Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – басты міндет

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – басты міндет

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – басты міндет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Педагогтің Т.А.Ә.

Аденова В.К.

Күні:

25.11.2024ж.

Сынып: 9 А

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

«Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын

алу – басты міндет»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

«Қауіпті хобби және серуендеу орындары»

Құндылық: әділдік және жауапкершілік

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға құқықтық нормалар мен заңдарды түсіндіру. Топтық талқылау арқылы құқық бұзушылықтың алдын алуға өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік беру. Проблемалық жағдайлар арқылы құқықтық шешім қабылдауға үйрету.

Қауіпсіздік мақсаты

Оқушылардың серуендеу кезінде болуы мүмкін қауіптер туралы хабардарлығын арттыру және қауіпті жағдайлардан аулақ болуға үйрету.

Құндылықтарды дарыту

Сынып ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу.

Дәйексөз

4-апта дәйексөзі: Әділетте берік болсаң аяғың таймайды!

Сабақтың барысы

Сабақ

тың

кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Миға шабуыл.


Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

Кіріспе:  Балалар, заң дегеніміз – қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз мына біздер.

Конституция – бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі заңды елдің Туы, Ән-ұраны және Елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу – біздің парызымыз.

Конституция – елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтанда біз оны Ата Заң деп құрметтейміз.

2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы заң» қабылданды. Бұл заң 9 тарау, 53 баптан тұрады. 2002 жылы 2 қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға қол қояды», сөйтіп Қазақстанның «Балалар құқығы туралы заңы» енгізілді.

Қазақстанда балалардың құқығын қорғау туралы атаулы күндер берілген.

1 – маусым. Балаларды қорғау күні.


20 – қараша. Дүниежүзілік балалар күні.


10 – желтоқсан. Адам құқығы күні


Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен де, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады.
Құқық бұзушылық — қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл шартты құбылыс. Құқық бұзушылық — заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады.

Оқушылар сұраққа жауап береді, пікір


ҚБ «Мадақтау сэндвичі»


Тақырып

тық суреттер



Сабақтың ортасы

«Сенің құқығың» - баптарды еске түсірейік.

Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының

Конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Оның

екінші бөлімінің 30 бабы құқыққа арналған.

14-бап

1 Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.

2 Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына,

нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай

кемсітуге болмайды.

15-бап

1 Әркiмнiң өмір сүруге құқығы бар.

2 Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы

адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар жасағаны

үшін, сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең

ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамның

кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар.

16-бап

1 Әркім өзiнiң жеке басының бостандығына құқығы бар.

2 Заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен

тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға шағымдану

құқығы берiледi. Соттың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан

аспайтын мерзімге ұстауға болады.

3 Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам

сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың

(қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы.

17-бап

1 Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.

2 Ешкiмдi азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік

немесе адамдық қадiр-қасиетiн қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға

болмайды.

19-бап

1 Әркім өзiнiң қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі

анықтауға және оны көрсету - көрсетпеуге хақылы.

2 Әркiмнiң ана тiлi мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым - қатынас,

тәрбие, оқу және шығармашылық тiлiн еркін таңдап алуға құқығы бар.

22-бап

1 Әркiмнiң ар - ождан бостандығына құқығы бар.

2 Ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және

азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты

болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс.

25-бап

1 Тұрғын үйге қол сұғылмайды. Соттың шешiмiнсiз тұрғын үйден айыруға

жол берiлмейдi. Тұрғын үйге басып кіруге, оны тексеруге және тінтуге

заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол берiледі.

Оқушылар құқық туралы өз ойларын ортаға салып, пікір білдіреді.

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады


























Ақпарат

тық мәтін










Үлестірме

лі қағаздар


Суреттер




Тірек-сызбалар












Қауіпсіз

дік сабағы

10 мин

Сабақта серуендеу кезінде туындауы мүмкін қауіптер талқыланады.

«Қайсыңыз спорттың экстремалды түрлерін ұнатады немесе олармен белсенді айналысады?»

«Экстрим» сөзінің мағынасын кім түсінеді?

/Экстрималды жаттығулар туралы бейнебаян көрсетіледі/

Қазіргі уақытта әртүрлі жастағы кәмелетке толмағандар арасында өмірге қауіп төндіретін іспен айналысужиі кездеседі - көп қабатты үйлердің төбесіндегі селфи, руфинг-үйлердің төбесінде серуендеу,қараусыз қалған жерлерге бару және зерттеу, пойыздар, трамвай, метро салонынан тыс жерде жүру, паркур (жолдағы кедергілерді: қабырғалар, баспалдақтар және т.б.еңсеру).

Бұл формалар балалардың өмірі мен денсаулығына қауіпті.

Бұл нысандарға бару заңсыз, бұл құқық бұзушылық.

Көбінесе мұндай объектілерге ену әрдайым заңды түрде бола бермейді.

Мұндай нысандарда кәмелетке толмағандардың болуы олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді, балалардың өліміне әкелуі мүмкін.

Экстремалды хоббиге байланысты қауіптер:

Дене жарақаттары: құлау, сыну, созылу, соққылар.

Қоршаған ортаның қауіптілігі: ауа-райының күрт өзгеруі, қар көшкіні, судағы күшті ағындар.

Дайындықтың болмауы: тиісті дене шынықтырусыз және нұсқаусыз экстремалды спортпен шұғылдану ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

Арнайы жабдықтың қажеттілігі: сапалы жабдықтың болмауы немесе оны дұрыс пайдаланбау.

Оқушылар экстрималды спорт және оның түрлеріне тоқталады.

Жауаптарын бейнебаянды көру арқылы толықтырады.





Суреттер



Сабақ

тың соңы


Сабақты қорытындылау
Құқықтық тәрбие мен құқықтық жігерлі сана алдымен отбасынан басталады. Бүгінгі қоғамды дамыту үшін әрқайсысымыз құқықтық заңға құрметпен қарап, өз бойымызда құқықтық сана мен жігерді шыңдауымыз керектігін өмір көрсетіп отыр. Аталған қылмыс түрлерін болдырмау, оның алдын алу үшін құқықтық насихатты күшейтіп, құқықтық тәрбиені одан әрі жетілдіру қажет.


Рефлексия

Қажетті білімді толық меңгердім бе?

Қай дағдыларды қалыптастырдым?

Оқушылар сабақтан не меңгергендерін баяндайды.

Қандай дағды қалыптастырғандарын айтады.

Оқушылар бағалау критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.11.2024
230
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі