Материалдар / "Балабақшамен отбасының қарым-қатынас жарастығы"ата -аналарларға арналған дөңгелек үстел
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Балабақшамен отбасының қарым-қатынас жарастығы"ата -аналарларға арналған дөңгелек үстел

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға, сенім білдіруге,жақсы көру сезімдерін жеткізе білуге, сыйластықпен сүйіспеншіліктерін нығайтуға ықпал ету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Мамыр 2024
150
0 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МОББнің Ақтау ҚБББның №28 “Балдәурен”бөбекжайы ЖБҚ МКҚК







Вставить фигурный текст 1

Ата-аналарға арналған дөңгелек үстел



Педагог – психолог: Миняжева.С.Т





Ақтау2023ж







Миняжева Самал Турегалиевна

Педагог-психолог

28 «Балдәурен»бөбекжайы МКҚК

Еңбек өтілі: 8 жыл

Телефон:87018502699

Электрондық почта: minazevasamal@gmail.com





Тақырыбы«Балабақша мен отбасының қарым-қатынасы жарастығы »

(ата-аналарға арналған дөңгелек үстел)

Мақсаты: Балабақша және ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға,сенім білдіруге,жақсы көру сезімдерін жеткізе білуге,сыйластықпен сүйіспеншіліктерін нығайтуға ықпал ету.

Керекті құрал – жабдықтар: орамал ,шарлар,қарындаштар,ақ қағаз, жапырақтар, себет, түрлі түсті ленталар «Әдісі: пікір талас Жұмыс түрі: дөңгелек үстел (25-30 мин) Психологиялық бағыты: психологиялық кеңестер Дөңгелек үстел құрылымы: Сәлемдесу «Нейрожаттығу» Танысу «Қимылды жаттығу» Аяқ іздері (баласы туралы жақсы сөздер айту) Жағдаятар «ситуациялық сұрақтар» 1.Диалог: Әке мен бала» пікір талас 2.Сергіту сәті: «Шарларды жар» 3. «Бала мүсіні»жағдаят (пікір талас) 4.Би терапиясы: «Атомдар мен молекулар» Қорытынды «Тілек ағашы» Педагог-Психолог сөзі: Сіздерге бүгінгі «Балабақшамен отбасы қарым-қатынасы жарастығы» атты психологиялық бағыттағы дөңгелек үстелге қатысып отырғандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Яғни біздер баламыздың нәресте кезеңінде өзіне көңіл аудартып, өмірге «МЕН» деп айқайлап келетіні,жарық дүниеге бір пенде келгенін өзінің бақырып-шақыруы арқылы сезіндіреді.



Бірақ «Менді» біліп туған сәби,өзгенің көмегінсіз,тәрбиесінсіз,үлкеннің ақылынсыз,екінші қасиетті бойына дарыта алмайды.Туа біткен қасиет пен жүре түзелер қасиеттердің екеуі екі бөлек.Бірі өзімшілдігі оңай дамыса,өзін еркін таныта алса,ал екіншісі адамды сүю оңай шаруа емес. Сондықтан отбасында ата-ананың балаға деген сүйіспеншілік сезімі қаншалықты жоғары деңгейде болса, баланың психологиялық-физиологиялық дамуы қалыпты жағдайда қалыптасады. Дөңгелек үстел басында түйіні терең ойларыңызды ортаға салсаңыздар. Педагог-психолог сөзі: Алдымен үш ата-ананы ортаға шақырып, сурет салуларын өтінемін. (өз ойларыңыздан сурет салу) Жарайсыздар! Рақмет сіздерге! Ал қалған қатысушылар диалог біткен соң, үш суретшіге пікір айтасыз. 1. Мақтап,мадақтау. 2. Орташа деңгейде көңіл білдіру. 3.Ешқандай пікір қалдырмау, көзге ілмеу Ал енді 1.«Әке мен бала» арасындағы шағын диалогке назар аударсаңыздар.

  1. Әкесі науқастанып,ауруханада жатыр.Қызы әкесінің халін білуге алыстан келіп тұр еді. -Ләззат келіпті гой ,қызым менің!Қане саған жақсылап қарап алайыншы! Қасыма отыршы. - Қалайсың әке? Халің қалай?-деп сұрады Ләззат - Нашар,қызым,нашар.Аз ғана өмірім қалды-ау деймін.... - Әке қойшы,олай демеші! - Тоқтай тұр,қызым менің саған айтарым бар.Мен осында жатып көп ойландым.Сен туралы, анаң туралы,өмір жайлы.....Сонда түсінгенім:сен мен үшін өте қымбатсың,сен –менің қуанышымсың,қанымсың.Бірақ мен өмірімде саған ең басты маңызды сөздерді, сені қалай жақсы көретінімді айтпаппын. Мен сені әрқашан жақсы көрдім,Ләззат,бірақ соны саған ешқашан айтпадым.Жақсы көретінімді неге әрдайым айта бермедім деп өкініп жатырмын..... деген екен. Педагог-психолог сөзі: Біздің балаларымыз да әрқашан бізден осы сөздерді күтеді.Ендеше балаларыңызға жақсы ,жылы сөздерді жиірек айтып отырсаңыздар деймін.





2 .Сергіту сәті ««Шарларды жар» Шарларды жару арқылы эмоциялық қысымды шығару,шарлардың ішінен шыққан жағдаятты сұрақтарға жауап беру. 3.Ата –ана бала көзімен қарағанда қандай әсерде болатындарыңзды байқап көру мақсатында «Бала мүсіні» атты көріністі ұсынамын. Психолог сөзі: Баланың роліне ата-аналардың екеуін шақырамын. Қатысушыларға әр топтан көрініс кезінде айтылатын тыйм сөздерді естерінде сақтап, орамалмен байлап тұру тапсырылады. Менің кішкентай қызым бірінші сыныпта оқиды. Біз екеуміз мектепке асығып келеміз,автобусқа үлгеріп келуіміз керек. Менің қызым өте қозғалғыш,бәрін білгісі кеп тұрады,тіпті автобусқа асығып келе жатқанда да көп сұрақтар қояды.Мен қызымның қолынан алдым да,жүгіре жөнелдік -Мама,анау не,қарашы!-деді қызым. -Уақыт жоқ,аяғыңның астына қара,сүрінесің де жүресің!

Неге жан- жағыңа алақтай бересің? Жолға қара. ЖАН-ЖАҒЫҢА ҚАРАМА!-деп жауап бердім мен. Сол сәтте қызым сөздерді тура мғынасында түсініп, менің бұйырғанымдай көзін жұмды. (орамалмен көзін байлаймыз) Біз әрі қарай балабақшаға асығып кетіп барамыз.Автобусқа мініп,мен онда өзімнің құрбымды кездестірдім.Екеуміз кешегі күнді талқылай бастадық.Қызым мұқият тыңдап, содан соң былай деді. -Мама,мама,құстың сайрағанын естимісің? Сағат деген ағай кім?-деді. -Мен, неге сен үлкендердің әңгімесіне жағаласасың? Құлағыңды түріп алыпсыңғой,үлкендердің әңгімесін тыңдауға ұялмайсың ба? ТЕЗ ҚҰЛАҒЫҢДЫ ЖАП! (орамалмен қызымның құлағын байлаймыз) Біз автобустан түсіп, жолмен жүгіріп келеміз.Мен кешігіп қаламыз ба деп қайта-қайта сағатыма қарап келемін. Бүгін қандай күн,тамаша болады!Мама мен Малика күтіп отырған шығар ,мен оған конфет әкелемін дегенмін,мама ана бала баргой..... –деді.Қойшы! Не былшылдап кеттің ,уақыт жоқ,онсызда кешігіп келеміз.Осы сен үндемей жүре алмайсың ба? ТЕЗ АУЗЫҢДЫ ЖАП! (орамалмен аузын байлаймыз). Баламды қолынан ұстап алдымда,әрі қарай жылжыдық.Қызым үндемей келеді,бірақ жерден бір бұтақты көтере бастады. Мен оның тілазар екенін айтып,қолынан салып жібердім. -Осы сенің қолдарыңа тыным жоқ екен.Таста дедім мен саған.

ТАРТ ҚОЛЫҢДЫ! (орамалмен қолдарын байлаймыз) Осы кезде секеңдеп, аяғын жан-жаққа сермей бастады. Менің төбе шашым тік тұрып,оған айқайладым -Сен мұндайды қайдан үйренгенсің? Бұл немене тағы?Секеңдегеніңді қой! ТҮЗУ ТҰР! (орамалмен аяқтарын байлаймыз)



Мен сағатыма қарап,кешігетінімізге ашуланып, баланы сілкілей бастадым. -Неғып былжырап келесің, аяғыңды бас тезірек,жүруді де ұмытып қалғансың ба, Бол тез! Әкел қолыңды! Қолы қол емес имек сияқты,я дұрыс жаза алмайды, я дұрыстап ұстай алмайды. Жолыңа қара,сүрінбей,соқырға ұқсап келе жатқанын қарашы!Неғып үндемей қалдың,мен сенімен сөйлесіп тұрмынғой керең неме! Қызым жыламсырай бастады. Мен одан сайын даусымды көтеріп айқайлады.-Неге жылайсың? Неге жылайсың деймін мен саған.Жылайтындай не болды? Мені ұятқа қалдырдың ғой ! Мен кімге айтып тұрмын. ЖЫЛАМА! (осы сөздерден кейін ішін қатты байлаймын) Сөйтіп,әрі қарай қызымды қолынан дым келмейтіндігі үшін сөгуді жалғастыра бердім. Яғни мен оның бала екенін және оған менің көмегім керек екенін ұмытып, оның істеген істеріне көңілім толмай жүре бердім. Ата-аналардың ой пікірлерін тыңдау Сіздердің осы оқиғадан түйген ойларыңызбен бөліссеңіздер? Ата –ана бала көзімен болғанда қандай әсер алдыңыз?

  • Кішкене болсада бала тәрбиесінде кетіп жатқан қателіктеріңізді түзетуге түрткі бола алды деп ойлайсыздар ма? Қорытынды: Психолог сөзі: Жақсы! Керемет ой білдірдіңіздер. Атақты жанұялық терапевт Вирджиния Сатир балаңыздың дұрыс қалыптасуына күніне бірнеше рет құшақтаудың оң әсер беретінін айтқан. Яғни балаңыздың өмір сүруі үшін 4 рет құшақтау өте қажет болса,ал өзін жақсы сезіну үшін кем дегенде 8 рет құшақтау керек деп есептеген.Ал баланың интеллектуалдық жағынан дамуы үшін- күніге 12 рет құшақтау қажет деген. Ересектер үшінде өте қажет екенінде айтқан. 4.Би терапиясы: «Атомдар мен молекулар» Бала өзі ата-ана құшағынан өзі шықпайынша итеріп жіберуге болмайды.Бала өзін риясыз қабылдайтынын сезініп өсу керек. Балаңыздың психологиялық дамуына көмектесе отырып, эмоционалдық жағынан қоректендіреді.Бала осындай белгілерді алмаса, онда эмоционалдық проблемалар,мінез-құлқындағы ауытқушылықтар пайда болып,тіпті психикалық –жүйке ауруларына да ұшырауы мүмкін деп Яғни балабақшадағы психологиялық қызметтің негізгі мақсаты: Баланың жеке тұлға болып қалыптасуына.,Олардың шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуына.Қабілеттері бейімділіктерінің дамуына көмектесу,психологиялық ерекшеліктерін терең зерттей отырып, балаларда кездесетін ауытқушылықтардың алдын-алу бағытында жұмыс жүргізу болып табылады. Балабақшаға балалар алғашқы қадам басқан сәттен бастап бақылау,зерделеу, психодиагностика жұмыстары,психотүзету,

  • Психологиялық ағарту, кеңес беру,психодамыту бағытында топпен жеке баламен жұмыстар ойын, тренинг,үйлестірілген іс әрекеттер ұйымдастырады.Сонымен қатар баламен қарым-қатынасты оңтайландыру,баланың тұлғалық өсуіндегі дара ерекшеліктерді анықтау бағытында педагогтармен ата-аналармен, қызметкерлермен дамыту,ағарту, кенес беру бағыттары жүзеге асады. Өзіңізді толғандырған мәселер болса мазалаған сұрақтардың шешімін таба алмасаңыз психологтан ақыл-кеңес алыңыз.. Болашаққа балалардың толық қанды тұлға болып қалыптасуы үшін балабақша ұжымы,отбасы болып бірігіп қарым-қатынасымызды біріктіруге шақырамын. Бүгінгі дөңгелек үстелде біз сіздермен ата-ана мен балабақшадағы психологиялық қызметті тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Осы ағаштың тамыры ата-ана, діңгегі балабақша, жапырағы балаларымыз.Егер тамырдан нәр алып, діңгегі мықты болып, бұтақтары жапырағын жайса ағашымыз жемісін береді. Біздің ортақ жемісіміз ол балалар. Дәл қәзіргі егілген дән,ертеңіңіздің тәтті жемісі екенін ұмытпауымызды еске сала отырып. «Тал саялы терекке айналу үшін, ал бала көкірегі ояу, жан-жақты дамыған адам болу үшін,бүгінгі дөңгелек үстелден өздеріңізге алған әсерлеріңізді қандай? , Сіздерге не ұнады ,не ұнамады?, Кездесу барысында айтылмай қалған ойларыңыз болса, мына себеттен жапырақтарды алып ,тілек ,ұсыныстарыңызды түсіріп, талға жапсыруларыңыз сұралады. Дөңгелек үстелеге қатысқандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!