Материалдар / БАЛАЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МҮМКІНДІКТЕРІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
Аттестацияға арналған Педагогтердің портфолиосын бағалау парағы
ДАЙЫН МАТЕРИАЛДАРДЫ ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ!
Жүктеп алу
МАТЕРИАЛДЫ ТЕГІН ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ!

БАЛАЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МҮМКІНДІКТЕРІНІҢ СИПАТТАМАСЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
БАЛАЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МҮМКІНДІКТЕРі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Мамыр 2018
2177
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БАЛАЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МҮМКІНДІКТЕРІНІҢ СИПАТТАМАСЫ

Бала өмірінің екінші жылы ерекше жастық топ – ерте жасқа жатады. Бұл кезеңде бала өз бетімен тік жүріп-тұрудың, сөйлеу дағдыларын иемденіп, негізгі сенсорлық эталондарын меңгереді.

«Денсаулық» білім беру саласы

Бір жастағы бала ересектің көмегімен орамалмен қолданып, түбекке сұрана алады. Эмоционалды көңіл-күй пайда болады: көздеген мақсатына жеткеніне қуану, дәміне қарай тамақты таңдау дағдылары, өзіне жақын адамдарды тану. Бұлшық ет жүйесі бекіп, қасықты жұдырықтап ұстай алады, жақсы жүреді, өз еркімен тұрады, еңкейеді, затты бір орыннан екінші орынға ауыстырып қояды. Қолы мен бетінің тазалығын байқайды. Орындыққа отырады, тамақты ұқыпты ішеді. Өз киімін таниды, шұлығын дұрыстап киеді, бас киімдері мен аяқ киімін жартылай шешеді, бет орамалды қолданады, жеке заттарын сақтайтын жерді таба алады. Үлкендердің көрсетуімен қарапайым қимылдарды қайталайды: қолын бұлғайды, ауада сүю ишарасын орындайды, қолын артқа жасырады. Саусақ жаттығуларын орындайды.

        «Таным» білім беру саласы

        Заттарды өлшемдеріне қарай таңдап ажыратады: үлкен, кіші, кішірек деген сөзді түсінеді. Үлкендердің көмегімен бірнеше шеңберден пирамида жинайды. Айналасындағы үлкендерге қызығушылық пайда болғанын білдіріп, оларға еліктейді, жануарларды дауыстарынан таниды. Заттарды қасиетіне қарай орынды қолданады. Құрастырудың қарапайым әдістерін жаңғыртады, ойындағы сюжеттің жай түрлерін жалғастырады.

        «Қатынас» білім беру саласы

        Үлкендердің көңілін аудару үшін кейбір жеке сөздерді айта алады. Тапсырмаларды орындайды, өзінің әрекетін сөздермен тіркестер арқылы толықтырады.

Бөлмедегі заттар, жануарлар, өсімдіктер мен адамдардың белгілерін білдіретін сөздерді түсінеді. Ана тілінде қарым-қатынаста шамамен 200 сөз қолданады. Сөзді қимылмен, ыммен, көздің қиығымен түсіндіреді. Екі-үш ауыз сөзбен көргендерін айтып береді. Балаларға арналған өлеңдерді дауыс екпінін келтіріп жатқа айтады. Суретті кітаптарға қызығушылықпен қарайды.

        «Шығармашылық»  білім беру саласы

        Ырғақты музыкаға қосылып отырып-тұру, басын шайқау, бір аяқ пен екінші аяққа кезек басып иілу қозғалыстарын орындайды. Заттардың түрлі пішіндері мен түстеріне қызығушылық білдіреді. Бөлме жиһазы мен ойыншықтардың ерекшеліктерін ескереді. Қарындаштар мен фломастерлерді, дайын жапсырма пішіндерді (аппликация) қолданып үйренеді.

«Әлеуметтік орта» білім беру саласы

        Айналасындағылардың ым-ишарасы мен дауыс екпінін түсінеді. Балалармен қарым-қатынаста болуға тырысады. Өзінің жақсы, жағымды әрекеттері (ойыншықты ұсыну, қолын сүрту, бас киімін киюге көмектесу, аяқ киімін әкелу) мен жағымсыз әрекеттерін (қызғанады, кері итереді, ойыншықты тығып қояды) біледі. Үлкендердің айтқанын орындау керектігін түсінеді.

 


        Сюжеттік-рөлдік ойындар – 3-4 жастағы баланың тұлғалық, интеллектуалдық, жалпы психалогиялық дамуында ерекше орын алатын жетекші іс-әрекет болып табылады. Бұл кезең баланың тілге, оның дыбысталуы мен мағынасына ерекше қызығушылығымен, сезімталдығымен ерекшеленетіндіктен, баланың тілін дамытуға өте қолайлы.

        Бұл жастағы балалар үлкендермен қарым-қатынас жасауға өте ықыласты болады. Әртүрлі сұрақтар қойып, өздері білетін ертегілерді бар ынтасымен айтып береді. Танымдық қызығушылығы белсенді болады. Үлкендермен қарым-қатынас жасау қажеттілігі қанағаттанбаған кезде, олардың арасында эмоционалдық жатырқаушылық пайда болады. Төрт жасқа қарай бала құрдасын ортақ іс-әрекетке қатысушы ретінде қабылдайды.

        3-4 жасар баланың өзін-өзі бағалауы өте жоғары деңгейде болады. Бұл – біреу оның тұлғалық қасиеттерін дұрыс бағаламаған кездегі өз-өзін қорғаудың «тұлғалық» механизмі болып табылады.

        3 жас пен 4 жас аралығында баланың сенсорлық үдерісінің – сезіну мен қабылдау түрлері қалыптасады. Фонематикалық есту, түсті ажырату, көз қырағылығы, заттардың пішінін ажырату қабілеттері жетіле түседі.

        Балалар заттарды ұстап көріп танудан, көзбен көру арқылы тануға көшеді. Жаңа заттарды қарап, көзбен көріп танудан сипап-сезу, есту, иіскеп көру арқылы қабылдауға ауысады.

        Сөз – 3-4 жастағы балалардың сенсорлық үдерістерін дамытуда жетекші орын алады. Балалардың сөздік қорын заттардың сынын, бір-бірімен қарым-қатынасын білдіретін, мазмұнды қабылдауын қалыптастыратын жаңа сөздермен байытады.

3-4 жастан бастап баланың есі еріксіз сипатта болады. Бала материалды өзі іс-әрекетке тікелей қатысу арқылы есіне сақтайды. Бұл жастағы баланың ойлау қабілеті сапалық өзгешелігімен ерекшеленеді. Оған қиял мен шындықты ажырату қиынға соғады. Ол – өзімшіл. Оған анимастикалық түсініктер тән. Айнала қоршаған заттардың бәрін өзімен салыстырады, оларда өзі сияқты ойлауға және сезінуге қабілетті деп ойлайды.

Нысандарды қарастыра отырып әдетте, ол заттың едәуір ашық бөлігін ажыратады.

Мектепке дейінгі кіші жастағы балаларда кеңістік, уақыт, сан туралы қарапайым түсініктері қалыптаса бастайды.

3-4 жасар балалар ауа-райы құбылыстары мен оның салдары арасындағы қарапайым байланыстарды түсіне бастайды. Тек қана өзі ғана емес, басқа да тіршіліка иелері де тағам мен судағы қажеттілігі бар екенін түсінеді. 3-4 жасар балаларда құрастыру әрекеті әлі де ойынмен бірге ұштаса отырып жүргізіледі.


        Балалар үлкендерге көп сұрақтар қояды. 5 жасар баланың сұрақтары үлкендермен кәдімгідей байсалды әңгімелесуге бағытталады. Олар қойған сұрақтардың жауабы көп жағдайда айқын болады. Дегенмен де, сұрақтары жаңа ақпарат алуға, бірдеңені білуге деген танымдық қызығушылықтан туындауы жиі кездеседі. 4-5 жастағы балалардың сұрақтары мен хабарламалары заттар мен құбылыстар арасындағы байланыстарды түсінгендігін үлкендерге көрсетуге бағытталады.

        Үлкендермен сенімді қарым-қатынас орнатуға деген қажеттілік туындап, олардың сезімдік жай-күйін сезу қабілеттері дамиды. Үлкендермен қарым-қатынас жасаудың жаңа түрі – әуелі, танып-білуге негізделген іс-әрекеттермен (мысалы: ойындарды, заттармен ойыншықтарға тәжірибе жасауды, табиғи материялдар мен қағаздардан құрастыруды және т.б) қатар танымдық тақырыптағы әңгімелесу – пайда болып, дамиды.

        Балалардың үлкендермен қатынас жасау барысына қанағаттанбауы үлкендермен балалар арасында салқындық тудыруы мүмкін. Мұндай қарым-қатынас әрқилы түрде көрініс береді. Кейбір балалар тұйықталып, өз-өзімен болып кетсе, екіншілері мазасызданып, кез-келген нәрсеге жылай салатын болады, ал енді біреуі қыңырланып, теріс мінез көрсетеді.

        4-5 жастағы балалар өз құрдастарының мазасыздықтары мен теріс мінез-құлқына жақтырмай қарап, оған деген көзқарасыда өзгереді.

        5 жасқа қарай баланың өз құрдастарымен араласуға деген қажеттілігі күшейе түседі. Бірлесіп ойнау негізінде балалар қоғамы пайда болады. Сонымен қатар бала құрдастары арасындағы өзінің орнын сезіне бастайды. Сыпайы сәлемдесу және қоштасу, досын есімімен атау, адамның қызметі мен рөлі бойынша қатынас жасау сияқты (Жургізуші, дөңгелегіңіздің желі шығып кетті. Дәрігер, ол ауырып тұр.) қарым-қатынас жасау дағдылары дамиды.

        Үлкендермен, өз құрдастарымен қарым-қатынас жасау балалардың өзіндік «Менін» тануға мүмкіндік береді. Осындай қарым-қатынас кезінде ғана «Мен» бейнесі қалыптасады. Бала үлкендермен, құрдастарымен жақсы араласып, олар тарапынан қолдау тауып отырған жағдайда ғана жүргізілетін тәрбие жұмысы нәтижелі болады. Егер мұндай қарым-қатынас дұрыс жүргізілмей, баланың үлкендермен де, балалармен де жеткілікті дәрежеде қарым-қатынас жасауына жағдай жасалмаса ашуланшақ, өз-өзіне сенімсіз, тұйық болады.

        Бала өсе келе онымен бірге өзі айтқан сөздер мен атқарған іс-әрекеттеріне, өз мүмкіндіктері мен әртүрлі деңгейдегі жетістіктеріне (ойындағы, сурет салудағы, музыкадағы, сахналық көріністердегі, т/б.) дұрыс баға беру мүмкіндігі де артады.

        5-6 жасқа қөараған балалардың дамуында елеулі өзгерістер болады. Баланың денсінің салмағы шамамен айына 200 г, бойының ұзындығы 0,5 см артады. 5-6 жасында баланың бойы – 116 см, денесінің салмағы – 21,5 кг жетіп, кеуде қуысының көлемі 67 см жетеді.

        Баланың мінез-құлық әрекетін реттеуде ми қабының рөлі артады. Жоғары жүйке жүйесінің қызметі жетіледі. Балалардың қимыл белсенділігі артып, негізгі қимыл әрекеттерін жетік меңгереді. 5-6 жастағы балалардың қозғалысы көбіне жігерлі, әрі нақты болып, әсемдік пен жеңілдікке ие болады. Балалар жүгіріп келіп биіктік пен ұзындыққа тоқтамай секіруді, заттарды кезеніп жігерлі лақтыруды беріліп орындайды. Олар допты бір қолымен қағып ала алады, бір орында тұрып, аяқтарын кезектестіріп секіре алады.

        5-6 жасында саусақтарының жетілгені соншалық, бала өз бетімен қағаздан түрлі пішіндерді (дөңгелек, сопақша, тіктөртбұрыш, т/б.) қиып ала алады, адам мен жануарлар мүсіндерін жасап, қарындашпен, бояумен еркін сурет сала алады.

        Бұл кезең баланың психикалық дамуында елеулі өзгерістермен ерекшеленеді. Сондықтан, баланың психологиялық даму жағдайы күрделеніп, қарым-қатынас жасау әдістері де өзіндік сипатқа ие болады. Мысалы: дамудың әлеуметтік жағдайы 5-6 жастағы баланың улкендермен қалыпты жағдайдан тыс – тұлғалық қарым-қатынас жасау түрінің пайда болуымен ерекшеленеді.

        Бес жасар бала үшін үлкен адам тек білімнің көзі ғана емес, сонымен қатар айнала қоршаған әлемнің қыр-сырын білетін, әлеуметтік қатынастардың үлгісі, адами әрекеттердің қағидалары мен білімдерінің көзі болып табылады. Бала үшін өзін мазалаған мәселелерімен, қызықтырған сұрақтарымен, пікірімен үлкендермен бөлісу өте маңызды. Сондықтан ол адами қарым-қатынастар мен адамгершілік қағидалар туралы сұрақтарды көп қоя бастайды. Мұның себебі баланың күнделікті өмірде кездесетін жағдайлардан туындаған алаңдаушылығымен байланысты.

        Бұл кезеңде баланың айналаны танып-білуге құштарлығы артқаны соншалық, ол үлкендерге қоршаған әлем туралы өзін қызықтырған сан алуан сұрақтар қоя алады.

        Егер 4-5 жастағы балалар үлкендермен жан-жанурлар, машиналар, табиғат құбылыстары жайлы әңгімелессе, ал мектепке дейінгі ересек жастағы балалар өзін-өзі ұстау ережелері, өзі және ата-аналары жайлы әңгімелескісі келеді.

        5-6 жастағы бала мектеп жасына дейінгі балалпрдың (бұл әсіресе балабақшаға баратын балаларға тән) құрдастарына бағытталған барлық құбылыстарының «ошағы» болып табылады.
















































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!