi орган немесе мемлекеттiң лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгiлейтiн, олардың қолданылуын өзгертетiн, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгiленген нысандағы жазбаша ресми құжат, сондай-ақ жазбаша ресми құжатпен бірдей және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық-цифрлық нысандағы құжат;
      11-1) Нормативтік құқықтық актілерді 
мемлекеттік тіркеу тізілімі – мемлекеттік органдардың осы Заңның 36-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген, Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу нөмірі және деректемелері қамтылған жазбаша түрдегі тізбе;
      12) нормативтiк құқықтық актiлердiң 
ресми мәтiндерiн кейiннен жариялау - Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне сәйкестiк сараптамасынан өткен нормативтiк құқықтық актiлердi баспа басылымында жариялау;
      12-1) нормативтік құқықтық актілердің 
құқықтық мониторингі – Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, ескірген және сыбайлас жемқорлықты тудыратын құқық нормаларын анықтау, олардың іске асырылуының тиімділігін бағалау мақсатында Қазақстан Республикасы заңнамасының жай-күйі туралы ақпаратты жинау, бағалау, талдау, сондай-ақ оның даму динамикасын және қолданылу практикасын болжау бойынша тұрақты негізде жүзеге асырылатын мемлекеттік органдардың қызметі;
      13) нормативтiк құқықтық актiнiң деңгейi - нормативтiк құқықтық актiнiң нормативтiк құқықтық актiлер сатысындағы өзiнiң заң күшiне қарай алатын орны;
      14) нормативтiк құқықтық актiнi ресми жариялау – нормативтiк құқықтық актiнiң толық мәтiнiн ресми және мерзiмдi баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі 
айқындайтын интернет-ресурста қол қойылған түпнұсқаларға толық сәйкес келетін графикалық форматта жалпы жұрттың назарына салу үшiн жариялау;
      15) уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасының 
Конституциясында, осы Заңда, сондай-ақ осы органдар мен лауазымды адамдардың құқықтық мәртебесiн айқындайтын заңнамада белгiленген өз құзыретiне сәйкес нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауға құқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары, олардың ведомстволары мен лауазымды адамдары (Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Парламентi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, орталық атқарушы органдар, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, өзге де мемлекеттiк органдар);
      16) 
уәкілетті ұйым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары әзірлеген және Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізуге жататын заң жобалары бойынша қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндердің тең түпнұсқалығы бөлігінде ғылыми лингвистикалық сараптаманы жүзеге асыру жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ұйым.
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.12.29 N
209 Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.06.29 N 271, 2008.07.04 N 57, 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.04.01 N 425-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Конституциялық заңымен; 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      2-бап. Осы Заңның қолданылу саласы

      1. Заң актiлерi мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу мен табыс ету, қабылдау, тіркеу, күшiне енгiзу, өзгерту, толықтыру, олардың қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру, оларды жариялау ерекшелiктерi олардың деңгейiне сәйкес, нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайтын мемлекеттiк органдардың қызметiн реттейтiн заң актiлерiмен, осы органдардың құқықтық мәртебесiн айқындайтын актiлермен, соның iшiнде олар туралы ережелермен және олардың регламенттерiменбасқа да нормативтiк құқықтық актiлермен айқындалады, бұған Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заңнамалық актілердің жобаларына қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен айқындалатын ерекшеліктер қосылмайды.
      2. Осы Заң Қазақстан Республикасы 
Конституциясын қабылдау, өзгерту және оның қолданылуын тоқтату тәртiбiн реттемейдi.
      3. Осы Заңмен 
халықаралық шарттарды дайындау, жасасу, орындау және күшiн жою тәртiбi реттелмейдi.
      4. Осы Заңда заңдарға сәйкес қабылданған, бiрақ осы Заңның 1-бабының 11) тармақшасында келтiрiлген талаптарға сай келмейтiн және құқықты iске асыру және құқық қолданушылық мәнi бар нормативтiк құқықтық актiлердi, атап айтқанда:
      1) мемлекеттiк емес ұйымдардың, оның iшiнде қоғамдық бiрлестiктер мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының нормативтiк актiлерiн;
      2) уәкiлеттi орган болып табылмайтын мемлекеттiк ұйымдардың нормативтiк актiлерiн;
      3) алып тасталды - ҚР 03.07.2013
№ 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген нормативтік актілер құқық нормаларын қамтымауға тиіс.
      Ескерту. 2-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2002.03.06 N
298 (2002.01.01 бастап күшіне енеді), 2004.06.16 N 566, 2006.12.29 N 209, 2008.07.04 N 57, 2011.04.01 N 425-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

      3-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi және
              
туынды түрлерi

      1. Нормативтiк құқықтық актiлер негiзгi және туынды актiлер болып бөлiнедi.
      2. Нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi түрлерiне мыналар жатады:
      1) Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;
      2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық Заң күшi бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзге де нормативтiк құқықтық Жарлықтары;
      3) Қазақстан Республикасы Парламентi мен оның палаталарының нормативтiк қаулылары;
      4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк қаулылары;
      5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің нормативтік қаулылары;
      6) Қазақстан Республикасының министрлерi мен өзге де орталық мемлекеттiк органдар басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары;
      7) орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары;
      7-1) Алынып тасталды - ҚР 2007.07.27
N 315 Заңымен.
      7-2) құрылымына ведомство кіретін мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;
      8) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.
      3. Нормативтiк құқықтық актiлердiң туынды түрлерiне мыналар жатады:
      1) 
регламент - қандай да бiр мемлекеттiк орган мен оның құрылымдық бөлiмшелерi қызметiнiң iшкi тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық акт;
      1-1) техникалық регламент - Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы 
заңнамасына сәйкес әзiрленетiн және қолданылатын өнiмдерге және (немесе) олардың өмiрлiк циклiнiң процестерiне қойылатын мiндеттi талаптарды белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт;
      1-2) алынып тасталды - ҚР 2008.12.04
N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен;
      1-3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды белгілейтін, сондай-ақ 
мемлекеттік қызмет көрсету процесінің, нысанының сипаттамаларын, мазмұнын және нәтижесін қамтитын нормативтік құқықтық акт;
      1-4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті – мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын сақтау жөніндегі талаптарды белгілейтін және көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің тәртібін, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт;
      1-5) алынып тасталды - ҚР 15.04.2013
N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      2) ереже - қандай да бiр мемлекеттiк органның мәртебесi мен өкiлеттiгiн белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт;
      3) қағида - қандай да бiр қызмет түрiн ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт;
      4) нұсқаулық - заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бiр саласында қолданылуын егжей-тегжейлi көрсететiн нормативтiк құқықтық акт.
      Қазақстан Республикасының заңдарында туынды түрдегі нормативтік құқықтық актілердің өзге де нысандары көзделуі мүмкін.
      4. Туынды түрлердегi нормативтiк құқықтық актiлер негiзгi түрлердегi нормативтiк құқықтық актiлер арқылы қабылданады немесе бекiтiледi және олармен бiр тұтастық құрайды. Туынды түрдегi нормативтiк құқықтық актiнiң нормативтiк құқықтық актiлер сатысында алатын орны негiзгi түрдегi актiнiң деңгейiмен анықталады.
      4-1. Орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғай алмайды.
      5. Орталық атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың аумақтық органдарының, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, әкім уәкілеттік берген жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілер шығаруға құқығы жоқ.
      6. Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қабылдайтын жеке қолданылатын 
құқықтық актілер нормативтік құқықтық актілер болып табылмайды.
      Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2002.03.06 N
298 (2002.01.01 бастап күшіне енеді), 2004.06.16 N 566, 2006.12.29 N 209, 2007.06.18 N 262, 2007.06.29 N 271, 2007.07.27 N 315 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.04.01 N 425-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2013 N 89-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      3-1-бап. Қазақстан Республикасының кодекстерiмен
               реттелетiн қоғамдық қатынастар

      Қазақстан Республикасының кодекстерi:

      1) бюджеттiк;

      2) азаматтық;

      3) азаматтық iс жүргізу;

      4) неке-отбасы;

      5) экологиялық;

      6) су;

      7) жер;

      8) орман;

      9) салық;

      10) кеден;

      11) алып тасталды - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      12) еңбек;

      13) қылмыстық жазаларды орындауға байланысты;

      14) әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартуға байланысты;

      15) қылмыстық жауапкершiлiкке тартуға байланысты;

      16) қылмыстық iс жүргiзу;

      17) денсаулық сақтау саласы сияқты біртектес аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында қабылданады.
      Ескерту. 3-1-баппен толықтырылды - ҚР 2004.06.16 N
566 Заңымен,  өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.06.29 N 271, 2010.12.28

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!