Материалдар / Балалардың ойындары мен дәстүрлі емес технологияларды пайдалана отырып сөйлеуін дамыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Балалардың ойындары мен дәстүрлі емес технологияларды пайдалана отырып сөйлеуін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиеші педагогтардың өз білім жетілдіру жоспары.Жоспар 9 айға құрылған,кіші топ тәрбиеленушілеріне арналады.Ойындар жинақтары,көрнекіліктер,саусақ жаттығулары мен тіл жаттығулары қарастырылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Ақпан 2023
392
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бөбекжай тәрбиешінің өзіндік білім жетілдіру жеке жоспары

Педагогтың аты – жөні: Сатыбалдиева Жаннур Адиловна

Мамандығы: Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі

Білімі: Орта

Педагогикалық жұмыс өтілі: 2 жыл

Жалпы еңбек өтілі: жоқ

Біліктілігі: жоқ

Біліктілікті арттыру курстары: бар






























Тақырыбы: «Балалардың ойындары мен дәстүрлі емес технологияларды пайдалана отырып сөйлеуін дамыту»

2022-2023 оқу жылы

Тақырып бойынша жұмыс кезеңі: 1 жыл

Тақырып бойынша жұмысты бастау айы: қыркүйек 2022ж

Жұмыстың аяқталу айы : мамыр 2023ж

Мақсаты: өзінің теориялық деңгейін, кәсіби шеберлігін және құзыреттілігін арттыру.

Міндеттер:

1. Саусақ ойындарын, балалардың сөйлеу іс-әрекетінде жаттығуларды біріктіру;

2. Саусақ ойындары арқылы балалардың ұсақ моторикасын жетілдіру;

3. Саусақ моторикасын жетілдіру бойынша жұмысты жүйелендіру;

4. Сөйлеу функциясын қалыпқа келтіруге ықпал ету.

5. Қиялды, логикалық ойлауды, еркін зейінді, көру және есту қабілетін дамыту, шығармашылық белсенділікті арттыру.

Жұмыстың әдістері мен тәсілдері:

Дәстүрлі:

Саусақ ойын жаттығулары.

Қол саусақтарының массажы

Саусақтар гимнастикасы, сергіту.

Өлеңдер мен жаңылтпаштардан құралған саусақты ойындар.

Саусақ театры

Дәстүрлі емес технологиялар:

Табиғи материалдарды (жарма, ракушкалар және т. б.) пайдалана отырып ермексаз және тұздалған қамырмен мүсіндеу.

Конструкторлар

Түрлі аппликациялар

Баулармен жұмыс

Пазлдардар мен мозаикалар

Есептеу таяқшаларымен жұмыс

Қол білезігі мен саусақтарға арналған өзіндік массаж

Сурет салудың дәстүрлі емес техникасы: щеткамен, саусақпен, тіс щеткасымен, шаммен.

Қол еңбегі: моншақтармен жұмыс

Трафареттер бойынша сурет салу, штрихтау.








Тақырыптың өзектілігі:

"Баланың ақыл-ойы оның саусақтарының ұшында" В. А. Сухомлинский

"Қол – бұл, өзіндік сипатта адамның сыртқы миы" - деп жазды Кант.

Біздің мектепке дейінгі мекемеде балалардың тілін дамытуға көп көңіл бөлінеді.Баланың ойы мен көзі қолдарымен бірдей жылдамдықпен қозғалатыны дәлелденген. Демек, қол саусақтарының қимылдарын жаттықтыру арналған жүйелі жаттығулар мидың жұмыс қабілетін арттырудың қуатты құралы болып табылады.Баланың саусақ ептілігін жылдам игеруі, оның болашақ дамуына ықпалын тигізеді. Ұсақ моториканың дамуымен қатар жады, назар, сондай-ақ сөздік қоры дамиды.Балалардың тілін дамыту үшін біз өз жұмысында саусақ ойындарын және дәстүрлі емес технологияларды қолданамыз.Біз өз білімімізді жетілдіру мақсатында "екінші кіші топтағы балалардың саусақ ойындары мен дәстүрлі емес технологияларды пайдалана отырып сөйлеуін дамыту" тақырыбын таңдадық, өйткені бұл тақырып өте өзекті және біздің тәрбиеленушілеріміздің өмірінде маңызды мәнге ие.Ұйымдастырылған ойындар, соның ішінде саусақты ойындар, сөздік қарым-қатынастар арқылы өзіндік кішкентай спектакльдерге айналады.Олар балаларды қызықтырады және оларға қуаныш әкеледі. Шағын моториканы дамыту жұмысы балалармен ата-аналар қарым-қатынасыннығайтуға септігін тигізеді. Бұл балалар ұжымындағы қарым-қатынас пен достық атмосфераға жағымды әсер етеді.

























ӨЗ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРУ ЖЕКЕ ЖОСПАРЫ 2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫ


АЙЫ

БАҒЫТТАРЫ

ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ

ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ

Қыркүйек

Қосымша әдістемелік нұсқаулармен танысу

Берілген тақырып бойынша әдебиетті зерделеу

Бірінші кіші топ балаларының саусақ ойындары мен дәстүрлі емес техналогияларды пайдалана отырып сөйлеуін дамыту бойынша

Әдебиеттерді зерделеу (оқып білу).

  1. Әдістемелік әзірлеменің тақырыбын таңдап алғаннан кейін, берілген тақырып бойынша әдебиеттермен танысу.

  2. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойындар мен жаттығулар ( әдістемелік құрал. «Дарын» Астана-2014 жыл).

  3. Республикалық педагогикалық журнал Білім. кz

Қазан

Балалармен жұмыс

Балаларды жұмысқа енгізу. Қол білезігіне арналған массаж.

  1. Отырып ойнайтын саусақ ойындары. (саусақ ұштарымен қимылдатамыз);

  2. Қолдың нәзік бұлшық еттерімен бірге дененің барлық мүшелері қатысып орындалады.


Қараша

Балалармен жұмыс

Қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған ойындар картотекасын құру. Саусақ гимнастикасы

«Саусақтық жаттығулар», «Жолшықпен жүру», «Физминуткалар». Бірлескен және өзіндік әрекет кезінде саусақ театр қозғалыстарын қолдану

Желтоқсан

Балалармен жұмыс және ата-аналармен жұмыс

Ата-аналарға арналған кеңес: "Мектепке дейінгі кіші жастағы балаларға арналған қол моторикасының дамуы және оның маңызы". Қол еңбегі: моншақтар және баулар.

Ата-аналар жиналысын өткізу;

«Көз-қол» бағдарлауын жетілдіреді;

Зейіннің тұрақтандырады, қол белсендігін, икемділігін арттырып, қолды босаңсытады.



Қаңтар

Балалармен жұмыс

Бейнелеу қызметі процесінде қолдың ұсақ моторикасын дамыту. Дәстүрлі емес тәсілмен сурет салу. Пазлдар мен мозаикалар, есептеу таяқшаларымен жұмыс.

Пазлдар мен мазайкалар және есептеу таяқшаларды пайдалана отырып жасалған саусақ ойыны баланың сөйлеуге деген талпынысын, қабілетін дамытып, ынтасын арттырады және шығармашылық әрекетіне жол ашады.

Ақпан

Балалармен жұмыс

Ата-аналар жиналысы

Жаңа саусақ ойындарымен танысусаусақтарды жаттықтыру, ескі ойындарды қайталау. Ата-аналарға арналған кеңес: "саусақты гимнастикажәне балалардың тілін дамыту". Әр түрлі аппликациялар

Түрлі саусақ ойындарды қайталау арқылы орындайды. Ата-аналар кеңесінде саусақтармен ойнау ата-аналарға балаларын қуантуға, сонымен қатар, сөйлеуі мен ұсақ моторикасын дамытуға мүмкіндік беретінін ұғындыру. Әр түрлі аппликация жапсыру арқылы дербес ойларын,  шығармашылықтарын дамытуға мүмкіндік жасау.

Наурыз


Жұмыста дәстүрлі емес әдіс-тәсілдерді қолдану: табиғи материалды ( тұқым, ракушка, жарма) пайдалана отырып мүсіндеу; қол саусақтарының массажы.

Дәстүрлі емес әдіс–тәсілдер қолдану арқылы балалардың ойлауына, ойын дамытуда түрлі материалдарды пайдаланып, олардың қол саусақтарына массаждар жасату.

Сәуір


Саусақтардың көмегімен әр-түрлі әңгімелер мен тақпақтарды оқу. Саусақ театры.

Балалардың сөздік  қорларын  байытып,  жақсыдан  үйреніп,  жаманнан   жиренуге  тәрбиелеу; Театрлық  іс - әрекетті  ертегілерді  пайдалана  отырып – ойын  дамыту.

Мамыр


Саусақ ойындарын қайталау. Балалар қызметінде бұрын қолданыста болған барлық техника түрлерін қолдану

Саусақ ойындарын қайталау барысында барлық техника түрлері арқылы жұмыс істеу балаларда  жағымды эмоция тудырады, таныс тұрмыстық заттарды көркем сурет салуға қолдану мүмкіншілігін ашады.






































Берілген тақырып бойынша әдебиетті зерделеу

(қыркүйек айы, 2020 жыл)










Бірінші кіші топ балаларының саусақ ойындары мен дәстүрлі емес техналогияларды пайдалана отырып сөйлеуін дамыту бойынша

Әдебиеттерді зерделеу (оқып білу).

Әдістемелік әзірлеменің тақырыбын таңдап алғаннан кейін, берілген тақырып бойынша әдебиеттермен танысу.

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойындар мен жаттығулар

( әдістемелік құрал. «Дарын» Астана-2014 жыл).

Республикалық педагогикалық журнал Білім. кz


Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады. Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғауларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету-тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды. Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Баланың тілі негізінен мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Бұл кезеңде ағзаның барлық бөліктері және жүйелері қарқынды дамып, баланың дене және ой дамуына қажетті қозғалыстағы таным іскерлігі қалыптасады. Мектепке дейінгі кезеңде қолдың ұсақ моторикасы мен қимыл-қозғалыстарын дамыту жұмыстары маңызды болып табылады.

  Қол саусақтар жаттығулары есте сақтау және назар аудару қабілетін дамытатындығын психологтар айтып кеткен. Тақпақты саусақтар жаттығулары ырғаққа ілесіп қимылдауына және баланың сөйлеу ырғағының қалыптасуына көмектеседі. Сондықтан баланы ерте жастан бастап шынықтырған жөн. Саусақ ойындары сөйлеу лексикасының, сөздердің өзара байланысының (диалогты дұрыс жүргізуге, түсінік айтуға,т.б.) шыңдалуына себепші.

   Балалардың сөйлеу құзыреттілігі дұрыс және сөздік қоры бай болса, оларға өз ойын жеткізу оңайға түседі, қоршаған ортаны танудағы мүмкіндіктері кеңейеді, психологиялық дамуында белсеніс күшейеді. Сондықтан баланың сөйлеу құзыреттілігін қалыптастыруды уақытылы қолға ала отырып, анық әрі дұрыс сөйлеуін қадағалау керек. Балалардың сөйлеу құзыреттілігінің дұрыс өз деңгейінде жетілуі, оның ата-аналарын да, тәрбиешілерін де толғандыру қажет.  

 Балалардың сөйлеу құзыреттілігі жоғары деңгейде қалыптасуы ұсақ моторика тәсілдері мен құрылымына байланысты.

«Салат» саусақ ойыны

Сәбізді алып тазалаймыз ( оң қолды жұдырыққа түйіп, сол қолдың алақанына ысқылайды)

Үккішпен үгіп майдалаймыз ( екі қолды жұдырыққа түйіп кеудеге ұстап, жоғары-төмен қозғайды)

Қанттан сеуіп дәмдейміз ( саусақтардың ұшымен қант себеді)

Міне дайын нәр тағам ( екі қолын алдына жайып көрсетеді).

Дәруменге байыған ( алақанымен іштерін сипалап, тойғандықтарын көрсетеді).

«Кірпі» жаттығуы

Момақанмын алайда (үш саусақтарын түйістіріп, кірпінің жүрісін салады)

Тікенім көп абайла, (екі қолының саусақтарын айқастырып, кірпінің тікенектері жасайды).

Кіріп кетсе қолыңа,

Өкпелеме жарайма!

«Достық» жаттығуы

Біздің топта ұлдар мен қыздар өзара дос ( қолдың саусақтары өзара бірігеді)

Кішкентай саусақтар біз сенімен достасамыз ( екі қолдың саусақтарын бір-біріне тигізу)

Бір, екі, үш, төрт, бес (шынашақтан бастап, саусақтарды кезекпен бір-біріне тигізу)

Қайтадан санауды бастаймыз.

Бір, екі, үш, төрт, бес

Енді санауды аяқтадық ( қолды төмен түсіреміз, демалтамыз).


Разминка:

Санайық жаңаша

Бір, екі, үш!

Желбіре жалауша,

Достықта біздің күш.

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Оларды атап шақырар,

Әрқайсысының аты бар.

Бас бармақ,

Балаң үйрек,

Ортан терек,

Шылдыр шүмек,

Кішкене бөбек.


«Қимылды қайтала» жаттығуы


Мақсаты : қолдың, саусақтың қимылдарының үйлесімділігін дамыту.

Жаттығу барысы :

Жүргізуші балаларға қарама-қарсы отырып, саусақтарымен кез-келген «фигураны» көрсетеді. ( кейбір саусақтар бүгулі, ал кейбіреуі түзу, әртүрлі қимылдар). Балалар сол қимылды тура солай қайталау керек.


Қолдың саусақтарын дамытуға арналған жаттығу.


Мақсаты : қол саусақтарының күрделі үйлесімді қимылдарын дамыту.

А) Алақанды үстелдің үстіне қоямыз. Балалар бірінші оң, содан кейін сол қолдың саусақтарын бір-бірден көтереді. Осы жаттығуды кері жасап, қайталайды.

Б) Алақандар үстелдің үстінде, балалар кезекпен екі қолдың саусақтарын шынашақтан бастап көтереді.

В) Балалар сұқ және ортаңғы саусақтарымен қаламды немесе қарындашты ұстайды. Осы саусақтарын бүгіп, қайтадан қалпына келтіреді., бұл жерде қаламды үлкен саусақтан төмен түсіп кетпеуін қадағалау керек.

Г) Үстелдің үстінде 10-15 қарындаш немесе есептік таяқшалар жатыр. Оларды бір-бірден алып қолға жинау керек. Содан кейін тура солай қайтадан үстелге қою керек. Екінші қолмен көмектесуге болмайды.



«Фигураларды құрастыр» жаттығуы.

Мақсаты : қол қимылдарының икемділігін, дәлдігін, көз мөлшерін дамыту.

Жаттығу барысы: жүргізуші балаларға есептік таяқшаларды таратып береді. Балалар солардан геометриялық фигураларды жасап шығару керек.

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!