Балабақшаға арналған дидактикалық ойындар.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Балабақшаға арналған дидактикалық ойындар.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұқсас затты тап” “Нүктелерді қос” “Айырмашылығы неде?” “Қай қолымда көп” “Өз үйіңді тап” “Сандықты әшекелейміз”
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дидактикалық ойындар

Ұқсас затты тап”

Нүктелерді қос”

Айырмашылығы неде?”

Қай қолымда көп”

Өз үйіңді тап”

Сандықты әшекелейміз”

Ұқсас затты тап”.

Ойынның мақсаты: Үшбұрыш, тіктөртбұрыш, дөңгелекке ұқсас заттарды тауып, атын атай бiлуге үйрету. Баланың түстердi, пiшiндi ажыратудағы ой-қиялын дамыту.

Қажетті құралдар: Геометриялық пішіндер, суреттер.

Ойын барысы: Ойынға басшылық. Тәрбиешi үш түрлi пiшiндердi көрсетiп, аттарын сұрайды. Оларды атаған соң, түстерiн сұрайды. Бұдан кейiн балаларға тапсырма бередi. Тәрбиешi: - Таратып берiлген суреттерге қараңдар, мен үшбұрышты көрсетемiн, соған ұқсас сурет тауып көрсетiңдер. (тіктөртбұрышты көрсетедi, дөңгелектi көрсетедi). Балалар өздерiндегi ұқсас затты көрсеткенде, олардан не екенiн, түр-түсiн сипаттап айтуды талап етедi. (Үшбұрыш сызғыш, үйдiң төбесi). Топ бөлмесiнде үшбұрышқа ұқсас зат бар ма?

Тiк төртбұрыш: кiтап, терезе, есiк т.б.

Дөңгелек: доп, алма, шар т.б.

Суреттегi заттар жайында кiмнiң қандай өлең, тақпақтар, жұмбақтар бiлетiнiн сұрау. Ендi балаларды үш топқа бөлiп, үш түрлi пiшiндi таратып бередi. “Өз орныңды тап” қимылды ойыны ұйымдастырылады. Балалар жиналатын орындағы пiшiндер көлемi жағынан қолындағыларынан үлкен болады. Ойын аяқталған соң балалардың iс-әрекетiн бекiтiп, талдау жасайды.

DrawObject1


DrawObject2



"Нүктелердi қос".

Ойын мақсаты: Балаларды кеңістікті бағдарлай

білуге үйрету.Нүктелерді қосу арқылы, бейнелерді шығара алуға дағдыландыру.Балаларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: Нүктелермен бейнеленген жұлдызша, жалауша бейнелерi.

Ойын барысы:

Қағаз бетiндегi нүктелердi қосу арқылы бейнелердi анықтау, атын атату. Неше нүкте бар екен? Сұрағына жауаптарды тыңдау. Нүктелердi нөмiрлету, сандарды тура және керiсiнше атату. Ойын нәтижесiнде түзу, үшбұрыш, тiкбұрыш ұғымдарын қалыптастыру, сандарды тура және керiсiнше атату.

DrawObject5 DrawObject4 DrawObject3

Айырмашылығы неде»

Ойын мақсаты: Балалардың геометриялық фигуралар туралы түсiнiктерiн тереңiрек қалыптастыру, олардың жай емес “сиқырлы” фигуралар екенiн, олардан түрлi ойыншықтар, есептер, ойындар құрастыруға болатынына балалардың көзiн жеткiзу, қызығушылығын арттыру, ұқсас заттарды бiр-бiрiмен көзбен көру арқылы салыстыра бiлуге үйрету.

Қажеттi құралдар: Мейрампаз суреттерi, гүл салғыш ыдыс, гүлдер.

Ойын барысы:

Т
ек геометриялық фигуралардан құрастырылған екi мейрампаздың бiр-бiрiмен ұқсас және айырмашылығы бар жерлерiн табады. Ойында балаларды екi топқа бөлiп ойнатуға болады. Әр топқа әрбiр ұқсастығы мен айырмашылығын тапқан сайын, әр топ тақтада iлулi тұрған гүл салғышқа гүл салып отырады. Қай қатар гүлдi көп жинайды, сол қатар жеңедi.


Қай қолымда көп»

Ойын мақсаты: Заттың екi жиынтығын салыстыра бiлуге үйрету. Көз мөлшерін дамыту, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: Ұсақ нәрселер.

Ойын барысы: Топ екi топқа бөлiнедi, оның әрқайсысы алма-кезек тәрбиешiнiң столына өз топ басшысын жiбiредi. Стол басына келген бала қолын артына ұстайды. Алдымен тәрбиешi, одан соң балалардың бiрi оның қолына кубик, түйме, шарик секiлдi әртүрлi ұсақ нәрселердi ұстатады, бiрақ олар бiр қолда көп, екiншiсiнде аз болуы тиiс. Бала алдымен көз мөлшерiмен нәрсенiң қай қолында көп екенiн анықтауы, одан кейiн нәрселердi бiрiнiң артына бiрiн қойып, қайсысының қатарында көп, қай қатарда аз екенiн салыстыруы тиiс.


Тәрбиешi екi қатардағы нәрселердiң санын теңестiру үшiн не iстеу керектiгiн 2 тәсiлмен орындауы керек.



«Өз үйiңдi тап»

Ойын мақсаты: Балаларды тапсырма бойынша өз үйлерін табуға үйрету.Жылдамдыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.

Бұл ойын биiк-аласа, үлкен-кiшi, оң жақта, сол жақта - деген ұғымдарды жаттықтыру мақсатында өтiледi.

Қажетті құралдар: «Ағаштардың бейнесі».Үйлердің суреттері.

Ойын барысы: Тәрбиешi балаларды екi топқа бөлiп, әр топтың ойнайтын орнын немесе “үйiн” тағайындайды. Екi топқа да өсiп тұрған бiрi биiк, бiрi аласа ағашты көрсетедi де 1-топтағы балалардың үйi биiк ағаштың оң жағы, ал 2-топтағы балалардың үйi аласа ағаштың сол жағы - деп белгiлейдi. Қай топ өз үйлерiне тез барады. Ойын екi рет қайталанады. Ойынның соңында әр топтың балаларын мадақтап отырады.

DrawObject6


DrawObject7

DrawObject10 DrawObject9 DrawObject12 DrawObject8 DrawObject11

DrawObject13 DrawObject15 DrawObject14

DrawObject16

Сандықты әшекелеймiз”

Ойын мақсаты: Әртүрлi пiшiндердi ажырату және оны желiмсiз жапсыру дағдыларын қалыптастыру. Ұлттық бұйымның ерекшелiгiмен таныстыру.

Қажетті құралдар: Геометриялық пішіндер, суреттер.

Ойын барысы: Тәрбиешi түктi қағаздан жасалған сандықты көрсетiп, сұрайды. “Мынау не? Қайдан көрдiңдер? т.б.” Тәрбиешi балалар жауабын толықтырып, ұлттық бұйымның ерекшелiгiн, маңызын қысқаша айтып өтедi де: - Қазiр осы сандықты әшекейлеймiз. Бұл сандық өзi сиқырлы екен, қане ашып көрейiк, - деп iшiнен қорапқа салынған түрлi-түстi геометриялық пiшiндердi алып көрсетедi. Түстерiн сұрайды, ал сандықтың бетi, қақпағы қандай пiшiнге ұқсайды? – Тiк төртбұрышқа. Бұл пiшiндердi балаларға таратып бередi. Сандықтың бетiнде әдемi ою-өрнек бар, бiрақ кейбiр бөлiктерi бос, сол бос орындарға бiз мына пiшiндердi орналастырамыз. Тәрбиешi өзi жапсырып көрсетуi керек. Одан кейiн дөңгелектердi түстерiне қарай таңдап, бiр-бiрiне қарама-қарсы немесе қатарластыра, шетiне ортасына орналастыруды балалардың өздерi жапсырып безендiредi.

DrawObject19 DrawObject18 DrawObject17






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
15.06.2018
2182
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі