Материалдар / Балаларды зерттеу әдісі арқылы экологиялық тәрбие берідің маңызы. Іскерлік ойын
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Балаларды зерттеу әдісі арқылы экологиялық тәрбие берідің маңызы. Іскерлік ойын

Материал туралы қысқаша түсінік
Экологияны зерттеу арқылы балалардың танымдық қабілеттерін дамыту,табиғатқа деген қызығушылықтарын арттыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Ақпан 2022
365
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БҚО әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданы білім беру бөлімі «Ақ бота» балабақшасы»

Педагогикалық кеңес. Іскерлік ойын (Тәжірибе алмасу)

Тақырыбы: «Балаларды зерттеу әдісі арқылы экологиялық тәрбиелеудің маңызы»

Мақсаты: Экологияны зерттеу арқылы балалардың танымдық қабілеттерін дамыту,табиғатқа деген қызығушылықтарын арттыру.

1.Құмның қасиеттерін зерттеу

Қажетті құрал жабдықтар:

Ыдысқа салынған құм (біреуінде құрғақ құм,екіншісінде ылғалды құм)

Үрлеуіштер,су, қасықтар, воронка, таразы,салфетка және әртүрлі формадағы ойыншықтар,стакандар.

Құмның пайдасы: Құм ол табиғи материал. Құның энергиясы мықты болады. Ол адамның бойындағы жағымсыз энергияларды өз бойына сіңіріп алады, адамды тыныштандырады. Құм терапиясын тіпті үлкен кісілерге ем ретінде психологтар кеңінен пайдаланады. Құмды 1 жастан асқан балалар мен бастауыш сынып оқушыларына дейін қолданады. Құмды түрлі түске де айналдырамыз. Әр түрлі түсті борларды үкіштен өткізіп құмға араластырсақ басқа түске айналады. Біз әр түрлі түсті құмды сурет салу кезінде кеңінен қолданамыз.

Іскерлік ойынның барысы:

Балалар, сол жақтағы тарелкадағы құмды қолдарыңмен ұстап көріңдерші. Қандай құм?

Құрғақ құм.

Дұрыс айттыңдар. Құрғақ құмның зерттеу әдісі бойынша суреттерін сол жақтағы тақтаға іліеміз.

Енді,оң жақтағы тарелкадағы құмды ұстап көреміз. Құм қандай?

Ылғалды құм

Дұрыс айттыңдар. Ылғалды құмның зерттеу әдісі бойынша суретті оң жақтағы тақтаға іліеміз.

Енді қолымызға үрлеуішті алып,сол жақтағы тарелкадағы құмды үрлейміз.

Нені байқадыңдар?

Құм ұшады,өйткені ол құрғақ.

Дұрыс.

Енді,оң жақтағы тарелкадағы құмды үрлеп көрейік.Нені байқадыңдар?

Дұрыс,құм ылғалды болғасын,ол ұшпайды.

Енді,қолымызға стакан мен воронканы алып,сол жақтағы құмды салайық

Не байқадыңдар?

Құм воронкадан тез өтіп,стаканға түсті.

Ал,енді,оң жақтағы стаканға воронкамен, оң жақтағы құмнан салайық.Не байқадыңдар?

Құм воронкадан өтпеді, өйткені ол ылғалды құм.

Енді осы құмға су құяйық.Нені байқадыңдар?

Құрғақ және ылғалды құм суда ерімеді.

Дұрыс айттыңдар.

Енді,балалар,алдарыңдағы әртүрлі фигурадағы ойыншықтармен құрғақ құмға бастырып көрейік,фигуралар шығар ма екен? Фигуралар шықты ма?

Жоқ , өйткені құм құрғақ

Ал,енді,ылғалды құммен жасап көрейік.Фигуралар шықты ма?

Иә,өйткені ылғалды құм ол жабысқақ келеді.

Енді,осы құрғақ және ылғалды құмды таразыға салып көрейік.Қай жағы салмақ тартты?

Ылғалды құм.

Дұрыс,яғни құрғақ құм салмақ тартпайды,ал ылғалды құм салмақ тартады,өйткені, ылғалды құмның құрамында не бар?

Су бар.

Дұрыс айттыңдар,балалар.

Қорытынды. Екі бағандағы тәжірибе барысында ілінген суреттер бойынша құмның қасиеттерін атап,қорытындылау.

2.Зерттеу әдісі «Су және ауа»

Судың тіршілік иелері: адамдар,құстар,жануарлар,жәндіктер,өсімдіктер т.б үшін атқаратын рөлі өте зор.Өйткені: Барлық тіршілік иелері сумен қоректенеді,өседі,өнеді.

Суды зерттеу барысында қасиеттерімен танысатын боламыз.

Судың қасиеттері: Түссіз,дәмсіз,жылыға ериді,салқынға қатады т.б

Ауа да тіршілік иесі үшін өте қажет,ауа болмаса тіршілік болмас еді.Ауа көріндейді,түсі жоқ,дәмі жоқ,ауа барлық жерде көрінбей тұрады.

Су мен стакан ішіндегі ауаны зетрттейміз.

Стаканда су құйылып тұр.Енді стакандағы судың бетін жұмсақ материалмен жауып, қолымызбен екінші жағына айналдырып, сәл ұстай тұрып, қолымызды аламыз. Су төгілді ме?

Жоқ.

Дұрыс, су төгілген жоқ,өйткені,ауа материал мен судың ортасында тұрып қалып, суды шынының ішіне қарай итереді, қысым пайда болады. Бұл зерттеуде ауа зор рөл атқарады.

Қорытынды

Экологияны зерттеу әдісі арқылы балалардың танымдық қабілеттері дамып,табиғатқа деген құштарлықтары артты.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!