Материалдар / Балалар әдебиеті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Балалар әдебиеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалар әдебиеті – қазақ әдебиеті тарихының өскелең әрі құрамдас бір саласы. Оның өзіндік өсу, өркендеу жолдары бар. Басында жалпы әдебиетпен бірге дамып, толысып келген ол Х1Х ғасырда өз ерекшеліктерімен дербес күйге жетті. 1960-жылдардан бастап жоғары оқу орындарында жеке пән ретінде оқытыла бастады. Балалар әдебиетінің қалыптасу, өсіп-өркендеу жолы бұрынғы-соңғы зерттеулердің аясында, халық өмірі мен қоғам дамуына байланысты қарастырылады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қаңтар 2023
1248
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1 практикалық тапсырма

Сұрақтар мен практикалық тапсырмалар:

1. «Қазақ балалар әдебиетінің» мазмұны мен міндеті.

2. Қалыптасу және  даму  тарихы, кезеңдері.

Жауап.
1.«Қазақ балалар әдебиетінің» мазмұны мен міндеті.
Қазақ балалар әдебиеті де қазақ қоғамымен бірге туып, біте қайнасып келе жатқан рухани іргелі сала. Балалар әдебиеті - келешек әдебиеті. Белгілі академик жазушы Мұхтар Әуезов : «Ел боламын десең , бесігіңді түзе» деген екен. «Бесікті » түзетудің бір жолы – бесік жырын түзеу. Бүгінгі 
балалар әдебиеті өрісі биік, өресі кең, мәдениеті үлкен әдебиет. Балалар әдебиеті – балалар өмірінің энциклопедиясы. Бастысы балалардың рухани мәдениетін байытып, туған елі мен жерін сүюге , ата-анасын сыйлау , үлкенге құрмет көрсету , имандылыққа тәрбиелеу. Балалар әдебиетінің негізі – ауыз әдебиетінде. Сондықтан балалар әдебиетін зерттегенде халық ауыз әдебиетінен аттап өтуге болмайды. Өйткені, халық ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің алтын қоры, алтын бесігі. Оқу жасына дейінгі балалар, оқушылар ертегілерді тыңдауды өте жақсы көреді. Ертегілердегі ғажайып оқиғалар, қызықты тартыстар мен түрлі егестер, тапқырлық пен айлакерліктер, зұлымдық әрекеттерге қарсы күрескен қажырлы адамдардың қиян кескі батырлық істері оларды таң-тамаша етеді. Мектеп оқушылары батырлық жырларды аса сүйсініп, оның ішіндегі жағымды кейіпкерлерге еліктей отырып, қызыға оқитындығы сондықтан. Балалар әдебиетінің негізгі мақсаттары: жас буынның сана-сезімін оятып, ақыл-ойын дамыту, оларды адамгершілікке, отан сүйгіштікке, т.б. ізгі мұраттарға баулу.
Балалар әдебиетінің міндеттері


- балаларды көркем әдебиетінің халық ауыз әдебиеті жанрымен және шығармаларымен таныстыру;
- баланың шығарма мазмұнын меңгеріп, оларды дұрыс түсінуін 
қамтамасыз ету;
- көркем сөздерді дамытудың негізгі тәсілдерін үйрету.


Мазмұны:
Балаға жеткілікті деңгейде мәтінді талдау, шығарманың ерекшелігі туралы түсінік беру арқылы әдебиет теориясының кейбір қарапайым ұғымдарын жеткізе отырып, әдебиетке қызығушылығын ояту. Көркем шығармаларды қалай қабылдайтынын, оларға 
қалай әсер ететіндігін байқап, шығарма туралы балалардың пікірін ескеріп, қажет болғанда түзетулер енгізіп, баланың адамгершілік әлеуетін қалыптастыру. Шығармалардың жанрларын анықтай білуге (өлең, әңгіме, ертегі), тілдің көрнекті бейнелілігінің үлгілерін (айқындау, теңеу және т.б.) байқауға үйрету. Бағдарламада берілген шығармалардан үзінділер жаттау (өлеңдер, шағын ауыз әдебиетінің жанрлары), тақырыпқа сай шығарманы таңдай білуге (түсінік айту) үйрету. Заманауи көркем шығармаларды енгізу есебінен балалар оқуының шеңберін кеңейту. Ұлттық әдеби шығармалармен, жазушылардың, ұлттық тілді жақтаушылардың немесе нақты аймақтың жазушыларының шығармаларымен таныстыру. Бірігіп тыңдау дағдыларын, сұрақтарға ұйымдасқан түрде жауап беруге және оқығаны туралы сұрауға, талқылауға, суреттерді мұқият қарап, таныс мәтіндермен сәйкестендіруге тәрбиелеу.


2. Қалыптасу және даму тарихы, кезеңдері.


Балалар әдебиеті – қазақ әдебиеті тарихының өскелең әрі құрамдас бір саласы. Оның өзіндік өсу, өркендеу жолдары бар. Басында жалпы әдебиетпен бірге дамып, толысып келген ол Х1Х ғасырда өз ерекшеліктерімен дербес күйге жетті. 1960-жылдардан бастап жоғары оқу орындарында жеке пән ретінде оқытыла бастады. Балалар әдебиетінің қалыптасу, өсіп-өркендеу жолы бұрынғы-соңғы зерттеулердің аясында, халық өмірі мен қоғам дамуына байланысты қарастырылады. “ Балалар әдебиеті – сөз өнерінің жеке бір өзекті бөлімі. Балалар әдебиеті – қазақ әдебиеті тарихының құрамдас бір бөлігі. Оның қазақ әдебиетіндегі орны және ара -қатынасы, бір-біріне әсері.
Балалар әдебиеті – халықтың сөз өнері мен жазба әдебиетінің балаларға арналған жанрлық түрлерін қамтыған пән.
А.И.Герцен өзінің бір данышпандық сөзінде: «Кітап – бір ұрпақтың екінші ұрпаққа қалдырған жан сыры, өсиеті, өлмелі қарияның өмір табалдырығынан жаңа аттаған жас буынға айтқан ақыл-кеңесі»,-деген. Халықтың шығармалар да дәл осы А.И.Герцен айтқандай, ұрпақтан ұрпаққа ұласып келе жатқан халық даналығы деп білеміз. Октябрь революциясына дейінгі қазақ балалар әдебиетінің асыл мұралары халық ауыз әдебиетінен басталады. 19 және 20 ғасырдың бас кезінде өмір сүрген Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Сәбит Дөнентаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Спандияр Көбеевтердің балалар әдебиетіне қосқан мол мұраларымен байыды. Өз алдына дербес үлесі бар, толық мәнді әдебиетке айналды. Ендігі жерде осындай бай мұраларды зерттеп, оның тәрбиелік, идеялық бағыттарын ашып, жас ұрпақтарға ұсынып, түсіндіріп отыру басты міндетке айналып отыр. М.И.Калинин: «Бізде социалистік қоғамның жаңа адамдары туып келеді, бұл жаңа адамға ең жақсы қасиеттерді сіңіре білу керек»- деген. Балалар фолклоры мен қазақ совет балалар әдебиетінің өсу жолдарын зерттегенде осы мақсатты көздедік. Осыған орай балалар фолклорынан бастап, бүгінгі қазақ совет балалар әдебиетінің кең өріс алған белесіне дейін оның қалыптасуы, өсу жолдары ұлы орыс халқының мол мәдениетінен, үздік әдеби мұраларынан, ғылымынан үлгі алып, тығыз байланыста дамығанын әрбір тарау сайын дәледі де ұтымды фактілер келтірумен растап отыруға тырыстық.

Балалар әдебиетінің даму тарихы тым әріде жатыр. Бүкіл әлем шеңберінде алып қарасақ, сөз өнері, оның сыры мен сипаты туралы топшылаулар, көркемдік таным мен талғамның алғашқы белгілері грек өркениетінен ондаған ғасыр бұрын көне Қытайдың “Ән кітабы”, “Құбылу кітабы”, ежелгі Мысырдағы “Ағалы-інілі екеу туралы ертегі”, байырғы Вавилон жұртының “Көрмегені жоқ кісі туралы” дастаны немесе көне үнді халқының “Ригведа”, “Махабхарата”, “Рамаяна” жырлары тәрізді адам баласының жер бетінде тұңғыш туғызған әдеби ескерткіштерінде б.з.б. 3 — 2 мыңыншы жылдарда пайда болып, келе-келе тұрлаулы эстетикалық ұғымға көше берген. Эллада эстетикасы да бірден мектепке айналып, қауырт қалыптаса қалған жоқ. Гректің әдемілік туралы ілімі Пифагор мен пифагоршілердің (б.з.б. 6 ғ.) өнер мәнін санға, Гераклиттің сапаға, Демокриттің мөлшерге, Сократтың өлшемге сайған аңқау аңғарымдарынан басталып, Платонның “сәбилик” филос-сы арқылы Аристотель (б.з.б. 384 — 322 ж.) “Поэтикасына” келіп ұласады. Ал “Поэтика” — күллі көркемөнер туралы тұңғыш философия-эстетика трактат қана емес, өз кезіндегі әжептеуір жүйеге түскен бірден-бір әдебиет теориясы. Мұнда поэзияның тегі, мәні, мазмұны, пішіні, әдеби шығарманың композициясы кең әрі келелі сөз болады. Өнер туындысының көп жайларын, әсіресе характер, әрекет, байланыс, шешім, шиеленіс, хабар, түйін, метафора, гипербола, фабула, аналогия т.б. жайларын талдап-тексеруі күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Осы арада айырықша атап айтатын бір шындық: өзіміздің қазақ топырағында — ертедегі түркі халықтарының кіндік қаласы Отырарда (Фарабта) туып-өскен ұлы ойшыл, ғұлама ғалым Әбу Наср Әл-Фарабиәл-Фарабидің (870 — 950) әлемдік білім мен мәдениет аспанында жарық жұлдыздай жарқ етіп, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз дәрежесіне көтерілуі — адам таң қалғандай ғажайып құбылыс. әл-Фараби — дана философ қана емес, майталман математик, үлкен дәрігер, дарынды музыкант, мықты әдебиетші болған адам. Оның “Музыканың ұлы кітабы”, “Поэзия канондары” т.б. зерттеулері — бүкіл дүние жүзінде эстетикаға қосылған айтулы үлес. әл-Фараби өзінің поэзия туралы байыптауларында Аристотельдің “Поэтикасын” талдап-түсіндіруді мақсат ете тұра оны егжей-тегжейіне дейін түгел тексеріп жатпайды; поэзияны трагедия, комедия, драма, эпос, риторика, сатира, поэма т.б. осылар тәрізді бірнеше түрге бөледі де, әрқайсысына жеке-жеке жанрлық сипаттама береді.



2 практикалық тапсырма

Сұрақтар мен практикалық тапсырмалар:

1.Бесік жыры- ауыз әдебиетінің қайнар бұлағы.

2. Балаларды төрт түлік малмен таныстыратын жырлар.

3. Бүлдіршіндерді уату, бойын ширату, ойнату өлеңдері.

Жауап

1. Бесік жыры – халық тапқырлығы мен даналығы. Ізгі ойдың санаға дарыған мөлдір бұлағының тамшылары. Негізінен аналардың балаға деген мейірін үстемелейді, сезімді тебірентеді. Бөлеуде жатқан баласы бесіктің арқалығына сүйене отырып емізген ана жанын еміренткен арман-тілегенін де, көкейдегі көксегенін де әндетіп айтады. Сол сезімінің бәріне халық сөзі арқау болады. Халқымыздың ұлттық дүниетанымы мен мағлұматының, нәрестенің жастайыннан құлағына құйып өскен тағылымының бірден-бір айнасы есептелінетін жырларының бірі – бесік жыры. Сәби тәрбиесі мен мінез-құлқын қалыптастыруда бесік жырының орны мүлде бөлек. Ол баланың көкірек көзін ашады, жан-жүйесін тербейді, сезімін сергітеді, көңіл-күйін көтереді. Есейе келе өнерге, сөз өнеріне бейімделеді. Әже мен ананың әлдиі сәбидің алғашқы өнер мектебі екені баршаға белгілі. Жалпы “бесік” атауының шығуы әлі де болса терең зерттеуді қажет ететіні даусыз. Қазақ ұлттық этнология саласына тән – қазақ халқының салт-дәстүрі болып табылады. Бесік – қазақ қауымы үшін аса қастерлі, қасиетті мүлік. Оны адами өмірдің бастапқы ұясы деп біледі.Бесік – көшпелі ғұмыр кешкен бабаларымыздан қалған қасиетті мұра.Қазақта “Есік көргенді алма, бесік көргенді ал”, “Бесік көрмеген ессіз болып есікке енеді”, “Есік арқалағаннан бесік арқалаған артық”, “Төрінде бесік тұрса, төре де бас иеді” деген ұлағатты сөздер содан қалған екен.



2. Төрт түлік – мал: түйе, жылқы, қой, сиыр. Қазақ халқы осы төртеуін төрт түлік деп атаған. Ауыз әдебиетінде “төрт түлік малды құрадың” деген тіркес жиі кездеседі. Бұл дәулетіне сәулеті сай адамдарға арналып айтылған. Мысалы, “Байбөрі деген бар екен, Байбөрі малға бай екен, Төрт түлігі сай екен...” (“Алпамыс батыр” жырынан). Халық төрт түліктің әрқайсысының сақтаушы иесі бар деп ұғынып, оларды ойсылқара, қамбар ата, шопан ата, зеңгі баба деп атаған. Төрт түлікті кейде жұп (аша, айыр) тұяқ, тақ (тік) тұяқ деп те атайды. Қазақ төрт түліктің ішінде түйе малын байлық ретінде де, көлік ретінде де, азық ретінде де қатты қастерлеген. “Нар жолында жүк қалмас” деген мәтел осының айғағы. “Ат – ердің қанаты”, “Мінсең – көлік, жесең – ет” деп жылқы малын да аса жоғары бағалаған. Сондай-ақ қой мен ешкі, сиыр малының да өзіне тән ерекше қасиеттері болатынын ұмытпаған.


3. Уату-алдарқату жырлары(потешки). Уату-алдарқату жырларының әрқайсысының(«Қуырмаш», «Бөпем менің қайда екен?», «Бір дегенім білеу…» т.б.) мазмұнынан халық тұрмысының өзіндік ерекшеліктері танылады. Уату жырларының міндеті – тынышсызданған баланы алдандырып, сергітіп, көңілін басқа жаққа аудару. Уату-алдарқату жырлары – бала көңілін аулайтын ермек қана емес, үлкен тәрбие құралы. Сондай-ақ, саусақтарды ретімен жұмып, ретімен ашу да бала ұғымын жүйелілікке тәрбиелейді.
Жеткіншектер поэзиясы. Маусымдық жырлар. Қазақ балаларының маусымдық жырларын көктем мен жаз, күз бен қыс өлеңдері деп екіге бөлген жөн. Алғаш күн күркірегенде, алғаш жыл құсы келгенде, 
алғаш бие байлап, қымыз ашытқанда түрлі ырымдар жасалады. Міне, осындай көктем, жаз, күз, қыс құбылыстары балалар өлеңдерінен өз орнын тапқан. Көктем мен жазға арналған өлеңдер(«Жыл құсын көргенде», «Самалық, самалық», «Жазда» т.б.)қуанышты көңіл-күй әуендерімен ерекшеленсе, күз бен қыс туралы өлеңдерде(«Күзде», «Қыста» т.б.) сүреңсіз суық күндер, ауылдың сұрқай тіршілігі басым бейнеленеді. Арнау-тілек өлеңдері(заклички, приговорки). Арнау-тілек өлеңдерінің ішкі мазмұнына үңілсек, күнге, айға, табиғат құбылыстарына арналған жырлардан(«Айға»,«Күн шыққанда», «Жаңбыр жауғанда» т.б.) жалбарынудың, өтіне сұранудың нышанын байқаймыз. Ал жан-жануарларға арналған жырларда(«Балыққа», «Құртқа» т.б.) өтініштен гөрі бұйыра айту сарыны басымдау. Балалар өлеңдері(тақпақ, сұрамақ). Жеткіншектердің күнделікті тіршілігінде жиі айтылып, кең таралған өлеңдер тобын шартты түрде балалар өлеңдері деп жеке топтауға болады. Тақпақ(«Торғай», «Қарға», «Сауысқан» т.б) – шағын көлемді шығарма. Тақпақта дыбыстық үйлесімдер жарасымы анық байқалады. Мазмұны балалардың таным-түсінігіне, күнделікті тірлігіне етене жақын болып келеді. Сұрамақ(«Қарға, қарға, қарғалар», «Ауылың қайда?», «Бақа» т.б.) диалогқа құрылып, екі баланың кезектесіп айтуына ыңғайлы болып келеді. Өлең құрылысы да ойнақы, жеңіл, шымыр ұйқасқа құрылады. Айтыс түрінде келетін өзгеше қызық формасы да(«Қой мен ешкінің айтысы») бар.
Қызықтама(прибаутки). Қызықтамалардың(«Түлкі, түлкі, түлкішек», «Түйе, түйе, түйелер» т.б.) ең басты ерекшелігі, өлеңдік баяндауға құрылатындығы. Олардың сюжеті үнемі тізбекті болып келеді. Бұл өлеңдерді балалар ынталана тыңдап, тамашалап қана қоймай, оның астарындағы юморды да түсіне білуі шарт.
Мазақтама(дразнилки). 6-12 жас аралығындағы балалар бір-біріне ат қойып, айдар тағуға, кез-келген жағдайда бір-бірін келемеждеуге ыңғай тұрады. Және ол келемеждерін көбінесе өлең жолдары арқылы білдіреді. Балалар мазақтамаларын мазмұны, тақырып объектісі жағынан балалар атына ұйқастырылған(рифмованные прозвища) мазақтамалар және бала бойындағы, мінезі мен әрекетіндегі түрлі кемшіліктерді күлкі етуге арналған сайқымазақ мазақтамалар деп екі жікке бөлуге болады. Мазақтаманың негізгі мақсаты – баланың мінін көрсетіп, сынау, оны тәрбиелеу. Ал балалардың бірін-бірі мазақтауы кезінде орынсыз пайдаланып, бір-бірінің арына тиіп, ызаландырып жасытуы мүмкін. Ондайда оларға үлкендік, салиқалық кеңес керек. Ойынға байланысты жырлар. Балалар ойынының поэзиялық өрнегіне, фольклорлық мән-мағынасына тоқталатын болсақ, екі үлкен жікке бөліп саралауға болатын тәрізді. Оның алғашқы тобына балалардың қимыл-қозғалыс ойындарына, ойынның басталуына, жүргізілуіне, аяқталуына байланысты айтылатын, яғни, ойынға байланысты өлеңдер, екінші жікке өлең-ойындар жатады. Екінші жағдайда балалар өлең сөзін ойынға айналдырады, сол арқылы тапқырлық, ұтқырлық сияқты ой жарысына түседі. Әрекетке құрылған рольді ойындардың(ролевые игры) құрылысында өлең сөз ерекше белсенді қызмет атқарады. Ойынға байланысты келетін өлеңдердің әрқайсысының өзіне тәуелді функциясы, соған орай мазмұны мен өзіндік ерекшеліктері бар. Осы сипаттарына қарай бұл өлеңдерді фольклоршылар мынадай ішкі жанрлық түрлерге жіктеп жүр: Ойынға шақыру өлеңдері. Қаламақ. Санамақ. Драмалық ойындар.
Ойынға шақыру(голосянки). Ойынқұмар ауыл балалары өз серіктерін іздеп бірін-бірі ойынға шақырады. Балалар көп жағдайда бір-бірін өлеңмен де шақырады. Ол өлеңдерді балалар жеке-жеке де, хормен де дауыстап айта береді. Өлеңнің мазмұны көбіне баланы ызаландырып, шамына тиіп қалайда ойынға шығаруды көздейді(«Айдағаным торпақ, ала тайым жортақ. Кім ойынға шықпаса, қоян жүрек қорқақ», «Әуеде ұшқан алты қаз, атайын десем оғым аз. Егер ойынға келмесе, пәленшенің басы таз», «Сәуле бізбен дос, қолы күнде бос. Добын ала шығады, дарбазасын жаба шығады»).
Қаламақ(жеребьевки). Балалар ойынының басталуында да өлеңнің атқарар рөлі зор. Көпшілік ойындардың ойнау шарты бойынша балаларға екі топқа бөлінуге тура келеді. Мұндай жағдайда балалар әр түрлі тәсілдер қолданады. Осындай тәсілдің бірі – қаламақ арқылы жіктелу. Ойын алдында балалар екі жетекші сайлайды, содан соң екі-екіден жұптасып, өздеріне жасырын ат қояды. Сол жасырын ат бойынша екі жетекшіден кезек-кезек қалауын сұрайды. Мысалы, «аспандағы жұлдыз керек пе, судағы құндыз керек пе?» деп сұрайды. Жетекшінің бір «судағы құндыз» немесе «аспандағы жұлдыз» дейді. «Құндыз бала» немесе «жұлдыз бала» сол жаққа шығады. Осылайша олар екі топқа бөлінеді.
Санамақтар(считалки). Санамақтар балалар ойындарын бастауда басты рөл атқарады. Бұл жанрдың тәлімдік мәні өте зор. Ең алдымен ұйқасты өлеңдер баланың поэзияға құмарлығын арттырып, әдемі сөйлеуге дағдыландырады. Жаттау қабілеттерін, танымдық ой-өрісін дамытады. Санамақ тәртібін бұзбай айту баланы сергектікке, байқампаздыққа, турашылдыққа баулиды. Санамақтар көп жағдайда «сен тұр, сен шық», «сен кір, сен шық» деген тәрізді белгілі тіркестермен аяқталады. Драмалық (рольді) ойындар. Ойын(«Айгөлек», «Ақсүйек», «Ақ серек, көк серек», «Үй артында қол ағаш», «Соқыр теке», «Асау мәстек» т.б. ) өлеңдерінің шартты белгісі – олардың орындалуының ойындық шартты әрекеттермен міндетті түрде қабысып келуінде. Өлең ойындар(песни-игры). Бұл топтағы жырлардың қимыл-қозғалыс ойындарымен байланысы жоқ. Ойын сөзге, өлеңге негізделіп құрылады. Балалар диалог арқылы сөз қақтығысына, ой жарысына түседі. Сөзбен ойнай жүріп тілдерін сындырып, қиялдарын ұштайды, білім-біліктерін байытады, түрлі дағдылар қалыптастырылады. Өлеңді сөз бен ойды ермек етуге негізделген бұл өлең-ойындардың құрамына мынадай жанрлық түрлерді топтастыруға болады: тәжікелесу, жаңылтпаш, жұмбақтар, балалар айтысы.
Тәжікелесу(поддевки). Тәжікелесу – балалардың күнделікті тірлігінде кең тараған ермек өлеңдердің бір түрі. Олардың көлемі әр түрлі, көбінесе, ұйқастырылған тақпақ түрінде келеді. Мазмұнында балалардың бір-бірін келекелеп, қағытқан әзілі жатады. Тәжікелесулердің жасанды диалогқа негізделген тәжікелесулер(«-қасық деші – қасық – аузың сасық, -жәшік деші –жәшік –сенің әкең піркәшік» т.б. ), табиғи диалогқа негізделген тәжікелесулер («-немене – тегене -төмен қарай дөңгеле», «-мынау қандай ағаш? –қайың –сыбағаң дайын» т.б.), тәжіке-жұмбақтар(«-белі бүкір алысқа түкір –мылтық –аузыңа жүн тық, -даусы тырау-тырау, денесі қырау-сұрау – тырна –бас салып тырна»), тәжіке-сауалдар(-ақ па, қара ма? -ақ –бетіңе батпақ жақ –қара-басыңа шықсын жара –ат па, айғыр ма? Ат – арам қат – айғыр – міне алмай қайғыр), алдамшы тәжікелесулер(-ананы қарашы –қараттым, қараттым, қарғаның саңғырығын жалаттым, -алдадым, алдадым, қара суды жалдадым) деген түрлері бар. Тәжікелесудің сөздің мағынасын бұра сөйлеуге құрылған дәстүрлі формалары да бар.






3 практикалық тапсырма

Сұрақтар мен практикалық тапсырмалар

1.Балалардың жұмбақтарды,жаңылтпаштарды,мақал-мәтелдерді,ертегі желісімен ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін пайдалану арқылы халық ауыз әдебиеті жөнінде білімдерін,сөздік қорларының деңгейін байқау.

2.Халық ауыз әдебиетін балаларға тиімді қолдану арқылы балалардың сөздік қорын молайтып,тілін дамыту.

Жауап

Мен Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы ,Қараоба орта мектебі жанындағы «Айгөлек» шағын орталығында өзімнің тәжірибелік-эксперименттік зерттеу жұмысымды жүргіздім.Тәжірибелік-эксперименттік зерттеуге «Жұлдыздар» ересек тобынан 10 бала қатысты.

Жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың мақсаты:мектепке дейінгі балалардың халық ауыз әдебиеті арқылы тілін дамыту,сөздік қорын молайту.

Тәжірибелік – эксперименттік жұмыстың міндеттері:

1.Балалардың жұмбақтарды,жаңылтпаштарды,мақал-мәтелдерді,ертегі желісімен ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін пайдалану арқылы халық ауыз әдебиеті жөнінде білімдерін,сөздік қорларының деңгейін байқау.

2.Халық ауыз әдебиетін балаларға тиімді қолдану арқылы балалардың сөздік қорын молайтып,тілін дамыту.

3.«Жұлдыздар» тобында жұмбақтарды, жаңылтпаштарды, мақал-мәтелдерді,ертегі желісімен ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін пайдалану арқылы балалардың білімдерін,сөйлеу дағдыларын,тіл дамыту белсенділігін анықтау.

Тәжірибелік – эксперименттік жұмыс барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер:бақылау,зерттеу,тәжірибе жүргізу,сұрақ – жауап,қайталау,

көрнекіліктер,сөздік,топпен жұмыс.

Бұл жұмыс үш этаптан тұрады:

- құрастырушы

- қалыптастырушы

- бақылау

Зерттеуді бастамас бұрын мен критерийлер мен көрсеткіштерді анықтап алдым.

Көрсеткіштері:

1.Сөздік қоры

2.Байланыстырып сөйлеу

3.Әңгімелеп беру

Критерийлері:

Төмен-3 балл

Орташа-4 балл

Жақсы-5 балл

Бірінші құрастырушы бөлімінде зерттеу жүргізу үшін 1 топты 2 шағын топшаларға бөліп алдым.Олар: бақылау және тәжірибелік топтары.

Әр топқа халық ауыз әдебиеті түрлерін тандап алдым.Оған жаңылтпаштар,

жұмбақтар,мақал-мәтелдер және ертегілер кірді.Олар балалардың байланыстырып сөйлеу,ойлау және сөздік қорын дамыту көрсеткіштері бойынша алынды.Мен зерттеуімді ең алдымен екі топшаға да өткіздім. Ол топшалардың халық ауыз әдебиеті жайлы білімдерінің деңгейін байқау үшін екі топшаға да жарыс түрінде ойын өткіздім:

Ойын тақырыбы: «Кім білімді?»

Мақсаты: Балалардың ойлау,шапшаңдық,байланыстырып сөйлеу қабілеттерін байқау.

Барысы: Балалар біз қазір сендермен бір әдемі ойын ойнаймыз.Бұл ойын «Кім жылдам?» деп аталады.Біз қазір бір-бірімізбен жарысамыз.Мен қазір кімнің білімі көп екенін,кім бізде ең алғыр екенін байқаймын.Ол үшін сендер бірінші мақал-мәтелдердің жартысын тауып алуларың қажет,содан кейін мен жасырған жұмбақтардың шешімдерін айтып,соңында өздерің білетін жаңылтпаштарды айтып бересіңдер.Кім көп біледі сол жеңімпаз атанады.

Мақал-мәтелдер:

1.Білекті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады.

2.Ауру қалса да,
Әдет қалмайды.

3.Алдыңғы көш қайдан жүрсе,
Соңғы көш сонан жүрер.

4.Туған жердей жер болмас,

туған елдей ел болмас

5.Жаман өзен өткел бермес,

Жаман кісі көпке ермес.

Жұмбақтар:

1.Көзге ілінбейді, 
Жұтсаң білінбейді. (Ауа) 
2.Қолы жоқ, сурет салады, 
Тісі жоқ, тістеп алады. (Аяз)

3.Бұтақта ілініп тұрамын, 
Піскенде себетке құладым. (Жеміс) 
4.Өсірдім ұлпа қар, 
Шешуін кім табар? (Мақта) 

<
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!