Материалдар / Балаға тәрбие беруде әкесінің орны
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Балаға тәрбие беруде әкесінің орны

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама Бала тәрбиесіндегі ата-ананаң рөлі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Наурыз 2021
1503
8 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Перуаш Кәрімұлы атындағы орта мектеп» КММ







Shape1



Тақырыбы: Балаға тәрбие беруде әкесінің орны







Дайындаған: Мусина Баян Орынбасаровна







Балаға тәрбие беруде әкесінің орны.

Адамның қалыптасуы бала кезенінен басталады. Жақсылық та адам бойына сол бала кезде егіледі. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық ұрығының өніп шыққаны немесе оны жамандықтың арам шөпттері басып кеткені сол кезде ғана белгілі болады.

Қоғамда біркелкі отбасы болмайды. Әрбір жанұяның өзінің ерекшелігі және салты болады. Осындай әртүрлі мінездегі жанұядағы жандардың ортасынан мінезі салмақты болып өсетін балалар немесе керсінше мінезі де сөйлеген сөздері де шапшаң болып тәрбиеленетін балалар болады.

Баланың мінезі неден тәуелді болады?

Баланың мінезінің қалыптасуына ата-ананың қарым –қатынасы, көзқарасының көп әсері бар. Ата –аналарының шектен тыс балаларын қорғаштауы балалардың үлкендерге тәуелділігінің себебінен өзінің құрбыларымен қарым-қатынас жасауға кедергі келтіруі мүмкін. Үлкендер кейбір жағдайларды балаға білдіруден қорқу арқылы, олардың әлсіз, қобалжулы болуына жол береді. Үлкен және кішінің арасында сенімді қарым-қатынас болғанда ғана, бала ата –ананың қобалжуын түсіне алады, тек түсініп қана қоймайды, олармен сенімді достық қарым –қатынаста болады. Ал жақсы қарым-қатынас адам өмірі үшін өте маңызды. Қарым-қатынас үрдісінде адамдар бір-біріне өз әлемі жайлы ашылып, жақсы, жаман жақтарымен көріне алады. Жақсы қарым-қатынас жасауды үйренуге болады, ол үшін оны үйренуге ұмтылу керек. Қазіргі дамуы қарқынды өтіп жатқан заманымызда кейбір ата-аналардың балаларына қатынасы әлі де болса ескі көзқараста қалып қойып отыр, сонымен бірге олар баласының психологиялық даму ерекшеліктерін де біле қоймайды. [1, 181 б]

Жасөспірімдер үшін мемлекет алдындағы борышы қоғамдағы өз тұлғасының дамуы деп түсінеді. Жасөспірім сайлаудың элементтерін қоршаған ортаның мәдениеті деп ойлап, ал өзі осы мәдениетке таңдау жасайды. Жасөспірім кезеңі – адам бұл кезде жаңа өмірге қадам бастайды. Бала дамуындағы жас ерекшеліктер дағдарысы болады. Жас ерекшеліктер дағдарысы бала дамуының бір кезеңінен екіншісіне ауысуын атайды. Осындай сындарлы кезеңде балалар тілзар, ерке, қыңыр, ашуланшақ болады. Олардың бойында қасарысушылыққа дейін баратын бұрын орындалған талаптарға теріс көзқарасы қалыптасады. Олар айналасындағылармен жиі қақтығысқа түседі, әсіресе ата-аналармен. Балалардың осындай дағдарысының келесі түрлері қарастырылады:

  • Бірінші жылдың дағдарысы (сәбиліктен ерте балалық шаққа өту кезеңі);

  • «Үш жастағы» дағдарыс (ерте балалықтан мектепалды жасына дейін);

  • 6-7 жас дағдарыс (мектепалды жасынан бастауыш сынып жасына);

  • Жыныстық жетілу дағдарыс (кіші мектеп жасынан жасөспірімдікке өту 12-14 жас);

  • Жасөспірімдік дағдарыс 15-17 жас.

Ата – аналармен қатты қақтығыстар баланың балиғат жасына жеткен кезеңіне келеді. Жыныстық жетілуінің басталуымен (11-12 жас) жасөспірімнің мінез-құлқы да өзгереді: ол ырықсыз бола бастайды, көңіл –күйінің ауыспалылығын жиі көрсетеді, өзінің тең құбылыстарымен жиі келіспейді. Оның тәртібінің басты себебі өзін-өзі тағайындау, көрсету, өз мәртебесін анықтау. Осы орайда ата-аналар мен педагогтардың беделдігіне де көзқарасы өзгереді.

Осыған дәлел болып Испанияда өткізілген қызықты тәжірибе саналады. 25 адамнан тұратын жасөспірімдердің екі тобы анықталған: 8-11 жас пен 14-17 жастағы жасөспірімдер. Таңдау критерийлері ретінде баланың әкеге деген көзқарасы белгіленді: тәжірибеде тек қана өз әкесін ең сүйікті адам ретінде танитындар қатысады.

Тәжірибенің барлық қатысушыларына дене жаттығуларында олардың әкесі мен әкесінің досының көрсеткіштерін бағалау ұсынылды (ауырды көтеру, жұдырық күші және т.с.с.). Абсолюттік көпшілігі – бір топтан 20 жасөспірім және екіншіден 19 бала –көрсеткіштерді өз замандастарының жобалы нәтижелерінен де жоғары бағаланған. Нақты сайыста нәтиже керсінше болып шықты. Замандастарының бағалауды көтеріп жіберу нәтижелерінің артында саналы емес, бірақ күрт көтерілген бағалау тұрғаны білінді: жасөспірім өзін тағайындауды және әкесінен озып кетуді қалайды. Қатал бақылау мен үздіксіз бағалау ахуалында өскен жасөспірім балиғат жасында дәрменсіз болып қалады және бөтен адамның ықпалына тәуелді болды. Шамадан тыс тәртіпті белгілеу және тоталитаризм, махаббат, мейірімділік және сыйластыққа негізделген құндылықтар мен беделдерді жоққа шығаруға әкеліп соғады. [2, 164 б]

Баланы тәрбиелеу үрдісінде баланың ата-анасына және ата-анасының баласына қатысты сезімдері өте маңызды болып келеді: бұл тиянақты екі ұшындай. Және де егер ата-аналар – балалар қарым-қатынасының негізінде махаббат болмайтын болса, қалғанының бәрі жасанды және қалтылдақ іргетаста (қорқынышта, бағынуда, кінәлі сезімде және т.б.) болады.

Ата-аналардың балаларымен толыққанды, үйлесімді әрекет етуі үшін бәрінен бұрын, баланы қабылдауға және соның нәтижесінде оның сыртқы келбетіне де, оның тараптарына да ата-аналардың одан келешекте күтетін арман –үміттері мен тіпті бүгінгі күнгі оның мінез –құлқына да тәуелсіз сөзсіз, бұлтарыссыз махаббат қажет.

Баланы бұлтарыссыз қабылдау дегеніміз – ол, әрине, баланы жақсы көруге – демек оны сұлу, арқылы, талапты, көмекші, оқу үздігі болғандығы үшін емес, оны бар болғандығы үшін, болмасы үшін сүю.

«Бұлтарыссыз махабат – махаббатпен аталған жалғыз ғана махабаттың түрі» деген екен бір данышпан. Ол – қиындықтар мен келіспеушіліктерден туындайтын тәрбие үрдісінде пайда болатын шешімдерді табуда жолдан тайдырмайтын және адастырмайтын шамшырақтың жарығы тәріздес. Бұл жарық ата-аналар үшін бағытты ұстап тұруға көмектеседі: балалардың бақытты және жемісті болашағы. [3, 64б]

Отбасы ошақтың үш тағаны сияқты, олар – әке, ана, бала. Үшеуінің бірлігі – отбасының бірлігі. Қоғамдағы әр шаңырақтың босағасы берік, мерейі үстем болмай мемлекетіміз мықты болуы мүмкін емес. Бала – ата-ананың игі істерін жалғастырушы болашағы.

Отбасылық ынтымақтастық отбасы мүшелерінің арасындағы эмоционалдық байланысының күшін сипаттайды, олардың бір-біріне деген мүдделері мен бір-біріне деген байланысын білдіреді. Ынтымақшыл «БІЗ» деген ұғымға өзінің жататының сезіну – шынында да тамаша сезім! Ол балаларға да, ересектерге де қорғаныштық сезімін білдіреді, жалғыздық қауіпінен босатады, «БІЗДІҢ» гүлденуі үшін белсенді шығармашылық қызметке жетелейді.

«Атамыз қазақ «Бала – адамның бауыр еті», «Балалы үй - базар» дейді, өйткені бала – өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Әр бала – дара тұлға. Бала тәрбиесінде жаман қылықтар көрсетуден аулақ болып, балаға үлгі болсақ, жан-жақты дамыған, шығармашылық қызығуы бар ұрпақ тәрбиелей аламыз. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дегендей жақсы тәрбие беру – ата-ананың парызы.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!