Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Балаларды отан сүйгіштікке тәрбиелеу» (жоба) Топ: Ересек
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Білім беру салалары: «Әлеумет». «Таным». «Шығармашылық»
Тақырып: «Сүйем сені туған өлкем» (үй тапсырмасы)
Топ: Ересек
Орындаған: Есбай Гүлфайруз
Нұр-сұлтан, 2019
Жобаның ақпараттық картасы:
Жобаның ұзақтығы: қысқамерзімді
Жобаның түрі:танымдық-зерттеушілік
Жобаның проблемасы: Туған қаламыз туралы не білеміз? Не білгіміз келеді?
Жобаны орындау барысы: балалармен, ата-аналармен
Қажетті ресурстар:
Қаланың көріністерінен презентация;
Дидактикалық ойындар;
Көркем шығармалар;
Жүргізілетін жұмыстар.
Балалармен жүргізілетін жұмыстар
1. Балаларымен туған қалалары туралы әңгіме өткізу
2. Альбом мен иллюстарцияларды қарау
2. Қаланың көрікті жерлеріне саяхатқа шығу
3."Менің қалам" тақырыбында сурет салу
Ата-аналармен бірлескен жұмыстар:
1.Жоба тақырыбы бойынша ата-аналарға кеңес беру
2. Демалыс күндері балаларымен қаланың көрікті жерлеріне бару (көрме, мұражай, театр және т.б.)
Жобаның әдістері:
Практикалық
1. Экскурсия және бақылау
2. Дидактикалық ойындар
3. Құрастыру
Сөздік
1. Әңгімелесу
3. Тақпақ оқу
4. Әңгімелеу
Көрнекілік
1. Материалдар жинақтау.
2. Иллюстрация қарау
Күтілетін нәтиже:
Туған қаласының тарихы туралы қолжетімді білімді меңгеру.
Өз ойын еркін жеткізе білуге, талдау жасауға, болып жатқан оқиғаларға шұғыл әрекет етуі
Мектеп жасына дейінгі балалардың үлкендермен әлеуметтік қарым-қатынас жасауға машықтандыру
Мақсат:
Зерттеу жұмыстары арқылы, балалардың өз туған қаласының тарихымен, көрікті жерлерімен таныстыру. Балалардың өз туған қаласының тарихымен, көрікті жерлерімен таныстыру арқылы білімдерін жүйелеу.
Міндеттері
Білімділік: Мектеп жасына дейінгі балалардың туған қаласының тарихы туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру
Дамытушылық: балалардың танымдық қабілеттерін дамыту арқылы патриоттық сезімдерін жетілдіру
Тәрбиелік: Балаларды туған қаласымен таныстыру арқылы, туған жеріне адамгершілік-патриоттық сезімге және сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Өзектілігі: Отанды сүю - Отбасынан басталады деген қазақ халқының мақал-мәтелінде. Сондықтан, біз мектеп жасына дейінігі балаларды кішігірім отаны -туған қаласымен таныстырудан бастаймыз. Туған қаласына деген құрмет пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу, адамгершілік-патриоттық тәрбиенің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Өзінің сүйікті қаласының патриотын тәрбиелеу үшін оларды білу, тану қажет. Бұл алған білім, өз туған қаласына деген мақтаныш, мәдени құндылықтарды түсінуіне, қабылдауына мүмкіндік береді. Бұл білімдерді меңгеру тек, білім беру процесін мақсатты, жүйелі жүргізудің барысында қалыптасады.
Болжам:
Үлкендер, тіпті жергілікті жердің тұрғындары да өз қаласы туралы жетік білмейді және бұл проблемаға назар аудармайды. Балалар да туған қаласы жайлы жеткілікті ақпараттарды меңгермеген. Жеткілікті білімді игермей туған жеріне деген құрметті қалыптастыру мүмкін емес. Сондықтан, бұл проблеманы қазіргі таңда өзекті деп санаймын. Жобаның негізгі мәні баланы өз туған қаласының тарихы мен мәдениетімен таныстыру болып табылады; өзі тұратын қаласы туралы білімдерін толықтыру; салт-дәстүрлеріне құрмет сезімдеріне тәрбиелеу; мәдени құндылықтарды зерттеу жолымен қоршаған ортаны меңгеру қажеттілігін жетілдіру.
Жобаны теориялық негізі.
Мектеп жасына дейінгі кезден бастап балаларда Отанына деген сүйіспеншілік пен патриотизм қалыптаса бастайды. Балаларда Отанына деген сүйіспеншілік, өз қаласының өміріндегі ондағы мәденит ке кірісу әлеуметтік тәжірибелерінің бастапқы кезеңі қалыптасады. Отанына деген сүйіспеншілік - өзінің туған жеріне деген сүйіспеншіліктен басталады.
(Т.Н.Антонова, Т.Т.Зубова, Е.П. Арнаутова және т.б.) балалар құзыреттілігін әлеуеметтік қалыптастыру, (С.А.Козлова, О.А.Князева, С.Е.Шукшина және т.б.) балалардың өздерінің адамдар тегіне жататынын түсінуі, (О.А.Артамонова) балалардың заттар әлемін қабылдауы, (М.В. Крулехт) үлкендердің еңбек әреті туралы білімдерін қалыптастыру сияқты, заманауй зерттеулерде мектеп жасына дейінгі балаларды туған қаласының тарихы, мәдениеті, әлеуметтік өміріне араластыру жолдары қарастырылған. Балалардың өз туған еліне деген сүйіспеншілігін қалыптастырудың базалық кезеңі өз қаласының (ауылы, поселка) әлеуметтік өмірінен жинаған тәжірибесі саналады. Мектеп жасына дейінгі балаларды туған қаласымен таныстыру әртүрлі әрекеттер, оқу, еңбек, қарым-қатынас, затпен әрекет және ойын арқылы іске асырылады.
Жобаның практикалық маңыздылығы: тақырыптық жоспарлау, даму ортасын құру, қаламен танысу үшін дидактикалық ойындар құру, ата-аналарға «Балаларда патриоттық тәрбиені қалыптастыру» сауалнамасын дайындау кіреді.
1."Менің қаламның көшелері" суреттен көрме
2."Сүйем сені туған өлкем" қала макетін жасау
Күтілетін нәтиже:
- балалар өздері тұратын қаланы тану және оның көрікті жерлерін атау;
- өз қаласы жайлы мақтаныш сезімдерін қалыптастыру, оны таза ұстауға талпындыру;
Барысы:
Д/О «Туған қаламның көрікті жерлері»
Мақсат:
туған қаласының көрікті жерлері жайлы білімдерін бекіту; зейін, еске сақтауды, байланыстырып сөйлеуді жетілдіру.
Д/О «Жұп картинкалар»
Мақсат:
туған қаласының көрікті жерлері жайлы білімдерін бекіту; өз картинасына сәйкес дұрыс жұбын табу білігі (пазл сияқты картинаның бірнеше бөліктерін құрастыру)
"Мен
-Павлодарлықпен" әңгімелесу
Мақсат: Балалардың ата-аналармен
бірлескен серуендері мен тәрбиешінің әңгімелеуінен алған
ақпараттары туған қаласы туралы білімдерін
анықтау.
туған қаласына деген сүйіспеншілік сезімдеріне тәрбиелеу.
Алдын-ала жұмыс: иллюстрация
қарау.
Әңгіме
барысы:
Балалар, Дети, вы с родителями гуляли по улицам города, в котором мы живём, рассматривали фотографии и иллюстрации в альбоме. Сегодня мы вспомним всё, что мы знаем о нашем городе.
- Біз тұратын қала қалай аталады?
- Біздің сәбилер бақшамыз қандай көшеде орналасқан ?
- Өздерің тұратын көшелерді атаңдар?
- Балалар, біздің қалада қандай өзен ағып жатыр?
-Жазда қайда дем алғанды
ұнатасыңдар?
-Қалай ойлайсыңдар неге
біздің қаланы Павлодар деп атаған?
Біздің қаламыз өте әсем қала.
Сүйікті қаламыз туралы әндерде бар.
Ертең есейіп Отанымыздың әрбір
қалаларына барасыздар, бірақ өздеріңнің туған және тұрған
жерлеріңді ұмытпаңдар.
Біз-Павлодарлықпыз
!
Павлодар қаласы туралы әңгіме.
Павлодар - Ертіс бойында орналасқан әсем қала. Павлодар – Орталық Қазақстан аймағының қалаларының бірі. Ертіс өзенінің бойында орналасқан әсем қала. Қалада Қазақстан Республикасының байырғы өлкетану мұражайы, Б.Жырау атындағы әдебиет және өнер музейі мен Потанин атындағы тарихи-өлкелік мұражайлары бар, Ж.Аймауытов қазақ драма театры және А. Чехов атындағы орыс драма театры т.с.с 36 мәдениет мекемесі орналасқан. Ертіс жағалауында орналасқан сахна.
ICE Arena –это суперсовременный ледовый комплекс. Электронно-пропускная система с поминутной тарификацией позволяет разделять время катания на перерывы на обед или шопинг, раздевалки с современными камерами для хранения обеспечат комфортные условия...подробнее Мечеть им. Машхур Жусупа
Мечеть имени Машхура Жусупа — мечеть на 1500 мест. Расположенна в центре г.Павлодар, в парке площадью 6 га с основными входами с улиц Кутузова, Кривенко, Каирбаева. Из религиозных построек мечеть имени Машхура Жусупа является чуть ли не самой красивой и величественной в Павлодаре — она виднеется из противоположных уголков города. Более того, стремящиеся к небу светло-синие минареты и изящная лестница не перестают удивлять и восхищать и жителей, и туристов. Мечеть венчает голубой шанырак на куполе, там же находится золотистый полумесяц — конструкция выпирает вверх на 54 метра.Само сооружение являет собой звезду с восемью концами размером 48×48 метров, минареты достигают в высоту 63-х. Главная особенность религиозного сооружения — люстра под названием «Зумрад», выполненная из хрусталя в Ташкенте и состоящая почти из пятисот лампочек. Всю это красоту можно наблюдать в центральной части города. Обязательно посмотрите на подножие лестницы — вы увидите сердце нараспашку.
(«Әлеуметтік», «Танымдық», «Шығармашылық» білім беру саласы).
Тапсырма:
1.Білім беру процесінің барлық қатысушыларына (тәрбиеші мен балалар) бағдарланып, эксперименттік жобаны ұсыну.
2. МДҰ-дағы білім беру процесінің барлық қатысушыларына (тәрбиеші мен балалар) бағдарланып тәжірибелік жобаны қорғау.
Күтілетін нәтиже:
1. Жас тобына сәйкес келетін мақсат пен міндеттерді қамтитын жобаның ресімделген конспектісі.
2. Ұсынылатын нақты өнім (балабақша мүмкіндіктерін пайдалана отырып балалармен бірге жасалған қала макеті. Қолданылатын материалдар: түрлі-түсті қағаз, түрлі-түсті қағаз майлықтар (салфетка), коматекст, ПВА желім, стержнді термопистолет, қатты қағаз, табиғи материалдар, бояу. Макет көлемі: биіктігі 35 смге дейін, ұзындығы 70см, ені 50 см.).
3. МДҰ-дағы білім беру процесінің барлық қатысушыларына (тәрбиеші мен балалар)бағдарлы эксперименталды жобаны көрсету (перезентация).