Материалдар / балаларды оқуға дайындаудың психологиялық дамыту жаттығулары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

балаларды оқуға дайындаудың психологиялық дамыту жаттығулары

Материал туралы қысқаша түсінік
материал оқушыларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Сәуір 2021
323
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әр адам жарық дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол - Ана. Балапаның қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да - Ана. Ана деген сөзге лүпіл қақпайтын жүрек, мөлдіремейтін жанар жоқ. Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиінің жыламауын, сұм соғыстың болмауын тілейді. Біз - қазақ деген ұлы халықтың ұрпағымыз. Қыз Жібек пен Баян Сұлудың, Мәншүк пен Әлияның сіңлілеріміз. Ана - тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. «Ат биеден, алып анадан туады» дейді халқымыз. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел бастаған көсем де, сөз бастаған шешен де ана көкірегінен нәр алып өскен. Ана - барлық өмірдің бастауы. Ол өз сәбиін мәпелеп өсіреді, жақсы болуын қалайды. Адам бойындағы барлық асыл қасиеттер күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана - ұлы адам, қасиетті жан. Тіпті айта берсең сөз жетпейді. Ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді деген. Расымен, анасыз өмірді, әлемді елестету мүмкін емес. Әрбір жұмыр басты пенде бұл өмірге келгені үшін анасына қарыздар. Құдайдан кейінгі құдірет иесі - Ана. Сондықтан мына жарық дүниеге әкелген ана алдында бәріміз басымызды иеміз. Халық арасында ананы қадірлеу, ананың орны туралы даналық сөздер көп. Мұхамбет пайғамбардың хадистерінде де ең алдымен ананы құрметтеу парыз екені айтылады: «Әуелі анаңа, тағы да анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса» делінген. «Кімде-кім ата-анасының ризалығын алған болса, соның өмірі ұзартылады», «Жұмақтың кілті - ананың табанында». Осы сөзден кейін есі бар, жер басып жүрген бүкіл адамзаттың анаға бас иіп, тағзым етпеуі үлкен қателік. Мен де анамды қатты жақсы көремін. Сыйлаймын, амандығын тілеймін. Бірақ кейде оны ренжітіп алып жатамын. Мен өзім шыдамсыз, тез ашуланатын адаммын. Кейде анама бұлданып, қарсы сөйлеп қалатыным бар. Бірақ ашуым қайтқан соң «бекер айттым-ау» деп өкініп қалам. Қанша ашуға бой алдырмауға тырыссам да, болмай қалады ойлағаным. Бірақ анам кешірімшіл, ақылды, байсалды кісі. Ол менің мінезімді біледі. Кейде ол да маған қырсығып қалатыны бар. Артынша мен анама барып көңілін табуға тырысамын. Бетінен сүйіп, жылы сөздер айтамын. Анамның жүрегі ауырады. Кейде қатты ауырып қалатыны бар. Мұндай кезде шыбын жаным шырылдап, Тәңірден амандығын тілеймін. Бұл өмірде достарым, туыстарым қаншалықты көп болғанымен, олардың жаны анамдай ашымайтындай болады. Анашым - отбасымның тірегі. Барлығы, тіпті әкем де, жасы үлкен-кіші туыстарым да бір іс бастарда, басқа да жағдайларда анаммен ақылдасады. Ол барлық мәселенің шешімін тауып, реттейді, кеңес береді. Көп адамдар анама көз тиген дейді. Анам - табиғатынан жаны да, келбеті де үйлесім тапқан ажарлы кісі. Оны қатты жақсы көремін, тек кейде қателік жасап қаламын. Анашым мені түсінетіне күмәнім жоқ. Анам ауырмаса екен. Олсыз өмірім не болмақ?! Мен қалай өмір сүрем, білмеймін. Құдайым, мамам аман болсыншы! Барлық аналар аман болсын.

























































Ахилбекова Гулмира Ермековна

«Атырау облысы Білім беру басқармасының Индер ауданы «Б.Нысанбаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

педагог-психологі

Балаларды оқуға дайындаудың психологиялық

дамыту жаттығулары

Мақсаты:
-Балалардың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын дамытуға, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс - әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау.
Міндеттері:
- баланың танымдық қабілетін дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай жүйрік етіп тәрбиелеу.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев ««Қазақстан 2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек,- дей келе,... Қазақстан бүкіл әлемдегі сияқты мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшу керек,- деп атап көрсеткен. Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуда жастарға білім берудің маңызы ерекше. Осыған орай жастардың білім жетістігін өркениетті елдердің білім деңгейіне көтеру, ол үшін білім беру, оқыту технологиясын үнемі жетілдіріп отыру – өмір талабы. Ал білім баспалдағы балабақшадан бастау алатындығын ескерсек, ол жерде балаға білім берудегі, баланың біліктілік дағдыларын, таным қабілеттерін қалыптастырудағы басты құрал - ойын технологиясы екенін естен шығармағанымыз абзал.
Шағын орталық қабырғасында баланың көп уақытын ойынмен өткізетіні белгілі. Ойын – бала өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің алғы шарты. Ойын дегеніміз жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді. Халқымыздың ұлы ойшыл - ақыны Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?»,- деп айтқандай ойын бала өмірінде айрықша орын алады. Сәбидің өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық таным – дағдылары осы ойын үстінде қалыптасады.
К. Ушинский: « Ойын - балалардың өз бетімен ерікті атқаратын іс - әрекеті, ойын арқылы адамның жан дүниесінің барлық қырлары, жүректілігі, ерік - жігері қалыптасады»,- деген ой айтады. Ойынның, әсіресе балалардың психологиясына тигізетін әсері көп, ойын кезінде балалардың ортамен қарым – қатынасы кеңейіп, таным қабілеті өсіп, мінез – құлқы қалыптасады, ойынның сан алуандылығы балаларды достыққа, адамгершілікке, тапқырлыққа, шапшаңдыққа баулиды. Ойын арқылы баланың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығы өзгереді, таным белсенділіктері қалыптасып, ақыл – ой процесі өсіп – жетіледі, түрлі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіреді. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір – біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, достық, жолдастық, бауырмалдық, ортаны сыйлау сезімдеріне тәрбиелеуге болады. «Адам өркениетті болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалар еді», - деп К. Чуковский бала денесінің дамуы мен ой – дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей байланысты екенін атап көрсеткен.Д. Эльконин бала психикасының дамуында ойынды «жетекші іс – әрекет» сөз тіркесімен сипаттайды. Д. Эльконин еңбектері балалар ойынының әлеуметтік табиғатын ерекше мәдени құрылым ретінде түсіндіреді, ол ойынды ересектердің қоғамдық өмірін бейнелеу деп анықтайды «Ойын – мінез – құлықтың ырғақты дамуының алғашқы баспалдағы - мектебі», - дейді бала психологы Д. Б. Эльконин. Егер баланы жай кезде тік тұрғызып қойсаңыз, ол 2 - 3 минут та тұрмайды, ал егер ойын үстінде айтсаңыз, тіпті ол бір кертартпа, қыңыр баланың өзі болса да тік тұрып қалады, бұл – ойынның өз мақсатына жету деңгейі. Л. С. Выготскийдің пікірінше, ойын, мектеп жасына дейінгі балалардың жеке басының дамуына ықпал етудегі жетекші құбылыс.Ойын кезінде жан – жақты тәрбиелеудің мақсаты әр жас кезеңінде ойын әрекетінің психологиялық негізін құрастырған жағдайда ғана табысты іске асырылады. Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл - ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттыруы мен қатар, ерік сезім түрлерін де дамытады. Қызығу – танымдық іс - әрекеттің қозғаушы күші.Ойынның дамуы бала психикасының үдемелі өзгеруіне ықпал жасайды. Ойында психикалық үрдістер (таным процестері): қабылдау, зейін, ес, сөйлеу, қиял, ойлау қалыптасады, танымдық қызығушылығы артады – бұл баланың ой - өрісін кеңейту қажеттігін туғызады. Бала бойында қалыптасқан танымдық процестерді біртіндеп дамыту мақсатында ойын түрлерін де біртіндеп күрделендіріп, балаға байқатпай көздеген мақсатқа бұрып отыру арқылы біз өзіміздің түпкі мақсатымызға жетеміз – ол – балада ойын әрекеті арқылы қалыптасып келе жатқан психикалық үрдістерді біртіндеп дамытып отыру. Ол үшін мен баланың таным процестерін қалыптастырып, дамытуға арналған әдістемелік ойындарға сәйкестендіріп топтағы әр балаға жеке – жеке Танымдық қабілеттерінің даму картасын жасадым. Жыл бойы әр психологиялық үрдіс бойынша жүргізілген ойын нәтижесін бағалап, даму деңгейі туралы қорытынды бағаны түсіріп отырамын.Мысалға, сөйлеу қабілетін қалыптастырып, сөздік қорын дамыту мақсатындағы ойындар «Бұл не? Қалай аталады?» әдістемелік ойынын өткізу үшін әр түрлі суретті 25 - 30 карточка дайындап, балаға жеке - жеке көрсетіп, суреттің атауын сұраймын. Бала ойынға белсене араласып, жарыса жауап беріп жатады – менің «жасырын көздеген мақсатым» да осы, яғни баланы сөйлету, сөздік қорын дамыту. Нәтижесі картаға түсіріледі. Келесіде жоспар бойынша одан күрделірек ойын: «Сурет бойынша әңгіме құрастырайық», «Жалғастыр» Әр ойын – тапсырманың нәтижесі балл түрінде картаға түсіріліп отырылады. Сол сияқты баланың логикалық ойлау қабілетін дамытуға қатты көңіл бөлемін. К. Ушинский: «логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоғары болуына, батыл пікір, нақты шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейді.
Сондай - ақ, кімде – кім баланың тіл қабілетін дамытқысы келсе, ең алдымен оның ой қабілетін дамытуы тиіс,», - деп атап көрсеткен болатын. Осыған байланысты ойлау қабілетін арттыруға арналған «Сен білесің бе?», «Бұл қай кезде болады?», «Суреттерді аяқтайық»ойындары, Зейінді қалыптастырып, дамытуға арналған «Не өзгерді?», «Түймелер», «Жұпты суреттер» ойыны, Қабылдау қабілетін дамытуға арналған «Пирамидалар, жинағыштар, таяқшалар,» «Кубиктер», «Таңғажайып дорба,», Есте сақтау қабілетін арттыруға арналған «Суреттерді есіңде сақта,» «Түрлі - түсті доптар,» «Көлеңке», бала қиялын дамытуға арналған «Гүл», «Алып бер», «Аяз Атаның үйі» ойындары бойынша әдістемелік ойын сабақтарын ойната отырып баланың оқу жылының бастапқы, орта және қорытушы кезеңдеріндегі танымдық қабілеттерінің қалыптасу барысына диагностика жүргіземін.
Жыл соңында әр топтағы балалардың таным қабілеттерінің дамуына жүргізілген диагностикалық жұмыс нәтижесінің қорытындысы шығарылып, ортақ балы есептеледі, мониторинг жасалынады. 2 - 3 жылғы мониторинг қорытындысын салыстыра отырып, баланың психологиялық танымдық тұрғыда даму деңгейі анықталады, және ол мониторинг көшірмесі баланың болашақ сынып жетекшісіне беріліп, ол баламен ары қарай жұмыс жүргізу деңгейі қарастырылады, яғни балабақша мен мектептің үздіксіз байланысы жүзеге асады.Міне, өздеріңіз көріп отырғандай, ойын – баланы зерттеудің басты диагностикасы. Ойын баланың интеллектуалдық мүмкіндігіне, мінездерінің ерекшеліктеріне, бір – бірімен қарым – қатынасының сапасына ықпал етеді. Кез – келген ойын барысында ойынды бас таушы, қостаушы, ойынды өздігінен қалаған арнасына бұруға әрекет етуші (лидер) айқын көрініп отырады. Ойын барысында баланың осы әрекеттерін бақылай отырып педагог – психолог бала жайлы өзіне қажетті мағлұматтарды жинақтайды. Сонымен қатар ойын кезінде баланы дамытудың жаңа биік кезеңін дайындайтын нақты психикалық өзгерістер болады. Ойын барысында баланың қиялы толығымен көрінеді.Әйгілі психолог А. Н. Леонтьевтің айтуынша, «Ойын – іс – әрекеттегі әдептілікке үйрету мектебі» болып табылады. Мысалы, балаға «әдептілік» пен «әдепсіздік», «жақсы» мен «жаманның» не екенін қанша түсіндірсең де түсінбейді, ал егер ертегі не ойынды пайдалансақ, ертегіні тыңдай отырып не ойын барысында кейіпкер рөліне еніп, эмоционалдық жай - күйін сезініп, соған бала үйренеді, әрі түсініп алады. Мысалы, «Адасу» ойыны. «Қане, балалар, көзімізді жұмайық. Біз қазір саяхатқа шығамыз.(баяу музыка үні) Біз ну орман ішінде жүріп келеміз. Ой, біз бағыттан адасқан сияқтымыз, енді не қылсақ екен? Біреу келе жатқан тәрізді., ой, мынау орманшы ағай ғой, жол сұрауымыз қажет. Не дейміз, сөзді неден бастаймыз?» (Саламатсыз ба? Кешіріңіз, айтып жібермейсіз бе? Рахмет! Сау болыңыз!) міне, бір ойын барысында бала өміріне азық қанша әдептілік сөздерін үйренді. Немесе, «Сыйқырлы сөздер» ойыны – ойын барысында психолог кез - келген өтінішті айтады, бала оны әдепті түрде айтуы керек. «Инабат, ойыншықты бер» - «Инабат, өтінемін, ойыншықты берші». т. б.Негізінен, сюжеттік - рөлдік ойындар – мектеп жасына дейінгі баланың әрекет түрінің бастысы. Бұл ойын бала бойында жылы қарым – қатынас, әдептілік ережелерінің тәрбиеленуіне, мәдениетінің толығуына ықпал етеді. Ойын балаға қиялындағы мүмкіндіктерді байқауға жағдай жасайды, ол рөл арқылы біреуге ұқсағысы келеді. Ұқсай отырып, жаңа нұсқада бейне жасап, олармен іштей әрекет ету және қиялдау мектеп жасына дейінгі баланың психологиялық дамуындағы жаңа бір басты құрылымы болып табылады.
С. Торайғыров «Баланың қанына ойын азық»,- деп бекер айтпаған. Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қана қоймай, оның өмір құбылыстары жайлы таным – түсінігіне де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып, жақсы ұғынады, бір – бірінен ептілікті үйренеді, дене қимылы арқылы өзінің денсаулығын нығайтады, психологиялық таным қабілеттерін арттырады, біліктілік дағдыларын кеңейтеді. Ойынды тек баланы алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарасының, мінез – құлқының қалыптасу құралы деп қарап, тиімді пайдаланғанымыз жөн

ДЕНЕНІҢ ОРТА СЫЗЫҒЫНАН ӨТЕТІН ЖАТЫҒУЛАР

«Сегіздік әліпбиі»


  1. Д енеңізді өзіңізге ыңғайлы болатындай етіп орналастырыңыз.

  2. «Жалқау сегіздіктің» суретін көз алдыңызға елестете отырып ауада салыңыз (шексіздік белгісі). Оның ортасы арқылы жоғарыдан төмен тік сызық өткізіңіз, осылай сегіздікті екі шеңберге бөліңіз.

  3. Жазу ыңғайлы болу үшін шеңбер сызықтарын пайдалана отырып, оң немесе сол шеңбер әріптерін жазуды бастаңыз. Шеңбер сызықтары сіздің әріптеріңіздің бөлігі болып табылады, оның ішінде қай әріптің бейнесі нақты болып көрінетінін өзіңіз таңдайсыз.

  4. Бір әріпті жазып, тағы да сегіздік салыңыз және оны тік сызықпен бөліңіз. Жаттығу бір әріппен әр қолдың көмегімен 3 рет және екі қолмен бір уақытта 3 рет жасалады.

Нұсқа: сегіздік әліпбиіне сөйлем жазу өте жақсы. Бұл әсіресе күйзелістің деңгейін төмендету қажет болған жағдайда өте пайдалы. Шеңберге сонымен қатар сандар мен шетел әлипбиін жазуға болады. Аудиалдық есте сақтауды белсендендіру үшін жазылғандарды (әріптер, сөздер, сөйлемдер) дауыстап айтуға болады.

Оқу дағдысы: жазу, дұрыс жазу, математикалық дағды, шетел тілін үйренуде есте сақтауды белсендендіру.

Қосымша: бұл жаттығу перефериялық қабылдау қабілетін, белгілерді тану және айыра білу; иық белдеуінің қысымын жеңілдетеді; зейіннің шоғырлануын арттырады; сан мен әріптің айнадағы жазылуын реттейді.


«Ішпен тыныс алу»

Мұрынмен тыныс алыңыз. Тыныс шығару ерінді жымқыру арқылы аз мөлшерде шығарылады. Тыныс шығара отырып, ерін үстінде жұмсақ бір заттың салмағын сезініп елестетіп көріңіз. Бұл тармақ жаттығуға дайындық болып табылады.

  1. Қолдарыңызды ішіңізге қойыңыз. Ішіңіз дөңгеленгендей болып, мұрын арқылы ауамен тыныс алыңыз.

  2. 3 секунд тынысты ұстап тұрыңыз.

  3. Ақырын тыныс шығарыңыз, сол кезде ішіңіз кішірейіп және шамалы ішке қарай кіреді.

  4. Тынысты 3 секунд ұстап тұрыңыз және тыныс шығарыңыз.

  5. Жаттығуды 3 реттен артық жасамаңыз. Назар аударыңыз, жаттығу кезінде тыныс алу ырғақты болуы қажет.

О қу дағдысы: оқу дағдысын арттырады: кодтау және декодтау; ауызша оқу, жүйелі эмоционалдық боялған сөз.

Қосымша: бұл жаттығу диафрагмальдық тыныс алуды дамытады, тыныс алу процесін арттырады, ОЖЖ босаңсытады, қанды оттегімен байыту арқылы күш-қуат деңгейін жоғарылатады, атқарылатын қимылдардың нақтылығы мен икемділігіне ықпал етеді, шамадан тыс қозуды төмендетуге және тыныштандыруға көмектеседі.


«Мойынның айналуы»

  1. Тік тұрыңыз, басыңыз - сызық ортасында.

  2. Бір иығыңызды құлаққа бағыттап шамалы көтеріңіз. Басыңызды оған жайғастырыңыз.

  3. Басыңыздың ортаңғы түзуге сырғанауына мүмкіндік беріңіз және иығыңызды босаңсытыңыз. Иегіңіз жеткілікті деңгейде сүйірлене төмен салбыраулы болсын, сол қалыпта артқы мойын бұлшықеттерінің созылуын сезінесіз. Ал аузыңыз шамалы ашулы күйде болсын. Басыңызды ауыр қатты шар деп елестетіңіз.

  4. Өте баяу қарқынмен басыңызды оңға және солға бұрыңыз. Барынша көп бас бұрылысы иықтан төмен болмау қажет.

  5. 4-5 рет иықтан иыққа өту арқылы қимыл жасаңыз. Мойында қатты бұлшықеттер тырысқан жерлерде шамалы көбірек басыңызды бір қалыпта ұстауға тырысыңыз және асықпай терең дем алыңыз.

  6. Б астапқы күйіңізге оралыңыз. Алдыңғы мойын бұлшықеттерінің жеңіл созылуына дейін басыңызды шамалы артқа қайырыңыз. Аузыңыздың шамалы ашылуын ұмытпаңыз.

  7. Жан-жаққа басыңызды ақырындап бұруды (айналдыруды) бастаңыз. Теңселу шегінің қимылдары алдыңғымен салыстырғанда артқа мүмкіндігінше аз болғаны дұрыс.

Оқу дағдылары: ауызша оқу дағдыларын жақсартады, «өз ішінде» оқуды, математикалық қабілеттерді дамытады.

Қосымша: бұл жаттығу ОЖЖ босаңсуына және мойын, иық, арқа тұстарындағы қысымдарды жоюға көмектеседі.

«Қосарланған суреттер»

  1. Бастапқы қалып – екі қолыңызды көтеріп еркін алға қарай созылуы тиіс. Қолдарыңызда қылқалам, ал алдарыңызда сурет салуға арналған кенет тұр деп елестетіңіздер.

  2. О ң және сол қолыңызбен қиялда бейнеленген сурет салуға арналған кенептің ортасынан екі қолдарыңызбен бейнелей бастаңыз. Бұл жерде суреттің маңыздылығы қажет емес, бастысы суреттің кенептегі орналасуы. Екі қол айнадағы бейнедей бірдей сурет салады. Тыныс алуыңыз, дене қозғалысыңыз бос қалыпта ұстаған дұрыс. Салып жатырған суретіңізді көзбен бақылауды ұмытпаңыз.

Нұсқа: бормен немесе маркермен тақтаға салуға, қағазға жұмсақ бояуымен, үстелге немесе жер бетіне бекітілген қағазға (көлденең жазықтық).

Оқу дағдылары: «Қол мен көз» үйлестірімін және шығармашылық міндеттерді іске асыруды жақсартады.

Қосымша: Бұл жаттығу мидың екі жарты шарының жұмысын біріктіреді, күнделікті өмірде және спортта дене қозғалысының үйлесімділігінің дамуына ықпал етеді, сонымен қатар шығармашылық қабілетін, кеңістікті бағдарлау, қолдың икемділігін дамытады.

«Қиылысқа қарау»

«Х» қиылыс белгісі оң және сол жақ сыңарларының жұмысын оңтайландыруға мүмкіндік береді.

  1. «Х» белгісінің суретін салыңыз.

  2. Оны өзіңізге көрінетін ыңғайлы жерге орналасытырыңыз.

  3. Қажетінше бұл белгіге қараңыз.

Н ұсқа: бұл белгіні қарама-қарсы иық пен жамбасты ойша біріктіре отырып елестетуге болады. «Х» -ты өзіңіздің алдыңызда көзбен диагоналдарын қосу арқылы, мысалы қабырғада, «сызуға» болады.

Оқу дағдысы: жазу дағдысын жақсартады, оқуда ұйымшылдыққа көмектеседі.

Қосымша: бұл жаттығу жоспарлай білуін және жұмыста маңыздыны бөле алуын дамытады, зейіннің шоғырлануын арттырады; биокулярлық көруді дамытады; қимылдың үйлесімділігін жақсартады.

«Жалқау сегіздік»

Жүйке талшықтарының миелинизациясы жүреді. Бұл жаттығу түрі іскерлікті, дағдыларды қалыптастыруға ықпал етеді. Әсіресе балалардың сензитивті даму кезеңінде маңызды. Бұл жаттығу шығармашылық тоқырау кезеңінде өз-өзіне келуге көмектеседі, тіпті тығырыққа тірілген қиын жағдайда шешім табуға жетелейді деуге де болады.

Орындалуы: тұрып немесе отырып орындалады. Екі қолды алға созып, шынтақты бүгеді, бас бармақты кеңсірік (мұрынның екі көз аралығындағы қыры) деңгейіне дейін көтеру, ауада бас бармақпен сегіз санын көлденеңінен салу ұсынылады. Сегіз санының салынуындағы қозғалыс көзбен бақыланады. Сегіздіктерді оңнан солға және солдан оңға, жоғарыдан төмен қарай салу керек. Жаттығу 8-10 рет орындалады.

  1. Ы ңғайлы отырып немесе тұрып алыңыз. Көз деңгейінде алдыңызда сегіз санының көлденең бейнесін елестетіп көріңіз (шексіздік бейнесі). Оның орталығы мұрын деңгейінде өтеді.

  2. Шынтақты аздап ие отыра, қолыңызды алға қарай созыңыз. Саусақтарды жұдырықтап, бас бармағыңызды тыс қалдырыңыз. Қолыңызды кеңістікте сағат тілімен жылжыта отыра, сол жақ орталығынан - шеңбер тіліне қарсы жоғары және орталығына кері өтіңіз. Содан кейін жоғары оңға қарай сурет салуды жалғастырыңыз, белгіленген нүктеге қайта оралыңыз. Бас бармағыңызды басыңызды қозғалтпай көзіңізбен бақылайсыз.

  3. Қолдарыңызды құлыппен қосу – саусақтарыңыз бір-біріне айқастырылады, бас бармағыңыз көтеріледі. Қайтадан жалқау сегіздікті салып көзіңізбен саусақтарыңызды бақылайсыз. Қозғалыстар тегіс және үздіксіз орындалуы тиіс. Қол қозғалысын тек көзіңізбен ғана бақылап, басыңыз бір қалыпта қозғалыссыз болуы қажет.

Нұсқа: сегіздік парта алдында, тақтаға бормен салынады.

Оқу дағдылары: Тыңдау және ақпаратты оқу, жазу (тез оқу, мәнерлеп эмоционалдық оқу, мазмұндап беруі) дағдыларын жақсартады.

Қорытакелгенде,ойын:
1. Әр түрлі жастағы балаларды өз еркімен дамыту әрекетінің түрі;
2. Бала әрекеттерінің ішіндегі ең еркін түрі, онда айналаны қоршаған әлемді тани, сезіне білуі, өзін – өзі тануы, өзін – өзі көрсетуі белсенді түрде жүзегеасады.
3. Даму тәжірибесі, бала ойын үстінде дамиды, даму үшін ойнайды.
4. Балалар қарым – қатынасының негізгі ортасы, ойын барысында құрдастарына, үлкендерге деген өзара қарым – қатынас қалыптасады.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!