Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Балалар және жасөспірімдер туризміне өз ізін қалдырған, спорт және туризм ардагері – Төкеш Қабалұлы Жездібаев
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Балалар және жасөспірімдер туризміне өз ізін қалдырған,
спорт және туризм ардагері – Төкеш Қабалұлы Жездібаев
Бекбергенова Алёна Исламқызы
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қалалық жас туристер станциясының директоры, Туризм саласының үздігі
Жездібаев Төкеш Қабалұлы 25 қазан 1935 жылы Ақтөбе облысы Жұрын (Мұғалжар) ауданы Құмжарған ауылдық советінің №19 ауылында дүниеге келді. Эмбі стансасында теміржолшы жанұясынан шыққан. Қазақ педагогикалық институтында (қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін) оқыған .
Институт қабырғасында оқумен қатар спорт және туризммен айналысқан. Бокстан алғашқы жаттықтырушысы болып Шоқ Болтекұлы саналса, ал волейболдан атақты спортшы Октябрь Жарылқапов, жеңіл атлетикадан Борис Левченко, велоспорт түрінен Обутаров, шаңғымен сырғанаудан, және туризм мен альпинизмнің негізін үйреткендер, Семченко Александр Архипович, Вододохов Алексей Алексеевич, баскетболдан ерлі- зайыпты Нелидовтар т.б. Алматылық спорт шеберлері мен жаттықтырушылар еңбегін атап өткен орынды. Альпинизм мен туризммен айналысып үлкен жетістіктерге жетуіне әсіресе Зимин Виктор Матвеевич ықпалы мол болды. Турзим мен альпинизмнің қыр- сырын өзінің әріптестері, қатарластары, өз істерінің шеберлері: Студенин Б.А., Усенов У.У., Ильницский В.А., Абдамбаев С.А., Ельнов В.И. т.б. үйрене отырып бірлесе талай-талай туристік, альпинистік іс шараларға қатысты.
Төкеш Қабалұлы 1960 жылы Абай атындағы педагогикалық институттың тарих- филология факультетін ойдағыдай бітіріп, алғашқы еңбек жолын мектепте ұстаздықтан бастады. Мектептегі жылдық жұмысынан кейін 1961 жылы оны Республикалық туристік-экскурсиялық балалар стансасының ашылуына орай оны жұмыс жасауға шақырады. Бұл орында болашақ жастарға барлық күш жігерін және білімін бере отырып, 1997 жылға дейін жұмыс жасайды.
Республикалық балалар туристік – экскурсия станциясында 2 жыл әдіскер, 24 жыл оқу- әдістемелік жұмысы жөніндегі директордың орынбасары болып қызмет жасаған. Өзі ұйымдастырған оқушылардың «Атамекен» Республикалық туристік-өлкетану экспедициясы ондаған және мыңдаған өлкетанушыларды өз қатарына біріктіріп жақсы деңгейде жұмыс істеген.
Ұзақ жылғы ұстаздық-тәрбиешілік жұмыс барысында 70-тен астам оқу-әдістемелік нұсқаулар: «ҚСРО мектептеріндегі туризм және өлкетану», «Үйірме және клубтарда туристік-өлкетану жұмысын ұйымдастыру», «Жас туристерге кеңес», «Туризм және өлкетану негіздері», «В помощь организаторам школьных слётов и соревнований», «Меры безопасности при организации школьных туристских путешествий», «Типовая программа для вузов «Основы туризма и краеведения» және т.б. жазды.
Республикада алғаш рет балалар – жасөспірімдер туризмінің негізін қалаушы.
Республика аймағында туристік стансалар мен орталықтардың ашылуына ұйытқы болып ұзақ жылдар аянбай еңбек еткен.
Батыс Қазақстан облысында бірнеше рет болып /1961,1991,1996/ туризм және өлкетану бағытындағы оздырылған семинар, конференция, жарыстарға қатысқан.
ТМД елдерінің және республиканың педагогикалық және туристік-өлкетану қоғамында үлкен құрметке ие болған.
Республикалық жас туристер стансасының алғашқы жылдарынан бастап, 1997 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін балалар мен жасөспірімдер туризмінің қалыптасуына, шындалып жетілуіне аянбай еңбек сіңірген азамат.
Қазақстан Республикасының және Кеңес үкіметі кезіндегі халықтық білім озаты және еңбек ардагері, спорт шеберінің кандидаты, тау туризмінің аға инструкторы, спорттық туризм бойынша Республикалық дәрежедегі төреші. Балалар туризміндегі көп жылдық еңбегі үшін оған Қазақстанның туристік-өлкетану саласының дамуына үлкен үлес қосқанын бағалап, 2002 жылы Халықаралық Мәскеу Академиялық балалар-жасөспірімдер туризмі және өлкетану Жоғарғы аттестациялық комиссиясы оған «балалар-жасөспірімдер туризмі» өлкетану мамандығы бойынша Академик құрмет атағы берілді. Сонымен қатар «Золотой компас» сыйлығының иегері болып табылады. 2004 жылы Төкеш Қабалұлы қайтыс болған.
Балалар және жасөспірімдер туризмінің дамуына үлкен үлес қосқан қайраткерді өскелең ұрпаққа үлгі тұту мақсатында ұлықтау біздің басты парызымыз.
Қалалық жас туристер стансасы Ақтөбе қаласындағы туристік –өлкетану бағытында қызмет атқаратын бірден бір қосымша білім беру мекемесі. Осы тұрғыда Жас туристер стансасы «Ақтөбе- Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығымен бірлесіп «Туристік өлкетану қызметі білім мен тәрбиенің басты құралы» атты облыстық тәжірибелік семинар өткізді. Семинар мектеп туризмін дамытуға бағыттау, туристік-өлкетану жұмыстарының белсенді ұйымдастыру түрлерін арттыру, мектептердегі музей жұмыстарын жандандыру, мақсатында ұйымдастырылды. Облыстық семинар қала және аудан мектептерінің өлкетану, тарих, география пәнінің мұғалімдері, қосымша білім беру педагогтары және музей, туризм жұмысына жауапты мамандарға арналып ұйымдастырылды. Сонымен қатар семинарға Ақтөбе облыстық тарихи –өлкетану музейінің ғылыми қызметкерлері, «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының, Ақтөбе қалалық білім бөлімінің өкілдері қатысты.
Семинардың теориялық бөлімінде Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің тарих және дінтану кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Абенов Д.Қ, «Қос шынар» қоғамдық қорының төрағасы, Әлиятанушы Байдербес Ғ.Е. баяндама оқыды.
Сонымен қатар балалар және жасөспірімдер туризмінің негізін салушы, өлкемізден шыққан Төкеш Жездібаевтың 85 жылдық атаулы мерейтойы қарсаңында семинарға Алматы қаласынан арнайы Төкеш Жездібаевтың ұлы фото тілші Қайрат Жездібаев шақырылды. Ол әкесінің туризм саласына қосқан үлесі және еңбектері туралы баяндап берді. Облыстық тарихи –өлкетану музейі ұжымы атынан Қайрат Жездібаевқа екі томдық «Қасиетті Қазақстан» энциклопедиясы сыйға тартылды.
Семинарға қатысушылар туристік-өлкетану бағыты, белгілі туризм қайраткері туралы көптеген мағлұматтар алып, өзара тәжірибе алмасты. Практикалық бөлімінде Қалалық жас туристер стансасының әдіскері Утарбаева А.Б.және туризм нұсқаушысы Шуренбаев Н.О, «Ақтөбе-Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының кафедра аға оқытушысы, Л.Л.Отарбаева шебер сағаттар өткізді. Музей қызметкерлері қатысушыларды облыстық тарихи-өлкетану музейінің тамаша залдарымен таныстырды.
Қалалық жас туристер стансасы жылма –жыл спорттық-туристік бағытта балалар және жасөспірімдер туризмін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында дала жағдайында түрлі туристік жол кедергілерінен өту, алғашқы дәрігерлік көмек көрсету сынды бірқатар іс- шараларды Т.Жездібаевты еске алу мақсатында ұйымдастырып өткізеді: «Төкеш Қабалұлы – спорт және туризм ардагері» туристік тарихи кеші, «Менің Отаным -Қазақстан!» республикалық туристік-өлкетану слетінің облыстық кезеңі. Танымдық өлкетану бағытында Т.Жездібаевтың өмірбаяны және туризм саласындағы еңбек жолдары туралы сырттай тақырыптық виртуалды экскурсиялар, жорықтар және экспедициялар, Білім саласы қызметкерлеріне және мектеп оқушыларына арналған «Sayakһat-2022» облыстық туристік-өлкетану жарысы. Сонымен қатар жас туристер стансасының қосымша білім беру педагогтары үнемі өз жұмыстарында Т.Жездібаевтың еңбектерін қолданады. Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласында Т.Жездібаевтың атында көше бар.
Қалалық жас туристер стансасы балалар және жасөспірімдер туризмінің негізін қалаушы Төкеш Жездібаевтың өмірі мен еңбек жолы туралы Ақтөбе облыстық тарихи өлкетану музейінде бұрыш ашуды ұсынды. Музейге Қайрат Жездібаев сыйға тартқан Т.Жездібаевтың фото суреті, мұзжарғышы, киімдері, кітаптары, туристік құрал-жабдықтары тапсырылды.