Материалдар / Балалардың ой-өрісін дамытудағы ойын жаттығулар
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Балалардың ой-өрісін дамытудағы ойын жаттығулар

Материал туралы қысқаша түсінік
Ойнға сəтті баулу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Сәуір 2018
821
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Балалардың ой – өрісін дамытудағы математикалықойын-жаттығулар.Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі – білімді әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, логикалық ой-өрісі дамыған жанаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру.Оқыту үрдісінің негізгі мақсаттары – баланың білімді игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеу.Елімізде жүріп жатқан саяси-әлеуметтік реформаларға байланысты жалпы білім беру салаларына қойылатын талаптар да өзгеруде. Себебі білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында жетекші роль атқарады.ХХ ғасырдағы көрнекті Нидерланды ойшылы И. Хейзинг «Ойнаушы адам» ұғымы «Жасаушы адам» ретінде елеулі қызметті бейнелейтіндігін айтады. Шындығында іс-әрекеттің қалған түрлерінің ешқайсысында да адам ойындағыдай өзінің психофизиологиялық, интеллектуалдық мүмкіндіктерін әйгілей алмайды. Ойын оқытады, дамытады, тәрбиелейді, әлеуметтендіреді, көңіліңді аулайды, демалыс сыйлайды. Баланы ойыннан ажырату – оның дамуының басты көзінен, шығармашылық импульсінен және әлемді тану үдерісін жандандырудан айыру болып табылады. Ойын – баланың барлық өмірлік бағыттарының реттеушісі. Дидактикалық ойындар таным және бастауыш білім беруде балалардың іс-әрекетінің белсендіргіші. Ол балалардағы балаға тән қасиеттерді сақтайды және дамытады, балалардың өмір мектебі және «даму тәжірибесі». Бала ойнай отырып өмірді таниды, өзін оған дайындайды, жасампаз адам ретінде қалыптасады.Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ісін балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана ой-өрісі дамуына мүмкіндік туады.Сондықтанда тәрбиеші балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған педагогикалық үрдісті жүйелі ұйымдастыру, сабақта баланың ой-өрісін дұрыс дамыта алатын ойындарды мол пайдалану арқылы жетуге болады.Ол үшін бала ұғымына, қабылдауына сәйкестендіріліп ойын ұйымдастыруы қажет. Балаға арналған білім баланың ақылына лайықталып, талабын шабыттандыратындай, ойын оятарлық, іскерлігін дамытарлықтай, бастаған істің нәтижесіне жетуге тырысарлықтай нәрлі болуы керек. Балалардың ой белсенділігін, саналы ойлана білуін дамыту тәрбиешінің негізгі міндеті. Ойын баланың ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамытуға, түрлі дағды мен шеберлікті меңгеруге, қиындықты жеңуге, төзімділікке баулиды. Оқыту, білім беру мақсатында ойындарды пайдаланудың мақсатқа сәйкестілігін мойындауды біз ежелгі дүниеден де табамыз. Ойынды оқыту, білім беру және тәрбие беру құралы ретіндегі алғашқы жазбаларды біз ежелгі грек философы Платонның еңбектерінен кездестіреміз. Ол ойынның маңызды ролін барынша терең түсінді және ойындық тәсілдер балалардың оқуын, білімді меңгеруін оңайлатады деп санады. Рим мектептерінде Қайта өрлеу дәуірінде балаларды оқуға үйрету кезінде ойындарды енгізу міндетті түрде талап етілген болатын. Оқудағы ойын мәселесіне Р.Оуэн, Ф.Фребель, Ж.Фурье секілді ғалымдар да айрықша назар аударған. Олар, ойын балалардың ең қиын деген түсініктерді меңгеруді жеңілдетеді деп көрсетті. Ф.Фребель арнайы әдістеме жасады және балаларды оқыту, оларға білім беру тек қана ойындық тәсілдер көмегімен ғана жүзеге асырылатын мектептерді Германияда құруға әрекет жасады.К.Д.Ушинский бүкіл оқу үрдісін ойынға айналдыруға табанды түрде қарсы шықты. Дегенмен балалардың есте сақтау қабілетін, ынта мен оқуға деген қызығушылығын жоғарылатуда ойындардың маңыздылығына педагогтардың назарын аударуға әрекеттенді. Ол сонымен қоса ойын арқылы тұлғаның қандай да бір қыры ғана емес, тұтас адам қалыптасады деп санады. Ғалым ойындарды пайдалануға қатысты көптеген құнды кеңестер берді. Мәселен ойын негізінде балаларда белсенді шығармашылық іс-әрекетке деген құштарлық пен ынтызарлықты дамытуды ұсындыПедагогика ғылымында ойын әрекетінің оқу үрдісінде орны туралы зерттеліп жүрген еңбектер аз емес. Себебі, ойын – оқу, еңбек іс–әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі«Ойын» ұғымына түсініктеме берсек – бұл адамның мінез-құлқын өзі басқаруымен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс-әрекеттің бір түрі. Адамзат тәжірибесінде ойын әрекеті мынадай қызметтерді атқарады:
  • Ойын-сауық;
  • Коммуниктивтік немесе қарым-қатынастық;
  • Диагностикалық (ойын барысында өзін-өзі тану);
  • Коррекциялық (өзін-өзі түзету);
  • Әлеуметтендіру.
Әлде де болса ойынның адамның дамуына, қалыптасуына, тәрбиесіне байланысты функциялары анықталуда.Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді.Ойын – бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті түрде ұжымдық әрекет. Ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық қажеттіліктермен санасуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір –біріне деген сенімін арттырады.Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы, мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілетті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, ерік сезім түрлерінде дамытады.Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде мектеп жасына дейінгі балалары пайдаланатын: ойын – сабақ, ойын – жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, логикалық ойын есептер, ұлттық ойындар, т.б. Бұндай ойындар баланы жан –жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.Ұлы Абайдың «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?» деген пікірінен бала өмірінде ойынның маңыздылығын көруге болады. Мектеп жасына дейінгі балалардың психикасының дамуына ойын әрекеті шешуші рөл атқаратындығы туралы белгілі ғалымдар өз еңбектерінде айтып кеткен: Ж.Аймауытұлы, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердіұлы, С.Торайғыров, Т.Тәжібаев т.б.Ал ертедегі ұлы ойшылдар Ж.Ж.Руссо мен И.Г.Песталоцци ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген. Ойынның теориясы мен маңыздылығы туралы К.Д.Ушинский мен П.Ф.Лесгафт, тәрбиеде және оқыту барысында ойынның алатын орны туралы В.А.Сухомлинский, С.П.Шацкий және Н.К.Крупская өз пікірлерін білдірген.Педагогикалық үрдісті жетілдіруде ойынның алар орны жөнінде қазақстандық ғалым Н.Құлжанова да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинкт күнделікті негізгі іс- әрекет және өмірдің талаптарына сай бейімдеу деп түсіндірген.Я.А. Коменский «Ұлы дидактика» деген еңбегінде 6 жастан 12 жасқа дейінгі жас кезеңін өнерлі және қамқорлық тәрбие мектебі деп атайды. Бұл кезеңдерде балаларды нақты, түсінікті ана тілінде білім беру керек. Сонымен қатар білім балалардың есінде қалатындай болуы тиіс. Бұл кезеңде балалар қиындықты сезінбейді, сол себептен оларға оқу әрекеті жеңіл болып көрінеді. Осыған орай мектеп жасына дейінгі балалардың оқу әрекетін жеңілдетудің бірден -бір құралы ретінде «ойынды» айтуға болады.Мектеп жасына дейінгі балалар еліктегіш, жаңаны жаны сүйгіш келеді. Сондықтан тәрбиеші сабақ барысында ойын түрлерін пайдаланып отырса, балалардың сабаққа деген ынтасы артып, алған білімдерін өмірде қолдана білу мен іздемпаздық дағдылары жетіле түседі.Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу тәрбиешінің меңгертіп отырған білімін аса зор ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты олар ойынға өте ынталы келеді. Ойын барысында балалар тез серігіп, тапсырманы жылдам, дәл орындауға тырысады.Мектеп жасына дейінгі балаларға ойын түрлерін қолдану, балалардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, сабаққа белсенді түрде қатысып, түсінбегенін түсінуге мүмкіндік туғызады.Ойын түрлерін тәрбиеші топтан топқа өткен сайын дидактикалық «деректіден – дерексізге, жеңілден – ауырға, жақыннан – алысқа» деген приципті негізге ала отырып, бірте – бірте күрделендіре жүргізуіне болады. Мүмкіншілігіне қарай, әр тақырып бойынша ойын түрлерін қолданып сабақ жүргізу, тәрбиешінің шеберлігін шыңдап, сабақтың сапасын арттырары сөзсіз.Ойынның негізгі мақсаты – баланы қызықтыра отырып білімді берік меңгерту болса, тәрбиешінің міндеті – сол ойын түрлерін пайдалана отырып, балаларды өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу.Оқу үрдісінде ойын түрлерін пайдалану – бағдарламада анықталған білім, білік, және дағдыларды қалыптастыру, тиянақтау, бекіту немесе тексеру болып табылады. Сондай-ақ тәрбиеші ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіре отырып, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдалануға болады.Балабақша баланың ой-өрісін дамытудың негізгі кезеңі деп есептеледі. Өйткені ой-өріс кейінірек бейнелік ойлаудың негізінде қалыптасады, ауқымы кеңірек мәселелерді шешуге ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіндік береді.Тәжірибе барысында мектепке дейінгі балаларда ой тұтастығының сақталуы байқалады. Мұндай қатерлерді болдырмау үшін баланың ой-өрісінің қажеттігін сезінуіне көз жеткізудің амал-тәсілдерін тауып, орнықты ой түйіндеуге жетелеу қажет.Ал, балалардың ойлауын дамытып, дұрыс ой – түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйретуде қарапайым математикалық түсініктермен таныстыру барысында оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі түрі – сабақ. Сабақ – кез келген оқу орындарында тәрбие жұмысының негізгі баспалдығы, әліппесі.Оны шеберлікпен ұйымдастыру арқылы ғана табысқа жетуге болады. Кез келген тақырыпта тәрбиеші өзінің шеберлігі арқылы балаға түсіндіре білуі шарт. Ол үшін көптеген әдіс-тәсіл түрлерін қолданып, бүгіннен ертең жақсы оқытуымыз керек деген қағидаға сүйенсек, бұл әрбір сабақтың негізгі заңдылығы. Сонымен қатар бала психологиясына айрықша көңіл бөліп, терең зерттеу жүргізіп, оқытудың педагогикасына талдау жасап, оқыту әдістемесін жоспарлап, жүзеге асырған жөн.Сабақта ойынды дұрыс қолдану үшін тәрбиешіге ойындардың мазмұны мен өткізілу әдістемесін жете білу, әрбір тақырыпқа байланысты ойын жаттығуларды жаңа ұғымды меңгерту немесе бекіту мақсатында пайдаланып отыру тиімді.Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдық тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді, балалардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырадыСабақтың сәтті өтуінің басты талабы – уақыт, сондықтан әрбір минутты ұтымды пайдалана білу керек. Келесі маңызды бөлік – сабақтың мақсаты айқын болуы шарт. Сонда ғана үш мақсат: оқыту, дамыту, тәрбиелеу сөзсіз сақталады.Бірсыдырғы берілген білім мен тәрбие баланы тез жалықтырып жібереді. Бала тез шаршап қалмас үшін, жалықпас үшін математика сабағындағы жаттығу есептерін ойын ретінде өткізген дұрыс. Ойында баланың жас ерекшелігіне қарай таңдалып алынуы керек. Ойын оқу процесін ширатады, баланың оқуға деген ынтасын арттырады, сабақ қызықты өтеді. Сабақта қолданылатын әр ойынның тәрбиелік мәні зор, баланың ой -өрісін дамытуға, логикалық ойлау қабілетін арттыруға оң әсерін тигізетіндей болуы тиіс. Белгілі ресейлік ғалым – педагог Л.В.Зенковтың пікірінше, ойын берілген білімді кеңейтуге, ынтасын арттыруға, сабақтағы зерігушілікті жоюға көмектеседі.Тәрбиешіге қойылатын төменгі әдістемелік талаптарды біліп орындап отыруы тиіс.1.Ойынның мақсаты нақты қойылып, керекті көрнекіліктер мен материалдар күні ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы керек.2.Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі балаларға әбден түсіндірілгені жөн.3.Ойын топтағы балалардың түгел қатысуын қамтамасыз ету керек.4.Ойынның жүру барысында тәрбиеші балалардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеуі керек.Ойын сабақтары балалардың өздігінен жұмыс істеуге, ойлау қабілетін дамытуға үйретеді. Ойын кезінде балалардың достық сезімін оятып, бір-біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Балаларды жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеуге болады. Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу тәрбиешінің меңгертіп отырған білімін ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі. Ойынның негізі мақсаты – баланы қызықтыра отырып білімді меңгерту болса тәрбиешінің міндеті – сол ойын түрлерін пайдалана отырып балалардың өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу. Оқу-тәрбие жұмысында ойындарды қолданудың кең спектрін сипаттау мақсатында көптеген ғылыми зерттеулер жасау арқылы мынадай мәселелердің басы ашылды:-ойлау, ес, сөйлеу, жігер, назар үрдістеріне дидактикалық ойындардың әсер ету сипаты;-жеке оқыту маңызының артуы;-оқу ойындарына қатысушылардың таным қызығуы арқылы шығармашылық ізденіске ұмтылуы, т.б.Мектеп алды даярлық топта математика пәнін оқытудағы ең басты міндет – баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту. Оқу әдістемелік көмекші құралмен шектеліп қана қоймай, баланың ойлау қабілетін дамытатын ұлттық ойындар, дидактикалық ойындар, дамытушы ойындар мен ойын- жаттығуларды есеп жұмбақтар, бас қатырғыштар, интеллектуалдық ойындарды пайдалану тиімді.Оқу материалын меңгеруге даярлық кезінде қолданылатын дидактикалық ойындар жаңа материалды қабылдау үрдісіндегі белсенділікті жоғарылатуды мақсат етеді.Жаңа материалды бекіту, мақсатында енгізілген дидактикалық ойындар жаңа нәрсені түсінуді нақтыландырады және тапсырманы орындау кезінде неге назар аудару қажеттігін көрсетеді. Бұл жағдайда дидактикалық ойындар балалардың жартылай меңгерген оқу-материалдарына негізделеді. Қайталау кезінде дидактикалық ойындардың барлық түрлері пайдаланылады. Ойындар балаларды бұрыннан бар білімдерді жаңа ситуацияларда қолдануға итермелейді. Дидактикалық ойындар арқылы мектеп оқушысының танымдық іс-әрекетін жандандыру үшін басты шарт- жалпы білім беретін мектептердегі бағдарламалық талаптарға негізделген, бірте-бірте күрделеніп отыратын дидактикалық ойындарды оқу үрдісіне мақсатқа бағытталған түрде енгізу болып табылады.Дидактикалық ойын балалардың белсенділігін арттырып, қиын оқу материалдарын меңгеруді жеңілдетуі және көлемі бойынша үлкен оқу материалдарды есте сақтауға мүмкіндік беруі тиіс.Балалардың шығармашылық белсенділігін арттыру үшін мыналарды жүзеге асыру қажет:1. Жағдайға қарай шығармашылық белсенділікті іске қосу;2. Төмендегідей шығармашылық белсенділіктің жүйелі циклдарын іске қосудың алғышарттары ретінде шығармашылық жағдайларын жүзеге асыру:а) шығармашылықтың Мен – субъектісінің рольдік образын игеру;б) шығармашылықтың жетекші ішкі орындаушы механизмдерін игеру;в) шығармашылықтың әралуан түрлерін игеру;г) ойын ұжымының шығармашылық бағытталушылығын дамыту;д) ойын арқылы шығармашылық нәтижені елеулі түрде сезінетін жағдайларды қарастыру.Белсенділікті дамыту үрдісіне ықпал етуі тұрғысынан келесі ойын типтері мен ойындық формаларды айқындауға болады:а) балалардың шығармашылық белсенділігін дамытатын ойын формалары (шығармашылық белсенділікті дамытудың жалпы немесе спецификалы емес шығармашылық ойындық құралдары).б) тұлғаның жекелеген қасиеттерін және шығармашылық белсенділікті құрайтын іс-әрекетті дамытушы ойындар. Бұл тип интеллектуалды–дамытушы, танымдық және көркемдік сияқты бірқатар қозғалыс ойындарынан да тұрады.в) ерекше шығармашылық ойындар.г) арнайы шығармашылық ойындар.Ойынды шығармашылық деп ажырату мүмкіндігі бәрінен бұрын ойын мақсатының арнайы шығармашылық сипатымен анықталады.Шығармашылықтың төмендегідей негізгі деңгейлерін анықтауға болады:- ойынды таңдау шығармашылығы (тұлғааралық өзара әрекеттестіктермен байланысты міндеттерге жауап беретін және жеткіншектердің маңызды мұқтаждықтарын қанағаттандыратын, оның үстіне заттық-ойындық ортаның нақты жағдайларында мүмкін ойындар мен ойындық формаларды іздеудегі оның мәні);- ойынды жоспарлау және ұйымдастыру шығармашылығы;- ойынның түрін өзгерту шығармашылығы;- ойынды құру шығармашылығы. Бұл жағдайда да негізінен екі негізгі форма қарастырылады: аналогия немесе үлгі бойынша ойынды құру; элементтерден ойынның барлық объектілі және кеңістіктік–мезгілдік құрылымын жасау. Соңғы деңгей жеткіншектердің дербес ойындық іс-әрекетінде сирек көрініс береді (педагогикалық тәжірибеде де), қарапайым формада жүзеге асырылады.Дидактикалық ойындар оқыту мазмұнына сәйкес мынадай түрлерге бөлінеді:1. Ойын-саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, қарапайым жұмбақ арқылы беріледі;2. Ойын-тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет, сөздік тапсырмалар құрайды.3. Ойын-болжамдар. Бұл ойындар «не болар еді…?», «Мен не істер едім, егер….» деген сұрақтарға негізделеді.Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюымен ерекшеленеді.4. Ойын-жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі- логикалық астарының болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.5.Ойын-әңгімелер. Ол тәрбиешінің балалармен, балалардың тәрбиешімен және балалардың балалармен қарым-қатынасына негізделеді. Бұл қарым- қатынас ойын мазмұнында ерекше сипатқа негіз болады. Ойынның құндылығы балаларды эмоционалдық түрде белсендіруге, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойнауға мүмкіндік туғызады.



































«М.О.Әуезов атындағы педагогикалқы колледжі» КМҚК









Тақырыбы:Балаларының ой – өрісін дамытудағы математикалық ойын-жаттығулар

Дайындаған:Нигметова.Ж Жетекшісі:Комаев. М.С













2017 – 2018 оқу жылы
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!