Балалардың жазғы
демалысы
Жаз айлары – мектеп оқушылары
үшін ерекше ықыласпен күтілетін мезгіл. Жазғы демалыста балалар
уақытын қызықты өткізіп, бойына күш –қуат жинайтын демалыс күндерін
мәнді де, мағыналы өткізудің мәні зор. Биыл оқушылардың жаздық
демалыс күндері де қызықты өтуде. Осыған орай «Жазғы демелыс
кезінде балалардың жұмыспен қамту және даму картасын іске асыру
жоспары» бойынша Ж.Жапаров атындағы орта мектеп мектепке дейінгі
шағын орталығында мектепішілік лагерь жұмысының жұмыс жоспары
жасалынып, мектеп директоры Б.Шунетовтың келісімімен бекітілді.
Лагерьдің әр күнінде әр түрлі жұмыстар атқарылуда. Алғашқы маусым
айында «Менің елім-Қазақстан», «Жазғы саяхат», «Отбасым –алтын
бесігім», «Табиғатты аяла», «Елорда тарихы-Ел тарихы» тақырыптық
блоктар арқылы жұмыстар жүргізілді. Әр аптаға жауапты жетекшілер
мен тәрбиешілер жұмыс жасады.
«Балдәурен» лагерінің
жетекшісі Г.Таженбаева тәрбиешілері Г. Тезекбаева,
А. Абдрахманова,
Қ. Мейрембаева «Ескерткіштер-тарих
қорғаушылары» қаланың ескерткіш орындарына виртуалды саяхат жасап,
туған өлке туралы өлеңдер, суреттер, әндердің ұйымдастырды.
«Музейлік калейдоскоп» әлем бойынша атақты музейлерге виртуалды
саяхат жасап, оқушыларға кең көлемде мағлұматтар берді. Нұр –Сұлтан
қаласына виртуалды саяхат жасап, оның тарихи ғимараттары,
ескерткіштері туралы әңгімелер жүргізді «Біздің отбасымыздың бір
күні» , «Отбасылық дәстүрлер», «Біздің отбасылық жәдігерлеріміз»
шығармашылық іс-шаралар жүргізді. «Біздің ауылдың көшелері»
тақырыптарында оқушылармен жұмыс жасап, ауылымыздың құрылуына
еңбегі сіңген адамдар туралы таныстырылым
жасады.
Қорыта келгенде, лагерь
балаларды ұйымшылдыққа, достық қарым-қатынасты қалыптастыруға ,
бір-біріне қолдау көрсетуге, мейірімділікке
баулуда.
Ж.Жапаров атындағы
ОММДШО
Тәрбие ісіжөніндегі
орынбасары
Е.А.
Сансызбаева