Материалдар / Балалардың ойлау қабілетін логикалық ойындар арқылы дамыту.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Балалардың ойлау қабілетін логикалық ойындар арқылы дамыту.

Материал туралы қысқаша түсінік
1. «Логика» ұғымына түсінік Білім берудің басты мақсаты - үнемі өзгеріп тұратын әлеумет жағдайына қарай өсіп келе жатқан ұрпақты даярлау. Өзгермелі өмірге қарай балаларды бейімдеуде білім мен тәрбиемен қаруландыру білім беру үрдесінің негізгі кілті болып табылады. Логикалық ойлау әдістерін меңгермеген балада, білім саласында көп қиындыққа ұшырайды: есептерді шығаруда, жаттығуларды орындауда көп уақытын және күшін жоғалтады. Нәтижесінде денсаулығы әлсірейді, оқуға деген құлшынысы төмендейді. Бала логикалық операцияларды меңгергенде, анық және дәл ойлай алады, амалды орындауда неге мән беру қажеттілігін түсінеді, өзінің дұрыстығы туралы пікірін білдіре алады. Білімді меңгеру оңайға соғады, мектеп бала үшін қуаныш әкеледі.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Балалардың ойлау қабілетін логикалық ойындар арқылы дамыту

Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. «Логика» ұғымына түсінік
2. Негізгі мақсаты.
3. Мектеп жасына дейінгі баланың логикалық тұрғыдан дамуына
ойын арқылы ықпал жасау.
ІІІ. Қорытынды


І.Кіріспе
Баланың жас ерекшелігін ескере отырып қазақ тілінен түрлі логикалық тапсырмалар беру арқылы, білімнің беріктігін қамтамасыз ету, баланың шығармашылық қабілетін дамыту, интелектуалдық деңгейін көтеру.
«Логикалық тапсырмалар» баланың жас ерекшелігін ескере отырып құрастырылды. Теориялық білімдерін кеңейтіп, оны практикада қолданылуына ықпал етеді. Логиканың дамуы өздігінен ізденіп жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Логикалық тапсырмалар баланың интеллектуалдық деңгейін көтереді
.
ІІ.Негізгі бөлім:

Оқу материалын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Сондықтан да тәрбиеші балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, оқу іс – әрекетінде бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады.
Дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп, ал ой қорытындыларының объектив пікірлерге негізделетін процесі логикалық ойлау деп аталады.
Логикалық ойлаудың ерекшелігі – қорытындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай келуінде. Логикаға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдарлары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Бұл байланыстар мен қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны пікірлерде көрсетіледі.



Психолог – ғалымдар: Н. Н. Поспелов, Ю. А. Петров, А. Н. Леонтьев, «логикалық ойлау» ұғымына нақты анықтама берген. Олардың пікірінше «логикалық ойлау» дегеніміз логика заңдылықтарын пайдалана отырып ой - пікірлерді, тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі.
Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту жөнінде А. В. Запорожец, Л. Н. Венгер, И. С. Якиманская еңбектері жарық көрді.
Жоғарыдағы авторлардың пікірлерінше «Логикалық ойлауды дамыту» дегеніміз:
• барлық логикалық ойлау операцияларын (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрде қалыптастыру;
• ойлау белсенділігін, өз беттілігін дамыту.
«Логикалық ойлау – логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны – логикалық сөйлеуді ұстаз дамытуға тиіс», деп көрсетті К. Д. Ушинский.
Мектеп жасына дейінгі баланың логикалық ойлауын дамытудың негізгі кезеңі деп есептеледі. Өйткені логикалық ойлау кейінірек бейнелік ойлаудың негізінде қалыптасады, ауқымы кеңірек мәселелерді шешуге ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіндік береді.
Балалардың ойлауын дамыту туралы М. Жұмабаевтың сөзімен алсақ:
«Ойлау жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр, сондықтан басқыштап іс істеу керек. Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, білімге деген ынта – ықыласы, құштарлығы болуы керек».
Баланың логикалық ойлауы арқылы тілін дамыту үшін, тәрбиешіге оның теориясын терең білу міндеті жүктеледі.
Логикалық ойлауды дамытудың кестесі арқылы тіл дамыту жолдарының кестесін жасауға болады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытуда сұрақтардың алатын орны ерекше. Сондықтан балаға қойылатын сұрақ жүйелі, әрі түсінікті болу керек. Сұрақтар қоя білу қиялдаудың ең жоғарғы сатысы және нәтижелі ойда негізгі рөл атқарады. Ойын арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс - әрекеті және олардың айналадағы өмірден алған білімдерін, әсерлерін, жинақтаған тәжірибесін өз бетінше іс жүзіне асырады. Сондықтан ойын балалар үшін өзіне тән жүру барысымен, мақсатымен маңызды. Міне, осыдан баланың логикалық ойын қиялдау қабілеті шыңдалады, дамиды. Бұл қазіргі заманға өте қажет. Өйткені, бұл компьютер ғасыры.
Баланы болашақ өмірге, белсенді еңбекке даярлауда, оның ақыл - ойы, адамгершілік - эстетикалық сезімдерін, логикалық ойлау қабілетін қалыптастыруда – балаға құрметпен қарау қажет.

  1. «Логика» ұғымына түсінік Білім берудің басты мақсаты - үнемі өзгеріп тұратын әлеумет жағдайына қарай өсіп келе жатқан ұрпақты даярлау. Өзгермелі өмірге қарай балаларды бейімдеуде білім мен тәрбиемен қаруландыру білім беру үрдесінің негізгі кілті болып табылады. Логикалық ойлау әдістерін меңгермеген балада, білім саласында көп қиындыққа ұшырайды: есептерді шығаруда, жаттығуларды орындауда көп уақытын және күшін жоғалтады. Нәтижесінде денсаулығы әлсірейді, оқуға деген құлшынысы төмендейді. Бала логикалық операцияларды меңгергенде, анық және дәл ойлай алады, амалды орындауда неге мән беру қажеттілігін түсінеді, өзінің дұрыстығы туралы пікірін білдіре алады. Білімді меңгеру оңайға соғады, мектеп бала үшін қуаныш әкеледі.


Баланың логикалық ойлауын дамытудың негізгі кезеңі деп есептеледі. Өйткені логикалық ойлау кейінірек бейнелік ойлаудың негізінде қалыптасады, ауқымы кеңірек мәселелерді шешуге ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіндік береді.
Балалардың ойлауын дамыту туралы М. Жұмабаевтың сөзімен алсақ:
«Ойлау жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр, сондықтан басқыштап іс істеу керек. Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, білімге деген ынта – ықыласы, құштарлығы болуы керек».
Баланың логикалық ойлауы арқылы тілін дамыту үшін, оның теориясын терең білу міндеті жүктеледі.
Логикалық ойлауды дамытудың кестесі арқылы тіл дамыту жолдарының кестесін жасауға болады.
Балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытуда сұрақтардың алатын орны ерекше. Сондықтан балаға қойылатын сұрақ жүйелі, әрі түсінікті болу керек. Сұрақтар қоя білу қиялдаудың ең жоғарғы сатысы және нәтижелі ойда негізгі рөл атқарады. Ойын арқылы балалардың негізгі іс — әрекеті және олардың айналадағы өмірден алған білімдерін, әсерлерін, жинақтаған тәжірибесін өз бетінше іс жүзіне асырады. Сондықтан ойын балалар үшін өзіне тән жүру барысымен, мақсатымен маңызды. Міне, осыдан баланың логикалық ойын қиялдау қабілеті шыңдалады, дамиды. Бұл қазіргі заманға өте қажет. Өйткені, бұл компьютер ғасыры.
Баланы болашақ өмірге, белсенді еңбекке даярлауда, оның ақыл — ойы, адамгершілік — эстетикалық сезімдерін, логикалық ойлау қабілетін қалыптастыруда – балаға құрметпен қарау қажет.
Баланың логикалық ойлау қабілетін дамытуда қарапайым математиканың алғашқы ұғымдарын ойын арқылы үйретудің математикалық диктант жазудың, заттарды әр — түрлі геометриялық пішіндерден құрастырудың, ауызша есеп шығарудың, көру арқылы салыстырудың, қиялдаудың жұмбақтар жаттаудың маңызы өте зор.

Логика — дүниені тану тарихының нәтижесі, жиынтығы, қорытындысы. Логика ғылымында жаңаша әдістерді жетілдіру, адамның дүниетанымын барынша өрістету басты мәселе болып саналады. Логика ғылымы адамдардың сан ғасырға тарихи тәжірибесінің жемісі.Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі – білімді әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, логикалық ойлауы дамыған жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру.

2. Негізгі мақсаты. Бүлдіршіндердің логикалық ойлау қабілетін дамытуда қарапайым математиканың алғашқы ұғымдарын ойын арқылы үйретудің математикалық диктант жазудың, заттарды әр - түрлі геометриялық пішіндерден құрастырудың, ауызша есеп шығарудың, көру арқылы салыстырудың, қиялдаудың жұмбақтар жаттаудың маңызы өте зор. Біздің балабақшаның тәрбиешілері логикалық ойлау қабілеттерін жоғарлатуда.
Логика - дүниені тану тарихының нәтижесі, жиынтығы, қорытындысы. Логика ғылымында жаңаша әдістерді жетілдіру, адамның дүниетанымын барынша өрістету басты мәселе болып саналады. Логика ғылымы адамдардың сан ғасырға тарихи тәжірибесінің жемісі.
Бұл ғылым адамдардың өмір сүру қызметінің әр түрлі салалары үшін аса маңызы бар әлеуметтік тарихи құрылым. Бүл логикалық ойлау ғылымы көптеген басқа ғылымдармен байланысады. Философиямен, психологиямен, жоғарғы нерв қызметі, физиологиямен, кибернетикамен, математикамен байланысын зерттейді. Логика - талқылау кезіндегі ойдың дұрыс құралуын зерттейтін ғылым. Екінші сұрақта формалды және диалектикалық логика туралы түсініктердің мазмұнын анықтаудан бастау керек. Формалды және диалектикалық логиканың ерекшеліктеріне, айырмашылықтарына тоқталған жөн. Формалды логика жаңа білімдерді қорытып шығарудың заңдарын қарастырады.
Формалды логика білімнің құрылымдық жағын жеке - жеке көрсетуге, олардың элементтерінің формалды байланыстарына көңіл аударады.


3. Мектеп жасына дейінгі баланың логикалық тұрғыдан дамуына ойын арқылы ықпал жасау: Мектепт жасына дейінгі оқыту үрдісінің негізгі мақсаттары – баланың білімді игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеу. Оқытудың мақсаты оқушыларға білім беру ғана емес, сонымен бірге олардың ойлау қабілетін дамыту және белсендіру балалардың білімді, дағдыны меңгеру үшін, болашақта танымдық және тәжірибелік іс-әрекетке оқушыларды дайындау қажетті шарт болып табылады.
Оқу материалын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Сондықтан да мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады. Дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым « логика» деп, ал ой қорытындыларының обьектив пікірлерге негізделетін процесі «логикалық ойлау» деп аталады. Логикалық ойлаудың ерекшелігі – қорытындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай келуінде. Логикаға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдарлары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Бұл байланыстар мен қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны пікірлерде көрсетіледі. Бастауыш сынып баланың логикалық ойлауын дамытудың негізгі кезеңі деп есептеледі. Өйткені логикалық ойлау кейінірек бейнелік ойлаудың негізінде қалыптасады, ауқымы кеңірек мәселелерді шешуге ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіндік береді

ІІІ. Қорытынды: Әйтседе бұл баланы қайткенде де, неғұрлым ертерек логикалық «жолға» шығару дегенді көрсетпейді. Біріншіден, ойлаудың логикалық формаларын игерудің өзі ойлаудың логикалық жетілген бейнені формалары ретінде игерілмейінше, толық құнсыз күйде қалып отырады. Дамыған көрнекі схемалық ойлау баланы логика табалдырығына жеткізеді. Екіншіден, логикалық ойлауды игеріп болғаннан кейін, бейнелік ойлау өзінің мәнін ешбір жоғалтпайды. Тәжірибе барысында жасөспірімдерде ой тұтастығының сақталмауы байқалады. Мұндай қателерді болдырмау үшін оқушының ой жүйелігінің қажеттігін сезінуіне көз жеткізудің амал – тәсілдерін тауып, орнықты ой түйіндеуге жетелеу қажет.
Логикалық ой кез-келген кедергілерді дұрыс қабылдап қана қоймай,оның шешу жолдарын таба білуге ықпалын тигізеді
Қарапайым жұмбақтар,ситуациялық жағдайлар,логикалық ойындар: ребустар,бас қатырғылар баланың логикалық ойын дамытады,жаңаша ойлау дағдысын қалыптастырады.
Тапсырма күрделенген сайын оны шешу уақыты аз болады да, логикалық ойлаудың дамуына көмегін тигізеді.
Шығыс елдерінде шахмат ойындарына, жапон сөзжұмбағына көп көңіл бөлінген. Бұл ойындар жылдам әрі терең ойлауға көмегін тигізеді.
Қазіргі компьютерлік ойындардың арасында да логикалық тапсырмаларды да кездестіруге болады.












Shape1

Шығармашылық жұмыс.


Тақырыбы: Балалардың ойлау қабілетін логикалық ойындар арқылы дамыту.


Тәрбиеші: Құлбас Б.

2020-2023ж.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!